Жаңа Еуропалық мәдениет жаңа буржуазиялык қарым-қатынастардың негізінде пайда болды. Батыс Еуропа елдері үшін XVII ғ. — капитализмнің калыптасу кезеңі, ал жаңа қоғамдық қарым-қатынастар XV—XVI ғ. Үлы географиялық ашуларға, капиталистік елдердің отаршылдық саясатына тікелей байланысты болды. Капитализм мен буржуазиялық мәдениеттің туындап, қалыптасуы — дүниежүзілік жаңа тарихи кезеңнің беташары болды, десек қателеспеген болар едік. Осы орайда белгілі ғалым А.Ф. Лосев былай деп пайымдайды «Жаңа Еуропалық мәдениет — өзінің сипаты жағынан буржуазиялық-капиталистік мәдениет. Мүнда субъект объектіден жоғары түрады, ал адам табиғат патшасы деп жарияланды». Жаңа мәдениеттің, жаңа идеялар мен ақыл-ойдың қалыптасуына XV—XVI ғ. Етек алған халықтық қозғалыстар өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Осы тарихи кезеңде жаңа үлттық, қарым-қатынастар қалыптасып, үлттық мемлекеттер қүрылып, жаңа мәдениеттің дамуына даңғыл жол ашылды. Әрине, буржуазиялық қоғамның алғашқы сатысындағы мәдениеттің капитализмнің одан кейінгі кезеңдеріндегі мәдениеттермен салыстырғанда түбегейлі айырмашылықтары болды. Өйткені XVII ғ. Қазіргі адамзат баласының алдында туындап отырған түбегейлі мәселелер (дүниежүзілік соғыс, ғылыми-техникалық прогрестің зардаптары, табиғат байлықтарын ысырапсыз пайдалану және т.б.) ол кезеңде туындамаған болатын. Бірақ, осы жағдайларға қарамастан, XVII ғасырда да қырғи-қабақ соғыстар мен қақтығыстар, зорлық-зомбылық пен қантөгістер бір сәтке толастамай, аштық пен эпидемия — халықты қайғы-қасіреттерге үшыратты. Осы сияқты ғасыр тудырған қатыгездіктер мен қиындықтарға қарамастан адамзат баласы тығырьщтан шығудың, қоғамды қайта қүрудың, өмірді нөрлендірудің жолдарын қарастырды. Бүл дәуірде Ренессанс мәдениетінің тамаша дәстүрлері қайтадан жаңғырды, жаңа заман тудырған тарихи-мәдени жағдайларға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмүнға ие болды. Ғылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтерді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында жетекші орынға ие бола бастаған ғылым — адамдардың нәсіліне, үлтына, табына қарамастан халықтың рухани дүниесін байытуда ай-тарлықтай рөл атқарды. Мемлекет тарапынан жасалынған үлкен қамқорлықтың арқасында XVII ғ. Ғылыми революцияның даму қарқыны өте жоғары болды. Рылыми революция математика және механика саласында басталды да, басқа ғылым салаларындағы ғылыми жаңалықтармен жалғасты. XVIII ғ. Еуропалық мәдениет — XVII ғ. Мәдениетінің заңды жалғасы болумен қатар, өзінің түрі, мазмұны және мәні жағынан ерекше мәдениет. XVII ғ. Рационализмнің қалыптасү кезені болса. Ал Х^ТТТ ғ ғасырына айналды. Бұл дәуірдің үлы ағартушы — гуманистері: Вольтер мен Руссо (Франция), Гете мен Шиллер (Германия), Юм (Англия), Ломоносов пен Радищев (Ресей) және т.б. адамзат баласының теңдігін батыл қолдап, қүлдық пен деспотизмге қарсы бітіспес күреске шақырды. Қоғамдық сананың жаңа сатыға көтерілуі, протестанизм идеяларының кеңінен таралуы, жаратылыстану ғылымдарының қарқынды дамуы, ғылымға бұрын-соңды болып көрмеген қызығушылықтың пайда болуы және т.б. – осылардың бәрі де жаңа ғасырға тән белгілер еді. XVIII ғ. Қүдайға, қоғамға, мемлекетке, тіпті адамның өзіне деген көзқарастар өзгеріп, жаңа арнаға түсті. XVIII ғ. Франция мемлекеті Еуропаның рухани өмірінің негізгі ошағына айналды. Француз халқының философиясында, әдебиетінде, өнерінде және т.б. жаңа леп, соны бағыттар аңғарыла бастады. Осы уақытқа дейін өздерін Францияның қарсыласымыз деп есептеп келген Испания, Германия, Польша, Ресей, тіпті Англия сияқты еркениетті елдер француз мәдениетін мойындауға мәжбүр болды. Қоғамдық өмірдің қарама-қайшылықтары шиеленіскен Францияда «ағартушылық идеологиясы» 1789—1793 ж. Ұлы француз революциясының, ал одан кейін бүкіл Еуропаны жайлаған реформаторлық қозғалыстың теориялық және рухани алғышарттарына айналды. Шындығын айтсақ, бүгінгі заманның ең өркениетті елдерінің бірі Америка Қүрама Штаттары да «ағартушылық идеяларының» негізінде қалыптасып, іргелі мемлекетке айналды. Франциядағы саяси революция, АҚШ-тағы тәуелсіздік жолындағы күрес және Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі Реформация кезеңінен басталып, үзаққа созылған жалпы Еуропалық дамудың тарихи қорытындысын шығарды. Ол қорытынды – қоғамның жаңа түрі — «өнеркәсіп өркениетінің» қалыптасуы болды. Бүл кезеңде феодалдық қоғам мен шаруашылықтың на-туралдық жүйесі ғана емес, сол қоғамға лайықталып қалыптасқан қоғамдық сана да күйзеліске үшырады. Моральдық кризис қоғамдағы білімді адамдарды да қамтыды. Қоғамда өз орнын таба алмаушылар санының көбеюіне, халықтың қараңғылығы мен сауатсыздығына, халықтың қайыршылығы мен қүқықсыздығына, қала люпендерінің азғындауына қарсы түрар күш – мәдениет болды. Ол қоғамда жасампаздық пен шығармашылық рөл атқарды. Ал мәдениеттің өркендеп дамуы қоғамдық-саяси және әлеуметтік өзгерістерге тікелей байланысты болды.
ХІХгасырдын, мэдениеті. Жаңа заман мәдениетінде XIX ғасыр мәдениеті ерекше орын алады. «Классика ғасыры» деп аталатын бүл кезеңде буржуазиялық өркениет кемелдену шағына аяқ басумен қатар, тоқырау кезеңін де басынан кешірді. Мұндай әділ бағаның авторлары заманымыздың үлы ойшылдары: О.Шпенглер, Й. Хейзинга, X. Ортега-и-Гассет және т.б. XIX ғасыр, мәдениеті – бүкіл жаңа заман мәдениетінен рухани нәр алып, көне дәуір мәдениетінің негізінде қалыптасты. Олар — рационализм, антропоцентризм, сциентизм, еуроцентризм және т.б. болды. Еуропа мәдениетінің тағдырына дәуірдің үш үлы уақиғасы: Англиядағы өнеюкәсіп төнкепісі Америка отарларының тәуелсіздік үшін күресі және Үлы Француз революциясы ерек-ше ықпал етті. Дәлірек айтқанда, бүл үлы тарихи уақиғалар еуропалық мәдени бетбүрыстың жүзеге асыру процесін одан әрі жылдамдата түсті. XIX ғасырдың бетпердесі адамзат тағдырының өзгерістерге үшырауына тығыз байланысты болды. Өз кезегінде жаңа дүниенің қалыптасуы да негізінен үш факторға байланысты болды. Олар: демократия, тәжірибелік ғылым және индустрияландыру. Екінші және үшінші факторларды бір сөзбен «техника» деп атауға да болады, ал бүл факторлар осыдан екі ғасыр бүрын пайда болды да, XIX ғасырда қоғамдық өмірдің барлық салаларына еркін ене бастады. Ерекше атап өтетін бір жайт, XX ғ. Етек алған «сауықтық мәдениеттің» алғашқы нышандары дәл осы уақытта біліне бастаған болатын. Өнер туындылары мыңдаған таралыммен жаппай шығарыла бастады. Әрине, өнер туындыларының халық арасына кеңінен тарауы, халықтың жалпы мәдени дәрежесін арттыруға себепкер болатындығын мүлде жоққа шығаруға бол-мас, бірақ бүл жағдай өнердің дәрежесін төмендетіп, оның күпиялық қасиетін жоюға себепкер болғандығын да естен шығармаған жөн. Сондықтан да болар, осы бір сындарлы тарихи кезеңде халык көңілінен шығар нағыз өнердің қажетгігі біліне бастады. Өнер қоғам – дық көңіл-күйдің жаршысы болды. Философия тіліне айнала бастаған өнер адамгершілік пен ізгіліктің қайнар бүлағы, адамның жан-дүниесінің айнасы болды. Өнер – мә-дениет саласындағы әрбір өзгерісті терең сезініп, дәуір тынысына сай бейімделе білді. Бүл ой-түжырымдарымызды дәлелдеу үшін, ең бастысы — «өнердІң қоғамның соты» рөлін қалай атқарғандығын толық түсіну үшін тағы да XIX ғ. өнерінің тарихына қысқаша тоқталып өтелік. Бүл ғасырдағы өнердің дамуындағы екі кезеңді ерекше бөліп алып қарастырған жөн сияқты. Бірінші кезең, декаданс («қүлдырау» деген мағынаны береді). XIX ғ. 50 ж. Бастап бірінші дүниежүзілік согысқа дейін созылады. Осы бір «революциялық дәуірдің» әрбір қоғамдық уақиғасы халықтың творчестволық қиялын оятты, өнер саяси-әлеуметтік мазмүнға ие болды. Үлы француз революциясынан канаттанып, шабыт алған романтизм өз өрісін кеңейте түсті. Романтикалык өнер сол заманның басты идеяларымен байланысты болды. Олардың прогрессивтік идеялары утопиялық социализм идея-ларымен де үштасып жатты. Романтиктер мен утопистердің дәл осындай идеялық бауырластығын калай түсіндіруге болар екен? Оларды жақындастырған жағдайлар: қоғамдық қүрылысты сынау, халық тағдырына ортақтасу, жеңіске жету жолдары мен әдістерінің күңгірттігі және т.б. болды. Тамаша болашақты тіпті болмағанда қиялында жүзеге асыру — романтиктерге тән қасиет екендігін естен шығармаған жөн. Нақты өмір мен қиялдағы өмірді салыстыра қарау да романтикалық өнердің басым жақта-рының бірі болды. Романтиктер өздері өмір сүрген қоғамдысынай отырып, бүл ортадан безіне қашады. Мүндай коңілі толмаушылық қасиет пен болмыстан «кашушылықтың» үш бағыты болды. Біріншісі, табиғат аясына кету, өйткені табиғат адамның көңіл-күй күйзелістерінің емшісі, еркіндік пен ізгіліктің идеалы болып есептеледі. Сондықтан да болар романтиктер қалаларды өткір сынға алып, қарапайым ауыл адамдарын ерекше дәрштеп, олардың рухани байлығын паш ететін халықтық фольклорды жоғары бағалады. Бүрыннан белгілі экзотикалық елдермен қатар, ұлы географиялық ашылымдар барысында ғана белгілі болған елдердің әсем табиғаты — олардың өнер туындыларының басты тақырыптарының біріне айналды. (Байронның поэзиясындағы, Делакруадың суреттеріндегі шығыс тақы-рыптары және т.б.). Ал нақты өмір көріністері болмаған жағдайда романтиктер өздерінің таңғажайып қиялдарына еркіндік берді, оған Гофманның, Гейненің, Вагнердің фантастикалық шы-ғармалары жатады. Екінші бағыт, өзі өмір сүрген ортадан алшақтап, басқа дүниені қиялдауға байланысты болды. Ендігі жерде романтиктер өткен заманды, әсіресе орта ғасырлар кезеңін, оның өмір-салты мен салт-дәстүрлерін (В. Скоттың рыцарьлық романдары, Вагнердің опералары және т.б.), шаруалардың патриархалдық түрмыс-тіршілігін (Ж. Санд, Колридж) және т.б. өмірлік жағдайларды өз шығармаларының арқауы етті. Үшінші бағыт, адамның болмыстан бас тартып, өзінің ішкі жан-дүниесімен арпалысуына байланысты болды. Романтиктер өз шығармаларында бүл дүниенің қарама-қайшылықтарын шындық түрғысынан көрсетуге баса назар аударды (Гофман мен Гауфтың ертегілері, Т. Жерико мен Э. Делакруаның портреттері жөне т.б.)- Жоғарыда айтылған пікірлерімізге сүйене отырып, романтизмнің екі басты идеялық мән-мағынасы бар деген корытынды жасауға болады. Олар: «романтикалык тарихилық» және «индивидуалистік субъектизм») Үлттық мәдениеттің қайнар бүлағына зер салу, мәдени қүбылыстарды тарихи түрғыдан алып қарастыру, басқа халықтардың өмірімен танысу кездерінде романтиктер бүл тарихи процестердің қайталанбайтындығына. өте сирек кездесетініне, олардың өздеріне тән ерекшеліктері бар екендігіне көз жеткізді. Олай болса «романтикалық тарихилық» — буырқанған рево-люциялық дөуірдің жемісі болып табылады. Романтиктердің көзқарастары бойынша, ақыл-ой немесе адамның санасы арқылы тарихи болашақты, онын бүралаң жолдарын адам болжай алмайды, олай болса таным процесінің басты көздерінің бірі – жүректің үні, интуиция (сезіну) болып табылады. Осыдан келіп романтизмнің «индивидуалистік субъектизм» бағыты келіп ту-ындайды. Оның мән-мағынасы — жат дүниеде адамның өзінің жалғыздығын сезінуі, адам санасында өмірден түңілушілік сезімінің пайда болуы. В, Вейдле «Романтизм дегеніміздің өзі — жалғыздық» деп тегіннен-тегін айтпаған сияқты. Романтиктер өздері өмір сүрген қоғамға көңілдері толмаса да, бостандық пен еркіндік жолындағы күрескер — энтузиастар болды. Ен бастысы олар — халықтың ғасырлар бойғы жинақтаған мол мәдени мүраларына сүйенді. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, романтизмнің дамуы әр елдегі қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайларға тығыз байланысты болды. Мысалы, Францияда романтизм буырқанған қоғамдық-саяси өмірдів айнасына айналды. Әсіресе, еркіндікті сүю мен патриотизм — француз романтизміне тән басты қасиет болып табылады. Саяси бытыраңқылық жағдайында қалыптасқан неміс романтизмінің де өзіне тән ерекшеліктері болды. Бұл дәуірде неміс романтиктері музыка, әдебиет және т.б. өнер салаларындағы асқан үздік шығармаларында қоғамдық өмірге сын көзбен қарай отырып, философиялық, эстетикалық тұжырымдар, теориялар жасады.
Романтизммен қатар XIXғ. Ортасына қарай реализм ағымы да өзіндік бет-бейнесін таныта бастады. Реализмнің қалыптасуы капиталистік қарым-қатынастардың белең алуымен тығыз байланысты болды. Мүндай өзара тәуелділікті кездейсоқ жағдай деп қарастыруға болмайды, өйткені капитализм жағдайында әлеуметтік қайшылықтар асқынып, қоғамның бет-бейнесі, әдет, саяси-ғүрыптары айтарлықтай өзгерістерге үшырады. Қоғамда орын алған мүндай жағдайлар адамның рухани дамуына ерекше ықпал жасады. Өз кезегінде бүл процестер реалистік өнердің туындауына түрткі болды. Ал дәл осы кезеңде қалыптасқан әлеуметтік-тарихи немесе сыншыл реализм Қайта жаңғыру дәуірі мәдениетінің реализмі, ағартушылық дәуірінің реализмі сияқты өзіне дейінгі тарихи кезеңдердегі реалистік өнердің игі дәстүрлерін өз бойына сіңіре білді. Осы орайда, сыншыл реализмнің тамыры тереңде екендігін, оның революцияшыл романтизммен де тығыз байланыста болғандығын атап өтуіміз қажет, өйткені бүл ағымдардың өзара тоғысуының басты себебі — буржуазиялық қоғамның келеңсіз көріністерінде жатыр. Реалистер де, романтиктер де адамның рухани дүниесіне ерекше назар аударды, оларға тарихи сана-сезім, халық мүдделері өте жақын болды. Бірақ «болмыстан» қашқан романтиктерге қарағанда «сыншыл реалистер» болмыс сырын ашып көрсетуге, қоғамдық өзгерістердің себептерін түсіндіруге тырысты. Әлеуметтік тақырыптарды қамтитын романдар жазуға деген әуестенушіліктің сыры осы жағдайға байланысты болса керек. Үлы қаламгер О. Бальзактың пікірінше, француз әдебиеті дүниежүзілік әдебиетте соны бағыт танытып, алғаш рет «қоғамдық адамның» бет-бейнесін жан-жақты сомдай білді. Көркем өнер саласында да Франция елі реалистік бағыттағы тамаша туындылар берді. Олардың қатарына: Т. Руссоның пейзаждары, О. Домьенің графикасы, Ж.Ф. Милленің шаруалар өміріне арналған суреттері және т.б. жатқызуға болады. Еуропа реализмі (Э. Золя, Ч. Диккенс, У. Теккерей және т.б.) өнер сахнасына іскер адамдарды шығара бастады, сөйтіп кәсіпкерлік пен бизнес дүниесінде жаңа кейіпкер — буржуаның рөлі арта түсті. Бірақ реалистік өнер өкілдері қарапайым адамдардың тағдырын, олардың өміріндегі қилы-қилы кезеңдерді, олардың жан-дүниесін, сезім толқындарын жан-жақты көрсетуді де естен шығармады. Мысалы, Менцель кескіндеме өнері саласында өндіріс тақырыбын қозғай отырып, өнер арқылы жүмысшы мәселесін шешуге әрекет жасады. Капитализмнің өзіне тән сипаты — заттық тәуелділікке негізделген жеке адамның тәуелсіздігі мәселесі де реалистік ағым назарынан тыс қалмады. Реализм бүл тәуелділік жүйесін әлеуметтік түрғыдан қарастырды. Мысалы, реалистік тұрғыдан жазылған романдардың мазмүнын алып қарастыратын болсақ, онда буржуазиялық қогамның жеке адам тағдырына үстемдігі мен оның қыспағынан қүтылудың оңай еместігі дәлелденеді. Осы түрғыдан алып қарастырғанда, реалистік туындылар көне заман трагедияларымен, одан қалды романтизм ағымымен үндес болып келеді. XIX ғ. 80 ж. Реализм негізінде жаңа бағыт — натурализм ағайынды Гонкур, А. Додэ, Э. Золя және т.б.) пайда болды. Натурализм позитивизммен (Г.Спенсер) және Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясымен тығыз байланыста қалыптасты. Бірақ бүл ағымдардың өздеріне тән ерекшеліктері болды. Реализмде аңсаған арман-мүратқа жету сарыны басым болса, натурализм әлеуметтік рухқа толы болды. Натурализм адамдық мән мен өмір сүрудің мағынасын биологиялық себептермен байланыстыра қарастырып, адам тағдыры мен мінез-қүлқының қалыптасу сырларын ашып көрсетуге әрекет жасайды. Натуралистік ағымның өкілдері капиталистік қоғамда дөрекі шындықтың болмай қоймайтындығын, буржуазиялық түрмыс жағдайында адамның көңіл-күйінің басыңқы күйде болатындығын атап көрсетті. Мүндай жағдайлар пессимизм мен фатализмге апарып, «бейтараптық» принципі әлеуметтік енжарлықты ақтау қүралына айналды. XIX ғ. 50 ж. Еуропа енері декаданс дәуірін басынан кешірді. Декаданс («қүлдырау» деген мағына береді) өзінің қалыптасу кезеңінде реализмнің түрлі бағыттарымен байланыста болды, сондықтан да болар бүл қарама-қайшылықтарға толы күрделі ағым болып саналады. «Декаданс» термині XIX ғ. Аяғы мен XX ғ. Басында пессимистік, селсоқтық көңіл-күйлерге байла-нысты рухани мәдениет пен өнер саласындағы дағдарысты көрсе-ту мақсатында қолданыла бастады. Мүндай көңіл-күй алғаш рет француз «символизмінде», ағылшын «эстетизмінде», «өнер өнер үшін» концепциясының теоретиктерінің (Д. Рескин, О. Уайльд және т.б.) шығармаларында көрініс тапты. Одан кейінгі уақытта «декаданс» сарыны «модернистерге» де пайда болып, «импрессионизм» ағымында өз жалғасын тапты. өнерінің туындылары буржуазиялық өмір салтының «құнды-лықтарын тамаша игере бастағандардың жартылай идеалистік, порнографиялық шығармаларына мүлдем қарама-қайшы келді. Тамаша өнер туындылары жарыққа шыққан Ш. Бодлердің заманы Наполеон ІП-нің Екінші империясының кезеңі болатын. Осы бір уақыт шеңберінде руханилықты пайдақорлық пен сатқындыққа икемдеу әрекеті, халық мүддесі дегенді желеу етушілік, яғни демогогиялық науқан қыза түскен болатын. Заман ойшылдарының бірі Ф. Ницше қоғамдағы болып жатқан мәдени процестерден тыс қала алмады. Ол бүрыннан да көтеріліп жүрген «қүндылықтарды асыра бағалау» мәселесін философиялық түрғыдан жан-жақты зерттеуге ат салысты. Бұл кезеңде «сана» категориясына деген сенімнің тас-талқаны шықты, дәстүрлі мәдени күндылықтардың бүкіл жүйесі өзінің өмірсіздігін көрсетті, болашаққа деген үміт оты сөнді, тіпті қүдайға деген сенімнің өзі де өше бастады (Қүдай өлді, ал оны өлтірген өзіміз). Қоғамдағы мүндай дағдарыстың нәтижесі қандай болды және неге әкеліп соқты? Нәтижесінде дүние ұсақталды, рухани қүндылықтардың мәні жойыла бастады. Ф. Ницшенің пайымдауынша, мүндай мәдени тоқыраудың тууы заңды құбылыс болып табылады, өйткені мәдениет өзінің қалыптасып, даму процесінде «қүлдықпен», қүлдық психологиясымен тығыз байланыста болады, ал өз кезегінде «қүлдық мәдениетінің» үстемдігі сөзсіз регреске, декаданс қүбылысына әкеліп соғады. Жоғарыда айтылған пікірлерден нақты қорытындылар шығарайық. XIX ғ. Аяғында тар мағынада — өнер саласында, ал кең мағынада — мәдениет саласында қандай жағдайлар қалыптасты? Дәуір тынысын терең сезініп, оның рухын өз бойына сіңірген, дүниені ғылыми түрғыдан танып-білуге бағыт алған «натурализм» мен «импрессионизм» ағымдарының айналадағы дүниеге, болмысқа жақын болуға тырысушылығы бүларды да дағдарысқа әкеліп тіреді. Жинақылық пен сақтық қасиеттерді таныта білген «символизм» ағымы тоқырау мен іріп-шірудің қаупін сезіне алғанымен, қоғам тудырған келеңсіз көріністерге қарсылық көрсете алмай дәрменсіздік танытты. Әрине, Ншше өз тарапынан белсенділік танытып, жігерлі қарсылық көрсетті, бірақ бүл қарсылық барысында үлы ғалым технократтық дүниені апаттан күтқаруға себепкер болатын мәдени қүндылықтарды есінен шығарып алды. Бүл тарихи кезеңде де болашаққа, оның ішінде мәдениеттің болашағына үлкен үміт артылды. Бірақ XIX ғ. Техникалық дамудың деңгейі мен мәдешг прогрестің мүмкіндіктері бірдей дәрежеде қарастырылмады, қоғамдық санадағы экономикалық фактордың рөлі асыра бағаланды. Прогресс мәдениетке қауіп бүлтын төндірсе, ал өркениет пен техника оған апат даупін туғызды. Ал бүл өмірлік мәселе — XIX ғ. Мәдениет тағдырына тікелей байланысты көкейтесті мәселе болды. Мәселенің дәл осылай айқын да, ашық қойылуының дүрыстығын өмірдің өзі, дәлірек айтқанда бүл дәуірдің басқа да тарихи уақиғалары мен сілкіністерін былай қойғанда, дүниежүзілік соғыстардың өзі-ақ дәлелдеп берген.