Сабақты психологиялық талдау педагогтың проективті-рефллексивті іскерліктерінің бірліктері ретінде

 

  1. Сабаққа қойылатын талаптар жүйесі
  2. Сабақты талдау түрлері

 

1.Педагогикалық іс-әрекет түрлі формаларда жүзеге асырылады, солардың ішінде ерекше орынды оқытудың негізгі формасы – сабақ алады.Сабақта мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекеті жүзеге асырылады.

Сабаққа қойылатын талаптар жүйесі:

дидактикалық,тәрбиелеуші,дамытушы,психологиялық,гигиеналық  және сабақ техникасы.

Жалпы талаптардың ішінен,бүгінгі  сабаққа сәйкестендірілген, жоғарғы сапаға жауап беретін мына талаптарды бөліп алуға болады:

  • Ғылымның жаңа жетістіктерін,озық педагогикалық тәжірибені қолдану,оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарын негізге ала отырып сабақ өткізу.
  • Сабақ барысында барлық дидактикалық принциптер мен ережелерді іске асыру.
  • Бүрынғы біліммен байланыстыруда, жаңа білімді меңгеру де оқушылардың икем-қабілетін және қызығушылығын дамытуда, білім сапасын арттыру барысындағы тіректік ұғымдарға сілтеме жасау.
  • Оқушылардың санасын қалыптастыруға әсер етерлік пән аралық байланысты бекіту.
  • Жеке бастың барлық сферасын дамытудағы мотивация мен белсенділігін арттыру.
  • Педагогикалық құралдарды ұтымды қолдану
  • Алған білім мен өндірістік қызметті өмірмен байланыстыра іскерлікті жүзеге асыру
  • Білімін,іскерлігін,қабілетін тәжірибеде қалыптастыру,оны ойлау амалы мен іс-әрекетте тиімді қолдану
  • Оқи алу іскерлігін, білім қорын молайту қажеттілігін сезінуді қалыптастыру
  • Әрбір сабақты диагностикалау,жоспарлау,жобалау және болжай алу.
  • Оқу-тәрбие әрекетінің логикалылығы және эмоционалдығы.

Әрбір сабақ тұтас педагогикалық процестің оқыту,дамыту,тәрбиелеу функцияларын жүзеге асыруға бағытталған.Осыған байланысты сабаққа қойылатын жалпы талаптар дидактикалық,тәрбиелік,дамытушылық сонымен қатар психологиялық,гигиеналық және сабақты ұйымдастыру техникасына қойылатын талаптар болып  бөлінеді.

1.Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:

  • Әр сабақтың оқыту міндеттерін, олардың дамыту,тәрбиелік міндеттерімеен байланысын анықтау;
  • Сабақты тиімді мәліметтермен толықтыру;
  • Танымдық белсенділіктің жаңа технологиясын енгізу;
  • Сабақтың мазмұның оқу бағдарламасындағы талап пен сабақ мақсатына және оқушылардың даярлық деңгейіне байланысты анықтау;
  • Оқытудың түрлі формалары мен әдіс – тәсілдерін тиімді үйлестіру, дұрыс таңдап алу,оқушылардың ғылыми білімді меңгеру деңгейі мен оның жеке кезеңдеріндегі іскерлік пен дағдының қалыптасуын болжау;
  • Сабақтың құрылымына шығармашылықпен қарау;
  • Оқушылардың өзіндік жұмысы мен топтық жұмыстарының үйлесімділігін қамтамасыз ету;
  • Кері және өзара қарым – қатынастарды қамтамасыз ету;
  • Оқу процесін басқару мен бақылау және бағалауды тиімді жүзеге асыру,сабақта дидактикалық принциптерді іске асыру;
  • Оқушыларға нәтижелі оқыту жағдайын жасау;
  • Сабақ өткізудегі іскерлік пен ғылыми дағдыға есеп беру;
  1. Сабаққа қойылатын тәжірибелік талаптар:
  • Оқу материалдарының тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау;
  • Оқытудың мақсаты мен мазмүнына қатысты тәрбиелілік мақсаттарды қоя білу;
  • Оқушыларды жалпы адамгершілік құндылықтардың негізінде төзімділікке,жауапкершілікке,әділдікке,еңбек сүйгіштікке,тазалыққа, көпшілдікке тәрбиелеу;
  • Оқушыларға жауапкершілік пен зеректілікпен қарау педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін сақтау,оқушылармен  ынтымақтастықта болу және олардың жетістігіне көңіл бөлу;

III.Барлық сабақта іске асырылуы тиісті дамытушы талаптар.

  • Оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін,шығармашылық іскерлігін қалыптастыруға бағытталған мотивтерін дамыту;
  • Оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес даму аймағын құру;
  • Оқушылардың саяси – әлеуметтік, интеллектуалдық эмоционалдық  дамуындағы  серпілістерді  болжау және дер кезінде өзгерістерге ыңғайлана білу;
  • Оқушылардың дамуындағы жаңаша өзгерістерге лайықты сабақ өткізу.

IV.Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:

Сабақтың психологиялық құрылымы:

  • Нақты оқу пәні мен нақты сабақты игеруде оқушылардың даму жолдарын жобалау;
  • Тақырып пен нәжижелерін игеруде психологиялық міндеттерді анықтау;
  • Психологиялық – педагогикалық әсер етудің жеке құралдарын  алдын – ала анықтау.

Сабақтағы педагогтың іс-әрекет стилі

  1. Дамыта оқыту принципі бойынша сабақтың мазмұны мен құрылымын анықтау:
  • Дамыта оқыту принципі бойынша сабатың мазмұны мен құрылымын анықтау;
  • Оқушының есте сақтауына,ойлауына түсірілетін қысым;
  • Дайын түрдегі білімді мұғалім сөз арқылы,кітап,қосымша құрал және жеке ізденіс процесінде меңгеру;
  • Оқытушы мен оқушы тарапынан проблемалық – эвристиквлық оқытуды жүзеге асыру;
  • Оқытушының оқушылар әрекетін бақылауы, бағалауы, саралауы, оларға сыни баға беруі.

2.Мұғалімнің өзін – өзі ұйымдастыру ерекшеліктері:

  • Сабаққа даярлық, ең бастысы – психологиялық мақсатты сезіну мен оған жетуге іштей даярлық;
  • Сабақтың басы мен барысындағы әрекеттілік;
  • Педагогикалық такт;
  • Сабақтағы психологиялық климат (хал-ахуал).

3.Оқушылардың  танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру:

Оқушыларда нәтижелі ойлау мен қиялын қамтамасыз ететін жағдайды анықтау:

  • Меңгерілуге тиісті объект пен жағдайларды қабылдауға жолдарын  жоспарлау,оларды тиянақтау;
  • Сендіру, иландару формаларын қолдану;
  • Оқушылардың тұрақты зейіні мен зейінің шашыратпау жағдайын жоспарлау;
  • Есте сақтауды белсендіруде жаңа материалды қабылдауға қажетті әр түрлі жұмыс формаларын қолдану.
  • Жаңа білім мен іскерлікті игеруде оқушылардың ойлау, қиял әрекетін ұйымдастыру:
  • Оқушылардың білім мен іскерліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау;
  • Ұғым, түсіну деңгейлеріне сәйкес  ойлауды дамытуда психологиялық  заңдылықтарға сүйену;
  • Оқушылардың өзбеттілігі мен белсенділігін қамтамасыздандыратын тәсіл, формаларды жоспарлау;
  • Түсіну деңгейін жоғарлатуға және ойлау, ой қортытындысын қалыптастыруға  басшылық;
  • Шығармашылық жұмыстың әр түрін қолдану.
  • Жұмыстың нәтижесін бекіту
  • Жаттығуды орындау барысында дағды қалыптастыру;
  • Бұрынғы меңгерілген іскерлік пен дағдыны жұмыстың жаңа жағдайына бағыттау, механикалық тасымалдаудан сақтандыру.
  • Оқушыларды ұйымдастыру:
  • Оқушылардың сабаққа қатынасы, өздерін – өздері ұйымдастыру және ақыл – ой дамуының деңгейі;
  • Оқу деңгейлері бойынша топ мүмкіндіктері , топ жағдайларын индивидуалдық, топтық, көпшіліктік форманы таңдауда ескеру;
  • Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру;
  • Сабақты оқушылардың дербес және жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарлау;
  • Білімі жоғары және төмен деңгейдегі оқушыларды ескере отырып сабақ өткізу;
  • Күшті және әлсіз оқушыларға дифференциалды қатынас орнату.
  1. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар:
  • Температуралық режим;
  • Ауаның физика – химиялық қасиеті;
  • Жарық мөлшері;
  • Шаршау, қажудың алдын алу;
  • Әрекет түрлерін ауыстыру;
  • Дене шынықтыру уақытын сапалы өткізу;
  • Оқушылардың жұмыс қалпын сақтау ережелері;
  • Сынып жиһаздарының оқушылардың бойына сәйкестігі.
  1. Сабақ өткізу техникасына қойылатын талаптар:
  • Сабақтың эмоционалды түрде, оқушылардың білім алуға, тәрбиеленуге қызығушылығын туғызу. Және білімнің қажеттілігін сезіндіре отырылып сабақтың ұйымдастырылуы;
  • Сабақтың темпі мен ритмінің тиімділігі;
  • Оқытушы мен оқушылар арасындағы толық қатынастың болуының қажеттігі , педагагикалық такт пен педагогикалық оптимизмнің сақталуы;
  • Ізгілік пен шығармашылық еңбек белсенділігі атмосферасының қалыптасуы;
  • Мүмкіндігінше оқушылардың әрекет түрлерін өзгерту, оқудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін орынды қолдану;
  • Оқушылардың бәріне тән мектептің тәртібін, ережесін сақтауды қамтамасыз ету;
  • Оқытушыныңәрбір оқушының бойында белседілікті туындатуы.
  1. сабақты талдауға жеткілікті деңгейде психологиялық, педагогикалық және әдістемелік жұмыстар арналған (Т.Ю.Андрюшенко, Н.Ф:Добрынин,С.В.Иванов,Е.С.Ильинская,И.В.Карпов,Ю.Л.Львова, Л.Т.Охитина,Е.И.пассов және т.б). зерттеушілер сабақ талдауының көп объектілігін, мұғалім тарапынан педагогикалық әрекеттесудің барлық жақтарын,оның субъектілері мен олардың іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін есепке алудың маңыздылығын атап көрсетеді.

Сабақты психологиялық аспетіде  талдаудың көп қырлығы (Н.Ф.Добрынин бойынша):

  • Бұл мұғалімнің психологиялық ерекшеліктері;
  • Оқыту процесінің заңдылықтары;
  • Оқушы тұлғасының ерекшелігі;
  • Жалпы сыныптың психологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтары,
  • Мұғалім мен оқушылардың қарым – қатынас заңдылықтары,психологиялық ерекшеліктері.

Сабақтың сапалы да нәтижелі өтуі,көбінесе, мүғалімнің өзінің және басқалардың жетістіктері мен кемшіліктерін дұрыс  талдай алуына байланысты. Өз жұмысын талдауды  мұғалімнің сабақ өткізе салысымен  және келесі сабақтың алдында, яғни сабақтың конспектісінің негізі дайын болған кезде жүргізуі тиімді.Өйткені сол кезде мұғалім өткен нәтижелеріне  сүйене отырып, келесі сабаққа дайындығы  кезінде жіберген олқылықтарының  барлығының ескерілуін ойластырады.Өзін – өзі бағалау да өткен сабақты талдауға негізделеді,яғни мұғалім жасаған жоспарын  тағы қайтара талдап,сәтсіздіктерінің себебін табуға тырысып, дидактикалық тұрғыдан ұтымды тұстарын қайталауға тырысады. Педагогикалық  іс-әрекет ретінде өзінің мінез-құлқын, күшті және әлсіз жақтарын ұғыну – мұғалімнің пәндік – тұлғалық рефлексия мен  проективті  қабілеттерінің көрінісі  және нәтижесі болып табылады.

Қазіргі сабақты саралаудың негізгі түрлері:

  • Қысқа;
  • Құрылымдық;
  • Аспектілік;
  • Толықтай;
  • Кешенді.

Қысқа саралау – сабақтан кейін өткізіледі және соңғы шешім болып табылмайды.Мабақты бақылай отырып саралаушы болжамдалған мақсат, міндеттерді іске асырылған мақсат – міндеттермен салыстырады.

Құрылымдық саралау —  барлық саралаудың негізі және ол қысқа саралаудан кейін жүреді. Сабақтың құрылымдық элементтерінің жүйелілігінің логикалық бірізділігін анықтап, сабақтың доминатты кезеңдерін бөліп алады.

Аспектілік саралау – аспектілі  саралаудың жүйесі мұғалімді  аттестациялауда, педагогикалық тәжірибелерді жинақтауда,оқытушылармен конфликтілі жағдаяттар  туындағанда ұйымдастырылады.Төменде сабақты саралау жолдарын ашатын сұрауларды (В.С.Кукушин бойынша) ұсынамыз. Осы схема бойынша  кез – келген саралау түрін құруға болады.

Сабақты толық саралаудың мөлшерлік схемасы.

  1. Сабақ мақсатын саралау.
  2. Сабақ мақсатының ақиқатттығы және негізділігіне байланысты:
  • Бағдарлама талабына сәйкестігі;
  • Материал мазмүнына сәйкестігі;
  • Оқушылар білімі мен іскерліктерінің қажетті деңгейі;
  • Тақырып бойынша сабақ жүйесінің ішіндегі сабақтың орны;
  • Сыныптың даярлығы;
  • Мұғалымнің мүмкіндігі;
  • Оқытудың нәтижесін болжау.
  1. Оқушыларға мақсатты жеткізу формалары мен әдістері. Формалар мен әдістердің мақсатқа сәйкестігі.
  2. Мақсатқа жету деңгейі.
  3. Сабақтың құрылымы мен ұйымдастыруын саралау.
  4. Сабақ құрылымының оның мақсаты мен типіне сәйкестігі;
  5. Сабақ кезеңдерінің қисынды жүйелілігі және өзара байланысы;
  6. Сабақ кезеңдеріне байланысты уақытты бөлу;

4.Кабинет жабдықтарын тиімді қолдану;

  1. Мұғалім мен оқушылардың ғылыми еңбегін ұйымдастыру;

6.Сабақтың басы мен соңын ұйымдастыру;

  1. Сабақты ұйымдастырудың оңтайлы жолы;

8.Жоспар , оның деңгейі, орындалуы.

III. Сабақ мазмұныңн саралау. Саралау сұрақтары:

  1. Сабақ мазмұнының мемлекеттік стандарт талабына сәйкестілігі;
  2. Баяндаудың қисындылығы;

3.Материалдың  ғылымилығы;

4.Материалдың түсініктілігі;

  1. Сабақ мазмұнының өмірмен байланысы, материалдың кәсіптік бағытталуы;

6.Тақырып барысында басты идеяларды бөліп алу;

  1. Сабақ мазмұнының оқушылардың қажеттілігі, қызығушылығымен байланысы;

8.Сабақ мазмұны негізінде оқушыларда  өз бетін ойлауды,белсенді оқу әрекетін және танымдық қызығушылықты қалыптастыру.

  1. Сабақты өткізу әдістемесін саралау(мұғалімнің әрекеті).
  2. Оқытудың әдіс, тәсіл, құралдарын таңдау дұрыстығы байланысты:
  • Сабақ тақырыбына;
  • Сынып мүмкіндіктеріне;
  • Мұғалім мүмкіндігіне;
  • Оқу – материалдық базаға.
  1. Сабақта қолданылатын әдіс, тәсілдердің әр түрлілігі.
  2. Оқушыларда жаңа ұғымдардың қалыптасуы (мұғалімнің тақырып бойынша басты жаңа ұғымдарды анықтауы).

4.Таласты тудыратын  білімнің өзектілігі (сабақ тақырыбына байланысты мұғалімнің әр түрлі  көзқарастармен жұмысы).

  1. Жаңа материалды сапалы меңгеру (меңгеру сапасы мұғалім тарапынан қалай анықталады).

6.Оқыту құралдарын қолдану (көрнекілік, техникалық құралдардың оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне байланысты қолдану).

  1. Оқушылардың өзбетті жұмыстарын ұйымдастыру (жаттығу сипаты, өзбетті жұмыс түрлері, күрделілік дәрежесі,инструктаж,т.б).

8.Мұғалімнің педагогикалық техникасы: Сөйлеу темпі, дикциясы, эмоционалдығы,арнайы ұғымдарды дәл қолдану, қарым – қатынасы, оқушыларға әсер ету тәсілдері.

  1. Сабақтағы оқушылардың жүмысын саралау.
  2. Сабақ әрбір кезеңдеріндегі оқушылардың белсенділігі және жұмысқа қабілеттілігі;
  3. Тақырыпқа,сабаққа деген қызығушылық;
  4. Сабақтағы еңбек мәдениеті;

4.Оқушылардың мұғалім талаптарын орындауы;

5.Өзін – өзі бағалау дағдысының қалыптасуы;

  1. Оқушылар білімі мен іскерлік сапалары (тереңдігі, білім қажеттілігін сезінуі басты мәселені бөліп алуы, білімді әр түрлі ситуацияларда қолдана білу).

7.Оқушылардың  өзбетті түрде білімді  меңгеру іскерлігі; ой тұжырымының өзбетті жүзеге асуы;

  1. Жеке бас аралық қарым – қатынас мәдениеті;
  2. Мұғалімнің бағалауына оқушылардың реакциясы.
  3. Үй тапсырмасын саралау.
  4. Үйтапсырмасын тексеру әдістері,тәсілдері.
  5. Үй тапсырмасын берудегі мақсат,себептер.

3.Үй тапсырмасының көлемі(қалай анықталады).

4.Үй  тапсырмасының сипаты (жаттығу, шығармашылық жұмыс, бекіту, дамыту, саралау).

  1. Оқушылардың үй тапсырмасын орындау мүмкіндігі.

6.Сабақ  барысында үй тапсырмасын  орындауға дайындық.

  1. Үй тапсырмасын орындау әдістемесі,инструктаж.
  2. Үй тапсырмасының неліктен берілгендігін білу.Үй тапсырмасының нәтижесі.

VII. Сабақтың санитарлық – гигиеналық жағдайын бағалау.

  1. Сынып тақтасы (формасы, түрі, тазалығы, бормен жүмыс жасау және көрнекіліктерді бекіту жағдайы).
  2. Жиғаздың оқушылар жасына сәйкестігі.
  3. Жарық түсу, бөлменің тазалығы.

4.Оқу аудиториясында оқушылардың денсаулық ерекшеліктерін ескере отырып жайғастыру.

  1. Оқушылардың дене келбеті бойынша жүмыс тәсілдері,әдістері.

6.Ауаны тазарту,дене шынықтыру минуты, релаксация фрагменттері, аутотренинг элементтері.

  1. Нормаға сәйкес көрнекіліктерді қолдану( әріп көлемі, түрі, жазу нақтылығы).
  2. Назар аударуды қажет ететін келеңсіз жағдайлапды шешу.
  3. Еңбекті қорғау ережелері мен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.

VIII. Сабақты психологиялық саралау (мектеп психологиясымен бірлікте).

Сабақты талдаудың психологиялық негіздері.Сабақ ғана  мұғалімнің барлық іс-әрекетін  координациялау мен интеграциялау жүзеге асады, тек сабақта ғана мұғалім білім беру мен тәрбиелеудің талаптарын тұтастай дерлік оқушыға жеткізеді.

Сабақты психологиялық  талдау негізінде оқушылардың  психологиялық дамуын нақты түрде болжауға болады. Сабақты  психологиялық талдау сабақтағы психологиялық аспектілерге  назар аудару  немесе  негативті сипатты байқау емес, сәтсіздіктерін белгілеу, кездейсоқ  және алдын – ала  болжамданған, даярланған жетістіктерді талдау.

Мұндай жетістік  мұғалімнің оқыту мен тәрбиелеудің  психологиялық заңдылықтарын меңгеруіне, өз білімін  сабақ өткізуде  шеберлікпен қолдануына  байланысты.

Охитина Л.Т пікірінше, сабақтағы оқыту мен тәрбиелеудің  тиімділігі сыртқы және ішкі  жағдайға, оқушылардың ерекшеліктеріне  байланысты:

  • Сыртқы жағдайлар
  • Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі;
  • Оқу бағдарламасын, оқулықтарды , оқу құралдарын тиімді қолдану;
  • Оқыту әдістері;
  • Оқытудың техникалық құралдармен жабдықталуы және т.ю.
  • Ішкі жағдай
  • Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру;
  • Оқу материалын еркін меңгеру;
  • Мұғалімнің жұмысқа  деген  шығармашылық көңіл-күйі.
  • Оқушының ерекшеліктері
  • Ақыл – ойының даму деңгейі;
  • Сабаққа (оқуға) қатынасы;
  • Ақыл – ой әрекетін өз бетімен ұйымдастыру;

Саралау сұрақтары:

1.Оқушылардың сабақ барысындағы психологиялық жағдайы (даярлығы, жинақылығы, көңіл – күйі, себептері, эмоциясы).

  1. Зейіннің дамуы, тұрақтылығы, зейінді аудару мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін тәсілдер,ерікті және еріксіз зейіннің байланысы.

3.Есте сақтауды дамыту мен жаттықтыру,есте  сақтау түрі (механикалық, мәндік, ырықты, ырықсыз,қысқа көру есі), есте сақтаудың негізгі принциптерін белсендіру, қабылдау,есте қалдыру,есте сақтау,қайта жаңғырту.

4.Оқушылардың ойлау процесін дамыту: проблемалық ситуация тудыру, ойлау операцияларының параметрін қалыптастырушы

тапсырманы қолдану: салыстыру, анализ, синтез, жинақтау, нақтылау, жүйелеу, абстракция, шығармашылық ойлауды дамытушы жағдай.

5.Материалды бейнелі беру арқылы қиялды дамыту;

6.Материалды саналы қабылдауды ұйымдастыру тәсілдері.

7.Оқыту процесіндегі оқушылар эмоциясы.

  1. Сабақтың ұжымның қатысуына, дамуына әсері.
  2. Мұғалімнің жас ерекшелігі психологясы және сыныппен  психологиялық қатынас туралы білімі. Мұғалімнің оқушылардың ой қозғалысы мен  әрбір оқушының  сезімін бақылауы, педагогикалық  такт.Осылайша, қазіргі уақытта да сабақ оқушылардың мектепте білім алуын ұйымдастыру формасының ең негізгісі болып қала береді. Сабақтың нәтижелігі мұғалімнің дайындық  деңгейіне, оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыра алуына және ол оқу әрекетінің  нәтижесін болжай алуына байланысты.

Мектептегі психологиялық қызметтің  негізгі функциялары мен жұмыс бағыттары.

Психологиялық қызмет – мамандандырылған деңгейде психологиялық көмек көрсету үшін мекемелер мен ұйымдарда құрылған арнайы қызмет жүйесі. Қазіргі мектепте  оқу-тәрбие процесін тиімді жүзеге асыру үшін жеке түлғаның, ұжымның, танымдық процестердің даму заңдылықтарының қалыртасуының теориялық  негіздерін біліп қана  қоймай,сондай-ақ осы процестердің нақты  оқу орны жағдайында,нақты ұжымға және нақты баланың жеке тұлғасына  қатысты шарттары мен ерекшеліктерін  анықтау педагог – психологтардан талап етіледі.

Осы міндеттерді шешуде мектептегі психологиялық қызмет оқу – тәрбие процесіне көмек көрсетуі тиіс.

Мектептегі психологиялық қызмет – экспертиза,кеңес беру және диагностиканың кешенді міндеттерін шешуде психологияны іс-тәжірибеде  қолдану жүйесі болып табылады.

Педагогтар,мектеп әкімшілігі өздерінің потенциалды мүмкіндіктері жөнінде, оқу – тәрбие процесінің психологиялық ресурсы жөнінде нақты түсінік алулары қажет. Фундаментальды білімдерін, ұғымдарын психология ғылымының жеке тұлғаны, ұжымды қалыптастыруға бағытталған психологиялық – педагогикалық әсер ету әдістерін қолдануға жұмсауы тиіс.Мектептегі психологиялық қызметтің функциялары:

  • Психодиагностика (психологиялық мәліметті қабылдап алу);
  • Психокоррекция (психологиялық мәліметті енгізу);
  • Психологиялық ағарту (психологиялық білімдермен таныстыру).
  • Мектептегі психологиялық қызметтің бағыттары:
  • Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу;
  • Сынып жетекшісіне сынып ұжымын қалыптастыруға  көмектесу;
  • Балаларды тәрбиелеу мен оқыту ісінде отбасына психологиялық көмек көрсету;
  • Кәсіби бағыттылық бойынша іс – шараларды жүзеге асыру;
  • Мінез – құлқында ауытқуы бар оқушылармен коррекциялық іс – шаралар ұйымдастыру;
  • Психикалық ауытқуды диагностикалау, сақтандыру, коррекциялау (түзету).

Негізгі ұғымдар: дидактикалық талаптар, диагностика, жобалау, жоспарлау, бағалау, сабақты талдау.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Сабаққа қойылатын дидактикалық, тәрбиелеуші, дамытушы, психологиялық және гигиеналық талаптар қандай?
  2. Сабақты талдау этаптары қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Кукушин В.С. Дидактика. Учебное пособие.М.,2003
  2. Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004
  3. Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *