Әлеуметтік психологияның негізгі бағыттары

 

  1. Практикалық әлеуметтік психология кәсіби әрекет аймағында.
  2. Практикалық әлеуметтік психологияның әдістері.
  3. Психокоррекция туралы түсінік.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

      Өнеркәсіп өндірісі бүгінгі күнде қолданбалы әлеуметтік психологияның зерттеулерін ең басты тұтынушы болып отыр. Психологиялық климаттың пайда болуы көп түрлі. Жоғарыдан төмен қатынас басқару стилін зерттеу жұмыстарын қарастырады. Яғни басшы мен қызметкерлердің және жеке бас қасиеттері қатынастары, мінез-құлық пен қарама-қайшылық, басқару жүйесінде болатын – тәуелділік. Көлденең қатынастар жүйесі мінез-құлықты зерттеудің ұжымдағы мүшелердің іс-әрекеттегі қарым-қатынастары, сондай-ақ жеке тұлғалар арасындағы өзара қатынастар. Қолданбалы деңгейдегі ұжымның құрылымы табиғат жөніндегі жаңа ойлар, идеялар, жеке тұлға арасындағы қарым-қатынастар.    Өндірістік мекеменің әлеуметтік психологиялық жаңа мәселелерін зерттеу деген – ол өндірістік ұжымның ішіндегі коммуникация мәселесі. Ірі кәсіпорын мен ұсақ бөлімдерінің психологиялық климаты арасындағы айырмашылық. Лидер мәселесі. Бүгінгі күнде психолог маманның өндірістік кәсіпорындардағы мақсаты – бұл жай ғана қолданбалы зерттеулерді жүргізу емес, өзіндік әлеуметтік психологиялық білімдерді енгізе жүру және мәселені шеше жүру болып табылады. Коммуникатор жалпы ақпарат жүйесінде «ұжымдық» сипатта болады, өйткені оның орнында жеке индивид емес, белгілі әлеуметтік топ болады, бұл хабарлама кезінде, редакциялау, өңдеу және т.б. жұмыстар кезінде байқалады. Психологиялық мәдениетті үш негізгі компоненті.

Психолог – қажетті психологиялық әдістемелерді меңгерген, арнайы базалық – психологиялық білімі бар маман. Психокоррекция – бұл адам психологиясы мен мінез-құлқындағы кемшіліктерді арнайы психологиялық әсер ету жолымен түзетуге бағытталған шаралар жүйесі. Сонымен қатар психокоррекциялық әсер етудің объекттеріне – ұжым, тұлға, отбасы, топ жатады.

                         Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

  1. Қоғамдағы әлеуметтік психологияның орны мен дамуына сипаттама беріңіз.
  2. Әлеуметтік психолог-практик қызметінің стратегиясы тоқталыңыз.
  3. Психокоррекция түрлеріне анықтама беріңіз.

                                            Әдебиеттер:

  1. Социальная психология. Под.ред.А.В.Петровский. ЛГУ.1979
  2. А.Г.Ковалев. Коллектив и социально-психологические проблемы руководства. 2-е ид. М:, 1976
  3. Е.В.Руденский. Социальная психология. М., 1997.
  4. Пайнс Э., Маслач К. Практикум по социальной психологии. Питер.2000.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *