Қазіргі кезеңдегі психологиялық педагогикалық әдебиеттер ғылыми-технологиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына «жаңа компьютерлік технологияларды» енгізуімен бірге келген «технология» деген ұғым жиі кездеседі. Ғылымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл бағыт ХХ ғасырдың 60-жылдарында АҚШ және Англияда пайда болды және қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне тарады.
педагогикалық технологияны жасаушылардың назары (терминдік түсініктемелеріне қарағанда) педагогикалық еңбектің жеке құбылыстар саласына бағытталған. Білім беру технологияларының басым көпшілігі негізінен оқушылардың белгілі бір білім жиынтығын меңгеруге бағытталған. Концепция жасаушылардың «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің ерекшеліктерімен ұстаз еңбегінің технологиясының өзгешеліктері арасындағы өзара байланыстардың түрленген түрлерін көрсетудің басылмауы олардың ең осал жері. Егер кәсіби іс-әрекетке жеке өзгерістер енгізілсе еңбек саласында түбегейлі өзгерістерге жету және оның нәтижелеріне аса ықпал жасау мүмкін емес. Бұл тағы да «технология» ұғымының мазмұны туралы айтуға мәжбүр етеді.
Бар және жасалынатын жаңа педагогикалық технологияны бағалаудың негізінде: концептуалбдық; Ұстаздық қатысы бар заттық саласының мазмұнын түсіну ұстаздың қатысы бар; ұстаз іс-әрекетінің соңғы парадигмасының нақтылығы; жалпы технология және оның ішінде жеке және педагогикалық технологияның қайда жасалынатынымен және қолданылатындығының саласының ұғымына сипаттама болып отыр.
«Технология» деген термин гректің түп тамыры techne-өнер, шеберлік, кәсіп және logos-ғылым, білім деген сөзінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе ілімді беретін сөзді құрайды, ол өндірістік процестері жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы, мысалы металдардың технологиясы, химиялық технология, құрылыс жұмыстарының технологиясы және т.б. Бұл осы термин өндіру процесі барысында жүзеге асырылып шикізатты материалдарды немесе жартылай фабриканттарды өндеуді жасаудың, жағдайларын, қасиеттерін, формаларын өзгерту әдістерінің жиынтығы ретінде бірқатар басқаша анықталады. Технология ғылым ретінде міндеті- практикада өндіріс процестерінің ең тиімділерін анықтау мен қолдану мақсатында физикалық, химиялық, механикалық және т.б. заңдылықтарды анықтау. Міне осыдан бірқатар өте маңызды айқын анықтамалар туады:
-технологияны жасау үшін нақтылы еңбек затының қасиеттерін байланыстарымен қатынастарының жолын сипаттайтын заңдылықтарын білу керек;
-еңбек затын өңдеу тәсілдерін білу;
-еңбек затының жағдайын анықтай білу (диагностика);
-еңбек затының жағдайын өзгерту тәртібін (әрекет тізбегін) жасау.
Негізінен ең алдымен көрсетілген технологияның белгілері педагогикалық еңбектің технологиясы дегеніміз не екенін анықтап береді.
Педагогикалық технологиялар білім беру аймағына қатынасы болады егер білім берудің мақсаты білім жүйелерін меңгеру ретінде анықталса, онда технологиялар да білім беру сияқты білімнің сапасы мен көлемін меңгерумен бағаланады. Бірақ әдеттегі білім беру моделінің дағдарысы педагогикалық негізгі категорияларының бірқатар мазмұнын қайта қарауға әкеледі. ХҮ ЮНЕСКОның басты конференциясында білім беру дегеніміз әлеуметтік көлеміне келген және дербес жетілген тұлғаның қабілеттері мен мінез-құлықтарын жетілдірудің нәтижесі мен процесі деп есептеу қабылданады. Бұл анықтамаға басқа білім беру тұлға мен қоғамның мүддесіне байланысты жүргізілетін педагогикалық ұйымдастырылған әлеуметтендіру процесі деген анықтамада қайшы келмейді.
Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» ұғымы әртүрлі түсіндіріледі. Көп тараған анықтама В.П.Беспалько ұсынған: ол педагогикалық технология оқу мен тәрбие процестерінің (теориялық негізделген) еске түсіру барысында қолданылған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық технология қол жеткен жетістіктерді сатылы өлшеу мен қорытынды бағалаудың лбъективті мүмкіншілігін жеткілікті дәрежеде сақтайтын мақсаттары мен тапсырылған оларға сәйкес ғылыми жобалардың болуын қалайды. Бірақ бұл анықтамаға көрсетілген бір-бірімен тәуелсіз және дербес өмір сүруін оқыту және тәрбие процестері болады деген оймен келісу қиын. Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым, және ол біртұтас педагогикалық процеспен байланысты. (В.С.Ильин), демек педагогикалық технологияда осы педагогикалық процестің басты белгісіне сәйкес болуы керек.
Педагогикалық технологияға берілген басқа да анықтама бар, ол: оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникада (В.П.Беспалько), педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі), оқыту процесін ұйымдастырумен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің моделі (В.М.Монахов), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адам және олардың өзара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын қорытындылау (Г.К.Селевко). В.Н.Бордовская мен А.А.Реанның көрсетуінше білім беру технологиялары дегеніміз бұл білім беру процесіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелілік іс-әрекеттеріне, ол мақсат мазмұн әдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылығына сай нақтылы идея негізінде жасалынады.
Г.М.Құсайыновтың есебінше педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа-ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұнымен, оқу жоспарымен бағдарламаларында ескерілген іс-әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.
В.А.Сластенин бойынша педагогикалық технология деген, ол қатал ғылыми жоспарлау мен дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету. Педагогикалық процестің белгілі бір принциптердің жүйесі негізінде жасалатындықтан, педагогикалық технология сол принциптерді сыртқы және ішкі іс-әрекеттердің жиынтығы ретінде қарастырылуы олардың объективтік өзара байланысындағы ұстаз тұлғасының тұтасымен көрінетін бірізді жүзеге асыруға бағытталған. Міне, педагогикалық технологияның сабақ беру мен тәрбие жұмысының әдістемесінен айырмашылығы, өзгешелігі осыдан тұрады. Егер «әдістеме» деген ұғым оқыту мен тәрбиелеу әдістерін және оны жүзеге асырушы әрекетінен тыс тұтас комплексті қолдану процедурасын көрсетеді, онда педагогикалық технология оған ұстаз тұлғасының барлық жақтарымен көптеген көріністерімен қосылуын ұйғарады. Сірә осыдан, қандайда болмасын педагогикалық міндет тек қана оған сәй кәсіби маман ұстаздың жүзеге асыратын технологиялар көмегімен тиімді шешілуі мүмкін.
Демек, барлық педагогикалық технологиялардың негізгі мәні туралы пікірлердің қарама-қарсылықтарына қарамастан оны сабақ беру мен ұстаздардың жоспарланған мақсаттары мен оқушылардың іс-әрекеттерінің жетістіктеріне жету процесі ретінде түсіндіруге болады.
Қандайда болмасын технологияның негізгі бөлігі ол соңғы негізгі жетістікті толық анықтауымен оған жетуді дәлме-дәл бақылау болады. Негізінен, (өндіріс пен әлеуметтік аймақты) қарапайым процесс ол алдын ала жобаланған, өнімнің негізгі қасиеттері мен анықтаудың құралдары анықталғанда осы процес процесті жүргізу үшін жағдайлар мақсатта бір қалыптасып және ол «жіберілсе» ғана технология статусын алады.
Жаңа педагогикалық технологияны тиімді меңгеру- мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық қабілетінің қалыптасуына ізгі әсерін тигізіп, өзін- өзі дамытуға көмектеседі. Сабақ біздің заманымызда да оқытудың негізгі түрі ретінде қала береді. Оқыту үрдісінде жаңа технология түрлерін кеңінен ендіру немесе элементерін пайдалану- әрбір мұғалімнің міндеті.
Жаңа технологиялар инновациялық оқудың сүйегі бола отырып, оқушының тұрақты жоғары нәтижелерге қарай біртіндеп сатылай жылжуын және өзін- өзі бағалау мүмкіндіктерінің туындауын қамтамасыз етеді.
Жаңа технологияны енгізу арқылы оқу үрдісінің деңгейі көтеріліп, оқушының білім мен білігінің артуын интеллектуалды дайындығы мен танымдық қызығушылығын оятуға, денсаулығын сақтауға және жеке тұлғаның адамгершілік- құқықтық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасалады. Осыдан келіп, өзін- өзі көрсетуге қабілетті шығармашылық тұлғадан дамыған, әлеуметтік жеке тұлға қалыптасады.