Ұстаздың кәсіби құзырлығы

 

  1. Құзырлық, кәсіби құзырлық ұғымына психологиялық түсінік
  2. Кәсіби құзырлықтың компоненттілік мазмұны
  3. «Компотенттілік» ұғымы (қазақша құзырлық) әр түрлі түсіндіріледі. Шетел сөздері түсіндірмелі сөздігінде «компетенттілік» ұғымы қандай да бір мәселені жан-жақты меңгерген адам, франуз тілінде (Competent) – компетентті, құқылы. Ағылшын тілінде қабілеттілік, латын тілінен аударғанда (Competentia) «дегеніме жетемін», «сәйкеспін», «лайықпын» деген, яғни белгілі бір саладағы толық игерілген білім мен жинақталған тәжрибені білдіреді. Адамдағы таным мен тәжрибесі бар аймақ сұрақтарының ауқымы. Белгілі бір аймақтағы компетенттілік – осы аймақ көлеміндегі материалды білім мен қабілеттілікке  сәйкес меңгеру және осы аймақтағы негіздемеге орай өзінің көзқарасын еркін білдіру мен әрекет ету.

         С.И.Ожегов сөздігінде компетенттілік қандай да бір саладан хабардардық, жете білушілік.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде компоненттілік – белгілі бір саланы жетік білуші, өзінің білімі жағынан мәселені шешуге, ол жөнінде пікір айтуға құқы, уәкілдігі бар адам. Сонымен қатар ғылымда кәсіби компетенттілік деген ұғым бар. Бұл ұғымға зерттеуші ғалымдар әр түрлі бағытта өз пікірлерін білдірген.

«Кәсіби компетенттілік – кәсіби педагогикалық әрекетті өзіндік ұйымдастырудың жоғарғы деңгейі»  (Н.Н.Тарасевич).

«Кәсіби компетенттілікті мұғалім меңгерген объективті қажетті білім, іскерлік, психологиялық сапалардың қзара байланысы және олардың процесс пен педагогикалық әрекеттің нәтижесіне әсері ретінде қарастырған» (А.К.Маркова).

«Кәсіби компотенттілік – тапсырманы орындау қабілеті мен әзірлігі» (Бергоун).

«Кәсіби компетенттілік – психологиялық-педагогикалық даярлықтың жоғары деңгейімен ерекшеленетін жеке тұлғаның белгілі сапаларының жиынтығы» (Н.В.Кухарев).

«Кәсіби компетенттілікті үш компонентке бөлінеді: кәсіби – білім берушілік, кәсіби – әрекеттік, кәсіби – жеке тұлғалық» (Н.Н.Лобанова).

«Кәсіби компетенттілік – педагогикалық өзара әрекет процесінде көрінетін біллім, практикалық іскерлік, мінез-құлық арасындағы өзара келісімділік» (М.И.Лукьянова).

«Кәсіби компетенттілік – маманның білім, іскерлік және дағдыларды меңгеруін көрсететін сапаларының жиынтығы» (Л.Ю.Кривцов).

«Кәсіби компетенттілік – кәсіби кәмелеттілік, кәсіби іс-іс әрекетті шығармашылық деңгейде қазіргі сәтте социумда қабылданған нормалар мен стандартқа сәйкес жүзеге асыру» (Педагогикалық әдебиет).

Сонымен кәсіби компетенттілік – ерекше міндетіне және оны жүзеге асыруда қолданылатын барлық білім мен дағдының жиынтығын құрайтын нәтижелі кәсіби іс-әрекетке деген қатынас.

 Кәсіби компетенттілік – мамандық иесіне, мамандыққа, мамандандыруға қойылатын талаптарға және біліктілік стандартына сәйкес маманның дене, психикалық және рухани жағдайының сапасы, қасиеті мен жағдайы.

Жалпы түрде кәсіби компетенттілік – белгілі еңбек фукцияларын өз бетті, жауапкершілікпен және сапалы орындау қабілеттілігі.

  1. Психологияда компетенттілік арнайы, әлеуметтік, тұлғалық, даралық «индивидуалды) кәсіби компитенттіліктен тұратын кешенді білім ретінде қарастырылады.
  • Арнайы

Өзіндік кәсіби әрекет іскерлігі мен дағдыларын ең жоғарғы деңгейде қалыптастыру, өзінің кәсіби дамының перспективасын анықтау қабілеттілігі.

  • Тұлғалық

Өзінің кәсіби деңгейін арттыруда өзін-өзі дамыту және өзін-өзі игеру тәсілдерін меңгеру.

  • Әлеуметтік

Өзіндік кәсіби әрекет іскерлігі мен дағдысын, кәсіби қауыммен байланысты игеру, өзінің кәсіби еңбегінің нәтижесіне әлеуметтік жауапкершілік.

  • Даралық (индивидуалдық)

Өзінің даралық ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі реттеу тәсілдерін таңдап алу мен жүзеге асыру қабілеттілігі.

Арнайы компетенттілік мазмұнын төмендегілер құрайды:

  • Әлеуметтік контексте таңдап алған мамандығының рөлін, орнын, спецификасын түсіну;
  • Таңдап алынған кәсіби әрекеттің шегі туралы білім және басқа мамандықтармен өзара байланысы;
  • Кәсіби сана (кәсіби әрекеттік белгілерін сезіну – пәнін, құралын, еңбек нәтижесін);
  • Кәсіби ойлау (кәсіби міндеттерді қоя және шеше білу қабілеттілігі), кәсіби интуиция;
  • Кәсіби әрекеттің нормасы мен амал-тәсілдерін игеру;
  • Кәсіби әрекеттің түрі мен тәсілдерінің оның нәтижесімен байланыстыру қабілеттілігі;
  • Өзінің кәсіби әрекетін бағалай білу іскерлігі, оны әріптестер әрекеті және көрсеткіштері мен салыстыра білу;
  • Кәсіби өсу, кәсіби шеберлік;
  • Кәсіби әрекетті үнемдеу (еңбек нәтижесіне жетуде күш-жігер мен шығынды минимумға жеткізі);
  • Кәсіби еңбек мәдениетін игеру;

Әлеуметтік компитенттілік мазмұнын төмендегілер құрайды:

  • Өзін кәсіби қауымға енгізу;
  • Кәсіби қарым-қатынас, этикалық норманы игеру;
  • Кәсіби әрекет нәтижесінің адамзаттың игілігіне бағытталуы;
  • Өзінің кәсіби әрекеті салдарына әлеуметтік жауапкершілік;
  • Өзінің кәсіби әрекеті нәтижесін көрсете білу іскерлігі;
  • Мәселені шешуде өз көзқарасының ақиқаттылығын дәлелдей алу іскерлігі;
  • Кешенді кәсіби міндеттерді шешуде әріптестерге кәсіби көмек беру және қабылдау, өзара байланыс жасау іскерлігі («горизонтальды» өзара байланыс);
  • Басшылар және қармағындағылармен іскерлік қатынас орнату, оларды қолдау іскерлігі («вертикальды» өзара байланыс);
  • Басқара алу және басқара білу іскерлігі;
  • Ұжымдажқмыс істей білу іскерлігі (топ айналсып жатқан жалпы міндетті сақтай отырып өзіне берілген тапсырманы орындай білу қабілеттілігі);
  • Басқа адам позициясын көше білу іскерлігі (децентрация, эмпатия);
  • Социумда өзінің кәсіби іс- әрекетіне және оның нәтижесіне деген қызығушылықты тудыра білу іскерлігі;
  • Өзгеріске даяр болу, өзара қарым-қтынас процесінде әрекеттесу іскерлігі;
  • Өзара бәсекелестікке қабілеттілік.

Тұлғалық компитенттілік мазмұнын мыналар құрайды:

  • Кәсіби мотивацияның тұрақтылығы;
  • Позитивті «Мен – концепциясының» болуы;
  • Кәсіби міндеттерді қоя және шеше білудегі өзбетілік;
  • Мінез-құлық еріктілігі, кәсіби әрекет процесінде сыртқы және ішкі кедергілерді жеңе білу қабілеттілігі;
  • Саналы кәсіби шығармашылық;
  • Өз мамандығын саналы түрде байыту;
  • Өзін мамандыққа, мамандықты өзіне бейімдеу;
  • Икемді бейімділік;
  • Кәсіби әрекетті орындау барысындағы жағымды эмоционалды көңіл күйдің басымдылығы;
  • Кәсіби еңбекке қанағаттану;
  • Кәсіби білім мен іскерлікті дербес жітілдіру қабілеттілігі,
  • Өзінің кәсіби іс-әрекетін жоспардау, бақылау, реттеу және түзету қабілеттілігі.

Даралық кәсіби компитенттілік мазмұнын төмендегілер құрайды:

  • Тұтастай кәсіби өзіндік сана;
  • Кәсіби әрекеттің дара стилін құру;
  • Кәсіби қабілеттілігін өздігінен дамыту;
  • Өзін кәсіби деңгейі жоғары маман ретінде қабылдау;
  • Өз бойындағы жетістігі мен кемшілігінің туындау сабептерін іздеу;
  • Кәсіби өзін-өзі анықтау процесінің үнемі тереңдеуі;
  • Өзіндік мотивация, кедергіге тұрақтылық;
  • Өзіндік кәсіби жетілу стратегиясын құру мен жүзеге асыру;
  • Кәсіби деңгейдің жетілуіне сәйкес дараланудың артуы;
  • Кәсіби іс-әрекеттің мотивациялық және әрекеттік аймағындағы келісімділіктің болуы;
  • Кәсіби сауатттылық;
  • Кәсіби тәжірибелерді тірек ету;
  • Қиын жағдаяттарда өзін-өзі қолдау мүмкіндігі, өзін-өзі реттеуінің жоғары деңгйлігі.
  • Психологиялық-педагогикалық компитенттіліктің негізгі компоненттері үш блокта қарастырылады:
  • Психологиялық-педагогикалық білімділік – жалпы кәсіби деп аталатын білім.
  • Дифференциалды-психологиялық, демек оқу материалын балалардың жас және дербес ерекшеліктері сипатына қарай меңгерту ерекшеліктері туралы білім;
  • Әлеуметтік психологиялық – топтық және оның жеке мүшесінің оқу-танымдық және комуникативтік әрекеті ерекшелігі туралы және мұғалімнің білім алушылармен өзара қарым-қатынасы, қарым-қатынас заңдылығы туралы білім;
  • Аутопсихологиялық – ол өз іс-әрекетінің жетістігі мен емшілігі және өз жеке басына тән сапалардың жиынтығы туралы білім.

 

Негізгі ұғымдар: құзырлық-компетентілік, тұлғалық-даралық компетентілік.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Кәсіби құзырлық дегеніміз не?
  2. Кәсіби құзырлыққа сйкестілік дегеніміз не?
  3. Кәсіби құзырлықтың компоненттілік мазмұнына талдау жасаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004
  2. Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002
  3. Маркова А.К. Психология профессионализма. М.,1996.
  4. Маркова А.К.Психология труда  учителя. М.,1993.

Митина  Л.М. Учитель  как личность и профессионал. М.,1994.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *