Тұтас педагогикалық үдерістің құрылымындағы оқыту. Қазіргі мектептегі білім мазмұны

 

 Білім беру ұғымы әрі қарапайым, әрі күрделі. Өйткені ол жеке адамға арналып айтылғанымен, бүкіл қоғамды қамтиды. Білім беру жеке мағынада айтылғанмен ол екі жақты үрдіс. Бір жағынан мұғалім бір жағынан оқушы әрекеті. Алайда ол екі жақты әрекет болып көрінгенімен, ол көп жақты әрекет. Ол бүкіл қоғаммен байланысып жатады. Мұғалім, оқушы, сынып, оқулық, жоспар, бағдарлама – оны әзірлейтін, шығаратын т.б. Сондықтан білім беру ісімен бүкіл қоғам, оның индустриясы, білімдік потенциялы, қуаты түгел айналысады.

            Білімнің өзі – жалпы, политехникалық, мамандық т.б. болып жіктеліп кете береді. Білім беру деген ұғымның өзі сайып келгенде өмірге әзірлеу. Білім беру ұжымдық және жеке болып келеді. Оқу орындарында ұжымға білім беріледі, бірақ соның өзінде білім жеке даралық негізін жоймайды. Білім берудің сипаты қоғамдық нарықтық қатынасқа, қоғамның нарықтық даму дәрежесіне тікелей байланысты.

            Білім беру жалпы оқыту барысында іске асатын заңдылық. Оны іске асыратын, ұйымдастыратын, белсенді білім алуға жетелейтін мұғалім. Ол оқушыны саналы білім алуға, барынша өз бетімен, творчестволықпен игеруге жетелейді.

            Білім жеке адамның қажеттігіне, белсенділігіне, еңбек сүйгіштігіне байланысты ынта-жігеріне байлнысты жүзеге асады. Білім деген ұмтылу, іс-әрекет сезім қабылдауының бірлігі, теориялық ой жүйе, оны тәжірибеде қолдану арқылы қалыптасып, іске асады. Білім теориялық, практикалық әрекетті ұштастыру арқылы қажетке жарату.

            Білім мазмұнын анықтау – бұл өсіп келе жатқан жас ұрпақты неге үйрету, нені оқыту мақсатын анықтап алу деген сөз.

            Білім мазмұны – білімнің ғылымилығы, іскерліктің және дағдының жүйесі. Сондықтан білімнің мазмұны –оқыту үрдісі компонентінің бірі болады. Сол жүйенің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамып, дүниеге көзқарасы, мінезі қалыптасады.

            Мектеп қоғамының әлеуметтік тапсырмасын орындау барысында халық шаруашлығына қызмет істеу қабілеті бар, саналы, белсенді, білімді адамдарды тәрбиелеп шығару үшін жұмыс істейді. Сондықтан білімнің мазмұны жеке адамдардың дамып, қалыптасуына бағытталады.

            Мектепке берілетін білімнің мазмұны мына мәселелерді қамтуды көздейді:

  • табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам жайындағы білімдермен;
  • дүние танымын қалыптастыру;
  • адамды жан-жақты дамыту міндеттерін шешуге бағыттау;
  • жастарды өмір сүре білуге, еңбекке, білім алуға, мамандықты дұрыс таңдауға мүмкіншілігіне дұрыс тәрбиелеу.

Жалпыға білім беру Қазақстанда үш сатыға бөлінеді: негізгі саты

көлемінде білім алу (9 сынып) міндетті болып табылады. Жалпы білім беру концепциясында көзделетін негізгі мақсат жеке адам өз тағдырын өзі шешудегі негізгі ортада өз тағдырын бағдарлай білу, өз бетімен білім алуға негізгі база жасау болып табылады. Мұнда – адам, қоғам, табиғат, ноосфералық ортада адам өзін өзгеден адырата алу, өзіне қажетті жағдайларды жасауға бағдар, бағыты бар мүмкіншілігінің болуы.

Мұндағы негізгі ұғым – Отан, адамзат, интернационализм,

демократия, мемлекет, құқық, заңдылық, қоғам алдындағы жауапкершілік деген секілді құндылықты игеру.

            «Адам — табиғат» дегенде адам табиғаттың бір бөлшегі ретінде өзіне табиғатты қорғауды негізгі борышым деп түсінуі. Экологиялық мәдениетті меңгеруі, келешек ұрпақ алдында жауапкершілігін түсінуі.

            Ноосфера (гр. Ноос – ақыл және сфера) – қоршаған ортаның нашарлауына жол бермеу, талан-таржыға, жыртқыштыққа тиым салу. Жеке адамның тұтас бейнелеу критерийі (өлшемі). Бұл критерийді пайдалану үшін жүйелі-құрылым талдау әдістері қолданылады. Осының негізінде теориялар, заңдар, ұғымдар, ғылымның саласынан тұтас жеткілікті түсінік береді; ғылым өндірісте, мәдени өмірде қолданылады, оқушылардың дағдысын  ынтасын, танымын, ақыл-ойын дамыту арқылы қоғам өмірін жоғары сатыға көтеру үшін білім материалдық күшке айналуы қажет.

            Оқу мүмкіншілігінің мазмұнына сәйкестік критерийә. Ол үшін диагностикалық бақылау жұмыстары, жоғары оқу орындарына түсу сынақтарының нәтижесін талдау т.б.

            Пәнді оқуға берілген уақытқа мазмұнының сәйкестік критерийі. Онда қолданылатын әдістер: материалды толық меңгеруге жұмсалатын уақытты лабораториялық эксперимент арқылы зерттеу. Оқушының бақылау жұмысына жіберілетін уақытын дәл жазып алу және нашар үлгіретін оқушыға жәрдем көрсету.

            Орта білім мазмұныны анықтауда халықаралық тәжірибені ескерту критерийі. Сол арқылы білім стандартын жасау.

            Мектептің оқу әдістемелік және материалдық базасының сапасына білім мазмұнының сәйкестік критерийі. Білім мазмұнына лабораториялық, тәжірибелік жұмыстардың кіруі қажет. Ол үшін мектеп әр кез өмір талабына сай жабдықталуы керек.

            Нормативті құжаттар: оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдары, т.б.

            Білім берудің мазмұны деп – оқушылардың ақыл-ойын, дене күш-қуаттарын жан-жақты дамыту, дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыру және және оларды қоғамдық өмірге, еңбекке дайындауға қажетті негіз болатын білімдер мен іскерліктердің және дағдылардың көлемі мен бағытын айтамыз.

            Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ә.І.Сембаевтың «Қазақ мектебінің тарихы» атты кітабында қазақ мектебінің даму жолы, білім беру мазмұны, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру т.б. мәселелер баяндалған. Автор тарихи-архив материалдарының негізінде: қазақ мектептері Россияда қабылданған жүйе бойынша құрылды… өзіндік өзгерістері болды. Қазақстанда мынадай мектептер құрылды:

            Бірінші басқыш мектептер, бұлар екі концентрден: бірінші басқыш мектеп дәрежесіндегі бірінші – төр жылдық және екінші – үш жылдық, концентрлерден құрылды.

            Екінші басқыш (тоғыз жылдық), мектептер, онда үш концентр болды, оның біріншісі – бірінші басқыш мектепте, ал бірінші мен екіншісі қосылып жеті жылдық мектепке сай келетін. Екінші басқыш мектептердің бір бөлігінде алғашқы төрт группа болмады.

            Жұмысшы факультеттері – жалпы білім беретін орта оқу орындары еді; бұлар бұрын толық орта білім алуға мүмкіндігі болмаған жұмысшы, шаруа жастарына орта білім беретін болды. Алғашқы жылдары қазақ кеңес мектептерінде бекітілген оқу жоспарлары мен бағдарламалары, оқулықтары болмады.

            Жаңа ғана құрылған Қазақ КСРО Халық ағарту Комиссариаты Қазақстанның мектептері үшіін оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасауға бірден кірісе алмағандықтан, алғашқы кезде РСФСР Халық ағарту Комиссариатының оқу жоспарлары мен бағдарламаларын пайдалануға тура келді.

            … 1922/23 оқу жылында Қазақстанның Халық ағарту Комиссариатының Білім Орталығы қазақ тілінде 14 оқулық пен оқу құралдарын шығарды: оның ішінде «физика», «грамматика», «педагогика», «мектеп гигиенасы», «Арифметика», «Алгебра», «Әліппе» т.б.1 / деп деректерге талдау жасаған.

            Сонымен Қазақстандағы мектеп жүйесі мен білім беру мазмұны саяси және экономикалық міндеттерімен тығыз байланысты болып біртіндеп дами түсті.

  • Жалпы орта білімнің құрамы мен құрылымын балалардың психологиялық-физиологиялық жас ерекшеліктеріне үйлестіру;
  • Оқу жоспарындағы гуманитарлық және жаратылыстану-математика салаларындағы білімнің ара салмағының баланың өрісінің жалпы заңдылықтарына сәйкес болуы;
  • Білім мазмұнының оқушының ішкі даму заңдылықтарына оның сыртқы дүниемен және де «адам -өндіріс», «адам-табиғат», «адам-символдық жүйе», «адам-қоғам», «адам-көркем образ», «адам-адам» жүйелері арасындағы қарым-қатынастарына сәйкес келуі;
  • Блоктар мен пәндер деңгейінде білім мазмұнының басты бағдарын белгілеу. Білім мазмұнының: көркемдік-эстетикалық, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыс-математикалық үш ірі блогын айырып көрсету;
  • Оқыту мен тәрбиені интеллектуальды пайдалы және өнімді еңбекпен ұйымдастыру;
  • Оқытуды гуманитарландыру принциппін әрі гуманитарлық бағдарды жүзеге асыру;
  • Компьютерді айрықша оқу құралы ретінде қарастыру; т.б. ереже, қағидалар жаңаша ойлау бағытында педагогика ғылымдарының тәрбие мен білім беру принциптері негізінде қарастырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *