- Қарым-қатынас туралы түсінік.
- Қарым-қатынастың техникасы мен тәсілдері.
- Қатынас процесіндегі өзара түсінушілік механизмдері.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Қарым-қатынастың ең негізгі құралы тіл болып табылады. Қарым-қатынас нәтижесінде жеке адамның қалыптасуы іске асады. Адам қатынасқа әрқашан жеке тұлға ретінде түсетіндіктен, ол басқа адамға да –қатынастағы партнеріне де жеке тұлға ретінде қабылданады. «Идентификация» термині — өзін басқаға теңдестіру дегенді білдіреді. Басқа адамды түсінудің ең қарапайым әдісінің бірі — өзін сол адамға теңдестіру. Идентификация басқа адамды түсіну мен танып білудің механизмдерінің бірі ретінде болады. Эмпатия да басқа адамды түсінудің ерекше әдісі болып табылады. Эмпатия дегеніміз – аффективті «түсіну»-(сезімді түсіну), басқа адамның проблемасына эмоционалды қарау. Қатынасты сипаттау тұрғысынан бұл екі жағдай да тағы бір мәселенің шешімін керек етеді: басқа адам, яғни қатынастағы партнер, мені қалай түсінеді. Бір-бірін түсіну процесі рефлексия құбылысымен күрделенеді. Бұл жерде рефлексия философиядағыдай субъектінің өз-өзін танып білуі мағынасында емес. Әлеуметтік психологияда рефлексия дегеніміз әрекеттесуші индивидтің өзін қатынастағы партнері қалай қабылдайтынын түсінуі. Бұл жай ғана басқа адамды білу немесе түсіну емес, басқа адам мені қалай қабылдайтыны туралы білім, бір-бірінің айнадағы көріністерінің өзгеше бір екі еселенген процесі, терең де жүйелі өзара көрініс. Рефлексияны зерттеу дәстүрі әлеуметтік психологияда өте ертеден бар.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
- Адамның және қоғамның өміріндегі қатынастың ролін сипаттаңыз.
- Адамдар қатынасының қандай түрлері мен формаларын білесіз?
- Қарым-қатынастың функцияларын атаңыз, әр функциясының мазмұнын түсіндіретін мысал келтіріңіз.
Әдебиеттер:
1.Социальная психология. Под.ред.Петровский.М., 1987.
2.Майерс Д. Социальная психология. Питер. 1994
3 И.Ә.Абеуова., Ермекбаева Л.К. Әлеуметтік психология. А., 2012ж.
4.А.А.Леонтьев. Психология общения. Изд.Тарту.1976
5.Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1995