Отбасы – бұл адамдардың әлеуметтік-педагогикалық тәрбие тобы әрбір мүшенің өзін-өзі сақтау ұрпақты жалғастыру және өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы.
Отбасылық тәрбие дегеніміз – ата-аналар мен туыстардың күшімен нақты отбасындағы қалыптасатын тәрбие мен білім берудің жүйесі.
Отбасылық тәрбие – күрделі жүйе, ол әртүрлі факторға байланысты (тұқымқуалаушылық, табиғи және материалдық-экономикалық әлеуметтік, ұлттық дәстүрлерге, отбасының мүшелері т.б.).
Отбасының негізгі міндеттері:
- баланың өсіп, дамуына толық жағдайлар жасау;
- балаға әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қорғаушы болу;
- өз халқының этно-мәдениетінің тәжрибесін ауыстыру;
- баланың адамгершілігін дамытуға мүмкіндігін жасау.
Отбасылық тәрбиенің негізгі принциптері:
- өсіп келе жатқан адамға қайырымдылық және мейрімділік көрсету;
- балаларды семья өміріне енгізу, ақылшы ретінде қарау;
- балалармен ашық және сенімділік қарым-қатынас жүргізу;
- талап қоюда жүйелік жасау.
- өзінің баласына шамасына қарай көмек жасау, сұрақтарға жауап беруге дайын болу.
Одан басқа да жеке принциптерді маңызды деп санауға болады: ұрып соғу, жазалауға тосқауыл жасау т.б.
Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады.
Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейрімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке-бірлікті, түсіністікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқы қорғалуы тиіс.
Тек осындай ізгілік мұраттар отбасында орын алғанда ғана, отанын, елін-жерін сүйетін, өз ұлтының салт-дәстүрін, сонымен бірге жалпыадамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан да халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған.
Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі – отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінетін болады. Отбасы тәрбиесі кешенді педагогикалық мақсаттылық арқылы іске асады.
Түйіндей келе, отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейрімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз,
қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз»
Платон
Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан да ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады.
Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейрімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке-бірлікті, түсіністікті сақтауды, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқы қорғалуы тиіс.
Отбасы тәрбиесі – ата-аналар ықыласымен жүзеге асырылғанмен қоғамдық тәрбиемен сабақтасып отырады. Отбасындағы адамдар белгілі бір дәрежедегі дербес, қандас туыстар тобы болғанымен өзі өмір сүріп отырған қоғаммен, ондағы бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесімен тығыз байланысты өмір сүреді. Отбасы өмірі материалдық және рухани үрдіспен сипатталады. Табиғи биологиялық шаруашылық, тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құраса, рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.
Отбасындағы үлкендер қамқорындағы басқалар үшін қоғам алдында жауап беруді. Адамды азаматтық тұғырға көтерер ең маңызды. Ұлағатты, адамгершілікті, мәдениетті қарым-қатынас осы отбасынан басталады. Үйдегі жасы кішілер ата-анаға қарап әдеп және тұрмыстағы мінез-құлық ережелерінен өнеге алады. Бала отбасында алғаш рет еңбек дағдыларына қатысып, үлкендерге көмектеседі, іні-қарындастарына қамқоршы болып, олардың өтініштерімен тілектерін орындауға тырысады, ата-ананың туысқандарының және басқа адамдардың еңбегін құрметтеуге және бағалай білуге үйренеді, белгілі бір мамандықты игеруге құштарланады. Ата-аналар өз тәжірибелері арқылы баланы жасынан үнемі отбасы қаражатын жоспарлауға қатыстырып, оны тиімді етіп жұмсауға үйретіп отыруының маңызы зор. Мұндай жағдайда балалар материалдық қаржыны ұқыпты және жұмсалатын адам күшін дұрыс пайдалана білуге үйренеді, әрі олардың көзқарасы қалыптасады, ой-өрісі кеңиді, өскенде отбасы алдындағы жауапкершілігі артады, анаға, әкеге басқа да туыстарына көмектесуді негізгі борышым деп есептейді. Әрине, мұның барлығы ата-ананың отбасындағы беделіне, жағымды өнегесіне, еңбектегі нәтижелі іс-әрекетіне, отбасы мүшелерінің бір-біріне сенімділігіне, өзара жылы қарым-қатынасына, жұбайлардың сүйіспеншілігі мен түсінушілігіне де байланысты.
Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі – отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінетін болады. Отбасы тәрбиесі кешенді педагогикалық мақсаттылық арқылы іске асады.
Отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейрімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.
Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған орай, отбасында еңбексүйгіштікке, баланың жасына қарай еңбек түрлеріне және қоғамдық – пайдалы еңбекке баулуды іске асыру қажет. Ата-ана және әлеуметтік орта болашақ азаматтың денсаулығын жастайынан сақтау үшін, оның тәнінің дұрыс түзеліп қалыптасуына, салауатты өмір салтын нығайтуға ерекше мән бергені бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып саналады.
Отбасында баланы еңбекке тәрбиелей отырып біздің қоғамымыздың мұратына сай келетін қасиеттерді, жағымды мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру (өзіне-өзі қызмет ету, табиғаттағы еңбек, қол еңбегі), үлкендер еңбегін құрметтеу және өзімен кішілерге көмектесу, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау, тапсырмаларды орындауға ынталы болуға баулыған жөн.
Отбасында баланы еңбекке баулуда ата-аналар мына төмендегі жайларды ескеруі тиіс:
- еңбек әрекетінің негізгі мазмұнын айқындап алу;
- еңбектің қай түрімен айналысатынын алдын ала жоспарлау;
- еңбек етуге қажетті құрал-жабдықтарды дайындап, жұмыс жасауға қолайлы жағдай туғызу;
- шұғылданатын еңбек түріне сәйкес бағыт-бағдар беру, көмектесу, басшылық жасау;
- еңбек түрлеріне байланысты әдістемелік әдебиеттермен танысу;
- еңбек әрекетінің әдіс-тәсілдерін меңгеру; балаларға үйретудің тиімді жолдарын қарастыру;
- еңбек етуге баланың ынта-ықыласын, қызығушылығын үнемі арттырып отыру;
- баланың еңбек нәтижесіне назар аударып, мадақтап оны сыйға тартуға немесе пайдаға жаратуға бағыт беру;
- еңбектің бала жасына лайықты болуын, шектен тыс күш түсірмеуін қадағалау;
- күнделікті тұрмыспен, салт-дәстүрмен сабақтастыра отырып баланы еңбекке тәрбиелеу.
Қазіргі тәрбие негізінде халықтың ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасы, үмітпен қанаттандыратын сарқылмас қазынасы – ұлттық тәрбие жарық жұлдыздай жарқырайды. Ұлттық тәрбиеде халық өзінің болашағына арнаған, асыл жүректе сақтаған тәрбиенің даналық шумақтары, әрбір халықтың өзіне тән эталондық адамгершілік қасиеттері жатыр. Этностық халықтық тәрбие — әрбір баланың жүрегінің кілтін тауып тәрбиелеу, дәлірек айтсақ жылы сөзбен түсіндіру, үлгі көрсету, жамандықтан тиым салу, иландыру, кейде қорқыту. Этнопедагогика баланы шыдамдылыққа, төзімділікке, қиыншылықты қажымай жеңіп, еңсені түсірмей, жоғары ұстап, адамдықтың белгісін жоғалтпауға тәрбиелейді. Этнопедагогиканың ең биік шыңы – адамгершілік тәрбие тағлымының кең өрісі – халықтың даналығы. Халықтың ескірмес мақал-мәтелдері інжу-маржандай құлаққа кіріп, санадан орын алса, көңіл сандығына сақтайтын асыл қазынаның өзі. Көңілге түйгін әрбір айдың, жақсы пікірдің тиянақты өзегін түсіндіретін халықтық тағлымның келісті көрінісі шешендік сөздерде де түйінделген. Осылардан түйген, адамгершілікпен үндесер әрбір ойдың жағымсыз қағидаларын тәлім-тәрбиеде ата-аналардың кәдеге жарата білуі аса маңызды іс. Ежелден балажан қазақ халқы баланы «жүректің миуасы», болашағым деп қарайды, көңілдің (күйі) гүлі, көздің нұры – деп түсінеді, отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі, адамгершіліктің айғағы деп санайды. Сондықтан да балаға зор игі үміт артып, арманын ұрпағына аманат қып тапсырады.
Дүниеге келген бала – ерлі-зайыптыны өзара татулыққа, сыйластыққа, отбасының әрбір мүшесін өз орнында зор жауапкершілікке үндейтін, көңілдерін жақындастыра түсетін дәнекер. Әділетшіл халық отбасының әрбір мүшесіне артық жауапкершілікті ашып айтқан. Баладан өз ата-анасына жауапкершілікпен қарауды талап етсе, болашақтың қамын қарастыру, елдікті ойлау, елдің ертеңі жөнінде қам жеу деп түсінген жөн. Ендеше халықтық тәрбие келешекке үміт артуды балалықпен ұштастыра білген.
Халық педагогикасын негізгі қасиетті мақсаты «жақсылыққа – жақсылық» дегендей өз ұрпағына ізгі ұлттық тәрбие беру, ел-жұрт алдында сенімді ақтай білетін азаматты тәрбиелеу. «Балаңның өскен бесігі – кең дүниенің есігі», ұяда талап қоюшылықпен өскен бала, бүкіл әлемге жол тартады. Халық педагогикасының тағы бір игілікті өзегі аға ұрпақтың жас ұрпақты баулуда, балаға кешегінің күнімен қарау емес, бүгінгінің биігінен үңілу. Адамға өткен дәуір тарихы – алтын сабақ». Жеті атасын білмеген жетсіздіктің белгісі. Әкесінің көзі тірі кезінде ең кем дегенде жеті буынның өткен-кеткенін, өшпес жолын білу, елдікке қосқан үлесін бағалау. Қазір бабасы емес, атасының кім болғанын, не қызмет атқарғанын, қайда туып-өскенін білмейтін пақырлар аз емес. Бұл, әрине, кешірімсіз күнә, ата-ана тарапынан кеткен салғырттық, енжарлық. Бала өткеннің қадір-қасиетін неғұрлым көп білсе, бүгінге соғұрлым ойлы көзбен қарайды. Өткен күнмен бүгінгі күнді салыстырып, таразылар, ой жүгіртіп үйренеді.
«Ақылың болса ақылға ер,
Ақылың болса, нақылға ер» деп қазақ атам бекер айтпаған болар. «Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді, атадан жаман ұл туса, елдің малын жейді» – деген. Ендеше ата-бабаның даналық сөзін әбден меңгеріп, киелі түйінін, қасиетті дәстүрді әрі қарай жалғастыру басты мақсаттардың бірі.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың ұлы мұратымызға бағдарланған «Қазақстан – 2030» стратегиясы осы болашақ ұрпақ тәрбиесі, болшақты жасайтын азаматтарды сол ғасырға лайықты тәрбиелеу. Ата-анадан мұра болып келе жатқан ізгі адамгершілік, имандылық, обал-сауапты ұғындырып, иманды тәрбиенің тұнық таза суымен сусындатуды талап етеді.
Отансүйгіштік әлемдік деңгейдегі білімді игеру, азаматтықтың орасан қасиетті эталондарын яғни болашақ маманды әсерлі тәрбиелеу – Егеменді елдің болашағын тәрбиелеу деп білген жөн. Қазір кейбір рухани әлжуаз, аяңкес, әрі намыссыз ұл-қыздарымыз арақ ішіп, наша мен темекімен уланып, өз намыстарын өздері таптап, некесіз, тастанды бала санын күннен күнге арттыруда. Мұндайлар аталадрдың асыл дәстүр салтынан, бабалар парасатынан аулақ, өткеніміздің өшпес даңқынан, даналық мұраларымыз жайынан бейхабар өскен – тоғышар ұрпақ. Еліміздің білім беру саласында бұрыннан қалыптасқан жөнсіз әдіс-тәсілдер, өзгермей сақталуда. Жоғарғы оқу орындарының қазақ бөлімінде оқу құралдарының (қазақ бөлімінде) көпшілігі аударма, ондағы мысалдар орыс халқының, Еуропа елдерінің өмір тұрғысынан алынған, қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері ескерілмеген. Ұлттық сана-сезім, ұғымға тән оқу тәсілдерін ойдан шығаруға болмайды. Оны әрі қарай дамыту үшін ең алдымен ұлттық балабақшалар мен мектеп құрылуы тиіс. Жас ұрпақтың ой-өрісі, ұлттық психологиясы, оның патриоттық, интернационалдық сезімі ана тілі арқылы қалыптасқандықтан мектеп бағдарламасында Әл-Фараби тану, Абай тану, Бес арысты тану, солардың мұраларын тиімді пайдалануды дамыту керек. Ана тілінсіз халық ұлт ретінде жойылады. Керісінше мәдениеті, рухани байлығы, құрметтеліп, шалқыған халықтың ғана үні әлемге естіледі.
«Ақыл тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
Ай түнде керек, ақыл күнде керек» дегендей болашақтың стратегиялық бағдарламасында анық көрсетілгенмен де оқуда үлкен табыстарға жету үшін дүниежүзілік-экономикалық біліммен техникалық қағидаларды шешуге қабілетті, білікті маманды даярлау қажет. Әлемдік ұстаз атанған Платонның «ұл тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелеп отырып, ұлтты тәрбиелейміз деген қанатты сөзі біздің жастар тәрбиесі жайлы айтқандай. Адам санасының қалыптасуында оның нақтылы іс-әрекеті мен мамандығы, дәстүрі мен салт-санасы, әдет ғұрпы, әлеуметтік ортасы ықпал етеді. Ұжым өнегесі, қоғамлық пікір – адам психологиясын қалыптастыруда таптырмайтын қуатты фактор. Адам психологиясының қалыптасуында ынтымақтастық пен еңбек әрекетінің орны ерекше.
«Еждаһатсыз, михнатсыз
Табылмас ғылым сарасы» – деп ұлы ұстаз Абай айтқандай ғылым жолы оңай да, жеңіл де емес. Өз болашағын үлкен жауапкершілікпен тәрбиелеген адам ғана бақытқа жол ашады. Сондақ-ақ,
Құсты самғататын қанат,
Адамды самғататын – талант – дегендей, адамның жеке басының алға өзі ұмтылғаны нағыз жемісті қадам болмақ дегенді айтады халықтың ұлттық педагогикасы.
Қорыта келгенде тәрбие отбасынан бастау алады. Халық тіршілігінде өзінің өміршеңдігін танытқан тәлім тәрбие қағидалары нәрестеге ана сүтінен дариды. Халықтық ұлттық педагогиканың негізгі мақсаты – болашақ ұрпақты адамгершілігі мол, инабатты, мейірімді, ізгілік қасиеттерді бойына сіңірген, өз ұлтын, халқын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу. Бұл міндетті жүзеге асыру отбасы мен мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің үлесіне тиеді. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат қағар ұясы, алтын бесігі.