Балалар ұжымы – тәрбиенің объектісі және субъектісі

 

Латын сөзі «коллективус» — топ, жиналыс, бірлестік, ұжым, т.б. болып аударылады. Ұжым дегеніміз бір топ адамдар. Бірақ кез келген топ ұжым бола алама? Қазіргі әдебиетте «ұжым» деген сөздің екі мағыналы ұғымы бар. Бірінші ұжым дегеніміз кез келген ұйымдасқан адамдар тобы, екінші: ұжым дегеніміз жоғары деңгейдегі ұйымдасқан топ.

            Педагогика теориясында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар жалпы ұжым проблемасын жан-жақты қарастырып, ұжым ұғымына бірнеше анықтама береді. Мәселен, Г.И. Щукина: ұжым дегеніміз бірыңғай қоғамдық мақсаты бар, мақсатты орындау барысында барлығының өзара байланысты, жауапты міндеттері, тапсырмалары бар, өздерінің ұжымдық органы бар, басқа ұйымдармен тығыз байланысы бар балалардың біріккен тобы – деп түсіндіреді.

            Ал, Т.А. Ильина: «Ұжым – арнайы мақсатқа бағытталған, іс әрекет негізінде ұйымдасқан адамдар бірлестігінің формасы екенін көрсетеді. Б.К.Бабанский: «қоғамдық мәні бар, ортақ мақсаттар негізінде жалпы маңызды бағыттарға байланысты қарым-қатынас жасайтын адамдардың әлеуметтік бірлестігі – ұжым деген ұғымды қамтиды дейді.

            Ұжымның негізгі белгілері мыналар:

Жалпы әлеуметтік мағыналы мақсат.

Ұжымның мақсаты қоғамдық мақсатпен бірлесе жүреді, мемлекет конституциясына заңына қайшы келмейді.

 

Жалпы біріккен іс-әрекет

Әрбір ұжым мүшесі біріккен іс-әрекетке белсенді қатысады.

 

Жауапкершілікке байланысты қарым-қатынас

Ұжым мүшелері арасында ерекше қарым-қатынас қалыптасады, олардың мақсат мүддесі және іс-әрекеттері көрініс береді.

 

ҰЖЫМ ДӘСТҮРІН ЖАСАУ

 

            Дәстүр – ұжым өмірінде орныққан, қалыптасқан тартымды тәжірибе, салт-сана. Дәстүрдің құрылуы ұжымның тәрбиелік ықпалын  күшейтеді, себебі ұжымның әрбір оқушысы өзінің ұжымдық іс-әрекетіне қатынасуы арқылы тәжірибесін байытуымен бірге, ұжымның дәстүрінде бекітіп отырады, қабылдайды.

            А.С. Макаренко өзінің тәжірибесінде ұжымды ұйымдастыру және тәрбиелеуде дәстүрлі қолдануға зор мән берген. Ол: «ұжымдық дәстүрлер сияқты еш нәрсе де бекіте алмайды. Дәстүрді тәрбиелеу, оларды баптау – тәрбие жұмысының аса маңызды міндеті» – деген.

            Қазіргі мектептің жұмыс тәжірибесінде дәстүрлердің кем дегенде үш түрі анықталып отыр. Олар:

  • дәстүрлі көпшілік шаралар (мектеп мекемелері, олимпиадалар, дәстүрлі жиындар; бұлар белгілі перспективаны – «бүкіл ұжымның ертеңгі қуанышын құрайды;
  • мектеп өмірінің маңызды оқиғаларына байланысты ұйымдастырылған салтанатты өткізу дәстүрлері (мысалы, соңғы қоңырау дәстүрі, «Білім күні – 1 қыркүйек» т.б.) бүларға да бүкіл мектеп қатысады;
  • оқушылардың іс-әрекетіне қатысты дүстүрлер мысалы, дәлдік дәстүрі (барлық тәрбие жұмыстар дәл уақытында жүргізу), өз білгенімен адал, өзгелердің сыбырынсыз жауап беру дәстүрі, артта қалғандарға көмектесу, ізетті болу дәстүрлері. Бұл дәстүрлер аса бағалы. Мысалы, тазалық сақтау, өзін мәдениетті ұстау дәстүрлері және т.б. Олар мінез-құлықты тәрбиелеуге және жақсартуға көмектеседі.

 

ҰЖЫМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ КЕЗЕҢДЕРІ

 

            А.С. Макаренко ұжымды қалыптастыруға үлкен мән берген. Ұжымсыз жеке тәрбие ойдағыдай болмайды, тәрбиенің мақсатына ұштаспайды. Балалардың ұжымдары мен талаптары да ұжым арқылы ғана дамып жүзеге шығып отырады. Ұжымдық тәрбие деген балаларды бірлестіріп, ұйымдастырып тәрбиелеу, барлығына бірдей қарап, бірдей әсер ету емес, әрбір баланың жеке өзгешеліктерін біліп соған үйлестіре тәрбиелеу, әрбір баланың бойына біткен мүмкіншіліктерін жарыққа шығаруға әрекет ету, әрбір баланың ұжымдағы орнын тауып беру болады. Ұжымдық тәрбиенің мақсаты – мен-міндікке, жеке даралыққа жол бермеу, баланың қоғамдағы орнын тауып беріп, қоғамның игілігі үшін бірлестік еңбек ете алатын қоғамшыл адамдарды тәрбиелеп шығару. Бұл мақсатты А.С. Макаренко өзінің колониясының тәжірибесінде іс жүзіне асыра алды.

            А.С. Макаренконың тәжірибесінде дәлелденген ұжымның даму кезеңдерін педагогикалық талап қою арқылы бөлу теориясына сүйенеді. Осыған байланысты ұжымның дамуы үш кезеңге бөлініп қарастырылады.

            Ұжым дамуының бірінші кезеңінде педагогикалық талапты оқушылар алдына тікелей мұғалімнің, тәрбиешінің өзі қояды.

            Ұжым дамуының екінші кезеңінде педагог қалалық талапты педагогпен бірге ұйымдасқан ұжым мүддесін түсінген активтер тобы қояды.

            Үшінші кезеңде ұжымның ең жоғары дамыған сатысында педагогикалық талапты бүкіл ұжым болып қоятын дәрежеге жетеді.

  1. Бірінші кезең – тәрбиеленушілерге мұғалім осы кезеңде мұғалім ұйымдастырушылық қызмет атқарады, талаптарды өзі қояды.
  2. Екінші кезең – актив (белсенділер) тобының әсері арта түседі. Белсенділер тобы мұғалімнің талабын қолдай отырып тікелей өздері бүкіл ұжымға талап қоя бастайды. Ұжымның қажеттілігін дұрыс түсінген белсенділер тобы, мұғалімнің сенімді көмекшісіне айналады.

Екінші кезеңге ұжымның тұрақты құрылымы өте қажет. Ұжым толық жүйелі бағытқа ықпал жасай отырып, онда өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі басқару механизмі көрініс береді. Ол өзінің мүшелерінен тәртіп нормаларын талап етуге мәжбүр болады, күннен күнге талап шеңбері біртіндеп кеңейеді. Сондықтан, ұжым дамуының екінші кезеңінде жеке адамның белгілі қасиетін мақсатты түрде тәрбиелеуі.

Осы кезеңде мұғалімнің негізгі қасиеті ұжымның міндеттерін мүмкіндігінше толық пайдалану.

Осы кезеңде ұжымның дамуы қарама-қайшылықты жеңумен байланысты болады, ұжым мен жеке оқушы арасындағы; жалпы және жеке перспективамен; ұжымдағы тәртіп нормамен және кластағы орналасқан тәртіп нормасымен; т.б. Сондықтан ұжымның дамуында өзгерістер болып тұрады.

Үшінші кезеңде ұжымда орныққан шығармашылық қарым-қатынасты, іс әрекетті бүкіл класс қолдап отырады. Ұжым мүшелері бір біріне жоғары талап қояды. Осының өзі тәрбиелік деңгейдің, көзғарастың тұрақталғанын, дағды мен ойлау іс-әрекетінің жоғарлағанын мәлімдейді. Егерде ұжым осы даму кезеңіне жетсе, онда ол адамгершілігі мол жеке тұлғаны қалыптастырады.

Ұжымның кез келген мүшесінің әрекеті жөнінде кластың дұрыс пікірі болады. Өз дамуында осындай кезеңге жеткен ұжым педагогикалық көзқарас тұрғысынан  қарағанда толық мағынасындағы ұжым болып табылады.

2 сурет

ҰЖЫМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ КЕЗЕҢДЕРІ

 

                    І кезең          ІІ кезең                       ІІІ кезең

 

 

 

Макаренко А.С. ерекше маңызды деп мақсат таңдауы есептелген. Тәрбиеленушілерді тартымды біріктіруде практикалық мақсатты жүзеге асыруды перспектива деп атайды. Адам өміріне шын мәнінде қуат беруші күш ол ертеңгі күннің қуанышы екенін А.С. Макаренко тәрбие жұмыстарында бірімен бірі байланысты түрде құрылған үш түрлі перспектива арқылы белгіленген: Жақын, орта, алыс перспективалар. Жақын песпектива – оқушылардың күнделікті өмірдегі орындалатын жұмыстары оқушылардан бірден-ақ еңбек ету перспективасы талап етіледі. Басқаша айтқанда бұл орындалатын еңбектер оқушылардың әрқайсысына толық түсінікті, ертеңгі қуанышты көре алатындай болуы керек. Мысалы, қызықты ойын-жарыстарға, кештерге қатысу, демалыс күні саяхат жасау, театрға мұражайға бару т.б.

            Макаренко А.С. адам өмірінің шын ынталандыруды ертеңгі қуаныш деді.

            Орта перспективада А.С. Макаренконың айтуы бойынша уақыттың мерзімін ұзартуға байланысты ұжымдық оқиғалар орта перспективаның мысалы ретінде оқушылардың, спорттық жарысқа, мектеп мейрамына, диспутқа қатысу болып табылады.

            Орта перспектива уақыт жағынан әжептәуір дайындықты қажет етеді, оқушыларды қызықтыратын ұжымдық іс-әрекеттер болып табылады.

            Алыс перспектива бұл ұжымның немесе жеке бастың бір істі үзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Осындай перспективада жеке және қоғамдық қажеттілік үйлеседі. Алыс перспективаға келешек мамандықты таңдау, мектепті ойдағыдай аяқтау болып табылады.

            Егерде ұжымдық іс әрекетте еңбек басты орын алса, онда алыс перспективада тәрбиенің маңызы одан әрі арта түседі.

            Оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеудің маңызды жолдарының бірі – оқушылар ұжымындағы перспективалы жолдар жүйесі. Перспективалық  жолдар жүйесі ұжымға ену керек. Оқушылар алдында қиын міндет қою үшін, қоғамдық қажетті және ұжымның даму деңгейін жұмыс тәжірибесін есепке алу керек.

            Мұғалімнің жеке оқушыға талап қоюы тікелей өзіне емес, белсенділер арқылы жүргізіледі. Осыны Макаренко есепке алған, ол жеке адамға белсенділер тобы арқылы әсер етіп оны қос ықпал принципі деп атаған. Осы принциптің мәні шартты схемада берілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *