ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТҰЛЫНЫҢ педагогикалық көзғарастары

 

Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар обылысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында дүниеге келген. Ол-жазушы,драматург,аудармашы,зерттеуші,публисцист.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен арғы аталары Дәндебай мен Қуат текті,дэулетті атақ-абырой біткен, ел арасындағы білікті кісілер.Ол жастайынан арабша хат тану, оқу үстіне,ағаш шеберлігі,темір үсталығы өнерін қатар үйренген. 15-16 жасында Павлодарға барып орысша-қазақша 2 классты мектепке түседі.Бір жағынан бала оқытып, қаражат таба жүріп, оқуын 1914 жылы бітіреді де Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі. Оны 1918 жылы аяқтайды.

Аймауытов 1911-14 жылдары ауылда мұғалім, 1919-22 жылдары Республика Халық ағарту комиссариятында алқа мүшесі, Семей губерниясында оқу бөлімінің бастығы, «Қазақ тілі» газетінің редакторы, 1922-24 жылдары Қарқаралыда мүғалім, 1924-26 жылдары «Ақ жол» газетінде әдеби қызметкер, 1926-29 жылдары Шымкент педагогикалық техникумында директор қызметін атқарған.

Сауатты жас азамат сол XX ғасырдың бас кезіндегі үлкен-үлкен саяси-экономикалық өзгерістер мен төңкерістерді тек газет бетінен оқып қоймай, оларға тікелей қатысады. Халықтың өркендеуін жеделдетуге қатысқысы келді,өзі байқаған дағдарыстардан шығу жолдарын да іздеді. Елеулі екі үлкен романы «Қартқожақ» пен «Ақбілегі» оған куэ бола алады. Күрескер жазушы, ақын, драматург Жүсіпбекті біз қазақ философиялық ойын дамытуға тікелей қатысқан адам деп бағалай аламыз.Оның шығармашылық мұрасы-философиялық толғауы терең рухани қазынамыз;қазақ болмысы, үлтаралық қатынастар, дала шаруасының санасы, әйел теңдігі, адамгершілік нормалары, таптық қоғам өмірі, өтпелі кезеңдегі билік нысаны сияқты күрделі теориялық мәселелер көркем эдебиет қүралы мен тілі арқылы сөз болды, өзіндік шешім тапты.

Абайдан сусындаған, оның жан-жақты да күрделі дүние танымын өз заманында өте жақсы түсінген, ұлы абайтанушы М Әуезовпен көп мәселелерді түсінуде терезесі тең Жүсіпбек өзінің  шығармашылығы мен қоғамдық қызметін, Абай өсиетін жүзеге асыруға қолынан келген бар мүмкіншіліктерін өмірінің ең соңғы күндеріне дейін аянбай қолданды.

Абайды өзінің бас ұстазы санаған Жүсіпбек ұлы ақын тағылымының қазақ елінің ертеңі үшін әлі де берері көп екенін жақсы түсінген. Жүсіпбек Аймауытов өзінің қысқа ғұмырында артына аса бай эдеби,ғылыми мүра қалдырды. Ол В. Шекспир, В.Тюго, Г..Мопассан, А.Дюма, А.С Пушкин, Л.Н Толстой, Дж Лондон шығармаларынан, «Интернационалды» бірқатар ғылыми еңбектері қазақ тіліне аударылды. Педагогика, психология, методика, эстетика-тәрбие туралы зерттеулер жазды. Әдебиет,эстетика,сын-саласына араласты. Сан алуан публистицикалық мақалалар жазды. Ж.Аймауытовтың көзқарастарында адамдарды ұлтына бөлмей, жалпы адамгершілік күндылықтар түрғысынан қарайтындыгын көреміз. Қоғамдағы жүріп жатқан процестерді және оның болашағын жете түсінген ойшылдың көзқарастарын қарап, талдап отырғанда, біз нағыз халқын сүйген, сол халқы үшін жанын аямаған патриот ақын екенін көре аламыз.

Ж.Аймауытовтың өмірі 1931 жылы 42 жасында нағыз творчествалық толысқан кезінде қыршыңынан қиылды… Сөйтіп, шығармашылық өмірі өте ерте үзіліп, бергенінен берері көп жазушының, ғалымның, философтың ой-өрісі, мүмкіндіктері кеңінен ашылмай, шегіне жетіп шарықтай алмай қалды. Соның өзінде жан-жақты, бай мүра қалдырып үлгергені таңқаларлық жай.

Жүсіпбек психолог, педагог ретінде үлкен тұлға.

Шығармалары

р/с

атауы

түрі

Жылы

1

Қартқожа

Роман

1926

2

Ақбілек

Роман

1928

3

Күнікейдің

Повесть

1928

4

жазығы

Повесть

1925

5

Мансапқорлар

Пьеса

1926

6

Рабиға

Пьеса

1925

7

Тау еліндегі оқиға

Пьеса

1925

8

Ел қорғаны

Пьеса

1922

9

Сылаң қыз

Пьеса

1926

10

Шернияз

 

1926

11

Жан   жүйесі   мен өнер таңдамасы

 

1924

 

Тәрбиеге жетекші

 

Нормативтік құқықтық негізінің құрылуы. (Бастауыш және орта мектеп 5 сент.-1931). (Бастауыш мектептегі оқыту бағдарламасы мен тәртібі 25 авг.-1932).

Мектеп типтері, әдістері  тәрбие жұмысының әдістер және мазмы. Кешенді жобалы бадарлама. Оу жұысыа баланыстыблім беру сұрақтарына байланысты арнйы комссия.

Оқуқтарға аап «Шолпан» ғылыми педагогикалық журналындағы насихат. Ж. Аймауытов «Дидактика» еңбегі.

А. Бөкейхаыовтің педагогикалық мұрасы. Тэрбиенің халықтық идеясы. Саяси мәдениетті қалыптастыру трактовкасы.

М. Дулатовтің «Қазақстандағы педагогикалық ғылымды дамытудағы маңызы».

Оқыту және тәрбиелеу мақсаттары туралы сұрақтар. Ұлттық мектептерге арналған әдебиеттер. Оқыту жэне тэрбиелеудің әдіс-тәсілдері. Құлжановтің мектепке дейінгі тәрбиелеу теориясы.

Н. Құлжановтің жанұя тәрбиесі мәселелері туралы еңбектер. Ересек пен бала арасындағы қарым-қатынас проблемалары.

С. Асфендияровтің коғамдық мемлекеттік ғылыми педагогикалық қызметі.

Қазақстандағы ең алғашқы оқу орны Абай атындағы Педагогикалық Институтын құру және басқару жұмысы. Мектеп жүйелерін дамыту және педагогикалық кадрларды даярлау.

ЖОО оқу әдебиеттерін дайындау мэселелері. Қазақстандағы педагогикалык ғылымның дамуына С. Асфендияровтің ықпалы. Ш. Альжановтің Қазақстандағы 1932 жылы ғылыми-зерттеу педагогикалық Институтының күруы.

«Совет мектептегі оқуты негізі». Дидактика жэне политехникалық білім беру. Тәрбие теориясына байланысты еңбектер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *