Адам дамуында тұқым қуалаушылық пен ортаның және тәрбиенің алатын орны

 

            Баланың дамуы дегеніміз – күрделі үрдіс. Бұған үш негізгі фактор: тұқым қуалаушылық (ішкі жағдайлар), орта және тәрбие (сыртқы әсерлер саласы) ықпал етеді.

         Осы үш фактор баланың дамуына қалай әсер ететіндігі, бұлар өзара қандай қарым-қатынастарда болатындығы туралы мәселенің зор ғылыми және практикалық маңызы бар. Сондықтан осы үш фактор өзара тығыз байланыста болып, дамуға бірігіп ықпал еткенімен, әрбір фактор мен олардың көрсететін ықпалын жеке алып қарастырған жөн.

         Баланың жеке басының даму үрдісіне ықпал жасайтын биологиялық фактордың немесе тұқым қуалаушылықтың негізін көрсететін (Балаға тумысынан берілген табиғи фондылар) №2 кестені қарастырамыз.

                                                                                    

Балаға тумысынан берілген табиғи фондылар.

Адамның жануарлар дүниесінен ерекшелігі, онда жоғары дәрежеде дамыған бас миының құрылысы және жоғары нерв жүйесінің болуы

Туа біткен сыртқы дене ерекшеліктері: терілерінің, көздерінің, шашатарының түр-түсі т.б.

Нерв жүйесінің кейбір ерекшеліктері. Жоғары нерв қызметнің белгілі бір типі: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик.

Туа біткен инстинктер – шартсыз рефлекстер тобы: тамақ рефлексі – сілекейдің бөлінуі; қозғалу рефлексі – ыстықтан, суықтан қолды тартып алу; қатты жарық  түскенде көзді жұму, жыпылықтау;  бағдарлау рефлексі – дыбыс шыққан жаққа басты бұру т.б.

Адамға ғана тән туа берілген нышандар: тік жүру, нышандары; тілдің дамуы, сөйлеу.

Сондай-ақ ойлауға, еңбек етуге бейімділік және қаблеттілік нышандары.

 

БИОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОР

 

ТҰҚЫМҚУА

ЛАУ

ШЫЛЫҚ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Баланың дамуы биологиялық заңдылықтар арқылы да анықталады

            Баланың табиғи қасиеттері тым мол: ол арқылы бала өзін қоршап тұрған ортамен күрделі қарым-қатынас орнатады, сол ортаның өзгертуге араласады, өзінің өмір үрдісінде көптеген нәрселерді игереді. Жануарлар дүниесінің ұзақ эволюциясы нәтижесінде адам жоғары дәрежелі нерв жүйесіне, үлкен ми сыңарлары (жарты шардың) қыртысының тым нәзік құрылысына ие болып отыр. Осының барлығы адамды тым күрделі әрекеттер жасауға мүмкіндік береді. Бала табиғатының зор табысы сонда, оның үлкен ми сыңарлары икемді келеді, соның нәтижесінде бала күрделі байланыстар, қатынастар жасайды. Екінші сигнал жүйесі арқылы терең топшылаулар, қортындылар, жинақтаулар жүргізіледі.

         Балада табиғаттан, тумысынан жалпы адамдарға тән сөйлеу қасиеттері және жеке өз басына байланысты музыкалық сезімталдығы т.б. нышандар қоры болады. Бұл табиғи қасиеттер, нышандар жеке адамның өзіндік мүмкіншіліктерін құрайды. Әрине, бұлар әр салалы, әр түрлі, сондықтан да олар өмір үрдісінде алғашқы материал көзі болып, солар арқылы түрлі қабілеттіліктердің қалыптасуы басталады. Көру, байқау рецепторларының ерекше сезімталдығы, суретшілік қабілеттерінің негізінде болады, ортадағы жағдайлардың сәл өзгерістерін сезу, барлаушылық қаблеттерге негіз болады.

         Ең соңында, баланың табиғи фондысындағы нерв әрекеттері типінің мәні зор, себебі ол нерв үрдістерінің (қозу, тежеу, т.б.) жүру ерекшеліктерін белгілейді. Бірақ баланың табиғи фондысының зор мәнін мойындай отыра, біз буржуазия психологтері мен  педагогтері дәлелдегендей, адамның жетілуіне олар тәуелді болып отырған жағдайға өзгермейтін тағдыр ретінде әсер етуге тиіс деген қағиданы мойындамаймыз. Себебі, адамның тума берілетін ерекшеліктері әр уақытта, ең алдымен, оның әлеуметтік өмірімен байланысады. Адамдармен қарым-қатынас, баланың өзінің қоғамдық іс-әрекеттері оның тым мол табиғи мүмкіншіліктерін шегіне дейін дамытуы ықтимал, бірақ сонымен бірге адам өмірінің нақты жағдайлары бұл мүмкіншіліктердің дамуын тежеуі, бәсеңдетуі мүкін. Демек, бала тиісті мүмкіншіліктерге ие болған жағдайда және әлеуметтік өмірге араласа отырып, адамдармен қарым-қатынаста болған жағдайда ғана жетіледі.

         Қоғамдық өмір мен іс-әрекет үрдістерінде табиғаттан ала келген баланың сезім органдары (түрлі-түсті жіктеу, байқау, дыбысты есту, музыкалық сезім) (қарым-қатынас үрдсінде оның сөзі дамиды, сөз топшылау қорытындылау) құралына айналады.

         Сөйлеу мәнері, сөздік құрам – осының барлығы табиғаттан алған нышан-сан екінші сигнал жүйесі болып есептеледі де, адамның өмір сүруі әрекеттерінің үрдісінде, ортадағы жағдайлардың әсерімен, тәрбиенің әлеуметтік жүйесі арқылы дамиды.

         Табиғи нышандар тым ерте және ересек кезеңдерде де байқалады.

         Сонымен, баланың тумысынан алатын табиғи мүмкіншіліктері өте-мөте күшті, бірақ ол сол адамның әлеуметтік өмір әрекеттерінің барысында дамиды. Адамның өмір сүру ортасы болмаған жағдайда табиғи нышандардың, қабілеттер мен бейімділіктердің де күші жойылады. Бұған аңдар арасында қалған сәбилердің өмірі айқын дәлел бола алады.

Баланың дамуында орта – негізгі фактор.

            Орта дегеніміз – адамның өмір сүретін әлеуметтік қоршауы. Бала жастан бастап-ақ, олар ата-аналарының өндірістегі еңбегін көріп өседі. Мектепте оқушы, әр салалы қоғамдық пайдалы еңбекке, өз коллективінің өміріне араласады.

         Мектеп пен әлеуметтік ортаның ықпалдарымен баланың мақсаттары, алға талпынушылығы қалыптасады. Бірақ бала тек қана кең әлеуметтік орта арқылы ғана тәрбиеленбейді. Бала әр түрлі факторлар мен әсерлерге бағына салатын жанды қуыршақ емес. Ортадан ол өзінің дамуына қажетті талабына, нышанына сай құрылыс материалдарын ғана алады.

         Мысалы: жарасымды тұрмыс жағдайларының өзі де шын мағынасында адамды қалыптастыра алмайды. Ал бұған қарама-қарсы ауыр материалдық жағдайдың өзінде де педагогикалық тұрғыдан кең әлеуметтік орта ұйымдастырудың нәтижесінде, дұрыс қойылған тәрбие жұмыстары арқылы заман талабына сай адам тәрбиелеуге болады.

         Бала ата-анасы, мұғалімдер, жанұя мүшелері, мектептегі жолдастары мен оның қалыптасуында шешуші роль атқарады. Мысалы, ұлы жазушылардың табиғи қабілеттерінің дамуына өскен ортасы, жанұя дәстүрі, пікірлес достарының зор ықпалы тигені белгілі.

         Бірақ осы ортаның өзі балаға тағдырлы түрде әсер ете алмайды. Баланың өмірі сол ортаның талаптарымен, сол ортадағы шындықпен, ондағы адамдармен байланысты болады.

         Қорытынды: биологиялық фактормен баланы қоршаған орта факторларының арасында өзара тығыз байланыстылық болады. Өмірді мақсатты түрде ұйымдастыру арқылы ғана баланың табиғаттан ала келген қасиеттері дамытылады.

Тәрбие дегеніміз – баланың дамуына ықпал ететін үшінші фактор. Орта факторы сияқты бұл да дамып келе жатқан адамға сырттай ықпал жасайды. Оның басқа факторлардан айырмашылығы адамның дамуына әрқашан да мақсат көздеп, ықпал ету болып табылады.

         Тәрбие мен қоршаған ортаның арасында күрделі байланыс бар. Мәселен, тәрбие ең алдымен әлеуметтік ортамен өзара әрекеттестікке түседі. Жұртқа мәлім, тәрбие әрқашан да әлеуметтік-экономикалық қатынастардың сипатына сай келеді. Мектептегі тәрбие жаппай ықпал етудің, мемлекет қолындағы барлық құралдардың (баспасөз, кино, радио, теледидар) оқушыларға тәрбие берерлік ықпалымен нығайтылады, сондай-ақ бұлар мемлекеттің саясаты жүргізуші де болып табылады.

         Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін негізгі үш фактордың (тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие) біршама ықпалын талдап, салыстыру нәтижесінде тәрбиенің ең күшті де, жан-жақты әсер етеін фактор екендігін көрсетеді. Тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етіп, тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалына белсенді әсер ете алады.

         Сонымен тәрбие баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап отырады:

а) белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады;

ә) ортадағы жағдайлардан дамуына қажетті материалдарды іріктейді;

б) жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды.

         Біздің қоғамдық жағдайымызда тәрбие осылай баланың ортасына да, оның табиғатына да шешуші түрде әсер ете алады. Тәрбие баланың мүмкіншілігін анықтайды, ашады және оның табиғи нышандарының дамуына жағдай жасайды.

         Дұрыс тиімді ұйымдастырылған тәрбие саласында баланың нерв жүйесі қызметінің ерекшеліктері ескеріледі, оның сезім органдарының дамуы қамтамасыз етіледі, баланың жеке басындағы нышандарының даму жолдары белгіленеді, оның қабілеттері қалыптасады.

         Тәрбие осылай бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да тәрбие баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан тәрбиенің жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді. Адам тәрбиесі мен дамуы проблемасы зерттелуде. Балалардың қабілеті мен мүмкіндіктерінің ерекшелігіне психологтар, педагогтар және медицина қызметкерлері зерттеу жүргізуде.

 

Жеке адам тәрбиенің объектісі және субъектісі екендігі.

            Жеке адамды дамытуда, оның белсенді өмірлік позициясын тәрбиелеу қазіргі қоғамды қайта құрудың демократиялық принциптерін жүзеге асырудың басты міндеттерінің  бірі болып табылады.

         Белсенділік – адамның іс-әрекеті барысында, қоғаммен жеке адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы барысында, өзін-өзі тәрбиелеуде, сонымен қатар әлеуметтік қоғамдық еңбек үрдісінде айқын көрінеді. Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі – қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл белсенділік баланың білім алу, еңбек ету, әр түрлі қоғамдық жұмыстарға қатысуы барысында және өзін-өзі тәрбиелеуде бүкіл өмір сүруі барысында дамитын белсенділік.

         Өсіп келе жатқан бала тәрбиенің объектісі болып қана қоймай, ол тәрбиенің субъектісіне айналуы керек. Бала тәрбиенің субъектісі болатын себебі: ол, бір жағынан, өзін қоршаған ортаны – объектіні танушы, білуші, екіншіден, өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы сол өзі танып білген ортаға өз тарапынан ықпал жасайтын адам. Мақсатты, нысаналы, саналы, белсенді іс-әрекет баланың өзін-өзі тәрбиелеумен байланысты. Өзін-өзі тәрбиелеуде міндетті түрде қоғамдық-әлеуметтік мотив болу керек. Бала өзін қоршаған ортада, қоғам талабына сай өмір сүретін, еңбек ететін белсенді жеке адам ретінде қалыптасуы керек.

         Бұл күндері жаңашыл-педагогтердің тәжірибелері баланы үнемі субъект позициясында болуына мақсатты түрде жасау арқылы оқушылардың белсенділігін қалыптастыруға болатындығын дәлелдеп отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *