ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ӘДІСТЕРІ

Жоспар

1.  Жаңашыл педагогтардың іс- тәжірибесі.

2.   Жаңашыл педагогтардың оқу процесін белсендету туралы идеялары.

3.   Ш.А.Амонашвилидің     алты     жасар     балалрға     арналған     зерттеу жұмыстары.

4.  Жаңашыл педагог С.Н.Лысенкованың әдісі.

Білім берудің қазіргі заманға сай әдістерін талдайтын болсақ, олардың бэрін қазіргі заманның аса маңызды қажеттіліктеріне жауап беретін өсіп келе жатқан тұлғаның дамуы мен тәжірибесі, идеясын біріктіріп, тұлғаны анықтау қиын емес. Баланы өз заманына сай шығармашылық потенциалы бар жеке тұлғаны қалыптастыру үшін оқыту керек. Ондай жеке тұлға үшін ғылым, білім, ирудиция, қоғамдық құндылықтарды жасау арқылы қоршаған болмысты түрлендіріп отыру керек.

Баланың жас кезінен бастап, ақиқат пен жақсылыққа деген ынтасын ояту, ақиқатқа жету тәсілдерімен қаруландыру, өзінің іс- әрекеті мен көзқарасы арқылы дүние мен адамдарға деген өнегелік қатынасын білдіре алуы қажет. Ол үшін оқушыларға білім беру, дамыту, тэрбиелеуді бір арияға бағыттау қажет.

Өнегелік, қоғамдық бағыт жеке тұлғаның ниетін, ынтасын, өмірлік жоспарын белгілейді. Оқытудың элеуметтік мақсаттары ағартушылық, дамытушылық жэне тәрбие іс- әрекеті арқылы жүзеге асады.

Осы мәселелер жаңашыл педагогтардың, шебер мұғалімдердің іс-тэжірибесінен көрініс табады. Мысалы: Шальева, Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенко, И.П.Волков, В.Ф.Шаталов, Қ.Биттібаева, Қ.Нұрғалиев, Р.Нұртазина, А.Исқақов.

Жаңашыл педагогтардың іс- тәжірибелерінде ортақ идеялары бар:

1 .Балаларға деген адамгершілік қарым- қатынас. Әрбір оқушыны жеке тұлға деп санау.

2.   Оқушының ішкі жан дүниесін, оның мақсат- мүддесін, ынтасын, қабілеттілігін тани білу.

3.  Оқушылармен қарым- қатынасты дұрыс құра білу. Олардың ынта-ықыласын еске алу және танымдық белсенділігін арттыру.

4.  Оқушыларға күрделі мақсаттар қоя білу жэне сол мақсаттарға жете алу сенімін нығайту.

5.   Оқушыларға мүмкін болған кезде тапсырмаларды еркін таңдау құқығын беру.

6.   Оқушыларға ұжымдық және даралық жұмыстар арқылы өзін- өзі тани білуге үйрету.

7.     Мұғалім мен оқушының оқу процесіндегі шығармашылық идеясының сақталуы.

Осы бағыттарды ұстана отырып көптеген жаңашыл педагогтар зертеу жұмыстарын жүргізген. Солардың бірі Ш.А.Амонашвили.

Шалва Александрович Амонашвили көрнекті ғалым, психология ғылымының докторы. Оның «Сәлеметсіздер ме, балалар?» (1983 жыл), «Хал-жағдайларың қалай, балалар?» (1986 жыл), «Мақсат бірлігі» (1987 жыл) деген кітаптары бар. Ш.А.Амонашвили бұл кітаптарда бір сыныпты мысалға ала отырып, баланың қалай есейіп, олармен бірге мұғалімдер өмірінің қалай жаңарып отырғанын суреттейді. Бұл еңбектер бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған методикалық құралдар. Гогебашвили атындағы педагогика   ғылымы   ғылыми-зерттеу   институтының   экспериментальдық дидактика        лабораториясында        Ш.А.Амонашвили        басшылығымен

дайындалған бастауыш мектептегі оқыту- тәрбие жүмысының жүйесі республикалық №1 экспериментальдық мектеп мүғалімдерінің шығармашылық тәжірибесімен байытылды. Экспериментке 600-ден астам мүғалімдер өз үлесін қосқан. 20 жыл бойы жүргізілген эксперименттік жүмыстың нәтижелері жоғарыда аталған үш кітап  жинақталған.

Академик А.Петровскийдің сөзімен айтқанда: «Шалва Александрович Амонашвили шығармалары педагогикалық поэма ғана емес, педагогикалық симфония да».

Ш.А.Амонашвилидің «Алты жастан — мектепке» (1986 жыл) деген төртінші кітабы да алты жасар балалармен жүргізілетін оқу-тэрбие жұмысының мазмұнымен, ерекшеліктерімен жэне қойылатын талаптарымен таныстырады. Бұл еңбек жоғарыда аталған үш еңбектің жалғасы жэне теориялық негіздеу қорытындысы сияқты.

Амонашвили еңбектерінде балаларды үстаз бар жүрегімен сүю керек, осы сүйіспеншілікті көрсете білу керек. Мектептегі эрбір күн, эрбір сабақ балаларға сыйлық ретінде тартымды өтуге тиіс. Ұстазбен жақсы қарым-қатынас баланың бойында шаттық пен сенімді күшейтеді. Балаларға мұғалімсіз білім жоқ. Егер кішкентай балдырған өз ұстазын үнатса, онда ол білімге қүмарта түседі. Егер ол ұстазын ұнатпайтықтан қорқатын болса, өзіне ұстазын дос санамаса, онда бала үшін білім құнын жояды.

Біздер балаларды түсінуіміз керек. Ал балаларды түсіну дегеніміз-олардың сезімін бағалап, әрбір ісін елеп, мән беру, олармен санасу. Балаларды түсіну кішкентай адамды тәрбиелеудің тамаша шеберлігін игеру.

Амонашвилидің алты жасар балаларға арналған зерттеу жүмыстары. Алты жасар бала- өте ерекше халық. Алты жасар балаға жыл ғана емес, сонымен қатар ай, апта да әсер етеді.

Амонашвили алты жасар баланы екі жақты қарастырған:

Бірінші жағынан, алты жасар баланы адамдарға таныстыру және де олардың мектеп өміріндегі өзгерісін қарастыру, мектеп жағдайында қандай қиындықтарға үшырасатынын көрсету.

Екінші жағынан, олармен үнемі жүмыс істеп отыру қажет. Олар жеті жасар балаға үқсамайды, олармен жеке жүмыс жасау қажет.

Үшінші жағынан, Амонашвили алты жасар баламен қалай жұмыс жасау керек әдіс- тәсілдерін қарастырып өткен.

Амонашвилидің көрсетуінше алты жасар баланың мұғалімі мынадай қасиеттерге ие болу қажет:

І.Бала қандай болса да, оны жақсы көре білу қажет. Яғни ұстаз балаларды алаламау қажет.

2. Баланы түсіне білу қажет.

3.  Оптимист болу керек. Олар тәрбиенің күшіне, педагогикалық әдіс-тәсілдерге сене білу қажет.

4. Жаңа адам жасауға дайын болу қажет.

Ұстаздың осындай ерекшеліктерін көрсете отырып, Амонашвили алты жасар бала мен жеті жасар баланың айырмашылықтарын да айрықша атап көрсетеді:

1.  Қоғамдық және өзін- өзі тану қасиеттерінің төмен болуы.

2.  Импульсиялық белсенділік пен қажеттілікті өтеуі.

3.   Ойын іс- әрекетіне бейім болуы.

Жаңашыл педагог С.Н. Лысенкованың тәжірибесі де көңіл аударарлық. Бастауыш мектептердегі сабақтарда ол түрлі- түсті ойыншықтардан сүйеніш сигналдарына көшсе, жай көрнекіліктен ішкі мазмүнды ашып көрсететін күрделі көрнекілікке ауысады. Тапсырманың элементтерін (шарты, сүрағы, шешімі, жауабын) түсіндіре отырып, алғашқы сабақтан бастап-ақ тақтаға сүйеніш сигналдары ілініп қойылады.

Кестенің мақсаты- тапсырманың барлық элементтері алғашқы сабақтан бастап-ақ оқушының жадында сақталатындай етіп із қалдыру. Сызбадан шығатын нәтижеге оқушыларды оқытушының сұрағы жетелеп отыру қажет. Оқытушы « есептің әр кезеңін атап беріңіз», — дегенде сыныпта көтерілген Фқолдарды көреміз. Ешбір оқушы өзін шарасыз сезінбейді. Олардың бэрі тапсырмагың шешімін іздестіріп, шартын шығарып, сүрағы мен жауабын ойластырып сабаққабелсене араласады.

Бүл жүйе де оқушылардың таным- белсенділігінің деңгейінің көтерілуіне негіз болады. Оқыту әдісінің өзі оқушылардың белсенділігін көтеріп, сабақты көркемділік арқылы түсіндіруде жай тыңдаудан бастап, зеттеу әдісі кезіндегі жеке ізденіске алып келеді. Екінші жағынан, бұл әдіс оқушының жеке бейнесін, оның белсенділігінің қалыптасуын көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *