НАДЕЖДА КОНСТАНТИНОВНА КРУПСКАЯ

 

Жоспар:

  1. Н.К.Крупская өмірінен қысқаша мағлұмат.

1.2.     Методикалық ескерткіштер туралы мақаласы.

1.3.     Үйге сабақ беру методикасы.

1.4.     Коллективті ұйымдастыру.

1869 жылы, сүреңсіз, тұманды күндердің бірі 14/26 ақпан күні Петербург қаласында,  кадрлық офицер Константин Кондратьевич Крупскийдің әйелі босаныщ әйел бала тауып, атын Надежда қойды. Крупскийлердің     семьясы     радикалдық     семья     еді.          Надежда Константинованың әкесі кадет корпусында прогрестік бағыт үстем болып түрған кезде, оқыту ісі едәуір жоғары дэрежеде түрған кезде оқиды. Константин Кондратьевич корпустың өзінде — ақ Герценнің шығармаларымен танысады, сонымен « Колокольды» оқиды, ғылымға қатты сенетін болады, дінге салқын көзбен қарайды, қоғамға сын көзбен қарайды. Надежда Константиновнаның шешесі де жабық оқу орнын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін біраз уақыт байлардың үйлерінде тәрбиеші болып істейді. Крупскийлердің үйінде ревалюционерлер жиі болып түрды, алғашқы кезде нигилистер, одан соң халықшылар, соңынан народная воляшылар болды. Олар революция жөніндегі сөйлеседі, оны кішкентай Надя да тыңдай отырады. Өз әкесінің мінез — қүлқының тамаша үлгісін көре отырып, Надежда Константиновна балалық шағының ерте кезінен бастап турашыл, табанды, бір сөзді болып өседі. Надя балалық шағының өзінде — ақ қанаушыларды жек көретін болып өсті.

Надя оқу оқуға қүмартады, мектепке түскісі келеді, сонымен эке -шешесі тілегін орындап 10 жасар Надя Мария атындағы гимназияға жіберілді. Екінші жарты жылдыққа Надя сырқаттанып қалып, жазға салым әке — шешесі «оңалсын» деп деревняға жібереді.

Ең алғаш жақын дос болған адамы — ауыл мүғалімі Александра Тимофеевна Явфскаяның жарқын бейнесін Надежда Константиновна өмір бойы есінде сақтады. Мария атындағы гимназияны ұнатпай жүргенін сезіп, Надяны әкесі А.А.Оболенскаяның министрлік гимназиясына орналастырды. Надежда Константиновна бұл гимназияның III класына түскенде 12 жаста еді. Оболенская гимназиясының маңызы әсіресе 1878 жылы Александр Яковлевич герд директор болып тағайындалғаннан кейін арта түсті. Надияның дос қыздарының бірі технологтардың үйірмесімен танысады, әлгі қыздың үйінде жастар бас қосатын болды. 1898 жылдың май айында Надежда Константиновна Шушенск селосына келді, сол уақыттан бастап В.И.Ленин қайтыс болғанға шекті, жұбын жазбастан бірге өтті. Олардың істері, өмірі толығымен жұмысшы табының ісіне бағытталды.

Тек социалистік қоғамда ғана, — дейді Надежда Константиновна, -қоғамдық тәрбие кең өріс алады, балалар бақшасынан мектепке көшіп отырады. Ал онда мектепте капиталистік қоғамдағыдан мүлдем басқаша болады. Социолистік қоғамдағы мектеп, әрине, қазіргі мектепке ұқсас болмайды, деп жазды Н.К.Крупская қорытындысында, — болашақ мектептен оқушылар білімді едэуір көп алатын болады, мүнымен қатар олар өндіріс еңбегіне жаттығады, ең негізгісі, мектеп тек оқытып қана қоймайды, мектеп олардың рух күші мен дене күшін дамытады, оларды пайдалы, жігерлі азамат етіп тәрбиелейді.

«Жалпы еңбек өмірі, — деп жазады Н.К. Крупская — оқушыларды бір -біріне    жақындата    түседі,    бүл    өте         маңызды         іс.    Надежда

Константиновнаның «халық ағарту ісі жэне демократия» деп атаған бүл кітабы туралы Владимир Ильич 1916 жылы А.М.Горькийге былай деп жазды; «Автор педагогикамен көптен бері айналысып келеді, 20 жылдан асты», Совет мектебін қүру ісіндегі Н.К.Крупскаяны қүрметті академик етіп сайлады, ал 1936 жылы педагогикалық ғылымдардың докторы деген ғылыми дәреже атын алды. Н.К.Крупскаяның көптеген жолдамалары, еңбектері бар. Мысалы:

Сабаққа келмеушілікпен жэне келігушілікпен қалай күресу керек: Бірінші мэселе — сабаққа үдайы    қатысып отыруды қалай    жолға қою керек деген мәселе, 1932 жылы 4 көмірде «Жаңа мектеп жолында» деген журналда, «Методикалық ескерткіштер» деген мақаласы жарияланды.

Мектептің      әрбір   пэні   —   математика,      биология,      тарих   тағы басқалардың    мақаласы,    —    толып   жатқан    азды   —   көпті   бірыңғағай қүбылыстарды зерттеп, үйрену болады. Бүлардың әрқайсысы жөнінен -таудай фактылар. Мәселе, сол материалдардың   ішінен ең қажеттін, ең негізгісін   таңдап   алу.   Материалды   дүрыс   таңдап   алу   және   дұрыс орналастыру   міндетін   дүрыс   шешу   үшін   диалектикалық   методті басшылыққа алу қажет. Бүл дидактикалық методтың мэні де екенін В.И.Ленин былай деп анықтама берді:  «Затты шын білу үшін, оны барлық жағында, барлық байланысын және тікелей    анықтайтындығы зерттеу, қамту керек. Бүған ешқашан да біздің   қолымыз жетпейді, бірақ әр    жақтылықты    талап    ету    бізді    қатеден    және    сіресіп    қалудан сақтандырады.

Екіншіден, дидактикалық логика, затты оның даму қалпында, «өзіндік қозғалысы» қалпында, өзгеруі қалпында алуды талап етеді.

Үшіншіден, бүкіл адам баласының практикасы, ақиқаттың белг ретінде де, заттың адамға не керек болса, сонымен байланысыш практикалық анықтаушысы ретінде де, заттық толық «анықтамасьш кіруге тиіс.

Төртіншіден, диалектикалық логика, «дерексіз ақиқат жоқ, ақиі қашан болсын нақтылы» деп үйретеді.

Біз мектеп үшін праграмма күрастырған кезде, яғни материалды сайлап алып және оны белгілі тэртіппен орналастырған кезде, біз диалектикаі методты басшылыққа алып, қолдануымыз керек. Айталық, математиканы үйленгенде, біз оның барлық жақтарын, байланыста]: жэне тікелей айқындайтын жағын да үйпенуіміз керек. Бала геометрия, архиметика, алгебра тарауларының арасындағы байланьк айқын болатын болсын.

Диалектикалық   методикаға   сүйене   отырып,   программаларымы құрудың    қажеттігі туралы мэселеге байланысты систематика    тур мәселеге де тоқтала кеткім келеді. Жүйелеудің негізін ғылымның саласының даму тарихынан іздеу керек.

Оқыту методикасы сол оқытылатын пәннің мәнімен өте тығыз байланысып, біте қайнасып жатады. Математиканы бір түрлі оқыту керек, мұнда бірінші орынға логикалық ойлау қойылады; жаратылыстануды екінші түрде оқыту керек, мүнда ең маңызды мэселе былай білетін, көре білетін, бақылағаннан қорыта білетін етіп үйренеді;

Методика мектептің алдында түрған мақсаттармен өте тығыз байланысты. Балаларға ықпал жүргізу, эсер ету методы көп жылдар бойына, бір жағынан эмперикке, екінші жағынан идеалистік психологияға сүйеніп келеді.

Методиканың тағы бір түрі «Үйге сабақ беру» методикасы. Үйге сабақ берудің маңызы өте зор. Дұрыс үйымдастырылса, олар өздігінен жүмыс істеп үйренуге баулиды, жауаптылық сезімін тэрбиелейді, білімді игеріп алуға, эдеттенуге көмектеседі. Балаларды өздігінен жүмыс істеуге үйрету өте қажет, тамаша жақсы деген мектептің өзі салыстыра келгенде онша үлкен көлемді білім бере алмайды. Үйге сабақ беру дағдыланып үйренуге көмектесу керек, дағдылану жөніндегі өздігінен істеген жүмыс кластағы оқудын мәнін арттыра түседі. Үйге тапсырма беру балалардың білімі мен дағдыланудың денгейін теңестіруге тиіс жэне теңестірі алады да, және сол арқылы мектеп жүмысының эффектілігі арта түседі. Ал үйге сабақ берудың тағы бір маңызы, ол саналы тэртіпті тәрбиелеудің де күралы болуға тиіс және солай бола алады да, жауаптылық сезімін тэрбиелеуге тиіс жэне тәрбиелеп алады да. Алайда игі сабақ тапсыу — екі жақты нэрсе, егерде методикалық жағынан дүрыс ойланып білмесе, мұның керсінше нэтиже беруі де мүмкін: қалтура жасауға үйретуге, өзінің міндеттерін орындауға адал қанаушылыққа оқуға кедергі келтіретін жаман эдетке -алдаушылыққа салынуға үйретілуі мүмкін.

Үйге сабақ тапсыруды система ретінде кіргізіп отырғанда, бүл істің методикасын барлық жағынан талдап шешуге тиіс.

Алдымен сабақтың орындалу мүмкінділігі қамтамассыз етілуі керек, яғни оқушының сабаққа деген дэптері, қаламы, қажетті оқу кітабы немесе оқу қүралы, қажетті уақытты сабақты орындай алатын орны болуы керек жэне берілген сабақты орындауға балалардың күші жететін болуы керек. Балаларға тапсырманы қалай орындаулары қажет екендігі жөнінен мүқят нүсқау беру керек. Баланың жасы неғүлым кіші болса , берілетін тапсырма соғүрлым қызықты болуы керек. Қызық жүмыстың орындалуы да жеңіл болады, жүмысты жақсы істеуге үйретеді, еңбекке саналы түрде қарайтын етіп тәбиелейді.

Кәдімгідей жэй тапсырманы қызықты ете білу — мүғалімнің өнеріне байланыс нәрсе. Үйге тапсырма беру барысында теңгермелікті қолданбау керек. Оқушының алдында түрған мәселелерді білімі мен дағдылануының шарасына еске ала отырып, тапсырманы даралап беру керек — күштірек ілгері аттатып жібермейтін, бірақ білімнің сапасы тереңдете түсетін, білімнің сапасын жақсарта түсетіндей тапсырма беру керек. Сол бір тапсырманы орындап шығу үшін эр оқушы уақытты әр-түрлі жүмсайтыны естен шығармау керек. Сапсырманың орындалуын ұдайы тексеріп отыру қажет.

Химия мен физика оқу құралы мақалласында физиканың маңызы өте зор екендігін айтқан. Бүкіл өнеркәсіп, бүкіл ауылшаруашылығы қазіргі заманғы химия мен физиканың негізінде қайта құрылмақшы.

Сонымен қатар «Комсомолская правда» газетінің 1936 жылы 26 маусымда жарияланған №146 номерінде «мамандық таңдау» деген мақаласы жарық көрген.

Мамандықты өз еркімен таңдай алуды маңызы өте зор. Адам өзінің істеп жүрген жұмысын жақсы көретін болса , ол көп иницотва тудырады, еңбектің өнімділігін қажымастан артыра түседі. Сол сияқты арнаулы қасиеттерді талап ететін мамандықта бар, ондай қасиеттер: есту, көру сезімдерінің күштілігі, тэн сезімінің ерекше дамуы т.б. Бұл мәселелермен шұғылданатыны психотехника деген ғылым бар. Бүл көмекші ғылым.

Кішкене балалармен жүмыс тану туралы. Кішкене балалар жақсылық жөніненде, жамандық жөніненде үлкен ағаларына еліктегіш келеді. Сондықтан үй-ішін , үлкендерді жалпы бірдей мәдениеттердіру өте қажет.

Біздің мектеп қүрлысы ісімізден Н.К.Крупскаяның алған ролі орасан зор. Оқу — ағарту ісі жөнінен Надежда Канстантиновна жазбаған. Сөз сөйлемді бірде-бір мәселе жоқ. Өзінің еңбектерінде Н Канстантиновна ұсынған бүкіл негізгі қағидаларды бір очеркте сипаттап өту мүмкін емес.

«Біз оқушылардың айналасында не істеліп жатқанын түсінетін етіп, бар құрлыстың механизімін түсіне білетін етіп, ол адам қоғамының дамуының заңын зерттеп үйренетін етіп, қүбылыстардың өзара байланысын түсініп, және ең бастысы, қоғамның қалай қарай дамып бара жатқанын түсінетін етіп тәрбиелеуге міндеттіміз».

Әрбір пәнді оқыту және мектеп жүмысының бүкіл стилі осы негізгі міндеттерге бағындырылуы керек. Сондықтан оқытушы сабақ үстінде қашан болсын, мысалы, маркизм деген сөзді қолдана беруі керек пе? Әрине, қолдана бермеуі керек. Баланы кітапқа қарап қана айтатындай етіп үйретпеу керек. Тәжірибелі педагог, — дейді Надежда Константиновна -балалардың жасын еске ала отырып, ешбір тұрпайысыз — ақ, балалардың көзқарасының қалыптасуы үшін негізгі қажетті нәрселердің бәрін де бере алады.

Көбінесе педагог класқа қалай қарайтынын, бытырап жүрген жеке адамдардың коллектив құру үшін кімдерге сүйенетінін біле алмай қалады. Бұлай болатын себебі, біз көбінесе педагогикалық практикада коллективті баланы жеке зерттеп білуге, балаға, жас өспірімдерге, жеке көзқараспен қарауға қарсы қоямыз.

Бұл қате бағыт. Мұғалім көбінесе кластың алдында коллектив туралы сөйлейді, коллектив болып жұмыс істеудің қажет екенін т.б. айтады, бірақ сол өзінің коллекетиві құрылатын бөлшектерді білмейді. Олардың бәрі мұғалім үшін бір адам сияқты. «Коллективті ұйымдастыру үшін, әр баланың    не істей алатынын, кімнің күштірек екенін    білу керек» деп кеңес береді. Н.К.Крупская, коллективтің мүшесі болып саналатын эр оқушы өз коллективін сүюі, мақтан етуі керек.

Жақсы мүғалім коллективтің қоғамдық пікіріне сүйене біледі жэне оқушының әрбір қылығын дүрыс бағалай алады.

Қорыта келген Н.К.Крупская айтпаған сөйлемеген педагогикалық ойлар жоқ. Н.К.Крупская балаларды еңбекке баулуға, жалпы еңбек тәрбиесіне үлкен мэн берді.

Үйге тапсырма беру мэселесіне Н.К.Крупская ерекше көңіл бөлді. Қандай жағдайда да тапсырманың шамадан тыс болмауын талап етті. Сонымен қатар Н.К.Крупская оқушыларда коллективизм сезімін тэрбиелеуге үлкен мэн берді. Әр қоғамның азаматы коллектив мүддесін өз мүддесінен жоғары қояды.

Н.К.Крупская жеке пэндердің (тарих, география, математика, эдебиет, орыс тілі, ана тілі) оқытылуына арнайы көңіл бөлді. Әр пэңнің өзінің оқытылу ерекшеліктеріне көңіл бөлуді үсынады.

Надежда Константиновна Крупская ( 1869 — 1939)

1869 жылы — Коммунистік партияның ірі қайраткері, көрнекті совет педагогы Н.К.Крупская Петербург қаласында туды.

… — гимназияны бітірген соң Петербургтегі әйелдер жоғары курсының математика бөлімінде оқыды.

1891 жылы — ересектерге арналған кешкі жексенбілік мектепке мұғалім болып орналасады.

1895   жылы — В. И.Ленин құрған «Жұмысшы табын азат ету жолындагы керес одағына» кіреді.

1896  жылы — тұтқынға алынып, Енисей губерниясындагы Шушенское селосында В.И.Ленинмен бірге айдауда болады.

Кейінгі жылы — шетелдерде болып, жауапты партиялық қызметтер атқарды.

1917 жылы — «Халық ағарту ісі  демократия» еңбегін жазады.

1899 жылы — «Әйел — жұмысшы» атты алғашқы еңбегі жарық көреді.

1915 жылы — «Халық ағарту ісі және демакратия» атты кітабы педагогика тарихында ірі маркистік еңбек болып есептеледі.

1929 жылыдан бастап — оқу — ағарту халық комиссарының орынбасары болды.

1939 жылы — қайтыс болды.

Еңбектері:

«Ұлттық  интернационалдық мәдениет»,

«Ұлттық оқулық»

«Бастауыш мектептегі интернационалдық тәрбие»

« Әйел — жұмысшы»

«Халық ағарту ісі  демократия».

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қ. Бержанов «Педагогика тарихы» А, Мектеп 1984.
  2. Н.К.Крупская «Таңдамалы шығармалары» Алматы 1961.
  3. Ж.Әбиев «Педагогика тарихы» Алматы 2006.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *