Темперамент және  еңбек әрекетің мінездемесі

 

  1. Басқару жүйесіндегі темперамент мәселесі.
  2. Мінез және кәсіптік жарамдылық.

Адам мінез-құлқын жарқын бейнелейтін индивидуалды тұлғалық ерекшеліктердің ішінде ерекше орынды темперамент алады. Темперамент дегенде, қарапайым адамға тән табиғи мінез ерекшеліктері және динамика, тонус, өмірлік әрекеттерге бірқалыптылық реакция  деп түсінуіміз қажет. Темперамент  индивидтің барлық психикалық көріністерін бейнелейді. Ойлау, эмоция, ерік күші сөз ритміне және темпіне әсер етеді. Сонымен қатар, темпераменттен тұлғаның қызығушылықтары, әлеуметтік  бекітілімдері, моральдық тәрбиесі тәуелді емес екенін есте сақтауымыз қажет.

Темпераментті зерттеуге адамзат баласы ежелден ұмтылыстар жасаған. Дәрігер Гиппократ, содан кейін Гален адамдардардың мінез-құлқын түсіндіретін индивидуалды ерекшеліктерді түсіндіруге мумкіндіктерін жасаған. Гиппократ (б.э.д 5ғ),адам денесінде төрт түрлі сұйықтық бар:қан,сары және қара өт, шырыш.Осының біреуі адам денесінде болатын болса,тұлғаның мінз-құлқын анықтауға болады деген.Темперамент атаулары осы сұыйқтық аттарына тән  осы қүнге дейін сақталып келеді.Гиппократ бұларға жақсы анықтама бергенімен,оның себебін түсіндіре алмады.Оған қарағанда адам организм ерекшеліктерімен  байланыстыра білген ғалымдардың бірі И.П.Павлов болды.Оның түсіндіруі бойынша, темперамент адамның жоғарғы жүйке әрекетіне байланысты дейді.

Осы ерекшеліктерге мыналар тән:

1)жүйке жүйесінің күші.Мұнда жүйке клеткаларының  жұмыс істеу қабілеттілігі,үлкен жүктемелерді жеңе білетін  жүйке жүйесі,яғни,шартты байланыстарды қалыптастыра білу дегенді түсіндіреді.

2)қозу мен тежелу процессін біркелкі сақтай білу.

3)қозғалғыштық-бір-бірін тез алмастыра білетін жүйке процесстерінің  қабілеттілігі.Кенеттен немесе  шұғыл өзгерістер кезіндегі болған сәттерде  бейімделуін қамтамасыз етеді.И.П.Павлов мынадай қорытындыға келді,осы темпераменттін төрт түрі негізінде  жоғары жүйке әрекеті типімен аталған  ерекшеліктермен байланысты деген.

Темперамент- адамның өмір шарттарына және нақты әрекетер ерекшеліктерге тәуелді  психикалық қасиет.Алайда, Павловтың көрнекті оқушыларының бірі, Б.М.Теплов, жоғарғы жүйке жүйесі мен мінез-құлыққа тән «бейне» ,яғни темперамент типі арасында қарапайым біртүрлі тәуелділік  болмайды деген.Жүйке жұйесінің құрамы нақты  мінез-құлық формаларын алдын-ала болжай алмайды,алайда белгілі бір мінез-құлық формасын құрайтын негіз жасайды. Павловтан екі кең танымал болған ой қалыптасты:жүйке жүйесінің 3негізгі қасиетінің   күйі(жүйке жүйесінің күші,қозу мен тежелу процестерінң бірқалыптылығы,жүйке процесстерінің қозғалмалылығы) және жүйке жүйесінің 4типі. Осы 4 типті зерттеу  ,еш жағдайда,Павловтың  3 негізгі жүйке жүйесі қасиеті  орналасуын зерттеуден шыққан емес.Алғашында Павлов  қозу мен тежелуді бірқалыпта ұстау принципіне классификациялаудан бастап,жүйке  жүйесі күшін негізге алып классификациялады,соңғы вариантында ол саналы түрде өзі белгілеген-жүйке процесстерінің қозғалмалылығын қараған. Алайда,классификация принципі қалай өзгерсе де,(яғни негізгі жоғарғы жүйке жүйесі ),оның «төрт» негізгі түрі өзгертілмеді.Павловтың соңғы және толық тармағында,осы мәселеге жазылған,негізгі жоғарғы жүйке жүйесі құрамының мүмкін болатын  комбинациясы,ең аз дегенде  жиырма төрт деді,алайда сол «төрт типінен» бас тарта алмады.

Жүйке жүйесінің негізгі нақты 4типі бар екені  не теориялық, не эксперименталды да дәлелі жоқ.Соңғы уақытта  төрт типі бар деген соқыр сенімге сенбеген авторлар, қазіргі уақыттағы ойлары өзггеше. Негізгі жүйке жүйесі қасиетінің  көрінуі «синдромды» құрайды.Яғни,бір-бірімен өзара байланысқан көрсеткіштерді  байланыстыратын комплекс.Осыған орай осы көрсеткіштерлің бірі негізгі болып табылады немесе референтті дейді.Бұл оны анықтайтын,белгілерін көрсететін,сондай ақ берілген құрамды   біршама жақсы мінездейтін көрсеткіш болып табылады.

Басқаларға қарағанда біршама толығырақ зерттелгені- қозуға байланысты жүйке жүйесінің күші болып табылады.Осы белгіні анықтайтын негізгі ерекшелігі- жүйке жүйесінің шектен тыс тежелуін бақылай отырып,ұзақ немесе қайта үзбей қайталанатын қозуды бір қалыпта ұстай білу қабілеттілігі.

Тептовтың зерттеулері көрсеткендей,осы негізгі жүйке жүйесінің қозуды корреляциялайтын келесі көрсеткіштерді анықтады:

  1. Бөгде тітіркендіргіш әрекеттерге кендергі жасаушы төзімділік немесе қарсыласу.
  2. Қозу процесінің кейбір концентрация ерекшеліктері(немесе ,керісінше,иррадация)
  3. Күштің көріну заңдылығының мінездемесі.
  4. Көру мен естуден тыс :жүйке жүйесінің күші неғұрлым көп болса,сезімталдылығы да төмен болады.Әлсіз жүйке жүйесі- жоғары сезімталдылықтық жүйке жүйесі.

Соңғы пункті ерекше көңілге алғанды қажет етеді.Бұл бұрында қалыптасқан жүке жүйесі типтерінің біреуі «жақсы» ,екіншісі «жаман» деп бағалауға қарсы ойға шығарады.Әлсіз жүйке жүйесі болғанымен сезімталдылығы жоғары,сондықтан  күші жоғары жүйке жүйесіне қарағанда барлық жағдайда нашар деп санауға болмайды.Кейбір әрекет түріне біреуі лайықты болса,келесәне екіншісі сай болып келеді.Жалпы алғанда жүйке жүйесін күшті немесе әлсіз,қозғалмалы немесе инертті,қозуы немесе тежелуі басым деп бағалаудың өзі қажетсіз.

Жүйке жүйесінің екінші  қасиеті ,тежелуге қатысты күші болып табылады.Оның негізгі белгісі-жүйке жүйесінің тежелу қоздырғышына қатысты  ұзақ немесе  қайталанатын әрекетті көтере білу қабілеттілігі.Біздің қолымыздығылар аз болса да, эксперименталды материалдар бұл құрам ұзартылған немесе қоздырғыш интервалы көп рет қысқа сараланған интервал бойынша қайталанады деген эксперименталды мәліметтер бар. Қозуға қатысты жүйке жүйесі  «динамикалылығына»байланысты тез арада жағымды шартты байланыс орнатады.Тежелуге қатысты «динамикалылығы» тез арада  тежегіш байланыс орнатады.Екі  немесе байланысты да мінездейтін баланстың саластырмалы жеңілдігі немесе біркелкілігі  қозғалмалы болып келеді. Жүйке жүйесінің біркелкілігі дегенде, динамилылығының біркелкілігі деп түсінеміз.

Бұдан, әрине қоздырғыш  белгілерінің  жылдамдығын мінездейтін  «қозғалмалылық»терминін қолдану дұрыс. Қозу процесінің тоқтату және туындау көрсеткіштері қайта түзетілген көрсеткіш жылдамдығын корреляцияламайды. Б.М.Теплов жүйке жүйесін мінездейтін  қасиетін  «лабильділік» деп атады.

Темперамент қасиетін анықтауда ең алдымен адам өмірінің психикалық динамикалылығын анықтаудан бастайды.Темпераментті жорамалдауда оның бірнеше негізгі қасиетімен анықтауға болады.

Сенсизивтілігі(сезімталдылығы)-оны жорамалдығанда адамның қандай да психикалық реакциясы туындау үшін ең аз дегенде сыртқы әрекет қандай реакция жылдамдығымен  туындайтынынымен болжауға болады. Әрекет қабілеттілігі-бұл қасиет адамның қандай да бір реакцияға қанша күш және энергиямен  әсер етуімен көрінеді. Белсенділік-мұнда адам өзі қоршаған ортаға қандай энергиямен әрекет етуіне, оның табандылығы,зейінділігімен және т.б. байланысты.

Созымдылық және оған қарама-қарсы сапа-ригидтілік. Бұнда ол өзінің көрінісін адам  сыртқы әрекеттерге  қаншалықты жеңіл және тез беімделуінде көрінеді. (Пластичный) ырғақтылық тезарада жағдай өзгеріске ұшырағанда қайта орнына келеді. Ригидтілік әзер дегенде  дағды мен ой пікірді үлкен қиыншылықпен өзгертеді.

Темперамент қасиеттеріне сондай ақ, психикалық реакция темпін жатқызуға болады,сондай ақ эмоционалды қозғыштығы,реактивтілік пен белсенділік  байланысы және т.б. К.Юнгтың байқағаны,кейбір адамдарға сыртқы құбылыстыр мен заттар маңызды болса,ал кейбір адамдарға тек ішкі өміріне тереңдетіле үңілген адамдар болады деген. Мұндай адамдарды сыртқы оқиғалар қызықтырмайды,тек өздерінің уайым-қайғылары мен  өзіндік  мәселері ғана маңызды болады.

Алғашқыларын ол-экстраверттер, келесілерін-интроверттер деп атаған.Басқа психологтардың зерттеулері бойынша, интро және эстралар да ең алдымен қарым-қатынас процесінде, яғни әңгімелесу  кезінде айқын көрінеді. Көбінесе кездесетін темперамент типтерінің ішінде,яғни  күш, қозғалмалылық, байсалдылық, қызығушылық сияқты сапалардың болуына байланысты  оның алты түрі бар:

  • Күшті (сильный) сангвиник (байсалдылық, күш, қозғалмалылық)
  • Қозғалмалы холерик( күш,қозғалмалылық,ұшқалақтық)
  • Ұшқалақ холерик (қозғалмалылық, ұшқалақтық, әлсіздік)
  • Әлсіз меланхолик(ұщқалақтық, әлсіздік,салғырттылқ)
  • Салғырт меланхолик( әлсіздік,салғырттылық,байсалдылық)
  • Байсалды флегматик (салғырттылық,байсалдылық,күш)

Әрекет қызметін анализдеуде темперамент типтерінің мінездемелерінің жалпыланған мәліметтері қажет.Темперамент жалпы немесе арнайы қабілеттілік деңгейін анықтамайды.Бір темпераментке ие адамдар қабілетсіздік деңгейі жоғары,ал түрлі темперамент типтеріне ие адамдар бір аймақта жұмыс жасау қабілеттілігі жоғары болады.Яғни ,бұл адамдар жұмыстарын ойдағыдай  істей алу мүмкіндігі жоғары.

Кейбір профессиялар, мысалы, төзімділікті, өзін –өзі ұстау немесе реакция жылдамдығының тездігін  қажет етеді. Яғни, мұнда нақты темперамент қасиеттерін жоғары талапқа қояды. Психологтар темперамент типтерінің адамдардың ірекетінде, еңбек әрекетінде, басқа адамдарға немесе өз-өзіне қалай көрінетіндігін анализдеген болатын.

Сангвиник. Бірқалыпты немесе біркелкі ,баяу жұмыстан басқа кез –келген жұмысқа  жақсы  келетін тип. Оның жанына жай  көңілді,қызу ,қозғалыста жүретін жұмыстар. Оған бейімділік пен  тапқырлықты талап ететін жұмыстар келеді.Сангвиникалық темперамент жоғары  психикалық белсенділігімен ,жігерлілігімен,жұмысқа қабілеттілігімен, шапшандығымен және қозғалыс тездігімен, мимика байлығымен,сөйлеу темпінің  шапшандығымен мінезделеді.Мақсатбағытталған және сондықтан өзінің мақсатына жетуде  табандылық пен шыдамдылық танытады.

Сәтсіздік пен қателіктер онын берекесін бұзбайды.Дербіссіздік пен  әрекет еркіндігін таңдайды.Сангвиниктер көбіне ұзақ үйретулер мен  мұқият түсіндірулерді қажет  етпейді.Көбіне сыпайы қарам-қатынас эффективті болып келеді.

Сангвиниктер контактілі,адамдарға үйір, жайнақы, алайда мазасыз адамдар. Олар  әсерлердің жиі ауысуына ұмтылады, сыртқы оқиғалардан жылдам және оңай бас тарта алады. Эмоциялары, әрине, көбіне жағымды және де  біреуінен екіншісіне жылдам ауыстыра алады. Еңбек әрекетінде сангвиниктер өздерін жоғары белсенді,мақсат бағытталған адамдар ретінде көрсетеді.Әрекеттері  жақсы ұйымдасқан,сараланған, оңай  бақыланған, басқарылған. Жұмыста нақтылық, жүйелілік сияқты сапалары көрінеді.

Сангвиниктерге көбіне белгілі бір басшылық ету тән. Олардың мақсаты өзін жұмысқа барынша бағыттап, оның көңіл-күйіне байланысты ұйымдастырмай, мақсат бағыталаған әрекет болып табылады. Сангвиниктер әдетте белгілі бір творчестволық мүмкіншіліктергі ие және үлкен қабілеттілігі ол-жұмысқа қабілеттілігі. Олар жаңа  талаптарға оңай үйреніп, берілген әлеуметтік топта жағымды қарым-қатынас орнататын адамдар. Тағы да оларға тән қасиет,бір жұмыс түрінен басқасына жылдам ауыса білу, біліктілік пен ақыл орамдылығы жылдам.Олардың адамгершілік сезімі дамыған, өзіндік мәні мен өзінің әсеріне сенімді, өзін-өзі бағалауы адекватты немесе біраз жоғары. Көбіне әлеуметтік топтармен жұмыс атқарғанда осы өзін-өзі  бағалау деңгейінің  жағымды жағы лидерлік бағытта жауапкершілік ұстай білу мен шешім қабылдаудв мағызды орын алады. Басқа адамдармен қарым-қатынас жасауда сангвиниктер  жоғары (общительность) үйірлілігімен мінезделеді. Жаңа танысулар, түрлі контактілер орнатуда, кездесулерде айқын көрінеді. Сангвиник темпераментіне ие менеджерлерге мынадай жағымды сапаларын атауға болады:тұрақтылық,мақсат бағыттылық,жоғары қозғалмалылық, жаңа жағдайға тез бейімлелгіштік,қиын сәттерде тиянақты және сенімді әрекет ету, әзілге бейім, үйіршіл,басшылыққа  тырысқыш,қол астындағылармен тез тіл табыса білгіш,өзін-өзі тәрбиелеуге деген тырысу қабілеттілігі жоғары типтегі адамдар. Жеткіліксіз тәрбиеленген менеджер сангвиниктерге жағымсыз қасиеттер-қыңырлық,критикаға жуабында ашушаңдық, достықтағы тұрақсыздық, байқампаздық, қауіпті жағдайларда байқаусыздық тән.

Холерик. Психикалық белсенділігінің жоғыры деңгейімен мінезделеді.Сонымен қатар,әрекет жігерлілігімен, өткірлігімен, тырысу қасиетімен, қозғалыс күшімен,темп шапшандығымен мінезделеді. Аяғына дейін тыңдамай,артық жылдам шешім қабылдайды. Жұмыс кезінде ынталы және бкріліп жасайды, алайда алдында біраз қиыншылықтар туындаса ол өз жұмысына тез суиыды.

Жауапты тапсырмаларды орындауда ода жоғары қысым туындап және жауапкершілік сезімі шиеленісуі мүмкін.Сол себепті де,табысқа жетуде сенімділікті асырмай шектен тыс  сенімділік орнату қажет.Холериктер көбіне ретпен істелет жұмыстарға жақсы. Жұмыс жасау ритмі бірқалыпты емес.Холериктің жарқын түрі өзін-өзі ұстай алмауы болып табылады.Мұнда тыныштық пен байсалдылық,табандылық  холерикті «суытады». Оның бірқалыпты емес мінезін қатаң бағалаумен түзетіп отыру керек.Холерик көңіл-күйдің жылдам ауысуына бейім,ашушаң,мазасыз, эмоционалды олқылықтарға ұшырағыш адамдар типі.Кейде агрессивті болуы да мүмкін.Сангвиник сияқты холерик те сыртқы ықпалдарға  жоғары сезімтал болуымен ерекшеленеді.Оған   талпыныс тұрақтылығы,қызығушылық пен табандылық тән.Холериктің мінезіне жоғары эмоционалды күй және керісінше эмоционалды құлдырауы да тән болуы мүмкін,депрессия күйі яғни, эмоционалды күйлердің циклділігі де кездеседі. Эмоционалды күйдің көтерілуі  жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарлатады.

Холериктерге бірқалыпты,бір типті,шыдамдылықты және отыруды талап ететін жұмыстар жарамсыз.Керісінше,өзіндік ізденуді,жағдайлардың ауысуы,шарттар мен инструменттерді ауыстыруды қажет ететін жұмыстар келеді.Өзіне қатысты сонымен қоса холерикте тұрақсыздық байқалады.Эмоцияның көтерілуіне байланысты өзән-өзә бағалауы  адекватты немесе төмен.Өзіне сын көзбен қарау,шағымдану,зиян тартуға деген ынтасы пайда болу.Осылайша,өзін-өзі бағалауы адекватты дәрежесімен мінезделмей,динамикалық өзгерістермен мінезделеді.Мұның бәрі эмоционалды  күйзелісіне байланысты.Адамдармен қарым-қатынас орнатуда холериктер өткірлік, ашушаңдық, қызбалық,эмоционалды тұрақсыздық сияқты қателіктер жібереді.Бұл оларға адамдардың әректетерін обьективті бағаламауына түрткі болады.Және де коллективте конфликтілі жағдайлардың туындауына ықпал етеді.Басқа адамдарға қатынасы сондай ақ психикалық фазаларға байланысты полярлы өзгеруі мүмкін.Эмоционалды күйдің жоғарлауына байланысты басқа адамға сену,оған қол ұшын беру көмегі,дос болуға,аға болуға,ал төмендеуіне байланысты- сенімсіздік,күдіктілік,тұйықтық, тұйықтық тән.

Холериктердің мінез-құлықтары басқа адамдарға қатысты өзгермелі ,ал кейде полярлы қарама-қайшы,мұндай адамдаға  үйреніп кету ,бейімделу қиын.Коллектив адамдарына қатысты белгілі бір барьер туындау мүмкін. Алайда олардың психодинамикалық қасиетіне байланысты ашық жандылар, бұл оларға толығымен адекватты қарым-қатынас орнатуға көмегін тигізеді.

Холерик темпераментіне тән менеджерлерге реакция жылдамдығының тездігі,жылдам қозғалғыштық, еңбек әрекетінде жігерлілік, өзгелер арасында алда болуға,қол астындағыларды басқара алу қабілеттілігі тән.Қиын сәттерде тиянықты әрекет етеді, тәекел еткенді ұнатады,және қиындықты жеңгенді көздейді. Қоғамдық жұмыстарды белсенділік таныта біледі. эмоционалды қарым-қатынасты оңай орната біледі, қоғамдық пікірге сезімтал. Жеткіліксіз мәдениетті менеджер-холериктің жағымсыз сапаларына, ұшқалақтық, ұстамсыздық, сабырсыздық, дөрекілік, әдепсіздік, өркөкіректік, менменділік тән. Көңіл-күйі тұрақсыз, сезімі тез өзгергіш, достарын оңай ауыстыра алатын, әлсіздердің  кемшілігін ашық  мұқататын адамдар. Холерик конфликтілердің бастауы болуы мүмкін.

Меланхолик. Флегматикке ұқсас, алайда баяулылығымен ерекшеленеді. Астарында жоғары эмоционалдылық, қозулық,әсерленгіштік жатыр. Тыныш, қауіпсіз жерде оңтайлы жұмыс жасайды. Тез, жылдам, жауапкершілікті қажет ететін жұмыстарды талап етпейтін істерді таңдайды. Жұмысты баяу жасайды. Жұмыс ритмі қысқа уақытты, ойға шомылуы мүмкін немесе мәнсіз сыртқы әсерлерге қателік жіберіп көңілін бұрады. Жиілеген контактісіз, жалғыз істеген жұмысы сәтті болады. Маңызды болып табылатын-көңіл-күй. Сондықтан да басшы немесе жұмыстағы жолдастары бұл темперамент типіне дер кезінде қолдау жасап, көмек көрсетуі аса маңызды.Тек сондай қолдау ала отырып,меланхолик жұмысын сәтті орындайды.

Меланхолик типіндегі адамның психикалық белсенділігі төмен, қозғалыста баяу, сөйлеу моторикасында ұстамдылығымен және тез шаршағыштығымен мінезделеді. Меланхолик өзінің жоғары  эмоционалды сезімталдылығымен ерекшеленеді. Жағымсыз жағдайларда меланхоликтерде тым жоғары эмоционалды жарақаттану, тұйықтық, жатырқаушылық туындауы мүмкін. Меланхоликтер аса ренжігіш, әсерленгіш жандар. Мимика мен қозғалыстары оларда мәнерлі емес, дауыстары тынш, ақырын,баяу. Бар дауысымен аңда санда ғана күледі,олардың белсенділігі  төмен, қиыншылықтарға төзімсіз, жұмыс жасау қабілеттңлңгң де төмен. Еүшті және ұзақ уақытты қысым оларда әрекеттін баяулылығына әкеледі, содан соң әрекеті тоқтатылады.Мұндай кезде тез шаршайды.

Бұл адамдар  тұйықтыққа бейім, аз танитын адамдардан қарым-қатынас орнатудан қашқалақтап, жаңа, танымайтын адамдардан алшақ жүреді. Қиын сәттерде шешім қабылдауы баяу. Жаңа орынға келгенде  ыңғайсыздық  танытады. Алайда,үйреншікті, өзіне таныс коллективте, меланхоликтер тапсырылған істі сәтті атқарады.

Қиыншылықты жеңуде табандылық көрсетеді. Олардың еңбектері көбінесе жоғары сезімталдылықты, ойлануды, байқауды қажет ететін жерлерде көрінеді.Меланхоликтердің өзін-өзі бағалауы төмен,сондықтан да өзінде мүмкіндіктерді толығымен көрсетуде кедергі келтіреді.Төмен бағалауы, меланхоликтердеосы мүмкіндіктерді шыңдауға ғана емес, сонымен қосы дамуына кедергі келтіреді. Тіпті олар белгілі бір нәтижеге жеткеннің өзінде де, осы жағымды жағдайды кездейслқ деп санайды.

Төмен бағалау ішкі дискомфорттың себебі немесе ішкі конфликтінің пайда болуының бірден бір себебі болуы мүмкін. Басқа адамдарға қатысты меланхоликтер көбіне жұмсақ, әдепті, кішіпейіл,ықыласты және осы сапаларды жылдам оңай таба біледі. Қызба мінезді меланхолик типіндегі менеджер жоғары сезімталдылық пен психикалық процестің қозғалмалылығымен мінезделеді,басшылық нұсқауларына жылдам әсерленгіш,қоғамдық жұмыстарда белсенділігімен, жақсы идея шығарушы, диспут жүргізуші адамдар типі. Тыныш жағдайларда үнемі әрекетке дайын болады,сонымен қоса оларда импульсивтілік, ойланбай істелетін әрекеттерге жақын,дөрекіліктің көрінуі деген сияқты жағымсыз сапалары болуы мүмкін. Сенімсіздік болуы мүмкін,тіпті басшылық алдында қорқыныш болуы мүмкін, жаңа тапсырма алу алдында уайымдайды, үлкен күшпен орындайды, басқа менеджерлермен келіспей қалуы да мүмкін. Әлсіз меланхолик типіне ие менеджер адалдылығымен,зейінділігімен, тырысуымен ерекшеленеді. Оның қасиетіне орындаушылық, жоғары жауапкершілік, принциптілік, әділеттілік, қоластындағыларға  сыпайылылық, сыншылдық пен өзіне сын көзбен қарау тән. Оларды кейде мейірімді, жақсы дос, коллектив жаны деп те атайды. Қарапайым кемшіліктер арасында әрекетте және қарым-қатынаста тез шаршағыш, шешім қабылдай алмау мен байқампаздық, тұйықтық, өзге пікіріне берілгіш,пессимизм және қасарғыштық сияқты сапаларын көруге болады.

Оқшау мінезді меланхолик темпераментті менеджерлерге  үйреншікті тапсырмаларды орындауда ұқыптылық пен іждахаттық тән.Көңіл –күйі бірқалыпты,кішіпейілділік, әдептілік,өзіне сын көзбен қараушылық пен достықта тұрақтылық тән. Қоластындағылармен ережелік қарым-қатынаста ұстанады, дауласуы сирек, конфликтілерге қатыспайды, қоластындағылардың  өтініштеріне  көңіл бөледі, мақтанышты байсалды қабылдайды, өзінің әрекетін мұқият талдап барып қана жасайды. Оның мынадай кемшіліктері болуы мүмкін: бір әрекет түрінен екінші әрекет түріне ауысуды қиыншылықтардың тууы, қиын жағдайларда сенімсіздік болуы мүмкін, реакцияның тоқтап қалуы,оқуда пассивтілік,шешім қабылдай алмау, қауіпті жағдайларда бастамалардың болмауы,коллектив ойына қызықпаушылық, бастықтардың сынын көтере алмау,салғырттық пен еріншектік болуы мүмкін.

Флегматик. Мұндай адамдарға көбінесе жылдам,көп қозғалысты қажет етпейтін жұмыстар келеді, жұмыс темпі орташа. Күшті жақтары- шыдамдылық, төзімділік, жұмысқа дайындығы толығымен мұқият болғанымен, салыстырмалы  ұзақ. Көбіне бірқалыпты, біртүрлі жұмыстарды жақсы атқарады. Қарапайым жағдайда флегматикті үнемі асықтырып отыруы керек,алайда тездеткеннің өзінде баяулығын бетіне баспай қажет, керісінше көмектесе отырып, көтермелеу қажет.

Флегматик темпераментті адам психикалық белсенділігі төмен, баяу, мимка мәнерсіз, бір әрекет түрінен екіншісіне қиын ауысады, жаңа орынға қиыншылықпен ауысады, үйреніп, бейімделуі де қиынырақ. Флегматикдің көңіл-күйлері бірқалыпты ,тыныш.Оны күлдіру, ашуландыру,көңілін түсіру қиын. Барлығы күліп жатқанда ол үнсіз қалады. Үлкен жамандықтарда  өзін ұстай біледі. Шыдамдылығымен , табандылығымен,өзін-өзі ұстай білуімен ,қозғалыс темпінің баяулығымен, сөзінің баяулығымен ерекшеленеді. Тапқыр емес. Жинақталуы баяу, жаңа орынға үйреніп кетуі қиын. Әрекет етуде ойланып барып істейді, тиянықтылыққа бейім,бастаған ісін соңына дейін аяқтайды.Шарттардың өзгеруіне байланысты флегматиктердің еңбегі жаңа әдістер мен әрекет шешімдері жақсы тексерілген,таныс, өзі зерттеп, шешілген болса сапалы әрекет жасайды.

Флегматик темпераментіндегі адамдардың өзін-өзі бағалауы адекватты, анық. Ол өзінің мүмкіншіліктерін,  икемділігін анық бағалайды. Өзі істей алатын жұмысты жақсы біледі. Өзіне-өзі сенімді, орнықты.Басқа адамдарға деген қарым-қатынасы бірдей тең, тыныш, сөйлесу жағынан шамадан тыс шықпайды,міндетті.

Флегматикке оқшау мінезді, қозғалыс баяулығы тән. Бір әрекеттен екіншісіне ауысу үшін ол адамға уақыт қажет. Жағымсыз жағдайларда флегматиктерде бейжайлық туындауы мүмкін, қоршаған ортаға, жанындағы адамдарға еңбекке немқұрайлық көрсетуі мүмкін. Флегматик темпераментіндегі адамға  еңбекте немес қызметте  тиянақтылық, ширақтық , табандылық, батылдық, шыдамдылық ,даусыз қиыншылықтарға шыдау, жанындағылар арасында авторитеттік,қол астындағыларға көмек көрсетуге деген  ықыласы, жолдастары арасында тұрақтылық тән. Қиын жағдайларда қорқынышсыз жұмыс атқарады. Конфликтілерге қатыспайды, бастағанын соңына дейін жасауға тырысады.

Флегматик-менеджердің кемшіліктері: жаңа білімдер мен дағдыны қиыншылықпен атқарады,тапсырмаларды жылдам орындай алмайды.Жаман қылықтардан бас тарта алмайды, түзетулерге қабылдауы орташа, қоғамдық жұмыстарды пассивті, еріншек болуы мүмкін, біруақытта бірнеше мәселені шешу қабілеттілігі жоқ, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам ауыса білледі.

 Қарастырылған мінездемелер бойынша бір тип (мысалы,флегматик)құндылығы екінші типтің(мысалы,меланхолик) кемшілігі болатыны дәлелденген.

Бір типті темпераментті адамдардың  психологиялық сапаларының көріну дәрежесі түрліше болып келеді. Сонда да әр адамды белгілі бір темперамент типіне жатқызуға болады. Олардың арасындағы индивидуалды  ерекшеліктері түрліше көрінеді. Темперамент қасиеті  туа пайда болған анатомо-физиологиялық ерекшеліктерге  байланысты. И.П.Павлов және оның жақтаушылары ғылыми дәрежеде темперамент типі жүйке жүйесісіне байланысты деген.

Темперамент сонымен қосв мінез ерекшеліктерін анықтамайды.Темпераменттің кейбір қасиеттері белгілі бір мінез ерекшеліктерін қалыптастыруға жағдай жасайды,ал кейбіреулері керісінше. Сондықтан да, адамның қажет  мінез қасиеттерін тәрбиелеуде  темперамент типіне байланысты адамның индивидуалды қабылдауын қолдануға болады.

Мінез

Әрбір адамда  тұлғалық сапалары мен ерекшеліктері түрліше байланысқан. Қайталанбас психологиялық тұлғалық ерекшеліктер мен индивидуалды ерекшеліктер нәтижесінде «мінез» қалыптасады.

Мінез- адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде, әрекет кезінде және  тұлғаның әлеуметтік әрекет ерекшеліктерінің үстінде көрінетін психикалық әрекеті. Адамдар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен зеттаға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл адамның даралығын көрсетеді. Мінез – даралықтың негізгі құраушы бөлігі.

        Мінез құрылымы  сыртқы орта мен тәжірибе әрекеті процесінде қалыптасады.Мінез күшіне әрекет түріне, әсері байланысты .мінездің басты негізі біртіндеп қалыптасады, өмір процесінде нығаяды,Ал нақты өзгеріске ол адамдармен қарым-қатынас кезінде немесе ситуацияға байланысты өзгеруі мүмкін.

Мінездің бөлек қасиеттері бір-біріне байланысты және байланысу нәтижесінде мінез құрылымын құрайды (структура характера). Мінез құрылымында екі ерекшелік тобын бөліп қарастырады. Мінез ерекшеліктері дегенде, түрлі әрекет түрінде көрінетін тұлғалық ерекшеліктер деп түсу қажет. Және осы арқылы  белгілі бір жағдайларды оны анықтауға болады.Бірінші  топ ерекшеліктеріне тұлғаның бағытталуын  көрсететін(орнықты қажеттіліктер, орнатылымдар, қызығушылықтар, бейімділіктер, мақсаттар, идеалдар. Екінші топқа интеллектуалды, еріктік, эмоционалды мінез ерекшеліктері жатады.Мінез құрылымын анықтау-мінездегі негізгі және қиын қарым-қатынаста шартталған спецификалық ерекшеліктерді орнату.  Мазмұны жағынан мінез  адамның қоршаған ортаға, әрекетке, басқа адамдарға ,өз-өзіне деген қатынастағы жүйе ретінде қарастырылады.

Қоршаған ортаға қатынасы  тұлғаның бағыттплуында көрінеді. Ол оның әрекетінде, көзқарасында,қажеттіліктерінде байқалады. Жалпы адамдардың қоршаған ортаға деген қатынасы жайлы идеялы және идеясыз айтуға болады.

Идеялы мінез белгілі бір нақты көзқарасы бар адамдарды жатқызуға болады. Керісінше ,идеясыз мінезді адамдарға нақты көзқарасы жоқ ,өзгелердің айтуымен жүретін адамдарды жатқызамыз. Идеялы мінезді ерекшеліктеріне оның мақсат бағытталуын айтуға болады.

Еңбекке қатысты әрекетті және әрекетсіз мінез деп бөледі. Әрекетті мінезді адамға  еңбегін ұйымдасқан ететіндей мақсат бағыттылығы бар адамдарды айтады.Әрекетті, алайда ұйымдаспаған адамдар сырттан  әбігер көрінеді,  мақсаты жоқ болуымен ерекшеленеді.Әрекетсіз мінезді адамдар пассивті. Адамдарға қарым қатынасы жанындағылармен қарым-қатынас жасау негізінде көрінеді.

Өмірде жеңіл қарым-қатынасқа түсетін адамдар кездеседі.Олар оңай танысып, тілдесе алады. Мұндай адамдарды ұшқалақ мінезділер дейді.Мұндай адамдарды үнемі қадағалап бақылап отыру қажет. Адамдардың (общительность) әңгімелесуі таңдамалы,қызығушылықтарына байланысты негізделеді.

Адамның мінез құрылымында маңызды орынды өз-өзіне деген қарым-қатынасы алады. Әр адамның  белгілі бір дәрежеде өзіне өзіне деген қатынасымен ерекшеленеді.Өзін асыра бағалау, өзіндік қызығушылықтарын жоғары ұстау  эгоистті мінезді адамдарға жатады. Эгоист адамдар  сенімсіз адамдар тобы , себебі коллектив қызығушылықтарынан гөрі өзінің қызығушылықтарын бірінші орынға қояды.Мұндай адамдарға сенуге болмайды. Альтруист мінезді ерекшелігі бар адамдар ең алдымен коллектив қызығушылықтарын бірінші кезекке қояды. Алтруизм- жасанды коллектив мұнысыз өмір сүре алмайтын басты мінез ерекшелігі.

Мінез ерекшілктерінің ішінде жалпы және локальды түрін ажырату қажет.Жалпы түріне бес ерекшелікті бөлуге болады.(А.Г.Шмелев, М.В.Бодунов,У.Норман және т.б)

  • Өзіне деген сенімділік- сенімділік
  • Татулық ,достық- дұшпандық
  • Саналылық- импульсивтілік
  • Эмоционалды тұрақтылық- қобалжулық
  • Интеллектуалды икемділік-ебдейсіздік. Мұндай қасиеттер, экстра-интроверсия сияқты.

Мінезді бағалау. Әр түрлі мінез индивидуалды болып келеді.Соған қарамастан жалпы баға беруге болады:мазмұнына, күшіне, ерекшеліктердің барына және жоғына қарай.Мазмұнына қарай бағалау, адамны, өзіне, басқа адамдарға, еңбекке, қоршаған ортаға байланысты бағаланады.

Күшіне байланысты бағалау:күшті адамдар деп оның білімі,сеніміне  сай атайды. Күшті мінезді адам – сенімді адам.

Ерекшеліктеріне тән бағалау: ерікті- дербестік, өзін- өзі ұстай білу,.қажымайтындық,табандылық,қайраттылық; эмоционалды- байсалдылық, қарқындылық, құмарлық, әсерленгіштік; интеллектуалды-терең ойлау, байыптағыштық, тапқырлық т.б

Мінез адам өміріне де әсерін тигізеді. Шешім қабылдағыш,.тиянақты адам кез келген қиындықты жеңе біледі және өзінің мақсатына қарай тырысады. Өзінің өмірін , еңбегін жоспарлы жүзеге асырады.Мінез тек адамның өзіне ғана маңызды емес, сонымен қатар қоғамға да маңызы зор. Өмір мен коллекив  жұмысы, әсіресе әр адамның көңілі индивидтердің мінез сапаларымен анықталады. Кей кездерде мінезі қиын адамдар бүкіл коллектив жұмысына кедергісін келтіруі де мүмкін. Мұндай адамдардың кесірінен конфликтілі жағдайлар жиі туындауы мүмкін.

Мінез акцентуациясы. Белгілі неміс психиатрі К.Леонгард пікірінше, адамдардың 20-50℅-еың мінездері екпінделген (акцентуацияланған). Және де бұл белгілі бір жағдайларда біртипті конфликтілер мен жүйке күйзелістеріне әкеп соғады деген.

Мінездің акцентуациялануы — адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері. Мінездің акцентуацияланған типтері — әртүрлі жағдайлардағы адамның қылығын анықтайтын, мінездердің басқа қасиеттеріне қарағанда жетекші орын алатын және басқалардың жәрдемімен ерекше дамитын мінездің типтік қиылысқан көрсеткіші. Мінез акцентуациясы — психопатиялармен шектесіп, норманың шеткі варианттарын көрсететін белгілі бір мінез бітістері мен олардың үйлесімдерінің ерекше көрінісін білдіреді. Акцентуация басқа қасиеттерінен қандай да бір қасиеттің немесе белгінің бөлініп ерекше дамуы.

Леонгард акцентуацияның 12 типін бөлген.Акцентуация типіне байланысты мінез ерекшеліктеріне қысқаша тоқталайық:

  1. Гипертимді тип – үнемі көтеріңкі көңіл-күймен жүреді, іс-әрекетке деген құштарлық, айналасындағыларға әр дайын аса зейінді болмағандықтан, өзінің жеке күйін күшпен басқарады. Бала – болашақ гипертим, таңертең оянғанда күліп тұрады және жағымды әлемдік қатынас объективті жетістіктерге әрдайын шартталған емес .
  2. . Дистимді тип – керісінше, төмен көңіл-күймен, өмірдің қараңғы жақтарына көп көңіл бөледі. Бала оянғанда жылап тұрады, ал ересек жаста өмірдің жақсы жақтарын қабылдамайды, қоршағандардың неодекватты кінә сезімдерін тудырып, соған байланысты топта жоғары статусы болмайды.
  3. Циклотимді тип – жоғарыда көрсетілген екі типтің кемшіліктерін біріктіреді. Тұлғаның потологиялық дамуында моникалды-депрессивті психозға әкеледі.
  4. Эмотивті тип – сезімдерімен өмір сүреді, барлық эмоционалды күйдің диапазонын қобалжиды, басқа адамдардың көңіл-күйін тез қабылдайды
  5. Демонстративті (истероидты)   — бұл тип адамның зейін ортасында болғысы келгенде көрінеді, бұл кезде ол не істеп, қалай істеп отырғанын ұмытады. Демонстративті типке жоғары ығыстыру қабілеті және әлеуметтік ортаға тәуелділік, өзін-өзі сендірушілік тән.
  6. Қозғыш тип ( эпилептоидты ) — өз әсерлерін, сөзін және мінез-құлқын күшпен басқарады. Аяқ асты бүлінгіш және әлсіз тітіркендіргіштерге күшті реакциямен жауап береді. Өткен өшпесіне қайта оралып, өш алуға бейім.
  7. Тұйықталған тип – бір күйден екінші күйге ауысу ауырлығы, ал оның негізгі қыры – бұл жоғары бағалы идеялардың қалыптасуы, соған ерекше маңыз білдіреді және қызметке өзінің және басқа адамның өмірін қоюға дайын болады.
  8. Педантты (жоғары пунктуалды) — өткенге көп уақыт бойы ренжу, түкке тұрмайтын жағдайларға маңызды көңіл аудару, белгілі бір мінез-құлық үлгілерін қстанушы, дәстүрді ұстанушы, тұйықталған, жоғары жауапкершіл тип.
  9. Қауіпті – қорқақ  тип — қоқақ, тіпті өмірдің қиын емес тапсырмаларымен байланысты болғанда да үнемі қауіпті сезінеді.
  10. Аффективті – экзальтировты тип – нәзік және әсершіл адамдар, шындық өмірді иллюзорлы әлемге ауыстырады.
  11. Интравертті(шизоидті) аз қарым-қатынасқа түседі, тұйық. Өзі жайлы ештеңе айтпайды, өзінің уайымын жария еткенді қаламайды.Сезімтал.Мұндай адамдар тіпті жақындарына да суық қарайды. Мұндай адамдар жолдастарының өмірімен қызықпайды, айналадыларының жетістік немесе сәттіліктеріне бейжай қарайды. Сезім білдіруде тұйық.Пессимисттнр.Шизоидтермен жұмыс атқарғанда, сәттіліке қол жеткізу үшін оның әрекетін қызықтырып сол әрекетте басқалардан ерекшеленетін түсіндіру қажет.Қайта тәрбиелеу әсерлі емес,мағынасыз. Оны жазалау , санаға келтіру пайдасыз.
  12. Эксравертті (конформды) тип- интровертке қарама –қайшы тип.Көп сөйлеу, қарым-қатысқа түсу оңай.Конформист сияқты өз ойы болмаса да, өзбетті емес.Басқалардан қалмауға тырысады,бағынуды дұрыс деп санайды. Мұндай адамдар өз қызығушылықтарына байланысты жолдасына қиын сәтте қол ұшын бермеуі де мүмкін. Және де не істесе де, әр кезде себебін түсіндіре алуға қиындық таппайды.

Негізгі ұғымдар: темперамент, темперамент типтері, қозу мен тежелу процсі, холерик, сангвиник, мелонхолик, флегматик, мінез, мінез бітістері, мінез акцентуациясы, экстроверт, интроверт, мінезді бағалау, мінез акцентуациясының типтері.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Темперамент түсінігі және оған берген ғалымарың анықтамасы қандай?
  2. Павлов пен Сеченовтың темперамент типтерінің жалпы психофизиологиялық механизмдері қандай?
  3. Темперамент типтеріне анықтама бер, холекрик, меланхолик, сангвиник, флегматик, және олардың ерекшеліктерін сипатта.
  4. Мінезтүсінігі, мінезді бағалау дегеніміз не?
  5. Мінез акцентуациясы дегенді қалай түсінесіз?
  6. Леонгарттың мінез акцентуациясы типтеріне жеке –жеке сипаттама беріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Самыгин С.И.,Столяренко Л.Д. Психология управления. – Ростов – на – Дону, 2008
  2. Власова Н. Справочник  по психологии управления.Новосибирск,1994
  3. Обозов Н.Н. Психология менеджмента. С-пб.1994

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *