Ақшаның мәні және қызметі. Ақша айналымының заңы

 

Ақша тауарлы-нарықтық шаруашылық тәжірибесінде пайда болады. Ол екі кезеңге бөлінеді:

  • алтын стандарт болған тауарлы ақша кезеңі;
  • қазіргі ақша кезеңі.

Алғашқыда барлық тауарлардың құнын өлшеуге мүмкіндік беретін жалпы белгілі эквивалент болмады. Тауар айырбасы жиі бола бастаған кезде, әрбір елде жергілікті өз  эквиваленттері мал, тері және басқасы пайда болды. Сонымен, ақша ол тауар, ерекше тауар, барлық тауарға эквивалент.

Біртіндеп халықаралық саудада жалпыға белгілі эквивалент- тер болып бағалы металдар – алтын мен күміс жүре бастады. Алтынға негізделген ақша жүйесі Ұлыбританияда 18 ғасырдың соңында орнатылды және 19 ғасырдың соңғы ширегінде Германия, Франция, Жапония және Ресейде кең таралды. 20 ғасырда алтын стандарт жойылды. Бұл ақшаның бұрыннан келе жатқан мәні, қызметі және түрлерінің өзгеруіне әкеледі.

Стандарт бойынша қиратпалы оқиға 1929-1933 жылдардағы экономикалық кризис әкелді. Ақшаның құнсыздануынан оларды алтынға айырбастау мүмкін емес болып кетті. Нәтижесінде 1931-1936 жылдары қағаз ақшаны алтынға айырбастау барлық елдерде тоқтатылды. Шамамен қырық жылдай алтын әлемдік ақша қызметін атқарды. Бірақ ол долларды қамтамасыз ету үшін азая бастады. 1971 жылы алтын стандарт толығымен өзгертілді.

Ақша дамуының мыңжылдық жолын және құнның бірнеше нысанынан өтті:

  • қарапайым, кездейсоқ;
  • толық, дамыған;
  • жалпылама;
  • ақшалай.

Құн нысаны эволюциясынан ақша өзінің табиғаты бойынша еңбек өнімі, тауар болып табылады, сондықтан басқа тауарлардың құнын білдіреді, барлық тауар құнының эквиваленті  бола алатынын көруге болады. Айналымдағы ақша барлық тауарлардың құнын білдіру үшін қажет болатындай болуы керек.

Қазіргі кездегі қағаз ақша — үкіметке деген сенімге негізделген заңды ақша. Мемлекет олардың қарыз төлеу кезінде заңды төлем құралы екенін дәлелдейді. Қазіргі күнгі ақша келесі қызметтерді атқарады:

  • құн өлшемі;
  • айналым құралы;
  • төлем құралы.

Қолдағы ақша 100%-ға өтімді. Оларға шапшаң түрде әр түрлі байлық сатып алуға болады. Жинақ банктеріндегі жедел салымдар мен бағалы қағаздар жойылымдығы әр түрлі болады. Мұнда барлық ақша массасын әр түрлі ақша агрегаттарына бөледі. Ақша агрегаттары – жойылу дәрежесі бойынша әр түрлі қарыздық міндеттемелерді біріктіретін қазіргі күнгі ақша қаражаты.

Ақша агрегатының үш түрі кең тараған, олар М1, М2, М3.

  • М1 = қолдағы бар ақшалар плюс банктердегі көп емес, күнде алуға салуға болатын ақшалар;
  • М2 = М1 плюс банктердегі мерзімдік салымдар, күнде алуға салуға болмайды;
  • М3 = М2 плюс банктегі ірі ақшалар және мемлекеттік бағалы қағаздар.

Жойылу қаражаттарының агрегаттары көмегімен ақша айналысын мемлекеттік реттеу және инфляцияны тоқтату үшін маңызды мәнге ие.

Инфляция (көтерілу) – бұл ұлттық шаруашылықтың аса маңызды қажеттіліктерін айналым сферасын ақшамен толтыру. Инфляция жағдайында қағаз ақшалар: а) алтынға (алтын стандарты кезінде); б) тауарларға; в) шетел валюталарына қатысты құнсызданады. Бұның салдарынан бірінші жағдайда қағаз ақшалардағы алтынның нарық құны артады. Екінші жағдайда тауарлардың бағасы өседі. Үшінші жағдайда ұлттық валютаның шетелдік ақша бірлігіне қатысты баға төмендейді.

Инфляция ақша жүйесінің «ауруын» білдіреді. Ол шаруашылық сфераны күйретеді, алыпсатарлықты күшейтеді, тұрғын халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Сондықтан мемлекет инфляциямен күрес шараларын жүргізуі керек.

Баға деңгейінің ақша массасына тәуелділігі келесідей формуламен белгіленеді және И. Фишер формуласы деп аталады:

М х V = P x Q

мұндағы М – ақша массасы;

V – ақша айналымының жылдамдығы; Р – тауар бағасы;

Q – нарықта ұсынылған тауар саны. Осыдан, М = (P x Q) : V.

Бұл теңдеу айналымға қажет ақша санын анықтауға мүмкіндік береді, тауар бағасының сомасы мен айналымдағы ақша массасы арасындағы сандық тәуелділікті көрсетуге, инфляция құбылысын тауарлар бағасының артуымен ілесе жүретін ақшаның құндансыздануы ретінде түсіндіруге мүмкіндік береді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *