Антика дәуірінің мәдениеті

 

Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше.»Антик- (көне,ежелгі)»деген үгым.Кайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген,бул терминді итальян ойшыл-гуманистерігрек-рим мәдениетіне байланысты колданған.Бул атаудың түп-төркіні «ежелгі»,көне,кадым заман мағынасын беретін антиквус деген латьтн сөзінен шыккан.Көне мемлекеттердің мол ,мәдени мурасы Еуропаның барлык халыктары өнерінің,көркем әдебиетінің,философиясының,театрының және кукыктык көзкарастарының калыптасуына елеулі ыкпал жасады.өмір шындығын накты бейнлеп,көркемділік пен карапайымдылык,шыншылдык пен шеберлік касиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің,мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңкты мәдени туындылары-көне заман тарихы туралы уғымымызды кенейтіп кана коймай,мәдениеттің аскак үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр. «Көне, кадым заман» мәдениетінің негізін калаушылар ежелгі гректер екендігін ешкім жокка шығара алмайды.Олар өздерін «Эллиндер»;ал өз елдерін «Эллада»деп атаған.Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан бурынғы бір мың жылдыктың алғашкы ғасырларында калыптаса бастаған. Оның он бес ғасырдай уакытын камтитын узак ғумыры біздің заманымыздың 5-ғасырда Рим империясьшың кулауымен аякталды. Мәдениет тарихының кай кезеңін алсак та, ол өзінің баға жетпес мәдени кундылыктарымен ерекшеленеді.Сондыктан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі Грекияның әдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның барлык елдерінің акындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына саркылмас шалкар шабыт берді.Шындығын айтсак, біздің дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңкаларлык мәдени казынасы мен ушкыр акыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мундай акыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметтік өмірдің барлык салаларында – поэзияда, саясатта, ғылымда, кукыкта, кескіндеме, сәулет, мүсін және т.б. өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Көне мәдениеттің жаркын беттері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сиякты улылар есімімен тығыз байланысты болды. Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені,оның бастауында б.з.д. 3-2 мың жылдыктарда Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарын мекендеген тайпалардың өркениеті жатыр.»Эгей»өркениеті мәдениеттің кайнар булағы болды, міне сондыктан да грек халкының ежелгі мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабактас.Б.з.д. 2-мыңжылдыкта Эгей мәдениетінің аса маңызды орталыктары Крит аралы мен Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандыктан да Эгей өркениетін Крит-Микены мәдениеті деп атайтын болған. Грек аңыздарына карағанда Крит-улы жебеуші,найзағай тәңірі Зевстің туған жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты кудайы Зевс бука бейнесіне еніп, Финикия патшайымы, аскан сулу Еуропаны алып келеді, ал одан аралдың болашак билеушісі Минос туған.Атакты Геракл өз ерліктерінің бірін дәл осы Крит аралында жасаған,кутырған букага бас үйреткен.Гомер де өз дастандарында бул арал калаларыньщ бай екендігін мадактай көрсетеді.Ал шындыкка белгісіз кейбір аңыздарда Зевс Еуропаның баласы Минос ел билеуші патшалардың ішіндегі ең әділеттісі болыпты-мыс дейтін деректер бар. Алайда Критті осындай есімді патша тек мифологиялык шығармаларда ғана емес,грек тарихшыларының еңбектерінде кездесетінін естен шығаруға тағы да болмайды.Крит жайында египеттік текстерде де кейбір деректер ара-тура кездесіп калады.

Ежелгі Грекия мәдениетінің келесі кезеңі улы Гомердің атымен-Гомер кезеңі деп аталады.Олай деп аталатын себебі, бул дәуір жайындағы басты деректердің негізгі көзі-б.з.д. 7ғ. Туған «Иллиада» мен «Одиссея» дастандары. Сокыр жыршы Гомер, Платонның айтуынша, букіл грек елінің тәрбиешісі болды, өйткені, өзінің букіл тарихында ежелгі Эллин туындылары осы дастандардан нәр алған. Шындығында да Гомер дастандарының кудыреттілігі де осы бір улы адамның дәуір тынысын терең сезінгендігінде болса керек. Грек дастандарының ішінде, әсіресе Гомер эпосы халык аңыздарының негізінде жуйелі түрде баяндалады. Жалпы грек поэзиясына халыктың киялынан шыккан бейнелерге жан – жакты касиеттер мен белгілер берілгендіктен болар, оны кейінгі заманда суретшілер мен мүсіншілер өз туындыларында кеңінен пайдаланды. Ежелгі Элладаның ең улы мүсіншісі Фидийдің «Иллиаданы» окығанда, «адамдар маған екі есе үлкен көрінеді» деген сөзінің астарында терең мағына жаткан сиякты. Гомерлік кезеңнің 9-8 ғасырда рультк курылыстың орнына біртіндеп таптык коғам калыптаса бастады.Бай зираттардан табылған мол дүниелер де грек дүниесінде әлеуметтік теңсіздіктің үстемдік еткендігін дәлелдейді. Жаңа кулиеленушілік карым-катынастардың дуниеге келуіне байланысты –грек мифологиясы да жүйелі түрде калыптаса бастады.Грек халкы да өзін коршаған табиғаттың тылсым кубылыстарының купиясын танып-білуге талпыныс жасады, кауіп-катерлермен өз мүмкіндігінше куресе білді.Бул өмір ушін болатын табанды да,табысты курес болатын.Олай болса «курес бар жерде өлім бар,курес бар жерде жеңіс бар» деген өмірлік кағиданы умытпаған жөн сиякты. « Адам-бар дуниенің өлшемі»деп грек философы Протогор тегіннен-тегін айтпаған болар.Сондыктан да табиғаттың катерлі куштерін жеңуде адамға тән касиеттің бәрі бар,бірак адамнан да гөрі кудыретті кудайлар бейнелерінің көптеп берілуі-грек мифологиясына тән касиет болып саналады. Ол бойынша:мына жарык дуниені Олимп тауы шыңын мекендеген мәңгілік кудайлар билейді.Гректердің түсінігінде кудайлардың кудайы-Зевс бастаған даналар тобы,олар әбден жетілген,керемет адамдар сиякты.Кудайлар бейнесінің адамға жакындатылғаны соншалык,олардың бойынан тек адамға ғана тән касиеттерді молынан табуға болады.Грекия топырағында кудайлар мен халык кахармандары жайында талай тамаша хикаялар өмірге келді.Миф деп аталатын халыктын ауызекі шығармашылығының осы бір түрінде,сонау көне заман жөніндегі естеліктер мен акындык киялдың өзара уштасып жаткандығын аңғаруға болады. Грек акындары, философтары, тарихшылары, мүсіншілері мен суретшілері Миф уакиғалары мен олардағы басты кейіпкерді өз шығармаларына аркау ете отырып заман ағымына және онда калыптаскан көз карастарға сәйкес жаңа түр беріп отырды…

Бул кезеңнің мүсін өнеріне тән нәрсе- кудайларга сыйға тартуға арнайы жасалынған кыш немесе кола мүсіншілер. Демек, б.з.д. 1-мың жылдыктың алғашкы ғасырларында өнер саласында көркемдік кәсіп- керамика жетекші орын алды. Калай болғанда да гомерліктер жасаған өнер туындылары аркылы кауымдык курылыс мәдениетінен таптык коғамға өту кезеңіндегі өмір шындығын бейнелеудегі алғашкы талпыныстармен катар, сол кездегі адамдардың дүние танымынан мағлумат береді. Гомер дәуірінде жазу болған жок, гректің жазба ескерткіштері негізінен «архаикалык» кезенде туындаған. Бірак алфавиттік жазудың алғашкы нышандары осы кездің өзінде – ак байкала бастаған. Негізінен, Гомер дәуірінде мәдениет кулдырау, токырау кезеңін басынан кешіргенімен де, дәл осы туста грек коғамының дамуына, мәдениеттің гүлденуіне колайлы алғышарттар жасалғандығын естен шығармауымыз керек.  

Грекия мәдениетінің архаикалык кезеңі б.з.д.8-6 ғ.аралығын камтиды. Бул кезең гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді меңгеру улы отаршылдык кезеңі,бул-кулиеленушілік курылыстың кірігу кезеңі,грек мемлекет-калаларының өзара саяси окиғаларға толы түбегейлі терең өзгерістер кезеңі.

Дәуір басында-ак ,әсіресе материалдык мәдениет каулап дами бастады.Жолдар тарылып, көпірлер турғызылды,калаларда су кубырлары салынды,темір кару –жарактар   кеңінен колданыла бастады,металлургия мен куйма тәсілі одан әрі жетіле түсті.Турмыска кажетті буйымдарды шығаруды улғайтудың аркасында жалпыц гректік рыноктар пайда болды,туңғыш рет теңге сомдалып,сауда айналымында кеңінен колданыла бастады.Крит-Микент мәдениетінің күйреуі нәтижесінде тығырыкка тірелген грек әлемі томаға-туйыктан арылып, баска халыктармен байланыстарының арнасын кеңейте түсті. Шындығында да, гректер көршілес жаткан халыктардан көп нәрселер үйренді. Мысалы, олар мидиялыктардан теңге-акшалар соғуды,финикиялыктардан алфавиттік жазуды мура етті.Кала турғындары арасынан шыккан байыған кулиеленушілерді «жаңа байлар» деп атады. Ру басшыларының зорлык-зомбылығына шыдамаған шаруалар калаларға карай ағыла бастады. Шаруалар сиякты кедейленген әлеуметтік топтардан «демос» (халык) калыптасты. Демостың экономикалык және саяси жағынан билеп-төстеген аксүйектерге карсы күресі бір толастамады. Осындай таптык тартыстардың өрлеуі, жердің жетіспеуі және кала турғындарының шектен тыс көбеюі б.з.д. 8-6 ғ. Етек алған «улы отаршылдыктың» белең алуына тікелей себепкер болды. Оңтүстік Франция мен Испанияда, Сицилия мен Апекин түбегі жағалауларында, Ніл сағасы мен Кара теңіз жағалауында 150-дей грек кала-отарлары пайда болды. Осы бір жағдайды улы Платон «гректер» Жерорта теңізі төңірегін батпакка жиналған коршап алды» деп тамаша бейнелеп айткан.

Ежелгі Шығыс елдері сиякты,грек дінінде де политеизм тән болып келеді.Грекияда басты кудай,кудайлардың әкесі Зевс болып есептеледі. Оның әйелі Гера аспан кудайы және неке камкоршысы. Зевс өзінің ағайындары Пасейдонға теңіздегі билікті, Аидтка жер асты патшалығын берді. Сулулык пен сүйіспеншілік кудайы Афродита мифтер бойынша теңіз толкынынан жаратылған ол римдік аңыздарда Венера деген атпен белгілі.Венера Медицейская, Венера Таврическая, әсіресе Милос Венерасы және тағы да баска әйгілі мүсіндер Афродитаның даңкын бүкіл дүние жүзіне паш етті. Грек халкының сәулетшілік өнері мен мүсін өнерінің гүлденген дәуіріне грек сурет өнерінің гүлдену туспа-тус келді.Сурет өнері саласындағы тамаша жаңалыктар дәл осы кезеңде ашылған. Солардың бірі- ғасырлар арнасында жоғалып тек екі мың жылдан кейін ғана,яғни Кайта өрлеу кезеңінде ашылған «сәулелі көлеңке»өнері.Ежелгі авторлар бул «өнерді ең алғашкы игерген» Афины Аполлодоры деп санайды. Ол өз палитрасына көмескілікті бірінші болып енгізгендіктен,»Көлеңкені бейнелеуші»деген атак алған. Зғасырда сондай-ак Паррасий мен Тиманфр сиякты суретшілер драмалык көріністерді салып,адам бойындағы терең сезімдерді аскан шеберлікпен бейнелей білген,муның өзі грек өнерінің жаңа дәуірге көшуін білдіреді. Бул кезеңде әдебиет саласында да тамаша туындылар өмірге келді. Солардың ішінде шоктығы биік акын Гелиот болды. Ол жазған «Теогония» (Кудайлардың шығу тегі жөнінде ) және автордың өзінің өмір жолына арнаған. «Еңбектермен күндер» атты дастандары – гректердің көңілінен шыкты. әдебиет саласында басты орынға шыккан лирикалык поэзияның өкілдері адамның ішкі жан- дүниесін жырлауға ерекше назар аударды. Бул жаңа жанрдың көрнекті өкілдері Архилог (Б.З.Д 7 ғасырдың екінші жартысы), Солон (б.з.д 635-559 ж), Алкси (б.з.д 7 ғасырдың аяғы мен 5 ғасырдың 1 жартысы), Анакреонт (б.з.д 570-478 ж) және т.б.әзіндік сипаты бар архаикалык мәдениет дүние жүзілік мәдениетте айрыкша рөл аткарған Эллиада тарихындағы жаңа кезеңге –классикалык гүлдену дәуіріне даңғыл жол ашып берді.

Ежелгі Грекияның тарихындағы бет бурыс кезең болды, әйткені дәл осы уакытан бастап грек мәдениеттінің классикалык кезеңі басталды. Азаттык жолындағы күресте парсылардың талкандалуы ежелгі Грекия мемлекет- калаларының когамдык курылысының артыкшылығын көрсетіп кана коймай, азаматтык сананың артуына, ең бастысы-классикалык кулдык коғамының толык калыптасуына, ал өз кезеңіде полистік демократияның дамуында нәтижесінде экономикалык және саяси өмірдің жанданып, мәдениеттің гүлденуіне әкеліп сокты.б.з.д 5 ғасылдың Афина әсіресе Периклдің (б.з.д 444-429 ж) басшылығы кезінде аса ірі мәдени орталыа айналды. Афинының рухани өмірінде демократиялык курылыстың орнығуы – грек театрының гүлденуімен,трагедиалык және комедиалык шығармалары дүние жүзілік әднбиеттің асыл казынасына енген. Эсхилдің, Софоклдың, Еврипид пен Аристофанның шығармашылыктарымен туспа- тус келді.

Архаикалык дәуірде әдебиет саласында лирикалык жанр үстемдік етсе, ендігі жерде трагедия мен комедия жанрлары баты орынға шыкты. Дә мағынасында трагедия деген сөз-«ешкілер әні» деген мағына береді. Ол – ешкі терісін жамылып, әзіл –оспактык сарында хормен өлен айтудан шыккан.

Грекия тарихындағы узакка созылған канды соғыстар (тарихка Пелопоннесс соғысы – деген атпен кірген Афины теңіздер державасы мен Спарта бастаған Пелопоннесс одағының өзара әскери кактығыстары ) Афинының жеңілісімен және ол баскарған калаларо одағының ыдырауымен аякталды. Соғыс кулиеленушілік коғамның кайшылыктарын одан әрі шиеленістіріп, мемлекет –калалардың дағдарысын тудырды. Уздіксіз саяси және әлеуметтік күрес грек мемлекеттерін әбден титыктатып, б.з.д ғасырдың 2 жартысында олардың жаңа куатты держава Македонияның кол астына өтуімен аякталды. Қоғамда орын алған әртүрлі коғамдык кактығыстар б.з.д 4 ғасыр адамдарының көзкарастарына елеулі өзгерістер енгізді. Коғамдык өмір мәселелері белсене сынаған Аристофон комедияларының орынына өз заманының саяси окиғалары атүсті суреттелетін мән- мағынасыз комедиялары пайда болды. Міне осындай тарихи жағдайда грек мәдениетінің тағы бір кезеңі-токырау кезеңі басталды.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *