Географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыстары курсының мақсаты, есептері және мазмұны, оның маңызы және педагогикалық талаптары

Дәрістің мақсаты: Географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыстары курсының мақсатын, есептерін және мазмұнын, оның маңызын және педагогикалық талаптарын зерттеу.

 

Жоспары

  1. Географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыстары курсының мақсаты.
  2. Географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыстары курсының есептері және мазмұны.
  3. Географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыстары курсының маңызы және педагогикалық талаптары.

Дәрістің мазмұны:

  1. Кіріспе. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу қарқындылығын жоғарлату күрделі көпжақты процесінде географияны оқу, географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың органикалық бірлік және тығыз өзара әрекеттесуіне маңызды роль беріледі. Оқу-тәрбиелеу процесінде сыныптан және мектептен тыс жұмыстарының ролі жоғарлауда, себебі бұл жұмыс оқушыларды тәрбиелеу, дамыту өзекті есептерін шешуді, теориялық білімдерді өмір жағдайымен тығыз байластыруды, оқушылардың кәсіптік қызықшылуғын қалыптастыруды, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және пән игеруде тұрақты қызықшылуғын дамытуды қамтамасыз етеді. Курс «Географияны оқыту әдістемесі», «Педагогика», «Психология» пәндерімен тығыз байланысты.
  2. Курстың мақсаты: Қазіргі мектепте сыныптан және мектептен тыс жұмыстарын қолдану мүмкіндіктері мен қажеттілігі туралы студенттерге білім беру. Студенттерге-болашақ мұғалімдерге оқушылармен осындай жұмысты дұрыс ұйымдастыруға көмек көрсету және қазіргі мектептің жағдайында болашақ география мұғалімнің осы жұмыстардың дәстүрлі формаларын қолдану жолдарына үйрету.

Пәнді оқыту міндеттері:

  • Географиядан көрнекіліктерді даярлау әдістемеснің негізгі білімдер мен істей білуді кеңейту және тереңдету;
  • Болашақ география мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • Болашақ география мұғалімі кәсібіне тұрақты білім алу қызықшылығын қалыптастыру;
  • Педагогика және оқыту әдістемесі саласында студенттерді зерттеу жұмыстарына қатыстыру.

 

Кіріспе.

       Қазіргі білім беруде оқушылардың білім және тәрбие алу қарқындылығын жоғарлатуда сыныптан тыс жұмыстың мәні ерекше жоғарлауда.

Географиялық білім алудың құрам бөліктері: оқу жұмысы және сыныптан тыс өлкетану жұмыстары. Өзінің мәні, педагогикалық маңызы және мақсаты бойынша олар өзара байланысты, қамтамасыз етілуде және бір бірін толықтыруда.   Сондықтан, оқытушының есебі: оқушылардың сыныптан тыс жұмысын активизациялау.

Осы мақсатпен көп мектептердегеографиядан сыныптан тыс жұмыстарға көп назар келтіріледі. Практикаға келесі формалары келтіріледі:

а) оқушылардың өзінің мекен жеріндегі табиғи-экономикалық құбылыстарды және процестерді бақылау;

б) табиғатты тану және өндірістік экскурсиялар;

в) бөлек табиғи және шаруашылық объектілерді немесе олардың бөлек ерекшеліктерін зерттеу және сипаттау беру оқушыларға жеке тапсырма беру;

г) ғылыми және көркем өлкетану әдебиетін сыныптан тыс оқуын ұйымдастыру.

Оқушылармен жинақталған туған өлкесі туралы материал және өлке туралы білімдері оқутышы сәйкес тақырып оқытуда оқу процесінің белсендіру әдісі ретінде кең қолданады.

Қазіргі географиядан білім беруде сыныптан тыс жұмыстың ролі.

                     Географиядан сыныптан тыс жұмыстың мақсаты мен міндеттері.

           Географиядан сыныптан тыс жұмыстың мәні жоғары. Мектеп бағдарламасымен анықталған білімдердің шегінен география ғылымының көптеген қызықты білімдері қалады. Пәннің арнайлығы: география адамға әлем туралы ең толық көрініс береді. Ал қоршаған ортаны тану келесі әдістерді пайдалануды міндетті қажет етеді: бақылау, жергілікті жұмыс орындау және т.б.

      Географиядан сыныптан тыс жұмыстар — өз еркімен және өздік орындалуға негізделген оқушылардың іс әрекеті, оқытушы бұл жұмысты оқушылардың білімдерінің, білім алу қызықшылуғының және қабілетінің  терең дамуына бағытталуына мүмкіндік жасайды..

Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты – тұлғаның жаң жақты дамуын қамтамасыз ету .

Білім және тәрбие беру есептері пәнді оқытудың жалпы мақсатымен және міндеттерімен сәйкес болады.

Ең маңызды есебі – географиялық ғылымға оқушының қызықшылығын күшейту: қызықты әдістерді қолдану, ғылымның маңызды жетістіктерімен таңысу, табиғатқа немесе өндіріске экскурсиямен шығу.

Бұл жұмыс география сабағында алынған білімдерді, үйренулерді толықтыруға, тереңдетуге міндетті болады.

             Сыныптан тыс жұмыстың маңызы және оны ұйымдастыру жолдары                           

           Мектептегі география басқа оқу пәндердің арасында ерекше орын алады. Ол оқушыларға басқа жаратылыс және гуманитарлық пәндермен бірге Жер табиғаты туралы  білімдерді береді. Осыдан пәннің жоғары тәрбие маңызы, тұлға қалыптасуында үлесі шығады.

Сыныптан тыс жұмыстың екі негізгі бағыты анықталады: 

          1) оқушылардың ерекше қызықшылығын шақыратын мектеп курсының мазмұнының негізгі сұрақтарын  терең оқыту

          2) жергілікті орында практикалық жұмыстарды орындауда, ақпараттың әр түрлі көздерімен (карта, анықтамалар, ғылыми әдебиет, интернет-ресурстармен және т.б.) жұмыс істеуде зерттеу қабілетін қалыптастыру.

Бұның барлығы географиялық дайындыққа, өздік жұмыс орындауға, шығармашылық қабілетке оң әсер етуде.

Қатысушы оқушылардың санына және сабақтардың өткізілу кезегіне байланысты сыныптан тыс жұмыстың формалары әр түрлі болады. Жұмыстың фронталдық, топтық және жеке түрлерін ажыратады.  Сабақтарды өткізу бір оқу жылдық мерзімдік өткізілуімен шектеледі.

Эпизодтық сыныптан тыс жұмыс бір реттік шараларға есептелген: бұл кештер, конференциялар, олимпиадалар, серуендеу.

Жұмыстың көпшілік формалары – география аптасы,, географиялық олимпиадалар, КВН-дар, тақырыбтық кештер, ғылыми-практикалық конференциялар, қызықты адамдармен кездесулер және т.б.

          Сыныптан тыс жұмыс үстінде сабақтағы сияқты зерттеленетін материалдың ерекшелішіне байланысты оқушылардың іс әрекетін ұйымдастыру әдістері таңдалады – олардың талдау ең біріншіден географиялық білімнің ерекшелігі. Үлкен назарды экскурсия, серуендеу, экспедиция барысындағы табиғатты бақылау жұмыстарына немесе сабаққа дайындалу барысында географиялық әдебиетпен жұмыс істеуге береді. 

  • Табиғатта жұмыс (экскурсиялар, серуендеу, бақылау және т.б.)
  • Географиялық әдіспен жұмыс істеу ( рефераттардың, баяндамалардың дайындығы, қабырға газеттерін және стендтерді шығару).
  • Ойын жұмысы (кештер, олимпиадалар, марафондар, сайыстар, іс ойындары).

География кабинеті – барлық сыныптан тыс жұмысты ұйыдастыру және бағыттау орталығы болады.

Сыныптан тыс жұмысты орындау барысында оқытушы өз кабинетін жақсы безеңдіруге, оны өлкетану материалымен және өздігінен жасалған көрнекіліктермен толықтыруға қамтамасыз етеді  .

Сыныптан тыс жұмысты жоспарлауда физикалық географияның бастапқы курсынан бастап оқушылар үйірме жұмысына кірістірілу қажет. Неғұрлым пәнге қызығын оқушылар ерте бастап кетсе, соғұрлым география ғылымының саласының жетістіктерімен таңысу мүмкіндігі жоғары болады және кәсіпшілік қызықшылығы да ертеден қалыптаса бастайды.

Географиядан сыныптан тыс жұмыстың қарқындылығының

негізгі көрсеткіштері:

  • Оқушылардың географиядан білімі мен істей білулердің сапасының жоғарлауы
  • Сыныпта және сыныптан тыс уақытта өткізілетін сабақтарға қызықшылуғын жоғарлату, қосымша әдебиет оқу
  • Ақпарттың әр түрлі көздерімен жұмыс істей білуді қамту
  • Оқушылардың мәдениетінің жалпы деңгейінің жоғарлауы
  • Сыныптан тыс жұмысқа қарқынды қатысатын оқушылардың тұрақты құрамының қалыптасуы

Географиялық өлкетану

         Географиялық өлкетану – сыныптан тыс жұмыстың маңызды түрі. Географиялық өлкетанудың мәні – оқытушының жетекшілігімен өзінің өлкесінің анықталған территориясын оқу-тәрбие мақсатымен жан-жақты оқып тану. өлкетану жұмысы ерекше маңызды ролін ауыл мектебінде көрсетеді. Өлкетану – қандай болса да анықталған территорияны жан-жақты ғылыми зерттеу болып табылады.

Зерттеу объектісі ретінде – микроауданды немесе ауылды, табиғи жағдайларды әлеуметтік, тарихи, экономикалық және мәдени тұрғыдан зерттеу болады.

     Географиялық өлкетану ең біріншіден туған өлкенінің табиғатың және шаруашылығын зерттеу болады, оқушыларға өзінің өлкесің жақсы таңуға мүмкіндік береді, географиядан  мектеп бағдарламасын толық игеруге көмек береді, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды тәрбиелейді.

Келесіні есепке алу қажет болады:

1)      территорияны зерттеу кешендік болуы тиіс, оқушылардың жастық ерекшеліктерінің есебімен;

2)      ұйымдастыру формалары практикалық бағытталған және шығармашылық сипаттын көрсету тиіс, көп назар далалық зерттеулерге, экспедициялық зерттеулерге аударылған болуы керек.

    Өлкетану жұмысының нәтижесі мұғалім өзі өлкетану саласында маман болуына тиіс екеніне байланысты, оқушыларды қызықтыру мүмкін болды ма? Оқытушының өздік дайындығы маңызды, туған өлкенің географиясы және тарихы, әдебиет орындары және мәдени ескерткіштері туралы білімдерінің толығына тәуелді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *