В.Ф.ШАТАЛОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ

Шаталов В.Ф.

Белгілі   педагог — ғалым, жазушы.Шаталов педагогикалық процесс мақсаты — барлығын оқып , танып , барлығына берік білім беру.Оның үраны — бәлэм барлығына. Педагогикалық процесстің басты принципі — ашық болашақ. Мінез орындалмаған жүмыс үшін, оған ешөандай көмек болмаса, оған «бестік» бага қойылатыны даусыз. Басқа принциптері материалды бірнеше рет қайталау, аса биік теориялық дайындық оқудың жоғары типі жэне уақыт   үнемдэлігін сақтау.мүның барлығын сақтау — өмір , мектеп үраны.Сапалы білім саналы тэртіп.

В.Ф. Шаталов педагогикасы — оқушыларды ойлау іс эрекетіне , психологиялық тірек жасайды. Ол оқу процесіндегі үлгерім сапалы еңбек, түрақты білім беруге негізделген.Шаталов оқу материалын мүлде қайта қарап толықтырады.Ол одан ірі блок жасады . Оқу материалын схемаға түсірді, конспект жасады.

Шаталов қолданған эр түрлі эдістер: түсіндіру, тірек конспектілер, символдар, дыбыстандыру, оқулықпен жүмыс істеу, тірек сигналды жазбаша қайта жаңғырту жэне т.б жатады.

Оқытудың мазмүнын байланыстыру жэне бүл эдісі біртүтас педагогикалық процеске пайдалану. Жаңашылдардың оқушылардың танымдық іс — қимылын сатылы түрде қамтамасыз етеді.Бүл түралы Шаталов өзі былай деді: «Бірінші саты көп сатылы, білімдарлықпен -жүелі ,эмоционалды түрде таңдаған параграфты мүғалімнің сабақты түсіндірудауыстап оқыту, негізгі үғымдарды эр — түрлі символдардың көмегімен,кодты шешу арқылы түсіндіру және оларды өзара логикалық байланысын анықтау.Үшінші саты — тірек сигналын үйрену , сол арқылы әр бір оқушы үйренеді жэне өз альбомына жапсырады.Төртінші саты -оқулықпен және үй жағдайында тірек сигналдарының беттерімен жүмыс істеу.Бесінші саты — келесі сабақта тірек сигналдарын жазбаша еске түсіру.Алтыншы саты — бүрын өткен материалдарды тереңдету жэне жай қайтару.Шаталов — математик, жаңашыл үстаз педагог.

Ерекше эсер қалдыратын нэрсе ,бүл совет мүғалімінің жекелеген методикалық әдіс – тәсілдерімен эксперимент жасауы емес, қайта олардың толық және жеткілікті түрде , сындарлы бірізділікпен, белгілі бір методикалық жүемен   қүрылуындағы жетістіктерді көрсете білуге деген үмтылысы мен мүмкіндігі.Мүны іс тәжірибеде жүзеге асыру авторды жалпы дидактикалық принциптерді және олардың бүгінгі көрінісін талқылауға келтіріп отыр.Бұл тұрғыдан алғанда Шаталов тәжірибесі — советтік психологиялық педагогикалық ғылымға тыл озат практикалық тәжірибе мен теориялық ой ықпалының үнемі өзара бірін бірі толықтырп, байқатып отыруының жарқын көрінісі.Оқырманға үсынып отырған Шаталовтың шағын кітапшасының ең маңызды деген теориялық түстарына талдау жасайық.

Біздіңше Шаталовтың басты   еңбегі — оқу ісін оқушылардың   өз күшімен басқарудың тиімді жолдарының бірін байқап көруінде. Шаталов оқушылардың танымдық іс әрекетін   айтарлықтай қатаң және сатылы түрде басқарудың мүмкіндігін таба білген.Бұл тұрғыдан алғанда автор оқушылардың іс әрекетін басқару жөніндегі совет   психологиясында тұжырымдалған жалпы идеяларды шынайы түрде жүзеге асырып жэне оларды методикалық жағынан   нақыштай білді.

Шаталовтың оқушыларының    оқу іс әрекетінде қандай нақты формалар бар? Жаңа материалды игеру алдымен мүғалімнің көрнекі қүралдырының — тірек сигналды парқтардың көмегімен түсіндіруін тыңдау түрінде өтіледі.Автордың атап көтсеткеніндей , мұнда ерекше түрғыда үймдастырылған материалды «Блокты қабылдау»   жүреді. Сонан соң мүғалім   үлестірген тірек сигналды парақтарды оқып үйреніп жэне жазып жаттығады.

Психологиялық   жағынан   алғанда    бүл    мұғалімнің тексті мағыналық   тұрғыдан   өңдеу тәсілдерін қалыптастыруын оқушылардың өздерінің оқу ісін ұйымдастырудағы қүралы ретінде тірек сигналдарын пайдануын, мнемотехникалық тәсілдерді, оқушыларда ой еңбегі мэдениетінің жалпы әдістерін дамытуды білдіреді.

Сөйлеу практикасын, ең бастысы, оқу материалын — оның жоспары мен негізгі   бірліктерінің   бірізділігін белсенді   түрде   қайта жаңғырту практикасын   дамытып   отыратын меңгерілген материалды жэймен магнитофонға ауша айту; бұл жазылғандарды кезектесіп тыңдау жэне бағалау — міне осының бәрі белсенді жауап беруге күнделікті дайындықтың қажеттігін тудырады, ал тірек парақтарын пайдалану бүл дайындық уақытын қысқартады.

Оқушылардың оқу материалындағы білімдердің глобальды, іріленген бірліктерін орындауы жэне олардың жүелері мен байланыстарын бөліп алу әрі оларды белсенді түрде жазбаща және ауша қайта жаңғырту жөнінен оқуға деген белсенді іс әрекеті қолма қол көрініп отырады.Сондай ақ, мұғалімнің күнделікті сабақ сүрау жүесімен тағы басқа үнемі ұйымдастырылып жүзеге асырылатын оқушылардың үлгерімін кең түрде бағалау да айцқын көрінеді. Жаңа материалмен жұмыс біздің методика бойынша міне былай жүргізіледі. Бірінші кезең – сабақ өтуге қажетті іріктеліп алынған параграфтарды мұғалімнің жан-жақты әрі бейнелі эмоциональдық тұрғыда түсіндіруі. Екінші кезең – тірек плакаттары (тірек сигналдары бейнеленген парақтың ұлғайтылған көшірмесі) бойынша оқу материалдарың қысқаша түсіндіру; әр қилы негізгі ұғымдар символының көмегімен кодталған материалдарды дыбыстандыру, құпия кілтін ашу және олардың арасындағы өзара логикалық байланысты анықтау. Үшінші кезең – тірек сигналдарын оқып-үйрену; олар әр оқушыға үлестіріліп беріледі, шәкірттер сигналдары өздерінің альбомына желімдейді. Төртінші кезең – үй жағдайында оқулықпен және тірек сигналдары парағымен жұмыс істеу. Бесінші кезең – келесі сабақта тірек сигналдарын жазба түрінде көрсету. Алтыншы кезең – тірек сигналдары бойынша жауап беру (бәсең дауыспен, магнитофон арқылы, өзара бақылау параға бойынша жазюаша және ауызша жауап беру). Жетінші кезең – бұрын өтілген материалды ұдайы қайталау және терендете оқыту (тек кластар арасында ғана емес, ересек және жас балалардың арасында да өзара көмек тобын – «педагогикалық десант» ұйымдастыру). Сонымен теориялық материалдарды игеру жеті кезендерде жүргізіледі. Теориялық мәселелерді терең түсіну балалардың өз күшін істе байқап көруге деген ынтасын арттырады, теорияны жинақтап оқып-үйренудің нәтижесінде үнемдеген уақыт шығарылуға тиісті есептер санын көбейтіп, олардың типтерін, есеп шығарудың ықтимал жолдарын (жан-жақты, кеңінен) талдауға мүмкіндік береді.

Біз де мұғалім оқушыларға оқтың-оқтың бұрын өтілген тараулардан тапсырмалар беріп отырады. әрине, олар шәкірттерге белсенді қиындық келтіре қоймайды, дегенмен кім білсін, баяғыда өтіліп, сан рет қайталанғанмен кенет бұрын жете мән бермеген жәйттер, ньюанстар кезігіп қалар. Ал тіпті кей мәселелер түсініксіз болса ше? Мұндай жағдайда өткенге қайтып оралу тіпті пайдалы. Сөйтіп, бір кезде өте-мөте күрделі болып келген мәселелердің сыры кенеттен ашылып сала береді. Демек, мұндай қозғалысты, дамуды, өсуді сезіну алда кездесетін жаңа қиындықтарды женудің психологиялық стимулы болмақ.

Әрбір сабақта, әрбір қызықты әңгімелесу кезінде балалар белгілі бір жәйтке байланысты жарқын ойларын, батыл пайымдауларын, күдіктерін білдіріп жатады… Ал осындай әрбір шабыт нұрына бөлену, мейлі ол бір сәттік қана болсын, ерте ме, кеш пе, әйтеуір творчестволық ізденістің маздаған жалынына айналар алғашқы ұшқын болуы да мүмкін, мүмкін емес-ау, тиіс те. Міне нақ осы тұста біз оқушылардың творчестволық әлемін сақтауды әрі оның аясын кеңейте түсуді қамтамасыз ететін көптеген методикалық-тәсілдердің негізіне келіп ат басын тірейміз. Бұл жерде мына бір шартты бұлжытпай орындауға тиістіміз: біз жаңа туған нәресте бесігінің жанында сезімтал әрі ілтипатты болсақ, ой-сана бесігінде алғаш тәрбиеленушілерге де сондай сезімталдықпен, ілтипатпен қарауымыз керек.

Адамға образдармен ойлау тән. Ғылымда бұл тұжырым айтарлықтай берік қалыптасқан, жалпы айтқанда, ол жанадан дәлелдеп жатуды қажет етпейді. Бірақ оқушыларды оқытудағы, олардың дамуы процесіндегі адам психикасының осы бір қасиетін тиімді пайдалану мәселесіне ғалым-дидактиктер әлі де қайта-қайта оралатын болар сірә. Я. И. Перельманның баяулата бір оқып шыққаннан кейін еркін алынған 100сөзді басынан аяғына дейін есінде сақтй біледі. Кейінірек анықталғанындай, шын мәнінде, оның бәлендей ерекшілігі жоқ екен. Бар брлғаны тек образды ассоциацияға негізделген эстрадалық айлакерлік қана болып шықты, бала әрбір сөзді алдына дайындалған, жаттап алған сөздермен байланыстырып отырған. Қалғанының бәрін ассоциативті байланыстар шешкен. Мәселен, негізгі сөз тізбегінде «мұрт» сөзі 39-шы нөмірмен тұр, ал ұсынылғаң жаңа тізім бойынша осы нөмірмен тұрған сөз «машиеа». Қиялға сәл ерік берсек, «мұрты машинаға қыстырылып «қалыпты» деген тіркес шығаруға болады. Сенімсіз бе? Күлкілі ме? Мейлі! Енді №39 саны ауыздан шықса болды, жадында жатталған «мұрт» бірден ассоциация байланысы бойынша «машинаны» еске түсіреді. Мұндай ассоциациалардың сенімділігі соншалық, баяғы бала кезінде Я. И. Перельманның әңгімесін оқығандар бүгінге дейін осы байланыстарды ғана емес, кітап көркемдеушісі салған суретті, яғни мұратының бір жағы әлдеқандай жабайы машинаның тетіктерінің арасына қыстырылып, ауыз-басы қисайып кеткен байғұстың суретін де де көз алдына елестеді.

Тірек сигналдарының икемділігі. VII класстағы тарих сабағының бірінде «Царизімнің Посполит Речін бөліске қатысы» деген бөлім оқытылып жатқан күндері газетке әйгілі «Отанмен қоштасу» поленезінің авторы, поляк композиторы М. К. Огиньскийдің Тадеуш Костюшко басқарған ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқандағы туралы шағын хабар шықты. Бір топ бала жазбаша жауапқа дайындық кезінде міндетті тірек сигналдары парағына «Огиньский» деген тағы бір сөз қосты. Тақта алдына шыққанда ешкім күтпеген хабарлама жасамақ ниетпен балалардың әрқайсысы мұны бір-біріне жасырын істеген еді. Ауызша жауап берер алдында айқара ашылған плакаттағы жаңа «Огиньский» деген жазуды көргенде барша баланың таң қалғаны-ай десеңізші! Балалар мұғалімін таң қалдырмақ болып еді, ал ұстазы болса шәкірттерінің алдын орап кетті.

Кішкентай Мұғалімдер. Магнитофон біреу-ақ болған жағдайда жоспардағы жазуды сабақтан тыс мезгілде тындау паралель класс оқушыларына тапсырылады. әрине, бұл құрметті  міндет ең тандаулы шәкіртке тоқсанына бір-ақ рет жүктеледі. Уақыт шығыны – 15 – 20 минут. Ал екі магнитофон болған жағдайда паралель кластын балалары таспаны тікелей жазу жұмыстарын атқара отырып тандайды. Бұл күні балаларға білім сапасын ашық есепке алу ведомосына бұрынғы алған бағаларына сияның түсімен ғана ерекшеленетін «автомат — бестер» қойылады. Кей-кейде жазбаны мұғалімнің өзі де тындайды. Тәжірибе көрсеткеніндей, балалар – аса қатал қазылар, қанша жыл ұстаз болып жүріп, олардың жолдастарының қателігіне кешірімпаздық жасаған сәтін көрген емеспіз.

Сенімділіктің қалыптасуы. Егер әрбір тірек сигналы мұғалім бала ұғымына сәйкес түсіндірсе, әрі өз әңгімесін көрнекі суреттермен, түрлі-түсті кестелермен, жекелеген тірек сигналдары парағымен ұштастырып отырса, оны қайталап шығу қиын дейсіз бе? Сызбалар мен жазбалардың алғашқы нобайын жасауға талпынған кезде-ақ оқушы мұның сөзсіз қолдан келетінін аңғарады. Оны ең әлсіз оқушы да жасай алады. Бұл – жеңіске жетудің алғашқы қадамы. 2 – 3 күн өткен соң бұл жұмысты ықыласпен атқара бастайды: бүкіл класс күн сайын оның көз алдында жоғары тиімділікпен еңбек етіп жатыр ғой және сол жазбаша жұмыстары үшін ең жоғары баға алуға болатындығын көріп те отыр. Оны «дыбыстандыру» әлі қиындық тудыра берсін, практикалық жұмыстарда бәрі де ойдағыдай болмай-ақ қойсын – мейлі! Бір сүйсінерлігі сол, білім жинақтау процессі жүріп жатыр, жүйелі еңбекке белсене қатысу поцессі жүріп жатыр. Ауызша беріліп жатқан жауаптар қаншама! Және мұның өзі оқушы бір нәрсені дұрыс айтпаудан секем алатындай бүкіл класс алдындағы дәстүрлі жауап та емес. Кім өзінің байқұстығын баршаға жария еткісі келеді дейсіз? Ал мұнда – мұғаліммен бетпе-бет отырып, бәсең әңгімелесу, магнитофон арқылы жауап қайыру одан да оңай. Нашар оқушы өзінің таспаға жазған жауабын мұғалімнің ешкімге тындатпайтынын және мұның қанша қате жібергенін басқа ешкімнің де сезбейтінін біледі. Оның есесіне жақсы жауап қайтарса ертеңіне бүкіл класс болып тындайды. Осы бір тіпті қарапайым методикалық тәсіл өзіне деген сенімін арттырмақ болған балалардың көңіл күйін қаншама шырқау биікке көтереді десеңізші! Бірнеше бісең және магнитофон арқылы жауап қайтарғаннан кейін балалар тақта алдына сеніммен шығып, тарих, географиы, математика мен физика пәндерінің тірек сигналдарын асықпай-саспай «дыбыстандыра» бастайды.

Үрейлендірмей һәм жазғырмай. Соңғы жылдары дефектолоктар мен гигиенашылар жас өспірімдерің белгілі бір категориясының интелектуалдық қызыметіне кері әсер ететін әр түрлі ауруларының себептерін зерттеуге жиі-жиі назар аудара бастайды.

«Олардың мінез-құлықтарының, — деп атап көрсетеді Т. А. Власова мен М. С. Певзнер өз еңбектерінде, — кейбір ерекшеліктер байқалады: олардың кейбіреуі әрдайым абыржулы, тиышсыз, шектен тыс ширақ ашуланшақ, дұрыс жауап бере алмаспын деп жүрексінетіндіктен олар жауап беруден мүлде қашқақтайды»

Творчестволық конспект. Тірек сигналдарын жасаған кезде оқушылардың творчестволық жұмысының үлес салмағы қандай болуы керек? 1971 жылы СССР Педагогикалық ғылымдар академиясы комиссиясының мүшесі Л. М. Фридман эксперементтік кластардың бірінде өте қызықты тәжірибе жүргізілді. Тоғызыншы класс оқушылары арасынан еркін тандалып  алынған 12 оқушының әрқайсысына мектеп кітапханасынан бір-бір кітап беріп, одан көлемі 1,5 – 2 беттік үзінді мазмұнын символдармен көрсетуді ұсынды. Бұл жұмысты орындауға академиялық бір сағат уақыт бөлінді. Оның нитижесі әрі қызық, әрі занды да еді: балалар өздеріне жүктелген міндетті толық ақтады. Олар тандап алған символиканың бояуының ашықтығына, нақтылығына әрі дәлелдеуге қолайлылығына ешқандай кінә тағуға болмайтын еді. Демек, осының өзі-ақ жаңа методика жағдайында не бары 11 ай ғана жұмыс істеген тоғызыншы класстардың өз білімі мен біліктерін кенінең әрі белсенді пайдалану кезеңі туғанын көрсетеді. Бұдан кейінгі бақылаулар, сондай-ақ осы оқушылардың жоғары оқу орындарындағы 5 жылғы үлгерімін талдау біз жасаған қорытындының дұрыстығын аңғартады.

Ашық перспективалр принціпі. Бүгінде мектепте, семьяда, газет-журнал беттерінен, теледидир экранынан балаға «жақсы болу керек?» десеміз. Айналамызда талай нәрсе мен мұндалап тұрса жақсы болу оңай ма екен? Айналамызда ешкімнен қысылып-қымтырылмай өз қамын ғана күйттеуші жаман адамдар өріп жүрсе, жақсы болу ма екен?

«Ертең ержеткенде…» — деп біз ең соңғы қорқыныщты оргументке жүгінеміз. Бірақ бар сөзіміз зая. «Біріншіден, оған дейін әлі алыс, екіншіден, бәріне де үлгеремін. Жаңа оқу жылынан бастап қолғаалсам бар ғой…»

Он екі жасар мұндай зиялымыз келесі оқу жылының да достары елеусіз жерде асыр сала доп қуып жүрген нақ осындай қоңыр күзлен басталарын, кинотеатр жарнамаларынан неше түрлі фильмдердің мен мұндалайтынын, Орталық теледидардың «Көктемнің 17 сәтін» немесе «Жоғары мәртебелінің адьютантын» қайталап көрсететінін қайдан ескерсін…

«Сабағыңды оқы!» — дейміз күн сайын дауысымызды көтере.

«Оқуын оқу керек, — дейді біздің тәрбиеленушіміз өзінше бір ойға қалып, — бірақ оның қажеті қанша, кеше қаншама оқыдым, бірақ бірде-бір пәннен сұрамады. Және бәрін оқып шығу мүмкін бе? Кеше теледидардан айтқандай, қысқаша анықтамалылықты пайдалану керек.

Осының бәріне қазіргі бағалау жүйесінің ең бір құйтырқы жағын – алдын-ала бағалаушылықты қоссақ онда ғажайып шарықтауға мұғалімдердіңөздерінің де әлдеқашан сенімін жоғалтқаны өзінен-өзі түсінікті. Мұндағы логикалық қисын күрделі емес. Бұрын тек «үш» пен «екіге» ғана оқыған бала кеше сабақты өте жақсы оқып келді делік. Бар болғаны бір рет қана. Одан ары солай оқуға оның күші де жетпейді, мүмкіндігі де жетпейді, мүмкіндігі де жоқ. Мұғалім оған «бесікті» қоя ма? Осы тұста ұстаз психологиясына талдау жасап көрелік. Нашар оқитын баланың класс журналындағы үздік бағасы — әкімшілікпен класс жетекшісі тарапынан бүкіл оқу жыл бойы мұғалімді жазғырудың бірден-бір негізі. Оқушының бұдан кейін де сабаққа тыңғылықты дайындалып келетіндігіне мұғалімнің көзі жете ме? Жоқ, мұғалімде ондай сенімділік жоқ. Дамак, бұл оқушы әрбір сүрінген сайын басқа ұстаздар оны кінәлай жөнеледі. «Бесікті қойған өзіңіз едіңіз ғой! Демек,  ол жақсы оқи алады!» осының бәрі –амал қанша – мұғалімнің өзін-өзі жоққа шығарады деп ойлай көрмеңіз. Ешқашанда өтпейді. Бар болғаны әлгі оқушыға бұрынырақ өтілген материалдардан бірнеше қосымша сұрақ қояды да, нұсқау талаптарына нұқсан келтірместен, оған не төрт, немсе үш қоясалады. 

Педагогика ғылым ретінде өте-мөте күрделі. Жалпы алғанда, табиғатта педагогикадан күрделірек ғылымның болмауы, сірә да ғажап емес. Оның күрделілігі ең алдымен оның жүзмыңдаған компоненттерінің бас қатырарлықтай шиеленсе байланысып жатуында. Ал оның жауапкершілік өлшемі – адам! Мұны біз ұстаздық өмірімізде күнсайын, әрбір минут сайын ұмытпайтын болайық! 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *