Дидактикалық бірліктерді ірілендіру– математикалық білім беру технологиясы

Қазіргі кездегі математикалық білім баланың интеллектісін, дербес ойлауын дамытуға бағытталған. Бұл салада, біз сөз еткелі отырған технологияның алар орны ерекше.

Дидактикалық бірліктерді ірілендіру деп аталатын математикалык білім технологиясы 1964-1996 жылдар арасында академик П. М. Эрдинеетің жетекшілігімен жүргізілген теориялық және тәжірибелік ізденістердің, практикалык, жұмыстың иәтижесінде өмірге келді.

П. М. Эрдниев «дидактикалық бірліктер» деген ұғымды осыдан 20 жыл бұрын енгізген.

 Автор оқу материалынан кіші көлемде берілетін ақпаратты алып тастамай, тек олардың құрылымын өзгертіп, ірілендіріп беруді ұсынады. Бұл жағдайда материал терең меңгеріліп, ойлауға, дамуға өріс ашылады.

Академиктер В. Журавлев, А. Маркушсвич т.б. бұл технологияның тиімділігін атап өтіп, «ғасыр идеясы» деп таныған.

Жоғарыда аталған ғалымдардың ой-пікірлерімен келісе отырып, оқушының ақыл-ойының дамуы, математикалық ой-өрісінің кеңеюі, танымдық қабілеттерінің дамуы дәл осы әдістемені қолдану барысында жеделдейтіндігін өмір көрсетіп отыр деуге болады.

Оқушының білімінін сапасына әсер ететін факторлардың бірі оқулық болса, ондағы жаттығулардың мәні, мағынасы, мүмкіндіктерінің ролі зор.

Бүгінде ДБІ жаңашылдық технология ретінде әр-түрлі аймақтарда кеңінен қолданылуда.

 Мысалы: Калмыкия республикасының барлық мектептерінің, Екатеринбург, Самара, Хабаровск, Братек т.б. қалардың тәжірибесіне енген.

Республикамызда 1997 жылдан бері енгізіліп жатқан професеор Т. Қ. Оспаноетың жетекшілігімен жазылған «Математика» оқулықтары осы теорияга негізделген.

 Сондықтан оқушының жеке басын дамытуға бағытталған бұл әдістемемен бүкіл бастауыш мектеп мұғалімдері жұмыс істеуде деп толық айтуға мүмкіндік бар. ДБІ әдістемесін жүзеге асырудың басты қағидалары төмендегідей:

  1. Қарама-қарсы ұғымдарды, әрі өзара байланысты операцияларды қатар оқыту.
  2. Түра есепке кері есеп ойлап табу, шығаруды кеңінен қолдану.
  3. Деформацяланған жаттығуларды пайдалану.
  4. Өз бетінше, шығармашылыққа берілетін тапсырмалардың үлес салмағының артуы.

Осы қағидалардың әрқайсысына жеке тоқталып, олардың оқушыны ойлауға үйрететін мүмкіндіктерін аша түсейік.

Оқыту практикасы «қосу мен азайту», «кобейту мен бөлу» бұрынғыдай төрт бөлек тақырып етіліп өтілмей қатар ұсынылудың тиімділігін көрсетіп отыр.

Біріншіден бұл арқылы оқу уақыты 20% дейін үнемделеді. Ал үнемделген уақыт білімді тереңдетуге өте қажет. Екіншіден ойлау операциялары арқылы баланың дамуы жеделдейді.

Оқытудың гумандық, ізгіліктілік принциптерінс сәйкес оқушы мен мұғалім арасында жаңаша қарым-қатынас қалыптасады.

Мысалы:

Түріндегі төрт аралық операцияны пайымдау арқылы шешу, ойлау әрскетінің ішкі потенциалды резеритерін ашуға көмектеседі. П.К.Анохин тұжырымдамаларымен айтсақ, табиғаттың айнымас зандылықтарының бірі «кері байланыс» заңының іске қосылуымен тиімді.

ДБІ технологиясының басты ерекшеліктерінің бірі кері есептерді шығару «кері есеп» ұғымы ғылымға өзіміз жоғарыда айтып өткен академик П.К. Анохин енгізген кері байланыс (афферентация) деген психологиялық ұғыммен байланысты.

Кері  есептерді шығару, түра есепті кері есепке айналдыру арқылы баланың белеенділігі, қызығушылығы артады, шығармашылық дербестік пайда болады.

Математикалық әдебиеттерден мынадай ережені көп кездестіруге болады. «Математикадағы басты нәрсе — ұғымдарды ой елегінен қайта өткізе білу». Кез келген түра есепті кері есепке айналдыруда бір сан екі рольде болады.

Біріншіде екі санның қосындысы, кебейтіндісі түрінде болса, екінші жағдайда айырма не бөлінді, қызметін атқарады.

 Жаңа буын оқулыққа бес түрлі: қосындыңы табуға, қалдықты, бірнеше бірлікке артық, не кен санды табуға, айырмалық салыстыруға берілетін есептердің кейбіріне кері болып табылатын есеп ретінде белгісіз қосылғышты, азайғышты, азайтқышты табуға байланысты есептер 1-сыныптан бастап-ақ енген.

«Кері есеп» ұғымы алғаш көрнекіліктер арқылы түсіндірілуі тиімді. Мысалы: столға 5 кітап қойып, оның жаныңа портфельді орналастырған соң, мына есеп айтылады.

Столда 5 кітап бар, ал портфелъдегі кітаптардың 3-уі артық. Портфельде қанша кітап бар?

Бұдан соң: не белгілі, не белгісіз, артық па кен бе екенін анықтауға арналған сұрақтар беріліп, жауаптар алынады.

Есеп шығарылады. Кері есепке көшер алдыңда, столдағы кітаптарды алып тастап, балалар, портфельде 8 кітап бар, ал столдагы кітаптың одан 3-уі кен. Столда неше кітап бар? Есеп шығарылған соң, алдыңғы есепте не белгілі болды, нені таптық, ал соңғыда ше? деген сұрақтарға жауаптар алынады.

Белгісізді бірінші жағдайда қандай амалмен тапқанымызды анықтаймыз. Содан кейін ғана «кері есеп» ұғымы енгізіледі.

Осы типтердегі есептерді көрнекіліктер арқылы шешуді меңгерген кезде төмендегідей абетрактылы есептерге көшуге болады.

Білім беру  технологиясында жаңа бағдар- витагендік оқыту әдісі тілдерді меңгеруге  айтарлықтай пайда келтіретіндігін  өз тәжірибемізде сынап көрдік.

Оқытудың бұл технологиясын Ресейдің педагогика ғылымдарының  академиясының  академигі, ғылымға еңбегі сіңген қайраткер А.С.Белкин ұсынған болатын.

Оқытудың бұ теориясы —  мұғалім мен оқушының шын мәнінде  ырнтымақтасып,нақты нәтижеге жетуге болатындығын көрсеткен еді.

Оқыту үрдісінде витагендік  әдісті жүзеге асыру  голографиялық  тәсіл негізінде өмірге байланысты жүргізілсе оның танымдық қызығушылықты  жетілдіруге ерекше ықпал  ететіндігін тілдерді оқыту  тәжірибесінен әр жақты байқауға болады.

Бұл жердегі голография   деп отырғанымыз-ұғым түсініктегі  әржақтылық, былайша  айтқанда,  оқушы кемінде үш ұғымды  тоғыстыра алуға машықтануы тиіс екендігінде,  білім алудағы негізгі ұғым  түсініктерді өздігінен ойлаумен жалғастырып, өзінше іздену мен пайымдауға  қол жеткізетін, соған ынталандыратын жол-жосық. Витагендік әдіс, яғни ынтымақтасудың нәтижесі білімдік таным-түсінікті өздігінен ізденіп, өздігінен ой топшылайтын пайымдауға  әкелетіндіктен  тілдерді оқытуға былайша  жүзеге асырылды.

Сыныпта оқитын оқушыларды  қай тілге жетіктігіне  қарай топтастырып  және өздерімен кеңес берілген тапсырманы орындау жөнінде түсінік берілді .

Содан кейін компьюерде  көбейтілген тапсырманы  әрбір оқушыға үлестіріп бердік. Екі тілде көрсетілген  сөйлемді өзі жетік біледі деп саналған тілге аударып, нұсқада көретілген  ақ жерге толтыруды тапсырдық.

 Жұмыс нәтижелі болу үшін  алдымен блек қағазға жазып,  бір тоқтамға келгеннен кейін  көрсетілген үлгіге көшіру керектігі айтылды. Тапсырманы орындау барысында  бір-біріне бөгет жасамау  және жұмыс аяқталғаннан кейін  тиісті топ бойынша талқылау болтындығы ескертілді .

Оқыған кітаптарын естіген мағұлматтарын ой елегінен  өткізіп сарапқа салады.

Адамның құндылықтарды білмеуі ақпараттың жеткіліксіздігінен және оған мән бермеуден туатындығына  тұлғаның көзі  жетіп, ізденіс үстінде мәселеге саналы қарауды мойындай түседі. Бұл білім алу үрдісіндегі  қозғаушы күш болып табылады. 

Тапсырманы орындау барысындағы  оқушының ойлау белсенділігі, яғни өзі білетін және  нақты түсініп отырған мағұлматты  келесі тілде дұрыс жеткізуге  деген ынтасын арттыра түседі.

Дәлірек айтсақ, көрсетіліп отырған тапсырманы  орындауда оқушы білімділік, зерттеушілік,  рухани,  өзінше іздену,  әлеуметті пайымдау жасауға жаттығады.

Іс-әрекет қызығушылығын дамытады.

Жинақтай айтсақ, тұлғаның ұғым түсінігі, танымы тиісті дәрежеде өзіндік  іс-әрекетке айналып, оны өз өмірінде пайдалана білуге жол ашады.  Оқушының қол жеткен нәтижесі  оларды қуанышқа бөлейтіні рас.

Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы  оқушының білімдік мағұлматтарды  жинақтап тек біле берумен  шектелу емес ,  білгенін өмірде пайдаланып тұтына  алуға және оның әлеуметтік , негіздерін  өмірде қолдана алуға машықтану, сонымен қатар  оны өзіндік тұрғыдан ілгері жетілдіріп, алға қарай  дамытуға үйрететіндігін  тұлға тікелей атқарған  еңбегі нәтижесінде байқап, оны дағдысына сіңіреді.

Келесі бір ерекшелік – сыныптас оқушылар бір-бірінің  жетістігінен өнеге алып, өзімде сол дәрежеге жетсем деген  түсініктің орнығуына ықпал етеді.

Танымдық тағылымның оқу үрдісінде  және болашақ өмірінде тиімді  болатындығына көзін жеткізді.

Тағылымдық мазмұн оқушының  білімдік, тәлім-тәрбиелік  қызығушылықарын арттырады,  әрекетке ұмтылдырады.

Өзі үшін  атқарған іс-әрекетінің  қоршаған ортасы үшін, қоғам үшін қандайлық мәні  болатындығын саналы түрде ұғынады.

Өзі атқарған ісіне суггестиялық мәнде  қарап, біле түсуге  деген сенімі , ланымы жетіле түседі .

Ретті  қолдана білсек витагагендік оқыту теориясы  тілдерді меңгерудегі  танымдық ойға тіреніш  болумен қатар  оқушының өздігінен  әрекеттенуіне бағдар  беріп, қиялын дамытып, шығармашылық белсенділігін  кеңейте түсуге жол ашады.

 Мектептерде жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей , оқушының  білім алудағы әрекеті мен  өмір тәжірибесінің заңдылықтарына  негізделсе-тұлғаның  меңгерген білігі , қабілет деңгейіне  қарай алған ақпараттық  танымдағы құндылықтарыд қабылдап және оны білімділік мақсатына байланысты жүзеге асыруға  болатындығын көрсетті.

Танымдық  қызығушылықтың тиімділігі- мұғалімнің  диагностикалық  міндетті дәлді белгілей    білуен де шарттас.Өйткені витагендік әдіс нақты деректің  өірмен ұштасып, білімдік   құндылықтармен үйлесіп,  олардың байланысын,  айырымын салыстырып , сараптаудағы ынтымақтастықты тілейді.

Себебі диагностика  оқушының дербес ерекшелігін , сыныпқа тән негізігі ерекшеліктеріне  мән беруді айқындайыд.

Дәлірек айтқанда, қойылған міндетті  шешуде оқушының нақты шамасын , жас ерекшелігін, білімділік деңгейі мен  мүмкіндігін есепке алады. Бұл танымдық қызығушылықты  қалыптастырудағы шешуші айғақтың бірі.

Ақыл мен ақиқатты  табу танымдық түсінікке де байланысты.

 Егер оқушы бір ғана деректің  аясында шектеліп қалса , ойлау деңгейі тарылып , мәселені жан-жақты ұғына алмайды.

Сондықтанда голографиялық әдіс, былайша айтқанда, бірнеше деректі , кемінде үш болмысты  салыстыра қарау ақиқатты  терең де дұрыс тануға мүмкіндік береді.

Витагендік оқыту тәжірибесі  голографиялық жүйеде  құру тілдерінің танымдық  негізін өрістетумен  қатар оқушының шығармашылық ізденісін өркендетіп  және оның күнделікті  өмір талаптарына  үйлесімді жетілуін  қамтамасыз ететін сенімді жол екенін көрсетті.

Оқушыларды өнімді еңбекке үйретіп , өзінше әрекеттене білуге  қалыптасытру-  қазіргі мектеп жөніндегі  реформалар жүргізу жөніндегі  басты бағдарламаларының бірі.

Оқушылардың өз мүмкіндіктеріне  үйлесімді еңбек дағдыларын меңгеріп,  белсенділік көрсете білуге баулу-тек қайталаушылықты қолданып , өзіндік ізденістерін сырттатып  жіберетін әдеттерден арылудың  тиімді жолы.

Білім, тәрбие  беру барысындағы іс-әрекетте  оқушының тиісті сұрақтың   жауабын ұстазымен бірге  іздестіруі,немесе өзінше әрекеттеніп , оның ойлау мәдениетін жетілдірумен қатар самарқаулықтан, селқостықтан және рухани жұтаңдықтан айықтырудағы қолайлы тәсіл.

 Оқулықтағы тиісті деректі ойланбастан, қайталап айтып беруді місе тұтпай , ондағы ақпаратты өзінше ойлануға дағдыландыру  оларды ой белсенділігіне  әкеліп , түрлі қиындықтарды жеіңп  күрделі мәселелерді  шешуге орай батыл пікірлер  ұсынуға ынталандырады.

         Сондықтан да  оқыту үрдісін  жобалағанда шәкірттің  мүмкіндіктері мен мүдделерін  бірлікте қарастыру шарт.

 Өйткені әрбір тұлға өзінше   ойлағысы келетіні жастық   жалынымен бұла күші ізденіске бейім болатындығы ақиқат шындық екенін  педагогтар мен психологтар  ежелден бері-ақ дәлелдеген.

Олай болса , әрбір тұлғаның бойында  бар шығармашылық қабілетін оятып ,  оларды өзіндік тұрғыда  ойланып әрекеттен білуге  баулу оқудағы белсенділікті көтерудегі тиімділікті арттырып , оның жетіле үсуіне  игі ықпал етеді.

Ал оқушының ізденіс барысындағы  табысы оларды қуанышқа бөлеп ілгері ұмтыла түсуіне , кездескен кедергілерді  жеңіп күрделі қиындықтардан  құтылудың тиімді жолын табуға үйренеді.

Ой еңбегі  саласындағы белсенділік  табысқа жетудің  кілті екендігін мойындап, уақыт талабы тұрғысынан  әрекеттену және оған машықтану дағдысы өркендейді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *