Психология тарихы-университеттер мен академиялардың психология факультеттерінде оқытылатын психология ғылымының саласы. Бірақ бұл қолданбалы ғылым емес, психологияның ретроспективалық сараптамасы негізінде психологияның заманауи жағдайын түсіндіретін теориялық ғылым. Психология тарихы ертедегілердің психикаға (жанға) деген көзқарасынан бастап ол туралы қазіргі ғылыми түсініктермен аяқтай отырып, оның динамикасындағы ғылымның даму үдерісін қайта құрады.
Психология тарихын зерттеу барысында студенттердің ғылымның уақыт өте даму логикасын меңгеруі маңызды, яғни қандай қоғамдық қажеттіліктер оны туындатты және ол оларды қанағаттандыруға қалай көмектесті. Психология ғылымының тарихы ежелгі заманнан біздің кезімізге дейінгі барысын бақылайды және түсіндіреді, заманауи теориялар мен гипотезаларды тереңірек тануға мүмкіндік береді, оларға тарихи тұрғыдан қарауға үйретеді.
Ғылымның даму тарихы мен логикасын түсіну студенттерге оптимизм сезімін ұғынуға және әдеби дереккөздерден ғана ғылыми психологиялық білімдерді меңгеруде ғана емес, ғылыми психологияның тым болмағанда тар, қолданбалы салаларындағы немесе тәжірибелік психологияның нақты саласындағы өзінің зерттеулерінде жаңа ғылыми немесе тәжірибелік қорытындыларға келу барысында өз мүмкіндіктеріне сенімді болуға көмектеседі.
Сондықтан психология тарихын оқыту студентте қазіргі кезде мәні жоқ «бұрынғы өткенді қопару» туралы пікір қалыптастырмауы керек, керісінше, ғылым тарихына енгізілген негізін қалаушыларсыз шешіле алмайтын қазіргі мәселелер мен теорияларды түсінуге көмектесуі керек.
Осылайша, «ғылыми пікрді түрлендіру заңды жүзеге асады. Әртүрлі психологиялық бағыттармен және мектептермен әсерлендірілетін жеке гипотезалардың, үлгілердің, фактілердің, жалпыламалардың барлық алуантүрлерінде, осы полифония мен көп бояулылықта үнемі дыбысталатын «әуен» көрсетілген. Ол ғылымның бүкіл тарихынан өтеді. Бұл оның даму логикасы. Ол осы дамудың тұрақты құрылымын қамтиды, оның осьі ретінде қызмет етеді» [62,6]. Заманауи психология ғылымын зерттей отырып, адам осы осьтік сызықтан өтуі керек. Және сонда ол жолынан таймайды және соңына дейін жетеді-ғылыми психологиялық ойлауды меңгергенге дейін.
Ресейдегі 1917ж дейінгі отандық, сондай-ақ қатардағы психологтарға аз танымал заманауи жағдайдағы психологияның даму тарихы жоғары назар аударуды және ықыласпен қарауды талап етеді. Кеңес дәуірі кезеңі ғылыми тарихи әдебиетте кейбір айқындамаға ие болды. Ол есімдері барлық оқулықтарда атап өтілген ірі отандық психологтардың істері бойынша белгілі. Кеңес үкіметі кезінде революцияға дейінгі психологиямен студенттерді таныстырмады, ғалымдардың есімдері көбінесе жасырылды. Физиолог И.М.Сеченовтың және И.П.Павловтың психологиялық көзқарастары азды көпті нақтырақ оқытылды, жоғарғы білімі бойынша дәрігер, В.М.Бехтеревпен құрылған Психикалық-неврологиялық аурухананың психология зертханасының жетекшісі психолог А.Ф.Лазуровскийдің есімі аталды. В.М.Бехтеревтің өзінің есімі рефлексологияға байланысты белгілі бола бастады, бірақ отандық психологтардың ары қарайғы зерттеулерінде дамуға ие болған адамды жан-жақты (кешенді) зерттеу туралы В.М.Бехтеревтің идеясы мүлдем аталмады. 20-30 жылдары КСРО жұмысын жалғастырған психологтардың іс-әрекеттері азды көпті белгілі (Г.И.Челпанов, П.П.Блонский, К.Н.Корнилов). Бірақ ресми әдебиетте (цензураланған) отандық психологияның қазанға дейінгі және ерте қазаннан кейінгі даму кезеңінен жақында өткен заманға дейінгі кезеңге дейін нақтырақ сарапталмаған.
Қазір басқаша жағдай, 1917 ж қазаннан кейін отандық психологияның бүкіл тарихын бір нәрсені қалдырмастан зерттеуге мүмкіндік пайда болды. Оны оқу бағдарламасына қосатын кез келді, тым болмағанда ЖОО психология факультетіне арналған дәріс курстарына. Оған қоса осы тақырыпта жарияланымдар пайда бола бастады.
Теориялық, бір уақытта тарихи, психологиялық та болып табылатын психология тарихының ерекшеліктері оқытушыдан оны оқытуда ерекше әдістемелік тәсілді талап етеді. екі теориялық пәнді оқытудың реттілігі айтарлықтай мәнге ие-жалпы психология мен психология тарихы. Кей кездері тарих ертерек оқытылады, кей кездері керісінше, көп жағдайда екеуі қатар жүреді.
Егер психология тарихы дәрістерінде содан кейін қате ретінде меңгерілген көзқарастар жүктелетін болса, бірақ осы мәселенің заманауи көзқарастарын студент әлі білмейтін болса, сол кезде ғылымның дамуының тарихи үдерісінің логикасын адекватты түсінуде айтарлықтай қиындықтар пайда болады. Олар заманауи психологияның категориялды аппаратын меңгерместен, осы күні ашылған психология механизмдерінің қызмет ету заңдарын және көп нәрсені білместен, әртүрлі психологтар мен психологиялық мектептердің бір-бірін алмастырған теориялары мен көзқарастары туралы тарихи ақпаратты сыни қабылдау және олардың ғылым тарихындағы орнын, психологиялық ғылымының алға жылжуына қосқан үлесін бағалауға істі біліп кірісу мүмкіндігінен айырылған. Студенттерге бұрынырақ озық деп саналған қандай да бір теорияның уақыт өте келе ұмытылғандығын және заманауи психологияда ешқандай рөл ойнамайтындығын түсіну қиынға соғады. Олар, мысалы, Декарт пен Сеченовтың рефлекс түсініктерінің түбегейлі айырмашылықтарын көрмейді: И.М.Сеченовтың рефлекторлық теориясындағы жаңалықтың XVII ғасырда Р.Декартпен ашылған, тарихта тіркелген, психологиядағы нағыз революцияны тудырған «рефлекс доғасымен» салыстырғандағы мәні неде. Осындай мысалдарды көп келтіруге болады. Олар заманауи психологиялық көзқарастармен алдын ала таныспастан психология тарихын меңгерудің қиындықтары туралы куәландырады.
Егер тарих жалпы психологиядан кейін немесе тым болмағанда онымен қатар оқытылатын болса, онда берілген қиындық айтарлықтай деңгейде азаяды. Психологиялық ой дамуының тарихи логикасын жақсырақ түсіну үшін студент үнемі жалпы психологияның заманауи теорияларына жүгінуі, өткен дәуір психологтары ұстанған осы немесе басқа да теориялардың, көзқарастардың, тұжырымдамалардың дәрменсіздік себептерін түсінуі керек.
Психология тарихын танудағы басқа бір қиындық баяғыда ұмытылып кеткен және қате немесе тығырыққа тірелген деп танылған ғылыми психологиялық пікірдің кейбір заманауи теориялары мен бағыттары сияқты ертедегі және орта ғасырдағы мүлде аңғырт ғылыми психологиялық пікірді оқудың қажеттілігін түсінбеумен байланысты. Қазіргі заманда жақсырақ бағдарлану және болашақты болжау үшін, және ең бастысы, психология дамуының қоғамдық-тарихи үдерісінің объективті заңдылықтарын шығармашылық меңгеру үшін тарихтың шындығын түсінбеу және бағаламау студентте әрекет уәждемесінің қалыптасуына кедергі келтіреді, өздігінен оқуға қызығушылық тудырмайды, оны оқу бағдарламасын «өтуден», бақылау жұмыстарын оырндаудан және емтихан (сынақ) тапсырудан тұратын қандай да бір ықтиярсыз сабаққа айналдырады.
Студентке өз ойын психология тарихының жалпы психологиямен және де оның нақты салаларымен байланыстарын сараптауға бағыттауға көмектесу үшін күрделі оқу есептері сияқты әдістемелік құралды қолдануға болады. Есептердегі сұрақтар студент психология тарихын оқи отырып, заманауи теорияға жүгінетіндей және керісінше жалпы психологияны немесе психологияның басқа бір заманауи саласын оқи отырып, оның заңдарын ғылым тарихындағы оның пайда болуымен және дамуымен сәйкестендіретіндей етіп құрылады.
Бұл студентке заманауи, өте өзекті психология теорияларын оқудың ғана мәнін емес, ертедегі және жақындағы оның даму тарихын да түсінуге, психикалық түсіндірмеде ғылым тарихында пайда болған және адамзатты алдыға жылжытқан әрбір жаңа идеяның объективті қоғамдық талап етілуін түсінуге көмектеседі.
Психология тарихын оқудың жоғарыда аталып өтілген ерекшеліктері мен оны мңгеру қиындықтары бойынша студенттер бір мағыналы қорытынды жасай алады: студенттердің дәрісті тыңдауынан бастап, өзіндік жұмысымен аяқтай отырып, олардың оқу іс-әрекетін басқару оқытушы үшін арнайы әдістемелік тапсырманы көрсетеді. Тарихи фактілердің уақыт бойынша алшақтығы және оларды тікелей бақылаудың мүмкін болмауы оны зерттейтін субъектке «бір ғана мүмкіндік» қалдырады-ойлау күшімен тарихты түсіну. Осы жерде оқытушы үшін де «бір ғана амал» қалады-студенттерге сәйкес оқу есептерін өздігінен орындауға мүмкіндік бере отырып, студенттің ойлау жұмысын басқару. Дәрістер де фактілерді үстірт сипаттау, кітап мәтіндерін қарапайым мазмұндау мәнерінде емес, күрделі баяндау үлгісінде, талқылау мәнерінде оқытылуы керек. Ал өзіндік жұмыс пен ары қарайғы семинар сабақтарына келетін болсақ, біріншісін де, екіншісін де бағдарламаланған оқыту әдісі көмегімен басқарған дұрыс: студенттерді дәрістерде және ұсынылған әдебиеттерде берілген оқу материалының мазмұны мен логикасында нақты және бір мағынада бағдарлайтын күрделі мәселелер сериясын құрастыру (оқу есептерін). Семинарда өзіндік жұмысқа негіз болған және студенттер бұған дейін ойланған сұрақтардың мазмұнын талқылау бойынша пікірталас орын алуы мүмкін.
Осы жерде психология тарихын оқыту әдістемесі аясындағы оқытушының негізгі жұмысы шамамен келесідей формулада келтірілуі мүмкін: дәрісті күрделі баяндаудан-студенттердің өзіндік жұмыстарын бағдарламалау арқылы-семинар сабақтарындағы шығармашылық пікірталастарға.
Қысқасы, психология тарихы бойынша дәрістер қазіргі жағдайға жеткенге дейін өткен жолды ретроспективті сараптау негізінде қазіргі заман туралы әңгімеге айналдыруға ұмтылуы керек.
Әрине, студенттердің көпшілігіне психология тарихы бойынша біртума шығармалар қол жетімді болмайды және мүмкін, пән бойынша жалғыз білім көзі оқытушының дәрісі болуы мүмкін, сондықтан оның дәрістің сапасына жауапкершілігі өте жоғары. Студент үшін өте жағымсыз жағдайды-оқу бағдарламасы талаптарына жауап беретін әдебиеттің болмауын есептегенде дәрістің қандай талаптарын міндетті түрде сақтау керек?
Біріншіден, дәріс мазмұнын қысқартылған түрде және психология тарихының негізгі кезеңдері мен сатылары логикалық түрде баяндалатындай етіп құрастыруға тырысу керек. Студенттің осы кезеңдерден жоғарыға, ғылымның алға жылжуына әкелетін сатыларды көруі маңызды.
Екіншіден, айтарлықтай ғылыми ашулармен байланысты оқиғалардың тарихи (хоронологиялық) бірізділігін баяндауды алдыңғы ғылыми мәліметтер базасында оларды жетілдіру логикасы және дәл осы тарихи сәтте олардың пайда болуының объективті астары көрінетіндей құрастыру керек. Студенттің оқиғалар хронологиясынан уақыттар байланыстарын ғана емес, белгілі бір логикаға және қоғамдық тәжірибе сұраныстарына бағынатын ғылыми пікірлер қозғалысын байқауы маңызды.
Үшіншіден, психология тарихын логикалық және уақыт байланыстарында ғылымның дамуындағы оқиғалардың белгілі бір реттілігі ретінде баяндай отырып, оқытушыға негізгі түсініктердің (немесе берілген ғылымның шекті кең түсініктері ретіндегі санаттардың) ғылыми мазмұнының өзгерістері туралы ұмытуға болмайды, бірақ терминдер бұрынғыдай сақталуы мүмкін. Осылай, мысалы рефлекс, кейіп, уәж, тұлға, түйсік және т.б. түсініктерін түсіндіруде әртүрлі уақытта әртүрлі мағына берілді. Мүмкін, дәрістердің біреуін осы саладағы соңғы жарияланымдарды пайдала отырып, психология тарихын арнайы ұғымдық сараптауға арнауға тура келеді.
Төртіншіден, оқытушы бір кездері қағида тұрғысында жаңа қорытындыға әкелген ғылымдағы әрбір елеулі оқиғаны берілген мәселеге қатысты заманауи көзқарастарға байланысты көрсете алса өте жақсы болар еді.
Төменде оқытушы таңдап немесе толықтай қолдана алатын бағдаршы сұрақтар тізімі келтіріледі. Біріншіден, дәріске арналған, олар психология тарихындағы жеке кезеңдерді күрделі баяндау үшін әдістемелік материал ретінде қызмет етуі үшін. Екіншіден, теориялық кеңес ретінде оқытушының белгілі бір алдын ала түсініктемесімен оқу есебі ретінде студенттердің өзіндік жұмысына арналған. Үшіншіден, семинар сабақтарындағы пікірталасқа арналған.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
- Адамдар өте ерте ғасырдың өзінде қазіргі уақытта психикалық өмір ретінде белгілі өмір тарапына қызығушылық танытқан, бірақ оны аңғырт түсіндірген. Көбінесе алғашқы қоғамда адамда ғана емес, жануарларда да, өсімдіктерде, заттарда да жан бар екендігі туралы түсінік болған, және де осы жан «денеге» тәуелсіз өмір сүреді деп көрсетілген (анинизм, психикаға деген анимистік көзқарастар: жан мен тән қатар өмір сүреді және бір-біріне тәуелсіз). Неге онда осы көзқарастар мүмкін болды, қандай бақылауларда олар негізделді? Неге олар әлі күнге дейін кейбір заманауи діни нанымдардың міндетті элменттері ретінде тірі?
- Б.з.д. VII-V ғғ натурфилософия өкілдері (Фалес, Анаксимен, Гераклит) анинизмді жеңе отырып, қағидалық түрде жаңа ілім құрды-гилозоизм: жан бүкіл материяда бар (яғни, жани материяның тәуелсіз егізі ретінде көрсетілмеді, ал оның ажырамас бөлігі ретінде көрсетілді- «жанданған материя»).
- Натурфилософтардың гилозоизмі олардың артынан ерген атомисттерге (б.з.д. V-I ғғ. философ-материалисттер:Демокрит, Эпикур, Лукреция) ұнамады. Олар, натурфилософтардың идеясын ары қарай дамыта отырып, жанға «денені тірілтетін» мүше ретінде түсінік берді. Осы мүше жанды басқарады (немесе, басқаша айтқанда ақыл-ойды). Жан мен рух –дене мүшелері және ұсақ шар тәрізді және қозғалмалы атомдардан құралады.Атомисттер іліміндегі психологиялық көзқарастардың озық дамуындағы алға жасалған қадамның мәні неде және сендер неге олай ойлайсыңдар?
- Психикалықты түсіндіру барысында атомисттер бірінші ірі жетістікке қол жеткізді-психикалықтың физикалыққа тәуелділігін, оның анатомиялық-физиологиялық үрдістер (матиериализм) заңына бағынушылығын көрсетті. Олардың іліміне қарама-қайшылық-осы позиция тұрғысынан психикадағы көп нәрсені түсіндірудің мүмкін еместігі (мысалы, абстрактілі ойлау, тұлғаның адамгершілік қасиеттері, мінез-құлықты ерікті реттеу, мақсатты таңдау және т.б.). Түсіндіріңдер, неге атомисттер көзқарасының орнына идеализм келді (Платон, б.д.д. 428-348 жж). Идеализмнің келуі психологиялық түсініктердің дамуының алдыңғы сатыларымен алдын ала анықталғандығын дәлелдеңдер.
- Аристотель жан мен тән қатынасын түсіндіруде қандай жаңа нәрсе енгізді? Аристотель Платонның дуализмін жеңді деп айтуға болады ма?
- «Психикалық ішінде» (Гален, б.з.д. ІІ ғ) білімін саралау бастамасын психологиялық көзқарастардың идеалистік немесе материалистік бағыттарда даму келешегі тұрғысынан қалай бағалайсыңдар?
- Сананың идеалистік түсіндірмесі (Плотин, Августин, б.з. III-V ғғ) және оның психология әдісі ретінде интроспекцияның туындауымен байланысы. Заманауи психологияда психикалық құбылыстарды зерттеу барысында интроспективті әдістер көрінісі бар ма? (Егер байқалса, онда мысал келтіріңдер, егер жоқ болса, онда объективті әдіс ретінде жоқ болуын қалай және не арқылы растайсыңдар?)
- Р.Декардпен(1596-1650) психиканың рефлекторлық табиғатын ашу. Осы ашылымның революциялық сипаты неде? Не нәрседе Декарт бүкіл психикаға өзінің рефлекторлық сызбасын тарата алмай, бұрынғы позицияда қалды?
- Не үшін рефлекс туралы материалистік ілімнің авторы-Декарт материалисттер Гоббс (1588-1679) және Спиноз (1632-1677) тарапынан сынға ұшырады? Декарттың көзқарастарында не нәрсе идеалистік болды?
- Психологиядағы детерминизм қағидасын жақтаудағы және жариялаудағы Гоббс пен Спиноздың еңбегі. Олардың механика заңдарын жан құбылыстарын түсіндіруге таратуын қалай бағалауға болады: психикадағы ғылыми көзқарастардың дамуындағы алға жылжу немесе тежелу (Өз жауаптарыңды негіздеңдер).
- Лейбниц (1646-1716) психикада санасыз түсінігін алға тартты (ұғыну-санасыз қабылдау, апперцепция-саналы) және идеалист бола отырып, бүкіл әлем көптеген жандардан құралған деп санаған. Және дә дәл осы идеалистік позициядан ғылыми психологияға көп жаңа нәрсе енгізді. Материалистерге қарағанда ол нақты не нәрсені және неліктен жақсырақ жасады?
- XVII-XVIII ғғ. ғылымда және өмірде өктемдік еткен рационализм біртіндеп екінші жоспарға ысырыла берді, ал бірінші орынға сенсуализм мен эмпиризм шығады, бұл алдыңғы қатарлы елдерде XVIII ғ. өрістеген индустриялық револяциямен байланысты болды. Осы байланыстың психологияға да қатысты екендігін ескеретін болсаңдар, оны немен түсіндіресіңдер?
- Неге Джон Локкты (1632-1704) эмпирикалық психологияның негізін салушы деп санайды? Эмпирикалық психология деген не және оның дамуына негіз болған Локктың негізгі идеялары қандай? Локктағы дуализм неден көрінді?
- Локктан кейін психологиялық көзқарастардың дамуы екі бағытпен кетті-идеалистік және материалистік, және де екі бағыт өкілдері де Локтың идеясына сүйенді. Материалисттер Гартлидің (1705-1757), Дидроның (1713-1784), Радищевтің (1749-1802) және Дж.Беркли (1685-1753) бастаған идеалисттер көзқарастарында олардың идеяларының Локктың идеясының логикалық жалғасы екендігін көрсетіңдер. Локк ілімінің неге осылай екіге бөлінгендігін түсіндіріңдер.
- Рефлексия туралы Локктық түсінік және оның өзінің бүкіл білімнің тәжірибеден туындайтындығы туралы көзқарасымен қайшылығы. Осы қайшылық немен түсіндіріледі және ол психологияның локктан кейінгі дамуына қалай әсер етті?
- Қауымдастық заңын психологияның басты заңы деп мойындау және үстем психологиялық бағыт ретінде ассоцианизмнің пайда болуы. Қайымдастық заңдарын материалистік (Гартли және т.б.) және идеалистік (Беркли және т.б.) тұрғыдан түсіндіру. Психикалық өмірдің дамуындағы қауымдастық заңының рөлі туралы заманауи психология.
- Ассоционисттердің (Гартли, бірінші кезекте) бүкіл психикалық өмірдің алғашқы бастамасы сыртқы әсер болып табылатынды туралы идеяларына қарама-қайшы сол уақытта қабілеттер туралы ілім дами бастады: қабілеттер қауымдастықтан шығарылмайды және оларға бірікпейді, олар іштей психикаға тән, яғни, оның сыртқы әсерге тәуелсіз туа біткен қасиеттерін құрайды. Екі көзқарас тұрғыларында не нәрсе сендерге психикалықтың пайда болуы туралы заманауи көзқарасқа жақын көрінеді (көбінесе қабілеттер)?
- Психика туралы ілімнің мидың қызметі ретінде дамуы (XVIII-XIX ғғ). Физиологияда сол кезде қалыптасқан психиканың (рефлекс) механикалық қозғалыстармен (Прохазка, Галлер) сәйкес келмейтіндігі туралы түсінікті толықтырған сезімтал және қозғалтқыш жүйкелер арасындағы айырмашылықтың ашылуы (Ч.Белл және Ф.Мажанди).
Рефлекс философиялық түсініктен тәжірибелік расталған материалдық, биологиялық фактіге айналды: сезімтал жүйкені тітіркендіру-жүйке импульсы жүйке орталығына (жұлын) –одан қозғалтқыш жүйкелер арқылы бұлшықетке-доға түріне ие рефлекстің жолы осындай (рефлекторлық доға). Физиологияның осы мәліметтерімен ХІХ ғ. 1- жартысында жалпыға қабылданған ағзаға тән қозғалыстың екі тобы туралы ұғымдарды негіздеңдер-ерікті (саналы) және еріксіз (санасыз, рефлекторлы).
- Психологиялық білімдерде қарама-қайшылық қала берді: бір жағынан психикада бүкіл нәрсе рефлекспен (ішкі әсер ету және соған жауап беру) түсіндіріле бермеді, екінші жағынан рефлекспен адамның ғана емес, жануардардың да белсенді, мақсатты жүріс-тұрысын, өз жүріс-тұрысын ортаның әртүрді жағдайларына бейімдеу қабілеттерін түсіндіруге болмайтын болды және ол мүмкін емес еді. Қауымдастық түсінігі (жүйкелердің механикалық байланысы) да жаңа жағдайларға бағдарланудан, алдын ала болжаудан тұратын күрделі жүріс-тұрысты түсіндірмеді. И.М.Сеченов(1829-1905) өзінің «Бас миы рефлекстері» еңбегінде (1863) «саналы және санасыз өмірдің бүкіл актілері пайда болу әдістері бойынша мәнісінде рейлекстер» екендігін дәлелдей отырып, осы қарама-қайшылықтан шығу жолын тапты. Оның «Таңдамалы философиялық және психологиялық шығармаларын» қарау (М., 19477-176 б.)
Студенттерге сұрақ:
И.М.Сеченовтың психологияға нақты қандай жаңа нәрсе енгізгендігін көрсетіңдер (жауаптарыңды конспектіге жазыңдар):
а) рефлекс түсінігінде; б) психика мен сана арасындағы қатынасты түсінуде; в) психиканы ми қызметі ретінде түсінуде; г) психикалық үдерістердің бейімделушілік әсерді қамтамасыз ететін әрекеттер реттеуіші ретіндегі рөлін түсінуде; д) миды сәйкес бөлімдерінде сыртқы әлем туралы ақпарат сақталатын және өңделетін рефлекс бөлігі ретінде түсінуде.
- И.П.Павлов (1849-1936) Сеченовтың теориялық қорытындыларына сүйене отырып, екі сигналдық жүйе туралы ілім деп аталған мимен жануардың (және адамның) сыртқы ортамен өзара әрекетін реттеу заңдылығын ашты.
Шартты рефлекс деген не? 1 және 2 сигналды жүйелер деген не? Бұл түсініктер психикаға, рефлекске деген бұрынғы көзқарастармен қалай өзара қатынаста болады?
- ХХ ғ. қарай психологиялық білімнің дамуы ертедегі анимистік түсініктерден психика туралы объективті әлемнің субъективті көрінісі туралы түсінікке дейінгі жолды өтті. Әртүрлі кезеңдерде ғылыммен табылған қандай фактілердің ақыр соңында психика туралы объективті әлемнің субъективті көрінісі туралы қорытындыға әкелгендігін көрсетіңдер (осы жолдағы негізгі кезеңдерді атап өтіңдер).
- ХХ ғ. басында психологияда дағдарыс орын алды. Оның мәні мен себептері неде? ХХ ғ. соңына қарай оны жеңді ме?
- ХХ ғ. 1- жартысында психологияның дамуы оның маңызды мәселелерін өңдеудің ғылыми негіздерін құрастыру кезеңіне өтті. Біздің елімізде және шетелдерде көптеген ғылыми мектептер мен бағыттар пайда болды, олардың негізгілері төменде атап өтілген.
Студенттерге сұрақ:
Оларға қысқаша сипаттама беріңіздер: 1) әрбір мектеп психологияға қандай жаңа нәрсе енгізді; 2) берілген бағыттағы іздеулерге не себеп болды; 3) психика туралы ғылыми білімнің алға жылжуында мектеп зерттеулері (гипотезалар, қорытындылар, ашылымдар) қандай рөл ойнады ; 4) психология үшін осы қорытындылардың заманауи мәні қандай; 5) психологиядаға дағдарыс осы мектептер мен бағыттардың туындауы мен дамуына қалай әсер етті. (1, 2, 3, 4, 5 тармақтар бойынша жауаптарыңды конспектіге жазыңдар: а) бихевиоризм; б) гештальтпсихология; в) фрейдизм (немесе психосараптама) және неофрейдизм; г) КСРО реактология және рефлексология; д) генетикалық психология; е) когнитивтік психология; ж) Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы; Л.С.Выготскийдің, С.Л.Рубинштейннің, А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориясы.)
- Студенттерге тапсырма:
- 1917 ж дейінгі Ресей психологиясы туралы бар білетіндеріңді қысқаша (1-2 бетте) жазып шығы,дар.
- Дамудың кеңес үкіметі кезеңінде ресейлік психология қандай объективті және субъективті қиындықтарды бастан кешірді? (жауаптарыңды конспектіге жазыңдар, бірақ бір беттен көп емес).
- Отандық психологтар зерттеулерінің негізгі бағыттарын және олардың психология ғылымының дамуына қосқан үлесі. РФ психологияның қазіргі жағдайын сараптаңдар және төменде аталып өткен ғалымдармен қандай бағыттардың дамығандығын көрсетіңдер: Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, Б.М.Теплов, Д.Б.Эльконин, П.Я.Гальперин, А.А.Смирнов, Б.Г.Ананьев, Д.Н.Узнадзе, А.В.Запорожец, Л.И.Божовиц, В.В.Давыдов, Н.Ф.Талызина, А.В.Петровский, А.М.Матюшкин.
- Студенттерге тапсырма:
Біздің уақытымызда Ресейде дамып жатқан заманауи психологияның негізгі салаларын атаңдар. Олармен ғылыми психологияның дамуына қандай жаңа нәрсе енгізілгендігін көрсетіңдер.
- Студенттерге тапсырма:
Келесі сұрақтар бойынша өздеріңе жалпылама қорытынды жасауға тырысыңдар:
- Психология тарихын оқыған кезде болашақ психолог маман ретінде қандайнақты пайда түсірдіңдер?
- Өткеннің психология ғылымдарының қандай мәселелері сендер үшін әдебиетте жеткіліксіз зерттелген және сол себептен студент үшін түсініксіздеу болып көрінді: мүмкін, анық емес, өз кезінде осы мәселелерді шешу ғылым тарихында қандай рөл ойнады немесе оның қазіргі рөлі қандай?
- Мәселелерді зерттеудегі еңбектің кімге тиесілі (қандай ғылыми мектептерге немесе нақты ғалымға) екендігін атап көрсете аласыңдар ма:
- жүйке жүйесінің рефлекторлық іс-әрекетін психикалық іс-әрекеттің физиологиялық негізі ретінде;
- санасыздық және оның саналылықпен ара қатынасы;
- адамның психикалық дамуының мәдени-тарихи тұжырымдамасы;
- іс-әрекет теориясы?
- Тыңдалған дәріс және оқылған әдебиет негізінде төменде атап өтілген қандай да бір (студент таңдауы бойынша) негізгі түсініктердің (санат) ғылыми мазмұнының біртіндеп өзгеруін сараптау мысалында психологиялық ғылымның тарихи даму үдерісіндегі теориялық көзқарастардың түрленуі туралы өз түсініктеріңді көрсетіңдер: кейіп, уәж, рефлекс, тұлға, әрекет (іс-әрекет), психика, ақыл-ой. Оқытушыға өткізу үшін тапсырманы жазбаша түрде орындау (1-2 беттен көп емес мәтін).
Ұсынылған тапсырмалар (сұрақтар мен есептер) тізімі психология тарихы бойынша әдебиеттердің үнемі студенттерге жетіспейтіндігін, ал осы пән бойынша оқулықтардың мүлдем жоқ екендігін ескере отырып құрастырылған.
Осы сұрақ-тапсырмалар психология тарихының негізгі мәселелерін дәрістерде баяндауда және семинарларда талқылауда қысқарақ және нәтижелі жолды таңдауға көмектеседі деп ойлаймыз. Жиынтықталған сұрақ-тапсырмалар адам психикасына деген ғылыми көзқарастар дамуының жалпы логикасын көрсетеді, материалда студентті де, оқытушыны да жақсырақ бағыттайды.