Орыс мәдениеті – мәдениеттің провословиелік типі

 

Орыс мәдениеті-адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Орыс мәдениеті-өзіндік ерекшеліктері бар қайталанбайтын мәдениет,ендеше оның әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесіне де баға жетпейді.

   Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері,негізінен,төмендегі факторларға байланысты болды: Көптеген этникалық топтар мен халықтар мекндеген орасан зор территорияны игеру;христиан дінінің ерекше тармағы-православиені руханилық пен дәстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей отырып орнықтыру;уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс еуропалық өркениеттік процестерге оқшау дамуға байланысты туған «тұйықтыққа» бұдан әрі жол бермеу; жеке адамдардың мүддесін мемлекет мүддесіне бағындыру.

   Бүгінгі таңда,көп ғасырлық тарихы бар орыс мәдениетінің жалпы көрінісі бұрынғыдан да айқындалып келе жатқан сияқты.Ұлттық топырақта пайда болып,өзіндік бет-бейнесімен ерекшеленсе де,әлемдік мәдени өркендеудің жалпы арнасына келіп құйылатын орыс мәдениеті,византиялық көркем жүйемен және т.б. мәдениеттермен тығыз алмасып жатады. Атап айтқанда, Орыс мәдениеті Византиямен қатар, көршілес жатқан Болгария,Сербия,Армения,Грузия сияқты елдердің мәдениетімен үндестік жатты.

   Ежелгі славяндар мәдениеті-орыс мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады.Оның басты мәдениетінің құндылықтары-қасиетті жырлар,мифология,аңыз-ертегілер және т.б. Ғалымдардың пікірінше,олардың көпшілігінің текстері христиан дінін қабылдағаннан кейін құрып кеткен. Ежелгі славяндар пұтқа табынушылықты бастарынан кешірген,сондықтан да болар Ресей топырағында пұтқа табынушылық мәдениеттің дамуы жоғары болды.

   Христиан діні  988 жылы Князь Владимирдің басшылығымен қабылданады. Славян халықтарының жаңа тарихи кезең – Киев Русьі дәуірәінде жүзеге асырылған. Бұл шараның нәтижесінде  орыс мәдениеті жаңа сатыға көтеріледі.

   Христиан дінін қабылдағаннан кейінгі аз ғана уақыттың ішінде,әсіресе,князь Ярослав кезінде ежелгі Русьтің мәдениеті өзінің шарықтау  шегіне жетті.Киев Еуропаның ең ірі қалаларының біріне айналды. Шетелдік саяхатшылар Киевті «екінші патша қала» деп атаса,ХІ ғасырдағы батыс жазушысы Адам Беременский Киевті «Грекияның арайлы ажары болған Константинопольдың бақталасы» деп өте жоғары бағалады. Бізге жеткен деректер бойынша ХІ-ХІІ ғасырларда ерекше даңққа бөленіп, «Орыс қаласының анасы» атанған Киевте 400-ге жуық шіркеу мен сегіз базар болған,князь Ярославтың(ХІ ғасыр) кезінде тұрғызылған таңғажайып ескерткіш-София соборын көргенде белгілі саяхатшы Павел Алеппский қатты таңданып, «оның бар ғажайыбын қамтуға адам ойы жетпейді» деп мойындаған.

   ХІІІ-ХІV ғасырларда орыс мәдениетінің орталығы Новгород қаласы болды. Орыс халқының рухы  сіңген өнер туындылары: Новгород кремліндегі қасиетті София соборы, Юрий монастырының Георгиев соборы т.б. Новгородтың князьдік ғибадатханалардың ішіндегі ең мәртебесі – Юрий монастырын орта ғасыр дәуірінің даңқты ғимараттарының қатарына әбден жатқызуға болады.

   XIV –XV ғасырларда ұлы орыс халқының мәдениеті қалыптасу дәуірін бастан кешірді. Шындығында да дәл XVI ғасырдан бастап орыс халқы мәдениетінің нағыз тарихы басталады.

   Киев Русьінен бастап императорлық Ресейге дейінгі орыс мәдениетінің тарихында ХІХ ғасырдың алатын орны ерекше. Біріншіден,бұл кезең мәдени өрлеу кезеңі болғандықтан рухани биіктіктен көрінген бұл дәуірді «ұлы орыс Ренессансы» деп атауға толық қақымыз бар. Орыстың қырық жазушысы адамзаттың екі бірдей ғасырына рухани азық берді. ХІХ ғасыр-адамзат баласының ынтымақтастығы мен теңдігі,бақыты мен еркіндігіне байланысты философиялық-адамгершілік ізденістерге толы болды. ХІХ ғасыр-ХХ ғасыр табалдырығында туындап келе жатқан жаңашылдық пен мәдени өзгерістердің дамуындағы шешуші кезең,орыс мәдениетінің «алтын ғасыры». «Алтын ғасыр» ұлы орыс ақыны Пушкиннің өмірге келуінен басталды да,  ұлылығы жөнінен ешкімнен де кем түспейтін метафизик-философ В. Соловьевтің өлімімен аяқталды.Ресей тарихындағы бірде-бір ғасыр дәл Алтын ғасырдағыдай Ресейді құтқаруға, жаңғыртуға бағытталған теориялар мен ілімдерді өмірге келтірген жоқ.

    «Ғасырлар тоғысы»- орыс мәдениетінің «Күміс ғасыры»деп аталатын ерекше даму кезеңіне қолайлы жағдайлар жасады. Өз ғұмырының өте қысқа болғанына қарамастан «Күміс ғасыры» әсіресе философтар мен мәдениеттанушылар үшін жемісті ғасыр болды,өйткені Н.Бердяев(1874-1948), Г.Федотов (1886-1951), С. Булгаков (1871-1944), А.Лосов (1893-1988) т.б. осы ғасыр перзенттері. Ресей ғалымдарының көпшілігі 1922 жылы шетелге қашып кетуге мәжбүр болды,сөйтіп ұлы ойшылдар өз өмірлерін сақтап қалды.

      Қорыта келгенде, ғасыр басындағы орын алған идеологиялық және саяси жағдайларға байланысты тыйым салынған «Күміс ғасырдың» мол мәдени мұралары ғасыр аяғында халқына қайта оралды. Ресей қоғамы мен оның мәдениеті қандай сындарлы кезеңді басынан кешірсе де ғасырлар бойы жасалған мәдени құндылықтар өз мәнін жоймақ емес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *