Журналист психологиясы: заман  талабы

     

1 Л.Кингтің көзқарасы

2 Қазақ журналистикасының психологиясы.

3 БАҚ психологиялық айла-шарғысының он стратегиясы

 

         Журналистика заңдылықтарын, сұхбат берушімен журналист әрекеттерінің психологиялық ерекшеліктерін  білу және де кәсіби құдіреттілік, ақпарат жасау, ұйымдастыру, басқару заңдылықтарынан хабардар болу – нәтижесінде мұның барлығы журналист қызметтің тиімділігін, өміршеңдігі анықтайды.

     Журналистика психологиясы – бұл журналистика және психология атты екі ғылыми пәннің түйіскен жерінде қалыптасып, дамып отырған ғылым. Бұл ғылым бір мезетте аталған  ғылым түрлерінің мәліметтеріне негізделіп отырғандықтан, журналистика психологиясы пәнінің мән-мағынасы да,кешенді құрылымыда ауқымды болып табылады.

    Олардың арасында оптимальды пропорцияларды тауып, маңызды деген психологиялық проблемаларды анықтай отыра бір жүйеге келтіру- журналистика ұғымын негізге алған жағдайда ғана мүмкін. Бірінші кезекте журналистің жеке тұлғалық қызметі ғана маңызды  да анықтаушы  буын қызметін атқарды. Алайда, бұл қызмет бір уақытта – негізгі психологиялық категория  болып заңдылықтар да жеке барысында толыққанды, кешенді көрінетіндігін атаған жөн. Қызмет категориясының барысында журналистик  мен психология теорияларының арасынд байланыс пайда болып, журналистика психологиясы жеке ғылыми сала ретінде қалыптасады.

Л.Кинг өзінің «Как разговаривать с кем угодно, когда угодно и где угодно» атты кітабының кіріспесінде: «Міне, отыз сегіз жыл бойы менің әңгімелесуім, адамдармен сұхбаттасуым – жеп отырған наныма айналды»,- дейді.

 Әрбір журналистің ең алғашқы сұхбаты, бойындағы қорқынышы оның есінде мәңгі сақталады. Л.Кингтен қарапайым ғана екі нәрсені үйренуге болады, және кез-келген уақытта ол ұғымды ұтымды пайдалана аламыз. Оның біріншісі: Л.Кингтің ең алғаш рет 1957 жылы 1- мамырда Майами-Бичтегі WAHR шағын радиостанциясындағы мүлдем сөйлей алмай кідіріп қалғандағы жасаған әрекеті. Радиостанцияның бас директоры Маршалл Симмонс, Л.Кингке оның даусы ұнайтындығын айтып, оны жұмысқа шақырады. Бірақ, әзірше бос орын жоқтығын айтады. Ларри өз қалтасында бір де бір цент болмаса да күнделікті радиоға келіп, жаңа түскен ақпараттарға, эфирдегі диск-жокеилер мен диктордың жұмысын бақылап, біреуіне қажет болып қалар деген ниетпен заметкалар жазып жүреді. Кенет, күндердің бір күнінде М.Симмондс  әлі тәжірибесіз Ларриді ауырып қалған таңғы бағдарлама жүргізушісінің орнына шығуды тапсырады. Арман орындалды! Енді Ларри таңертеңгілік үш сағаттық бағдарлама жүргізу бақытына ие болды. Қуанышы қойнына сыймаған ол демалыс күндерінің барлығын мәтін жаттаумен өткізеді. Дүйсенбіде эфир уақыты келіп жеткенде, ол біресе су, біресе кофе ішіп әуре болады. Осы кезде директор оны кабинетіне шақыртып, сәттілік тілеп, эфирге Ларри Зайгес деген есімнің орнына алдында жатқан газеттен спирттік тауар сататын жарнамадан «Кинг» атауын оқып, енді сені Ларри Кинг деп атайтын боламыз дейді. Сонымен, Ларри өз орнына келіп, дайындаған әуенін жіберіп, сілейіп тұрып қалады, сөйлеуге бата алмай, біраз уақыт кетіп қалған соң: – Бұл жерде сөйлеу керек! деген айғайдан тез арада ес жиып Ларри өз сөзін былай бастаған екен: Қайырлы таң! Мен бүгін эфирге алғаш рет шықтым және демалыс күндерімнің барлығында осыған дайындалдым. Он бес минут бұрын маған жаңа ат берді, өзім әуен де дайындағанмын. Бірақ, менің тамағым кеуіп кетті және абыржып тұрмын. Ал директор болса, есікті теуіп: «Бұл жерде сөйлеу керек!» деді. Аузынан күштеп болсын сөз шығара алған журналист ендігі уақытта еркін сөйлеп, болашақта ешқашан мұндай күйге түспеген. Бұдан байқайтынымыз, журналист өзі ашылып сөйлесе, басқа адамдар да оған сенім білдіріп, сырын ақтарады. Бұл қағиданы есте ұстаған абзал.

    Екіншісі, сіз сөйлескелі тұрған жанның да екі көзі, екі құлағы бар, яғни ол да сіз сияқты адам. Ендеше қымсынуға орын жоқ.

        Кейде сұхбаттасқалы отырған адамыңыз сөзге сараң болуы мүмкін. Алайда бізге өз керегімізді алып қалу керек. Мұндайда журналистер әр түрлі айла шарғылар жасау арқылы мақсатына жетеді. Осы орайда, нағыз журналист психологиясы  бойынан табылған, Әзілхан Нұршайықовтың – мінезі алмастың жүзіндей Бауыржан Момышұлымен сұхбаттасқандағы тапқырлығын айта кетуге болады. Ол шеберлік Әзілхан ағаның өзіне ғана тән.

Қазақ журналистикасының психологиясы.

Бертінгі он-он бес жылдың айналасында алмағайып заман ауаны мүлде өзге арнаға бұрылды. Бұрынғы құндылықтардың мәні өзгерді. Әлемдік өркениет кеңістігіне иек артқан жас мемлекетіміз дүние жүзіндегі дамыған елу елдің қатарына қосылуды көксейді. Осындай жауапты кезеңде қазақ журналистикасы қандай бағытты таңдайды, әдебиетіміз бен мәдениетіміз қай межеден көрінуі керек? Міне, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, сондай-ақ халықаралық «Тарлан» сыйлығының иегері, жазушы, республикалық «Начнем с понедельника» апталығының бас редакторы Дидар Амантай осы төңіректе ой толғайды. Пушкин: «Я пишу для себя, а печатаю только ради денег» деп жазыпты. Орыстың ұлы ақыны неге бұлай деді екен? Әңгімемізді осындай тосындау сауалдан бастайықшы. Бұл жерде Пушкиннің айтып отырғаны орынды. Және айтылған сөздің екінші бір мағынасы бар, оны ақын тұспалмен аңдатады. Пушкиннің өзі үшін жазатыны рас. Ал оның шығармасы ақ қағазға мәтін болып түскеннен кейін авторсыз-ақ өмір сүретін құқыққа ие болады. Егер оны біреулер ұнатып, мынау жақсы дүние екен басайық деп сұрап, оған ақша төлеп жатса, автор қарсы емес. Міне, осының астарына үңіліп көру керек. Одан соң Пушкин кей туындысын тапсырыспен жазуы да мүмкін. Оны да ашып айтпайды. Тек «мен өзім үшін жаздым. Сол жазғанымды енді бір жерден шығарсам, олар маған қаламақы төлесе, онда нұр үстіне нұр» дегенді мегзейді. Ақын мәселенің екінші қырын да бүгіп қалып отыр. Пушкин тек өлеңдерім мен басқа да шығармаларымды ақша үшін жарыққа шығардым дейді. Бірақ ол расында ақша үшін жазып көріп пе екен? Мәселе сонда ғой. Әдебиет мен үшін ешқашан ақша табудың жолы болған емес. Әдебиет ең әуелі менің ішкі дүниемді, өзім айтқым келген жәйттерді қағазға түсіріп, елге жеткізетін бір жол. Сондықтан, ақша үшін жазамын деп айта алмаймын және ақша үшін кітап та шығарған емеспін. Десек те, табыс табудың басқа да жолдары бар ғой. Жазушы ондай жолдармен ешуақытта айналыспасын деген шарт жоқ. Ең бастысы шұғылданған шаруаңыз сіздің шығармаларыңыздың көркемдік дәрежесіне нұқсан келтірмеуі тиіс. Сол кезде сіз ешқашан да ақшаға тәуелді болмайсыз, яғни ақша үшін қалам тербеудің қажеті болмайды. Проза мен журналистиканы қатар алып жүрген адамсың. Жаңа заманғы журналистиканың рөлі… Әдебиеттің міндеті дегендер бар. Осыған тоқтала кетсең. Ұлтқа, халықтың рухын асқақтату жолында қызмет ету ұғымы да еске түседі. Бұл да жоғарыда Пушкиннің айтқан сөзі іспеттес. Мен де өзім үшін жазамын. Ал жазған дүниелерім халқымның рухын көтеріп жатса, құба- құп. Онда мен өзімді бақытты адам санаймын. Кез-келген ақын- жазушы қолына қалам алған кезде ұлттың мүддесіне арналған белгілі бір тапсырыспен жазбайды. Тіпті, ол халықтың рухын көтеру үшін еңбек еттім дегеннің өзінде оған бір ықпал ететін, көңіл күйіне әсерін тигізетін әлдебір күш болуы керек қой. Сол кезде шабыт келуі мүмкін. Жазушы, қаламгер, театр режиссері тапсырыс бойынша балта жасайтын ұста немесе етікші емес. Шығармашылық парлап самғататын қиял дүниесін, белгілі дәрежедегі қабілетті қажет ететін ерекше еңбек. Сондықтан мұның жолы мүлде бөлек. Жалпы, өз басым мен ұлттың мүддесіне қызмет етіп жатырмын, елдің жоғын жоқтап жүрмін деп кеудесін қағып, өңешін жыртып жүрген кейбір адамдарға сене қоймаймын. Сіздің ел мүддесі жолында атқарған еңбегіңіз ешқандай бір есепсіз жасалған еңбек болуы тиіс. Сол кезде ғана ұлттық мұраттар жолында төккен маңдай теріңіз лайықты бағаланады. Ал егер де мен ұлтқа олай көмектестім, бұлай жәрдемдестім деп айқайға бассаңыз, оның артында «мен» деген үлкен мақтан тұрады. «Мынау –менмін, осыны істеген менмін, мен кереметпін» деген. Сондықтан, өз ойымша, ұлтқа қызмет ету үшін ең әуелі сол халықтың жүз пайыз өкілі болып алуыңыз қажет. Мұндағы басты шарттардың бірі – сіздің ойлау жүйеңіз ана тілінде болуы тиіс. Сондай-ақ сіз қазақ тілінің мәртебесін көтеру жолында аянбай күресе білетін, ұлт тағдырына жаны ашитын, оның мұң-мұқтажын жеке басыңыздың ауыртпалығындай көретін адам болсаңыз, сол кезде ғана өз-өзіңізден ұлтқа қызмет ету жолына шығасыз. Ал егер белгілі бір ситуацияға немесе коньюктураға байланысты мына жерде қазақ тілі деп айқайлап, ана бір орында басқаша сайрайтын болсаңыз, онда сіздің ұлт үшін жасап жатқан еңбегіңіз жай ғана есеп болып шығады. Шынын айтайық, ондай адамдар сонау парламентте отырған ағайындардың қатарынан да табылады. Ұлт мүддесі, халық тағдыры деген ұрандарды ұстанып алып, өз тірліктерін күйттеп жүрген адамдарға күмәнмен қарамасқа лаж қайсы! Неге екенін, осы ретте баяғы кеңес үкіметі тұсындағы зиялы қауым өкілдерінің ас үйде отырып алып күңкілдеп билікті сөгіп, өздері Жер бетінен пана таба алмай жүріп Айдағы келеңсіздіктерге алаңдайтын қаңғыбастарша әлемдік түйткілдерді қаузайтынына байланысты қалыптасқан «дежа вю» ұғымы ойға оралып отыр. Қалай ойлайсың, біз сол әдеттен арылып болдық па? Кеңес одағы тұсында қалыптасқан «ас үйдегі әңгіме» бүгіндері мүлде тыйылған дей алмас едім. Неге? Өйткені, біздің қоғамда көпшілік әлі де болса шындықтың алдында адал болуға тырыспайды. «Аш пәледен қаш пәле»– әркімге тыныштық керек! Көптеген БАҚ та іргесін ақ алмастай ақиқаттан алыс ұстайды. Кей әңгіменің ас үйге көшетіні сондықтан. Ол ас үйден шығып, газет бетіне қашан шығады? Ол әзірге белгісіз. Десек те, Қазақ елінде азды-көпті демократиялық құндылықтардың бой түзегені рас. Оған бір дәлел – «Тасжарған», «Республика», «Политика КZ» секілді оппозициялық басылымдар. Солай бола тұра мемлекеттік дотацияға қарайтын көптеген газет-журналдар кәсіби деңгейі қаншалықты биік, қаншалықты батыл саналғанымен ел ішіндегі шешуін күткен небір түйткілдерге дендеп бойлай алмай келеді. Шындықты айта алмаймыз. Көп күмілжиміз. Әлгінде сөз болғанындай, тіпті, халық сенімін арқалап, ел мүддесін көздеп жүр деген көптеген депутат ағаларымыздың өздері шындықтан тайсақтайды. Біздің газет – бейтарап бағытты ұстанатын газет. Егер сіз біздің басылымды қадағалап оқып жүрген оқырман болсаңыз, онда билікті жақтайтын партиялар өкілдерінің де, оппозициялық партия белсенділерінің де пікірлері мен сұхбатын оқи аласыз. Арнайы тоқталып айта кетейік, бізде Елбасының бір апталық қызметіне шолу жасап отыратын дәстүр бар. Мұны беруге міндеттіміз. Өйткені біз егер Заңға, тәртіпке негізделген мемлекет болуға талпынатын болсақ, онда біз заңды орындауымыз керек. Сондықтан, Президентіміздің қызметі бүкіл басылымдардан көрініс тауып отыруы қажет деп ойлаймын. Ал атқару билігінің жұмысы жайында, облыстық, аудандық әкімдер жайында мақтау да, сынау да болып жатады. Өз ойымша, егер сіздің газетіңіз ақиқатты, адалдықты айтуға талпынатын болса, онда ол басылымның таралымы да өседі деп білемін. Газет үшін ең ауыр нәрсе– оқырманның сенімін жоғалту. Ел сенімін жоғалтқан газеттердің көпшілігі мемлекеттік ресурс, әкімшілік ресурс арқылы оқырмандарды өз газетіне жазылтуға тырысатыны түсінікті. Бірақ біреудің күштеуі бойынша жазылған газеттің қадір-қасиеттен жұрдай болатыны белгілі емес пе! Жалпы, жаңа заманғы журналиске қандай қасиеттер қажет? Дәл бүгінгі күні журналист, әрине, біріншіден, журналистика факультетінде оқып жүрген кезінде-ақ белгілі бір бағыт бойынша мамандануы тиіс. Яғни, айталық, ауыл шаруашылығы тақырыбына немесе мәдениет, саясат, экономика, халықаралық қатынастар жөніндегі салаларға бейімделіп, әбден машықтануы қажет. Бұл бірінші саты, алғашқы қадам деп ойлаймын. Журналистің екінші қадамы– газетке немесе телевизияға барып жұмысқа орналасқаннан кейін ең әуелі Қазақстанда шығып жатқан заңдарды жетік білуге тиіс, яғни, ол заңдарда не айтылды, оның мазмұны қандай – соны білуі қажет! Әрине, баптың нөмірін жатқа білу шарт емес шығар, бірақ ол қандай заң, қашан қабылданды, міне, осының бәрінен хабардар болған жөн. Одан соң сол заңдардың электрондық нұсқасы журналистің компьютерінде тұруы керек. Сонда журналистің көзі ашылады. Ол кез келген уақытта мақаласын жаза отырып, заң шеңберінде белгілі бір жақты жақтап немесе сынап шыға алады. Бұл – журналистің міндеті.

 

БАҚ психологиялық айла-шарғысының он стратегиясы:

 

1  Назарды бұру

Әлеуметтік бақылаудың негізгі элементі стратегиялық назарды бұру болып табылады. Мақсаты – саяси және экономикалық элита шешетін, «тасқын» немесе «басу» технологиясы арқылы тоқсаусыз назар бұру және болмашы ақпарат көмегімен жұртшылықтың назарын маңызды сұрақтардан аудару. Стратегиялық назарды аудару азаматтарға ғылым, экономика, психология, нейробиология, кибернетика салысынан маңызды білімді алу мүмкіндігін болдырмау үшін маңызды болып табылады.

 

2 Проблеманы жасап – шешімді ұсыну

Бұл әдісті «проблема — реакция — шешім» деп атайды. Проблема жасалады, жұрттың белгілі бір реакциясын тудырып, олар шешімін тауып беруді қалайтын  «жағдай» пайда болады. Мысалы, азаматтардың еркіндігін шектейтін қауіпсіздік шаралары туралы және саясаттың жүргізілуін нығайтатын заңдар қабылдауын азаматтар өздері сұрауы үшін қала халқының өсуін болдыру немесе қанды теракт ұйымдастыру.

 

3 Біртіндеушілік стратегиясы

Белгісіз шешімдерді сіңдіру үшін, оларды жыл-жылдап, біртіндеп енгізу керек. Дәл осылай 80-90 жылдары жаңа әлеуметтік-экономикалық шарттар міндеттелген болатын: мемлекеттің рөлін шектеу, жекешелендіру, сенімділік, икемділік, жаппай жұмыссыздық, лайықты өмірге кепілдік бере алмайтын еңбек ақы. Осы өзгерістерді бірден енгізу революцияға жол ашар еді.

 

4 Созбақтау стратегиясы

Беймәлім шешімдерді қабылдатудың тағы бір әдісі, оларды «жанға бататын және қажетті» екендігін көрсетіп, азаматтардан олардың болашақтағы іске асуына келісім алу.

 

5 Халықпен ысылдап сөйлеу

Көпшілік жұртшылыққа арналған жарнамалар балаларға арналған дәлелдермен, рәміздермен, әсіресе екпінмен қолданылады. Бала тым кішкентай болып, ақыл-ойы жетілмеген болса да. Неліктен? «Егер сіз адресатқа 12 жасар адамға сөйлегендей сөйлесеңіз, ол бала сияқты болып, сын көзбен қарамайды».

 

6 Көбірек толғану емес, эмоция

Эмоционалдық аспектіні қолдану – жеке адамдардың сыни қабылдауын және тиімді сараптаманы оқшаулайтын классикалық технология. Сонымен қатар эмоцианалдық факторды қолдану ойларды, қалауды, үрейді, мәжбүрлеуді, тәртіптің керекті үлгісін кіргізетін санадан тыс есіктің ашылуына жол төсейді.

 

7 Адамдарды көргенсіздікте және дарынсыздықта ұстау

Технологияны және әлеуметтік бақылау, қанау әдісін түсіне алмайтын қабілетке ие, тәуелді қоғамды құру. «Кедей тапқа арналған білім беру сапасын төмен, шамалы етіп, төмен тап пен жоғарғы әлеуметтік таптың арасындағы мәдениетсіздік көзге көрінетіндей болып, оны түзей алмайтындай дәрежеге жеткізу».

 

8 Көпшілікті дарынсыздыққа қызықтыру

Көпшілік жұртқа топас, ұятсыз және тәрбиесіз болу сәнді екен деген ойлар тарату.

 

9 Кінә сезімін күшейту

Жеке адамдар қайғыларына және сәтсіздіктеріне ақылдары, қабілеттері, талпыныстары жеткіліксіз болғандықтан, өздерін кінәлі санайтындай ету. Қазіргі жүйеге көтеріліс ұйымдастырудың орнына, олар өздерін дәрменсіз санайды. Бұл жабырқау күйіне апарады, адамның іс-әрекеттерін тежейтін тиімді әдіс.

 

10  Адамдар туралы өздерінен көп білу

   50 жыл ішінде ғылыми жетістіктер негізгі жұртшылық пен жоғарғы элита арасындағы білімнің айырмашылықтарына алып келді. Биология, нейробиология, қолданбалы психология көмегімен, «жүйе» адамзат туралы көптеген білімге ие болды, мейлі  психологиялық және физикалық болсын. Бұл деген «жүйе» жеке адамдарды өздеріне қарағанда жақсырақ бақылай және басқара алады деген сөз.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақ журналистикасының психологиясының ерекшелігі неде?
  2. БАҚ психологиялық айла-шарғысының он стратегиясы негізгі мақсаттары қандай?

                                      

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Кропотов Л.А. Журналистика на путях социологии. Методы социологических исслеований в журналистической практике. Свердловск., 1986.
  2. Свитич Л.Г. Эффективность журналистической дятельности. М., 1986.
  3. Свитич Л.г. Журналист и его работа. М.,1979.

4.“Журналист: социологические и социопсихологические исслеования”. Под ред. Л.Г. Свитич и В.В Ширяевой. М., 1994.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *