Қазiргi Қазақстан Республикасын алып қарайық. Отаршылық және тоталитарлық мәдени құндылықтардың жалғандығы айқындалды және төл мәдениеттi жаңғырту ниетiндегi заңдi әрi түсiнiктi ұмтылым қалыптаса бастады. Бiрақ азаматтық қоғамның орнына жетi аталық үрдiске, рулық-тайпалық басқару жүйесiне, исламның орнына тәңiршiлiк пен шаманизмге қатып келу, дүниежүзiлiк тарихты шежiрешiлдiкпен ауыстыру ж.т.б. осы архаизмнiң көрiнiстерi жатады. Мысал келтiрейiк. Әрине «жетi атасын бiлмейтiн ұл жетесiз». Бiрақ қазiргi ақпараттық әлемде, экрандық мәдениетте, өркениеттердiң тоғысу заманында бұл мәселе тәрбиелiк-жадылық мағынаға ие болып, басқа өркениеттiлiк құндылықтарға орнын бередi.
Қазiргi кезде өркениеттi елдерде мәдени тұтастанудың төмендегiдей жүйесi қалыптасқан: адам-отбасы-мәдени шағын топ-этномәдениет-үлкен өркениет-адамзат. Бұл жерде формалдық логикадағы ұғымның манмұны мен көлемнiң керi қатынасы заңды әрекет етедi. Яғни, ең мағыналы мәдени тұға дам болып табылады
Қазақстан өзiнiң геомәдени кеңiстiгi бойынша конфуцийлiк және православиелiк өркениеттердiң ортасында орналасқан. Алайда ТМД-ның кейбiр мемлекеттерiмен салыстырғанда, Қазақстанда қоғамдық-саяси тұрақтылық пен келiсушiлiктiң мығым екендiгi белгiлi.
Мұны көптеген факторлармен түсiндiруге болады. Олардың арасында мәдени фактордың да алатын орны ерекше. Бiздiң пiкiрiмiзше, қазiргi Қазақстан Республикасының iшкi жағдайын анықтайтын маңызды және аумақты мәдени топқа еуразиялық менталитет өкiлдерi жатады.
Қазақстандағы Ресей ықпалы тек республикадағы үлкен славяндық топтың барлығымен (соңғы деректер бойынша республика халқының саны – 40-42%) ғана емес, қазақ халқының ұзақ жылдары бойы Реседiң қол астында болуына қатысты. Отаршылдықтың қазақ мәдениетiне тигiзген терiс әсерлерi жөнiнде осыған дейiн жеткiлiктi айтылды. Алайда, бiрнеше ғасырлар бойы бiрге өмiр сүрудiң нәтижесiнде қазақ халқының мәдени құрылымында бiраз өзгерiстер болды. Бұл процесс ең алдымен тiлдi қамтыды және орыстiлдi қазақтар (ұйгiрлар, өзбектер, татарлар т.б.) мәселесiн тудырды. Белгiлi елтанушы ғалым М. Тәтiмовтың деректерiне сүйенсек, 1992 жылы қазақтардың 25%, яғни төрттен бiрi өз ана тiлiнде үй-iшiнде сөйлесуден қалған. Жеке қалаларда бұл процент тым жоғары: Алматыда-85% , Қостанайда-75%, Қарағандыда-80%; салыстыру үшiн басқа тенденцияны алайық: орыстiлдi қазақтар халықтың Қызылорда облысында 3,5%, Атырауда-4%, Жамбылда-6,5%, Семейде-12,5% құрастырады. Тұжырымдап айтар болсақ, қазақтар арасында шешушi демогорафиялық фактор – тiлдiк ортаны тiкелей ықпалмен өз ана тiлiн жоғалту ендi ғана тоқталып, өз ана тiлiне үрдiсi жаңа ғана күщ ала бастады.
Республикада адамгершiлiк мәдениетiн дамыту бағытында аз iстер iстелiп жаиқан жоқ. Бұл ретте жас қауымды халықтың дәстүрлiк адамегершiлiк нормаларына, принциптерiне, ережелерiне үйлесiмдi тәрбилеумен қатар, қазiiргi заман талаптарына сәйкес өркениеттi елдерде басты назар аударылатын этикет (әдептiлiк) ережелерiн де бiлуге және күнделiктi өмiрде орындаға құмату қажет.
Адамгершiлiк мәдениетiн қалыптартырғанда әдептiң құқықпен жақын екендiгiн, қоғамда тәртәп пен заңдылықты реттейтiндiгiн естен шығармаған жөн. Келеңсiз көрiнiс рушылдыққа қайтып келек, оның коррупция, таныстық, енжарлық, өктемдiкпен байланысты екендiгiн байқауға болады.