Қазақ халқының ауызша тарихы

  1. Жазбаша шежіре дәстүрі. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан қазақтың жазба дәстүрі қалыптаса баста- ды. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Құрбанғали Халид сынды ғұлама-ғалымдар ауызша де- ректерді жазбаша түрде жинастырды.

Қазақтың көрнекті ақыны, ойшыл, композитор, аудар- машы, Қазақстан тарихын зерттеушілердің бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858–1931). Ол ұлы ақын Абайға жақын туыс  болып  келеді.  Жастайынан  араб,  түрік,  парсы,

орыс тілдерін жетік меңгерген. Батыс пен Шығыс елдерінің әдебиеттерін терең білген. Меккеге қажылыққа барған сапарында Стамбұл мен Париж кітапханаларынан қазақ халқының тарихына байланысты кітаптар оқыған. Жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітабын, «Мұсылмандық шарты» еңбегін жазды. Олар 1911–1912 жылдары Орынборда басылып шықты.

Шәкәрім шежіресінде қазақты түп тереңінен тара- тып, Орталық Азия халықтарының тарихи жолын тұтас көрсетеді.  Жазба  деректер  молынан  пайдаланылған «Шежіренің» қай бөлімінде болмасын дәуір оқиғалары нақты бейнеленген. Шәкәрім Құдайбердіұлы ХІХ ға- сырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының өміріндегі оқиғаларға көптеген тарихи, публицистикалық  туындыларын  арнады.  Ол  қазақ халқының, соның ішінде қазақ сұлтандары мен хандар шежіресін жан- жақты зерттеді.

«Қалқаман-Мамыр» поэмасы Шәкәрім «тарихи хикая» деп атаған. Та- рихи дастанда ХVІІІ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ даласы көрініс тапқан. Дастанда екі жастың арасындағы кіршіксіз махаббат, ел ішіндегі озбырлық пен қатыгездік суреттелген. Халықтық шығармаға айналған дастанда өткен дәуірдегі оз- бырлық пен қатыгез әдет-ғұрып әшкереленеді. Ер- кіндікті көздеген халық мұраты бейнеленген.

Шәкәрім демократиялық, халықтық, гуманистік- ағартушылық бағыт ұстанды. Оның идеялары ХІХ ғасырдың соңындағы озат ойлы қазақ зиялыларымен үндес келеді. Шәкәрім қазақ поэзиясының фило софиялық саласын дамытты. Ол халықты адамгершілік ақ жолға, өнер- білімге шақырды. 

Құрбанғалидың әкесі Халид Ташкентте, Аягөзде, Қытай жерінде тұрған. Жас кезінде Құрбанғали Абдулхақ деген кісінің мед- ресесінде оқып, тарих, география пәндерінен дәріс алған. Татар және қазақ тіліне қоса араб, парсы, түрік т.б. түркі тілдерін жетік меңгерген. Шәуешекке көшіп барған соң өзі де медресе ашып, татар, араб тілдерінен дәріс берген.

 

 

рих хамса» («Бес шығыс халқы тарихының очерктері», 1910) атты тарихи- этнографиялық зерттеулердің авторы ретінде белгілі. Бұл еңбектерде қазақтың шығу тегі, Орта жүз қазақтарының Ресейге қосылуы, қазақ халқының хан, сұлтандары, батырлары мен би-болыстары, атақты ақын- жыраулары туралы айтылады.  Өз мүмкіндігіне қарай жан-жақты ғылыми талдау жасауға, қазақ жайындағы басқа тарихта баяндалған қате-кемшіліктерді түзетуге тырысқан. Әсіресе «қазақ» атауына дәйекті түрде түсіндірме берген. Құрбанғали Халид Ресей аумағында жарық көрген басылымдар мен кітап-газеттерді алдырып тұрған. Қазақ тарихы мен этнографиясын зерттеуге ерекше мән берген. Хандардың тарихын көп зерделеп, далалықтардың салт-дәстүрі мен діни наным-сенімдерін айшықтаған. Ұлттық дәстүрлі киім-кешек пен үй жабдықтарын, көшпелі және жартылай көшпелі малшаруашылығының өзіндік ерекшеліктерін терең ашып көрсеткен. Құрбанғали Халидтің еңбектері ХVІІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ халқының тарихын зерттеуде құнды дерек саналады.

  1. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858–1931) – қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, энцик- лопедист-ғалымы. Ол дала тұрғындары үшін дана да қасиетті адам саналды. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 1858 жылы Баянауыл сыртқы округінің Қызылтау тауының етегінде ор- наласқан «Ашамайтас» елді мекенінде дүниеге кел- ген. Ата-анасының азан шақырып қойған есімі Адам Жүсіп. Ол 9 жасқа толғанда аға сұлтан Мұса Шорма- нов халық аңыздары мен дастан, поэмаларын жатқа айтқаны үшін «Мәшһүр» атандырады. «Мәшһүр» сөзі араб тілінен аударғанда «атақты», «даңқты», «белгілі» ұғымын білдіреді. Ол осы Мәшһүр Жүсіп есімімен халық арасында кең танылды. 1861 жылы алапат жұт кезінде оның отбасы бар малынан айырылады. Сол кезде Мәшһүр Жүсіптің әкесі: «Адамның тірегі мал емес, білім!» – деп, ба- ласын сауат ашуға медресеге береді. Мәшһүр Жүсіп 1872–1874 жылдары Бұхарадағы Көкілташ медре- сесінде оқып, араб, парсы және шағатай тілдерін меңгеріп алады. Мәшһүр Жүсіп философия, медицина, астрономия, геология, география, этнография, фольклор, лингвистика, педагогика т.б. ғылымдарды зерттеумен белсене айналысты. Діни зерттеулер де жүргізді. Даланың бай мәдениеті жайлы, қазақ халқының тарихы мен діни наным-сенімі туралы материалдар жинастырды. Халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинау ісімен Мәшһүр Жүсіп бала кезінен айналысты. 1865 жылы ұстазы Қамар хазіреттің көмегімен «Ер Ол- жабай батыр» эпосын жазып алды. Бозбала шағында Абылай хан, Қазыбек би, Бөгенбай батыр және т.б. тарихи тұлғалар туралы мағлұматтар жинас- тырды. Ол Омбы, Павлодар, Семей, Петропавл, Атбасар, Ақмола қалалары төңірегіндегі және басқа өлкелердегі ауылдарда болды. Оңтүстік және Ба- тыс Қазақстан аумағын түгелдей дерлік аралап шықты. Бұл сапарларының барысында қазақ даласының әйгілі тұлғалары, атап айтқанда, Мейрам қажы Жанайдарұлы, Кенесары ханның ұрпақтарымен және Ақан сері, Саққұлақ билермен танысты. Ел арасынан жинаған материалдары бүгінде ауыз әдебиетін зерттеуші ғалымдар, тарихшылар мен филологтар үшін бағалы еңбек болып табылады.

Мәшһүр Жүсіп білікті өлкетанушы да еді. Ол халықтың әйгілі жырауы Бұқар Қалқаманұлының жерленген жерін тауып, анықтады. Мәшһүр Жүсіптің қажырлы ізденушілік еңбегінің арқасында ұлағатты сөздер, тарихи аңыздар, этнографиялық мәліметтер, хан, сұлтан, би, батыр, қожалардың шығу тегі жайлы құнды деректер жинастырылды. Ол Орталық Азияның тарихына қатысты деректерді түпнұсқасынан оқи алды. Мәшһүр Жүсіп қазақ халқының тарихын көрнекті тұлғалар өмірімен байланыстыра жазады. Мәселен, Абылай ханға «Ұлы Даланың айбынды билеушісі» ретінде баға береді.

Ақын қазақ халқының ең шұрайлы жері Ресейдің еуропалық бөлі- гінен қоныс аударылған шаруаларға тартып алынып берілуіне қарсы тұрды. 1907 жылы Қазан қаласында үш кітабы жарық көрді. Соның бірі «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабында автор тарихи деректер негізінде Дала өлкесінің байырғы тұрғындар қазақтарға тиесілі екендігін дәлелдеп шыққан. Патшалық билік өкілдері бұл кітаптың барлық таралымын жойып жіберді. Ал ақынның өзін саяси сенімсіздер тізіміне енгізді. Басқа кітаптарында ақын сөз бостандығы мен халық ағарту ісі мәселелерін көтерді.

1880 жылдан «Дала уәлаяты», «Түркістан уәлая- ты» газеттері мен «Айқын» журналында мақалалар жариялай бастады. Оның шығармалары патша цен- зурасы тарапынан аса қауіпті деп есептеліп, ақын  өзі туып-өскен Баянауыл жерінен кетіп, өзге өңірде өмір сүруге мәжбүр болды. Мәшһүр Жүсіп дінге адал берілген адам еді. Өз өлеңдерінде шала-сауатты молдаларды қатаң сынаға- нымен, қазақ халқы арасында ислам дінін кеңінен насихаттады. Халық оны сәуегей, көріпкел деп санап, құрмет тұтты. Мәселен, ақын тірі кезінде қайтыс болар күніне дейін біліп, алдын ала ас бергізген, шағын ке-сене тұрғызған. Қазақтың ұлы ақыны Абай да Мәшһүр Жүсіпті қасиетті санаған. Ел аузында айтылатын бір аңыз әңгіме бойынша Абай Мәшһүр Жүсіптен: «Егер сен данышпан болатын болсаң, Құдай қайда екенін айтшы?!» – деп сұрапты. Сонда ақын: «Құдай жүрегіңде», – деп жауап қайтарыпты дейді.

Абайдың ұлы Әбдірахман да Мәшһүр Жүсіптің асқан білімдарлығына тәнті болып: «Бұл ғаламда ол білмейтін дүние жоқ!» деген сөз қал- дырыпты. Атақты балуан Қажымұқан ақынмен бірнеше рет жолығып, әр кездескен сайын оның батасын алған.

Мәшһүр Жүсіп ұлы Жаратушыға сенді, өзінің ойы мен ісін пара- саттылық, ізгілік пен адамгершілік қасиеттерге негіздеді. Өз халқын оқу-білімге, рухани тазаруға, адамгершілікке шақырды.

Ақын қазіргі «Мәдени мұра» бағдарламасын алдын ала болжап, бізден жүз жыл бұрын жүзеге асыра бастаған. Ол ата тарихымызбен  біте қайнасып келе жатқан рухани құндылығымыздың жоғалып кетпей, сақталып қалуына көп көмегін тигізді. Ақынның ондаған жылдар бойы талмай ізденіп, жазған мақалалары мен материалдары бүгінде 20 том болып басылып шықты.

Қазақ халқы Мәшһүр Жүсіп әділдік, адалдық, даналық пен адамгер- шіліктің жарқын үлгісі болып қала бермек. Ол өз ұлтына адал қызмет етті. Оның өмірі мен шығармашылық жолы бүгінгі жастар үшін үлгі-өнеге болып саналады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *