Біртұтас педагогикалық үрдісте оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау және есепке алу

 

Оқу жұмысының нәтижелігін бақылау және есепке алудың

теориялық негізі және функциясы.

         Жоғарыда айтылған әдістердің қайсысы қолданылса да, бүгінгі мектептегі оқыту үрдісінде маңызды мәселенің бірі оқушылардың қалай түсінетідігін анықтап тұру қажет болады. Ол жаңа тақырыпқа дер кезінде көшу үшін өте маңызды. Оның мақсаты адамды тәрбиелеу мен оқыту. Мектептегі бақылау мен есептің ерекшелігі, оның әдісі және ұйымдастыру негізі осымен анықталады. Тексерудің барысында оқушылардың материалдарды меңгеру дәрежесін сипаттайтын баға қойылады. Сол бағаны мұғалім талдай отырып тек оқушыны ғана емес, өзі оқытып жүрген материалды меңгеруде оқушы жіберген қателіктерден қорытынды жасайды, өз қызметіне кейбір өзгерістер енгізеді, жаңа әдістер, тәсілдер іздейді.

         Сондықтан тексеру мен бағалаудың әділдігі едәуір дәрежеде бүкіл оқыту үрдісінің табысты жүргізілуіне ықпалын тигізеді. Білімді тексеру және баға қою әдісін меңгеру жас мұғалімдер үшін өте маңызды және қиын міндеттердің бірі болып табылады.

         Оқушыны бағалау оның қабілетсіздігін, жарамсыздығын дәлелдеп беру емес, бағалау арқылы оның неге көңіл аударуын, оқытудың жоғары сапалығы мен қабылдаудың ынталылығын, білімді беру мен сіңудің сапасын көтеру.

         Оқушының оқу үлгеруін есепке алу – көп қырлы құбылыс. Солардың ішінде ең кемі төрт функциясын бөліп айтуға болады: бақылау, оқыту, дамыту және ұйымдастыру.

         Бірінші, өзіндік ерекшелігі бар оқушылардың үлгерімін есепке алудың міндеті бақылау барысында іске асады. Бұл алдындағы міндет ретінде орындайды. Оның табысты болуы мұғалім мен оқушының бірлігі мен ынтымағына байланысты: мұғалімнен оқушыға, қайта мұғалімге («Қайтарым» оқу материалын игеру дәрежесіне байланысты).

         Бақылау арқылы мұғалім өз жұмысының жетістігі мен кемшілігін анықтайды. Осы күнделікті, әр кездегі бақылаудың нәтижесінде оқытушы жоғарғы нәтижеге жетуді көздейді.

         Екінші, оқытушылық функциясы – оқушының оқуына ықпал жасау. Үлгерімді есепке алудың оқытушылық функциясының екі жақты сипаты бар. Тәрбиелік жағынан оқушының оқуын есепке алу білімге деген көзқарасын, білімді саналы, ұжымда сергек адамгершілік қатынас, ой, пиғыл, жақсы дәстүр қалыптастыруы тиіс. «Білім алуға бар күш жігерімізді аямаймыз», «Бізде сыбырлап айту болмайды» т.б.

         Оқытушылық функциясында көп жағдайда оның табысты болуы оқуға оқушының өзінің жатымды қатынасына байланысты. Біліміні есепке алуды оқушының моральдық, адамгершілік ерік-жігері, интеллектілік күш-қуаты жеке басының қасиеттері қалыптасады. Олай болса мұғалім оқушының білімді саналы қабылдауына, жауапкершілікпен қарауға, сынып ұжымын білім алуға ынтымақтығын, бірлігін ұйымдастырып, білім дәрежесін көтереді.

         Үшіншіден, дамытушылық функциясы жоғарыда айтылғандардың жатымды әсерінен пайда болады. Оқудың барысын есепке алу оқушының рухани және күш қуатының дамуына, есінің, ақыл-ойының және тілінің дамуына бүкіл дене мүшелерінің қабілетінің дамуына мүмкіншілік береді.

         Төртіншіден, үлгерімді есепке алу оқушылардың тәртібін ұйымдастыруға ықпал жасап, дұрыс бағыт сілтейді, оқуға деген қатынасын жақсартып бірін-бірі түсінуге жетіседі, ұйымдастыру функциясының оқуды есепке алудағы негізгі оқушылардың өз бетімен күн режимін түсініп, уақытты дұрыс пайдалану, бірізділік, әр тапсырманы орындау сипаты, үй тапсырмасын орындау, кітап оқу, т.б. мәселені дұрыс түсінуі.

         Дұрыс есепке алуды шешуді ұйымдастыру табысқа жетудің кілті.

         Оқушының білімін есепке алудың табысты болуы төмендегі шарттарды орындауға да көпшілік жағдайда тәуелді болады.

         Бірінші орынға есепке алудың әржақтылығы тұрады. Ол оқушылардың толық білім алуына, дағдыларын, іскерлігін толық қамтуға мүмкіншілік береді. Қазақстанның бүгінгі білім беріп жатқан мектептерінде ол тереңдігімен, оны жеткізудің түрлерімен: нақтылық, образдылық, тіл мәдениеті және еңбектену, бүгінгі күннің талабына сәйкестігімен, тұрақтылығымен т.б. ерекшелнуі тиіс.

         Тәжірибе көрсетіп отырғандай білімді есепке алуда әр пәннің өзіндік ерекшелігін есепке алу қажет. Мысалы, географиядан картаны білу, онымен жұмыс істеуді есепке алумен ерекшеленеді. Әрине, бұл жеке пән әдістемелерінің іс-әрекеті.

         Екінші шарты – есепке алудың үздіксіздігі. Ол есепке алудың жан-жақтығын қамтамасыз етеді, өйткені ол анда-санда емес, үзіліссіз әркез, бірізділікпен бүкіл оқу-тәрбие жұмысының барысында сабақтың мазмұнына және әдістемесіне жоғары талап қоюға мүмкіншілік береді. Ол есепке алудың сапасына білімді игеру тетігі ретінде күш беріп оқутәрбие жұмысында, іскерлікті, жеке бастың сапалық жағын қамтамасыз етуге белсенді қатынасуға мүмкіншілік береді.

         Үшінші шарты – есепке алуды жекелендіру. Өйткені мұғалім есепке алуды әр оқушының өзіндік ерекшелігін есепке алу, бір-бірінен ажырату, жеке жұмыс істеу, оның табысы мен кейбір кемшілігін көріп өсуіне басшылық жасау үшін жүргізіледі. Бұл шарт жұмыс істеу үшін әр оқушыдан есепке алуды түсініп, силап, бағалауға ынталық білдіруі керек. Алғашқы үш шарт міндетті түрде төртінші (объективтік талап етеді) — әділеттілікті талап етеді. Ол әділеттен сәл ғана ауытқып, жеке талғамға, антипатия – симпатия, құштарлық немесе өзін-өзі есепке алу сезімге бағындару, нанм сенімге берілу болса онда есепке алу әділдікпен айырылып жеке басты тәрбиелеуден қалады. Тіпті ол залымдылықтың, бақытсыздықтың көзі, моральдық азғындау және дүрдаразтықтың себепшісі болып шыға келеді.

         Есепке алудың жариялығы тәрбиелеуге қатынасты болады. Оқушыға бағаның өлшемін білу, не үшін қойылғанын түсіну қажет. Оның дағдысын, іскерлігін, білімін, дүние танымын пәнді меңгеруін тиянақтап дамытуға жол сілтейді.

         Есептің нақтылығы, әрекеттілігі – бұл шарттың әрекеттілігі есеп жүйесінде – белгілі нәтиже беретіндігне, сол үшінде есеп жүйесі жасалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *