Өркениет(цивилизация)семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің-«civilis»сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды «варварлықтар» деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» —олардың түсініктері бойынша, азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:
- Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер(И. Гердер, Б.Тайлор).
- Өркениет-мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы(Ж.Ж. Руссо,Ш.Фурье,О.Шпенглер).
- Өркениет-мәдениеттің прогресі,болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф.Вольтер, Д.Белл).
- Өркениет-тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган).
- Өркениет-этностар мен мем лекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби,Н.Я.Данилевский және т.б.).
- Өркениет-мәдениеттің техникалық даму деңгейі,оның материалдық жағы.
Мәдениеттанушы Г.Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің жолмен бөленуі,қалалардың пайда болуы,жазбаша мәдениеттің дамуы,қолөнер мен сауданың өркендеуі,азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.
Мәдениеттің өзекті бөлігі-өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан,халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз,өнер әлемінсіз,қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шынында да,өнер-мәдениеттің алтын қазынасы,адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі-оның әсемдікке,сұлулыққа ұмтылуы.
Мәдениет-адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат,ақыл-ой,ізгілік пен әдемілік заттандырылып,игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет-адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам-«хайуани мадани»,яғни,мәдениетті жан.Мәдениет пен табиғатты қарама қарсы қоюдың бір түрі-адамның табиғи антимәдениеттілігі жөнінде ілімдер еді(киниктер,Ницще). Контрмәдениет атты ХХ ғасыр туындысы бұқаралық мәдениеттегі руханилықтың затқа, тауарға айналуына қарсы қозғалыс сипатында болды. Мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім-мәдени антропология. оның негізін салушылардың бірі-Э.Уилсон.
Мәдениет-адам мен табиғатты бөліп тұрған «қытай қорғаны» емес,керісінше, олардың арасындағы нәзік үндестік жіне рухани қыл-көпір. Осы үндестікті(гармонияны) одан әрі жетілдіру-адамзаттың алдындағы келелі міндет.Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсінетін тағы бір мәселе адамның көп мағыналылығына, жан-жақтылығына,шексіздігіне байланысты. Американ ғалымы К.Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психикалық) және идеалдыққа жатады.Ж.П.Сартрлық көсемсөзді қайталасақ, адам әлемге еркін жіберілген, ол еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мәдениеттің құпиасы –адамдағы «Мендік».Одан сыртқа ерекше бір нүр – азаттық, жауапкершілік , адамгершілік сәулес інүр шашып тұр. Мәдениетте адам ғажап биік деңгеиге көтеріледі. Мәдениет дегеніміз-менің өмірім , меннен бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын –менің шығармашылығым.
Қоғам — әлемінің бір бөлігі , белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың , топтардың, этностардың , мемлекеттердің ) байланыс нысандары . Яғни , қоғам ұғымындағы негізгі мәселе – адам және оның ұйымдасу нысандары , бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеументтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті , көрінісі , сипаты мазмүнында қолданылады.
Қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей қызметтерін айқындау мүмкіндігі бар:
Адамды қалыптастыру қызметі
Бұл- мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмүнымен тікелей байланысты нышан.
Адамға ең қиыны – адам болу.Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық , ақиқат пен жалгандық , әділеттілік пен өктемдік , бодандық пен азаттық , сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде түлғада өзіндік сана тұрақталады , ол озық мәдениетті өз бойына сіңіреді.Жалпы алғанда , мәдениеттің алға басуы дегеніміз – дүние жүзілік тарихтың адам үшін , оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады.Жалғастық , мәдени мұрагерлік қызметі.
Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ертекшеліктеріне қатысты.Ақпараттық (информациялық) беріліс әлеуметтік жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді.Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру , қабылдау және шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады.
Танымдық қызметі Мәдениеттің қоғамдағы бұл қызмет міндетінің – сан алуан қыры бар.Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе – мәдениет пен білімнің арақатынасы. «Табиғаттан қуылған асырып жіберкге» (Гегель). Бағытталған адамдардың білімі , әрине , мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігіне жатады.
Реттеу қызметі.Мәдениет – «жабулы қазан емес».Мәдениеттегі реттеушілік әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәдениетте күнделіктіден гөрі жоғарыға, идеалдыға, үлгіге көбірек көңіл бөлінеді.Мәдени ұғымдарда нормативтік, ережелік талаптар басымырақ.
Коммуникативтік, қарым — қатынастық қызмет
Бұл мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі.Адамдардың қарым-қатынасы, мәдениеттер сұхбаттасуы -әлеуметтік шындықтың басым көрінісі.Адамерекше бір өрісте – қарым-қатынас өрісінде болады.Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оныңәлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды.