«МДҰ әдістемелік жұмыстары» пәнінен глоссарий

Әдіс (метод; грек. methodos – теория, ілім, зерттеу жолы) көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдерді тәртіпке келтірілген  қызмет  жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану – жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты. Тәрбие мен оқыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім-тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі.

  Әдіскер (Методис) –оқу – тәрбие  әдісін жетік меңгерген ұстаз. Оның міндеті- пәннің оқытылу жағдайын бақылайды: озат мұғалім мен  мектеп тәжірибесін жинақтап таратады. Ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетеді.

          Әдіснама (методология; грек methodos- зерттеу жолы, теория, ілім және …логия) — 1) ғылыми таным әдісі, 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдіс, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты өзгеріске түсіру, 3) дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.

           Әдістеме (Методика) – 1) әдістер жиынтығы; 2) оқыту немесе ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім; 3) педагогиканың жеке пәндерден берілетін юілім  көлемі мен маөмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін саласы. Жалпы алғанда жас  ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.

         Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, зиялық, мәдени және дене дамуы мен  кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі Білім беру ісі (жалпы және арнаулы жүйесі) шеберлікке, дағдыға баулудын өсіп, өрбіп, белгілі, бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының сипатына қарай білім беру жалпы білім және кәсіптік білім беру болып  бөлінеді.

          Оқу (Учеба) – оқушының алдағы іс-әрекеті үшін білім, білік, дағдыларды мақсатты түрде меңгеру процесі. Мектеп жағдайында О. Оқытумен өзектес жүреді. О. Оқушының ақыл-ой (байқау, оқу, тапсырма орындау, т.б.) және дене (шеберханада, мектеп жанындағы үлескіде жұмыс істеу, т.б.) жұмысының жиынтығын бейнелейді.

          Оқыту, Оқу (Обучение) – білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгеру процесі, өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы.

          Оқыту әдісі, үйрету әдісі (Метод обучения) – білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушының өзара байланысты жүйелі әрекет жүйесі.

         Әрекет – дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Адам іс-әрекеті – күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді.

         Еңбек – адам психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекеттің бірі. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты.

         Дағды – алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекеттің бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуы.

         Икемділік – адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделеді. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады.

         Адаптация – сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты өзгеріп отыртын құбылыс. Адам сезгіштігінің артуын немесе төмендеуін көрсетеді.

              Білім беру-жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін педагогикалық          тұрғыдан ұйымдастырылған әлеуметтендіру процесі

              Білім беру-адам, қоғам,мемлекеттік мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту процесі

            Білім беру(образование)-жүйеге келтірілген білім ,білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі , оқушы өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты , білім берудің негізгі жолы мектепте оқыту б ілім берудің мектепке дейінгі бастауыш, ора, жоғары тағы сол сияқты сатылары бар.

           Білім беру әдістемесі(методика образование)-ғылыминегізделген оқудың     әдістері, ережелері, тәсілдері,, жүйесі осының арқасында оқушының дуниеге көз карасын қарастырып алған білімдерін тәжірбие жүйесі осының арқасында оқушыеның дүниеге көзқарасын қалыптастырып алған білімдерін тәжірбиеде өз бетімен қолдану дағдыларымен қаруландыру

           Білімді адам— өмірге бейімделген, белсенді,шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын, және өзін-өзі  адамгершілік, ақыл-ой жағынан дамытуға қабілетті адам

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *