Жеке тұлға ұғымы және оның педагогикадағы сипаттамасы. Адам мәселесі барлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі. Адам мен қоғам өзара қатынастарының нәтижесінде жеке тұлға ұғымы ерекше орынға ие. Адам деген ұғыммен қатар индивид, даралық, жеке тұлға ұғымдары жиі қолданылады.
Индивид деген ұғым адамды адамзат тұқымының жеке бір өкілі ретінде, биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастырғанда қолданаылады. Индивид- жекелік, яғни көп адамдардың бірі. Индивид деген терминді қолданғанда адамның жеке қасиеттері ескерілмейді. Индивид деп жаңа туған баланы да, қарт адамды да атауға болады. Себебі олардың барлығы адамзат тұқымының өкілдері.
Даралық- адамды басқа адамдардан ерекшелендіріп тұратын айрықша қасиеттері, ешкімге ұқсамастығы, оның қайталанбастығы. Адамның даралығы оның темпераментінен, мінез-құлықтарынан бөлек, әдеттерінен, қызығушылықтарынан, танымдық процестерінің сапаларынан (қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қиял), қабілеттіліктерінен, өзіндік іс-әрекет стильдерінен байқалады. Дүниеде психологиялық ерекшеліктері бірдей екі адамды табу мүмкін емес. Адамдардың тіпті физиологиялық жағынан да бірі-бірін қайталамайтындығы анық. Мысалы 19ғ. сонында ашылған ғылыми жаңалық жер бетіндегі адамдардың бас бармақтарының үлкейтілген суреттерінің бірдей болмайтындығының өзі әр адамның физиология тұрғысынан да қайталанбас жан екендігінің дәлелі. Барлық адамдардың саусақтарының құрылымы бірдей болса да, барлығыныкі капиллярлардан, теріден, клеткалардан, бұлшық еттерден, нерв талшықтарынан құралсада сыртқы терісіндегі суреттері әр адамдыкі әр түрлі болып келетіні ғажап.
Адамның қайталанбастығы- оның даралығында. Даралық пен жеке тұлға тең мағыналы ұғымдар емес. Даралық ұғымда көбінесе индивидтің табиғи, туа біткен қасиеттері ескеріледі (темперамент т.б), ал тұлға- адамның әлеуметтік сипаты. Жеке тұлғаның өзін-өзі іске асыра алуына, жетістіктерге қол жеткізуіне, іс-әрекетіне қарап оған баға беріледі. Даралық адамның жеке тұлғасының бір ғана көрінісі, көп қырының бір жағы. Мысалы адамның жүйріктігі, шапшандығы, оның даралық қасиеттеріне жатады, бірақ оның жеке тұлғалық сипаттамасына кірмейді, себебі ол қасиет индивидтің араласатын адамдарының іс-әрекет және қарым-қатынас түрлерінде маңызды роль атқармайды.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- жана-жакты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Психологиялық-педагогиялық әдебиеттерде К.К.Платонов, Л.С.Выготский, А.Н.Лентев т.б ғалымдар еңбектерінде жеке тұлға ұғымына түрлі зерттеулер жүргізіліп, анықтамалары берілген.
Жеке тұлға- қоғамдық өмірдегі күрделі, көп жақты құбылыс, қоғамдық қатынастар жүйесінің бір бөлігі. Психология ғылымында жеке тұлға деп белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортамен өзіндік қатынасын түсінетін, психологиялық ерекшеліктері бар нақты бір қоғамның, ұлттың, ұжымның өкілін атайды. Жеке тұлға- қоғамдық мәні бар адам. Кез келген адам өмірге индивид болып келіп, тек қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.
Жеке тұлға— индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі, оның әлеуметтік құндылықтарды менгеруі және сол құндылықтарды іске асыра алу қабілеттері. Жеке тұлға ретінде адам өзінің санасының даму деңгейімен, өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады. Жеке тұлғалық қаситтері арқылы адам қоғамдық қатынастарға қатысады. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде жеке тұлға туралы тұрақты пікірлер қалыптасқан:
-әр адам жеке тұлға бола алады.
-жеке тұлға адамды жануарлардан ажыратып тұрады, жануарларға қатысты жеке тұлға ұғымы қолданылмайды.
-жеке тұлға- тарихи дамудың нәтижесі.
-тұлғалық қасиеттер бір адамды екінші адамнан ерекшелендіріп тұрады.
Жеке тұлғаның өзіндік сипаттамалары бар:
— белсенділік (өзінің іс-әрекет саласын кеңейтуге құлшынысы);
— бағыттылық (ынта, қызығушылықтар, қажеттіліктер, сенімдер жүйесі);
— әлеуметтік топтардың, ұжымдардың өзара әрекеттестігі.
Педагогикалық сөздіктерде жеке тұлға ұғымы- әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырылады. Жеке тұлға өзін мынандай үш бағытта көрсете алады:
— іс-әрекетте;
— басқалармен қарым-қатынаста;
— өзіне деген қатынаста.
Белгілі психолог К.К.Платонов жеке тұлғаның сапаларын жүйелеп, оның иерархиялық құрылымын қарастырған. Оның пайымдауынша жеке тұлғаның кез келген сапасында туа біткен (биологиялық, тұқым қуалаушылық) және жүре біткен (әлеуметтік) құрамды бөліктері болады. Солардың қатынастары бойынша жеке тұлғаның құрлымында сапалар 4 топқа немесе иерархиялық деңгейге бөлініп қарастырылады.
4-ші, төменгі биологиялық құрлымы, оған темперамент, адамның жас және жыныстық ерекшеліттері жатады, бұнда ешқандай әлеуметтік қасиеттері жоқ;
3-ші, құрлымдық деңгейде биологиялық нышандар негізінде жаттығулар арқылы қалыптасқан психологиялық процестер (сезімдер, қабылдау, қиял, зейін, есте сақтау, ойлау, ерік) ерекшеліктері жатады;
2-ші, тәжірибелік деңгейге тұлғаны оқыту арқылы қалыптасқан білім, білік, дағдылары, әдеттері жатады;
1-ші, жоғарғы деңгей, тәрбие арқылы қалыптасқан (сенімдері, дүниетанымы, көз қарастары, қызығушылықтары, тілектері, мақсаттары, әлеуметтік ұстанымдары, құндылық бағыттары, моральдық принциптері ) әлеуметтік бағыттылықтары жатады. Бұл бағыттылықтар адамның қоршаған әлемге қатынасын көрсетеді.
Жеке тұлғаның өзегі — оның «Мен»- жүйесі. Әрбір тұлға өзін-өзі тәрбиелеу арқылы «Мен»- жүйесін дамытып, жетілдіріп отыруы қажет. Сондықтан болашақ мұғалімдерде балалар тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін ең алдымен студенттік жастарынан бастап өздерінің жеке «Мен»-дерімен жұмыс істеп, бағыттылықтарын, қабілеттіліктерін дамытып, мінездерің тәрбиелеулері және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде мәдениеттерін жетілдіріп отыруы маңызды.
Жеке тұлға және жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық идея.
Жеке тұлға дүниедегі бар нәрсені сол дайын түрінде қабылдап қана қоймай, өзіндік саналығы, ақылдылығы, белсенді іс-әрекеті негізінде қоршаған ортаның өзгеруіне, қоғамның дамуына әсер ете алады.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың жедел дамуына байланысты адамдар жер шарының әр бұрышындағы кез келген ғылыми, экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, медициналық жаңалықтарды біліп отыруларына мүмкіншіліктері бар. Соның нәтижесінде адамның дүние танымы да кеңейе түсуде.
Әр жеке тұлғаның дүние танымы дегеніміз адамның дүниеге, қоғамдық қатынастарға, табиғатқа, өзіне деген көз қарастар жүйесі, оның бағыттылықтарының формасы. Ал адамның дүние танымы арқылы оның құндылықтары, өмірлік идеалдары мен ұстанымдары байқалады.
Барлық адамдарға ортақ бейбітшілік, адам құқықтары, экология, ашаршылықтың болмауына кепілдік, денсаулық т.б. құндылықтардың қажет екендігі сөзсіз.
Ал мұндай жалпыадамзаттық құндылықтар өз бетінше кездейсоқ қалыптаса алмайды, оны жүйелі тәрбие түрінде ұйымдастыру қажет. Ол үшін жас ұрпақ тәрбиесінде мынандай міндеттердің орындалуы маңызды орынға ие:
- дүниежүзілік қарама-қайшылықтар қалай болмасын әр адамға әсерін тигізеді, ондай қайшылықтарды шешуге ат салысуда әр адамның үлесін ескеру;
- жалпы адамзаттық мәселелерді шешуде ұлтаралық, халықаралық, мемлекетаралық байланыстарды нығайтудың қажеттілігін түсінулерін қамтамасыз ету;
- жер бетіндегі бейбітшілік үшін, қоршаған табиғатты сақтау үшін ғылым мен мәдениеттің, барлық елдердің, адамдардың өзара ынтымақтастықтарын қамтамасыз ету.
Ұлттың болашағы- оның ұрпғы. Олай болса жас ұрпақтың тәрбиесіне, олардың дүние танымдарының дұрыс қалыптасуына әсер ететін ұлттық бағыттағы іс шаралар жүйелі жүргізілуі қажет. Жас жас ұрпақа ұлттық тәрбие беруде ұлы адамдардың құнды ой пікірлерінің, қанатты сөздерінің ұлттық рухтың күшейе түсуіне ықпалы зор.
Әлемдік білім беру кеңістігінде қажетті көпмәдени жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері. Әлемдік білім беру кеңістігін не құрайды? Оның құрмына мақсаттары, міндеттері, мәдени салт-дәстүрлері, философиялық негіздері бойынша ерекшелінетін ұлттық білім беру жүйелері кіреді. Осындай әр түрлі білім беру жүйелерінің өзара байланыстар, әркеттестіктері әр адамның дүние танымының кеңеюіне, рухани тұрғыдан баюына, мәдениетінің қалыптасуына септігін тигізіп, өздерін әлемдік білім беру кеңістігінің бір бөлігі ретінде сезіне алуларына мүмкіндік тудырады.
Бірақ осы жағандану процесінде әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, салт дәстүрлері, тілі мен дінінің сақталып қалуы басқа мәдениеттер тоғысында өз орның жоғалтып алмауы өзекті. Қазақстанның да осы бағытта дамуындағы, өзіндік бет-бейнесін сақтап қалудағы басты жолдардың бірі- ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтарымызды сақтап және білімді де саналы жас ұрпақ тәрбиелеу. Осыған орай ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай: «Қытайлықтар ұлы қытай қорғанымен, египеттіктер пирамидаларымен, итальяндықтар сазды әуенімен таң қалдырса, қазақ халқы ұлттық құндылықтары мен бай тілін мақтан етеді».
Жеке тұлғаның іс-әректінің табысты және жемісті болуы олардың мәдениетіне тікелей байланысты, себебі мәдени білімдер оның құндылық бағдарының негізі. Адам тұлғасының қалыптасуы, оның мәдениеті бала кезіне, білім алуы, тәрбие алу мекемелерінен басталады. Ұлттық тәрбие дегеніміз әр адамның тек өзінің ұлттық ерекшеліктерімен, ұлттық мәдениетімен ғана шектелуі емес. Әрине алдымен әр адам өз ұлтының салт дәстүрлерін, тілін, тарихын білуге міндетті. Бірақ басқа тілді үйреніп, басқа мәдениеттермен танысуына шектеу жоқ. Себебі қазіргі таңда адамдардың көп мәдени тұлға ретінде қалыптасуы өте маңызды.
Көпмәдени тұлғаны қалыптастыру ретінде әр елдің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып:
— адамның салт-дәстүрлерге бай түрлі мәдениеттер, құндылықтар жағдайына бейімделуін, икемделуін;
— адамдардың түрлі мәдениеттер арасындағы ынтымақтастықта өмір сүруге ұмтылушылықтарын нығайту қарастырылады.
Әр халықтың мәдени өзгешеліктерін сақтай отырып халықтар арасындағы достықты, түсіністікті нығайту көп мәдениеттілікке тәрбиелеудің маңызды бағыттарының бірі. Бірақ сол көпмәдени тұлғаны қалыптастыру білім беру процесінде іске асырылып, оның нәтижелерінің бірі болып табылады. Білім беру процесі арқылы адам мәдениет әлемімен терең таныса алады, мәдени құндылықтарды меңгереді.
Білім беру мазмұны әр түрлі халықтардың мәдени мұралары арқылы, үнемі даму үстіндегі ғылым салалары мен адамның өмірлік тәжірибесі негізінде байып, өзгеріп, толықтырылып отырады. Қазіргі кезде әрбір тұлға тек бір ұлттың азаматы емес, ол әлем азаматы болынуына бет бұрыс алу қажет. Сондықтанда «дүниежүзілік білім беру кеңістігі» деген көп көніл бөлінуде. Адами қасиеттерін сақтап, мәдениетті болуы оның ұлттық ерекшеліктеріне байланысты емес. Қандай ұлт өкілі болсада адам жалпы адамзаттық мәдениетке сай болуы керек.
Көпмәдени тұлғаның қалыптасуына барлық білім беру мекемелері, тәрбие жүйелері, әлеуметтік институттар әсер етеді. Бұл үздіксіз жүретін процес. Ол тек бір мекеме көлемінде емес, адамның өзіндік білім алу барысында, оның өмірлік тәжірибесі негізінде қалыптасады. Көпмәдени тұлғаның қалыптасуына бұқаралық ақпараттық құралдардың, өнердің, саясаттың әсері зор.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті және толеранттылық.
Қазіргі таңда адамдардың рухани байлығы, олардың әлеуметтенуі көкейкесті әселелерге айналып отыр, себебі олардың өмірлік бағыт-бағдарларын анықтайтын қоғамдық қатынастарға икемделуі тұлға аралық қарым-қатынастары, ұларалық қарым-қатынастары гуманизм қағидаларына негізделуі тиіс. Адам баласының тұлға ретінде дамып қалыптасуына оның өскен отбасылық отасы, ұлттық салт-дәстүрлер, әлеуметтік ортасы көп әсер етеді. Кезе келген жеке тұлғаның дербес психологиялық ерекшеліктерімен қатар ұлттық сана сезімдері, ұлжандылығы, ана тіліне деген сүйспеншілігі сияқты ұлттық ерекшеліктері болады.
Ұлттық тәлім-тәрбие ұлттық тіл арқылы іске асатыны анық. Тіл- адамдардың байланыс, қарым-қатынас құралы. Ал басқа ұлт мәдениетімен танысу сол ұлттың тілін білу арқылы іске асырылады. Қазіргі жалпы білім беру мектептерінде ана тілімен қатар шет тілдерінің де оқытылуы осы себептен. Шет тілдерді оқыту ол тек білім алу үшін емес, ол практикалық қажеттілік, ол заман талабы. Бірақ ұлттық сана сезімін дамуының ірге тасы- ана тіліне деген сый-құрмет. Халық тағдырындағы тілдің маңыздылығын бағалауға, құндылығын арттыруға байланысты айтылған мынандай ұлағатты ойлар күн бүгінге дейін өзекті болып отырғаны баршамызға анық:
Қазіргі дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену үрдісі барлық мәдениеттердің ықпалдасуына, ынтымақтастығына негізделеді. Осыған байланысты ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мәселесі туындайды. Қазақстан жерінде 130-дан астам ұлт өкілдері бірігіп өмір сүруде. Өзіндік ұлттық ерекшеліктері бола тұра, олар бірі-бірімен қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, тілідік қатынасқа түсіп араласады. Осы қатынастар барысында ұлттық мәдениет, ұлттық діл айқын байқалады. Сол өзгешеліктерін сақтай отырып, әр ұлт өкілдері басқа ұлт өкілдерімен толеранттық қарым-қатынасты сақтаулары – олардың білім беру мәселелеріндегі ортақ мақсатқа табысты жетулерінің кепілі деуге болады.
Толеранттық ұғымы латын тілінің «tolerantio» — деген сөзінен аударғанда «шыдамдылық» деген мағына білдіреді. Толеранттылық деген ұғым педагогикалық лекцияда жанадан қолданылған ұғымдардың бірі. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде толеранттылық ұғымы:
- қандайда бір қолайсыз, жағымсыз факторлардың ықпалына сезімталдықтың төмендеуі нәтижесінде аландаушылықтың жоқтығы немесе әлсіреуі;
- психологиялық бейімділігін жоғалтпай адамның түрлі өмірлік қиындықтарға қарсы тұра алу қабілеті ретінде қарастырылады.
Яғни, толеранттылық- шыдамдылық, сабырлық таныту, қызбалыққа салынбау, кез келген қиындыққа төзімділікпен қарау, барлық мәселелерді бейбітшілік жолымен шешуге тырысу деген мағынаны білдіреді.
Толеранттылық мұғалімдердің ең маңызды қасиеттерінің бірі. Мұғалімнің толеранттылығының негізінде бір жағынан шынайы жағдайды дұрыс бағалай алу қабілеті, екінші жағынан жиеленіс жағдайлардан педагогикалық әдепті сақтап шығудың алдын ала анықтай алу мүмкіншілігі жатыр. Өз бойында толеранттылықты қалыптастыру- мұғалімнің маңызды кәсіби міндеттерінің бірі.
Әдебиеттер
1.Қожахметова К. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика.- Алматы.-1998.-317 с.
2.Аймауытов Ж. Педагогическое руководство (учебное пособие), Оренбург. 1924. «Психология» Алматы. 1995.
3.Қалиев С. Қазақ халқының салт-дәстүрі.- Алматы. 1991.
4.Табылды Ә. Ұстаз тәлімі- Алматы: «Білім», 2006.- 248 бет.
5.Толеубекова Р. Адамгершілік тәрбиесі туралы. Алматы, 1994