Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы, әдетте, олардың бірін-бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты, яғни тілдесу нәтижесінде бір адамның екіншісінің образы (кейпі. жөнінде топшылаған ой-пікірі. Екінші адамның түлғалық образын оның сырт пішіні мен психологиясын және әрекет-қылығын байла-ныстыра, салыстырып тануға болады. Ал психологиялық бейне (кейіп. әр адамның қажетсінуінен, қылық мотивте-рінен, мінез бітістерінен, әрқандай өмірлік жағдайлар-дағы көңіл-күй толғаныстары мен әрекеттерінен көрінеді. Бұлардың бәрі “Ат кісінесіп, адам сөйлесіп” дегендей әңһмелесу барысында назарға алынып, санада жіктеліп, бекиді де адамның жеке, нақты бағасын беруге негіз бо-лады.
Бөгде адамның бейнесін калыптастыру арқылы біз оған болған қатынасымыздың сипатын айқындаймыз, он-ың даралық ерекшеліктерін тануға мүмкіндік аламыз. Адам-ды жөнімен танып, дүрыс бағасын беріп, оның әрекет-қы-лығының мақсаттары мен мотивтерін айқындап, ол тара-пынан болып қалар жауапты әрекеттерді күні бүрын бол-жастыра, біз бүлардың бәрін өз кджеттіктеріміз және мүд-делерімізбен салыстырамыз, әңгімелесудің қолайлы жол-дарын болжастырамыз, осы арқылы екі тарапқа да ортак, ниөттерді табумен түлғалар арасындағы қызметтік қаты-настарға кірісеміз. Сонымен, қызықтырған адамның мінез бітістерін біліп алып, енді оған бағытталған өз әрекет-қылығымыздың формасын таңдастырамыз. Қайткенде де, біз таңдаған әрекет-қылық түрі ол адамның даралық қа-сиеттеріне сәйкес болғаны жөн. Осының нәтижесінде екі адам ортасында толық өзара түсінім, жайлы да берік ара-лық қатынастар орнығады.
Адамның эмоционалдык, жағдайын бағалай оты-рып, біз оның нақты көңіл-күйіне сәйкес қарым-қатынасты дамығып, тереңдете түсуге мүмкіндік аламыз және өзіміздің, оның және төңірегіндегілердің мүдделеріне орай ол адамға тиімді психологиялық ықпал етудің жолдарын іздестіріп, пайдаланамыз. Егер біз кдтысқан адамдары-мыздың әртүрлі түрмысғық жағдайлардағы әрекет-қылығын күні бүрын болжастыра алсақ, оның мінез-қүлы-ғын қажетті бағытта басқаруға және онымен үнамды адам
аралық қатынастар алып баруға қосымша мүмкіндіктерге ие боламыз.
Бөгде адамның түлғалық дәрежесі жөнінде біз оның дене қүрылымы, психологиялық және қылық-әрекеттік белгілері бойынша топшылаймыз. Бүл белгілер адамның сырт көрінісінен, киімінен, әрекет-кылығынан, сөзінен, бет әлпеті мен ым-ишарасынан байқалады. Адамның сырт көрінісі мен психологиялық бейнесі арасында тікелей де толық бай-ланыс болмағанымен, бүлардың екеуі қандай да өзара ықпалды қатынаста. Өрқандай адам жөніндегі біздің бірінші пайымдауымыз осы сырт келбет пен сөз, қылық көрі-нісінен туындайды. Ғылым ежелден-ақ адам мінезі мен дене қүрылысының өзара байланысты екенін дәлелдеген (Э.Кречмер, У.Шелдон т.б… Дене құрылымы ерекше бітіске ие болған адамдар, мінезі жағынан да өзара ұқсамас. Осы түрғыдан барша адамдар үш типке жатады: астеник, пикник, атлетик . Пикник типтес адамдар – көңілді, үйіршең, әңгімешіл, әрқандай қиыншылыққа жасымайды; астеник адамдар – көбіне тұйық, оңашаланғанды ұнатады, ұдайы ойға шомып жүреді; ал атлетиктер – үстамсыз, дүлей келеді.
Адамның ішкі жан дүниесі оның сөзі мен тілінен айқын көрінеді. Қандай сөздөр мен тіркестерді қолда-нуына қарап, сөз ырғағы мен әуенін талдай отырып, сөй-леу процесіндегі тыныстары мен жеделдігіне орай жеке адамның ерекшеліктерін байқаймыз. Адамның сөйлеу мә-нерінің біразы тума беріледі де, көбі оқу-тәрбие бары-сында пайда болады.
Кейбір қатынастарға байланысты адамдардың пси-хологиялық бейнесі түрақты келеді де, көбіне ауыспалы болады. Адамның сырт көрінісінө орай оның образы бір-шама өзгеріссіз сақталады. Осыдан біз адамды көпшілік ішінде ажырата білеміз. Және бір түрақты сақталатын қасиеттер – адам мінезі, қылық-әрекеті мен әдеттері. Осылар бойынша санамызда жасалған образдар арқылы біз көп заманнан ажырасқан адамымызды танимыз.
Кейде кездейсоқ үшырасқан адамымыз көптен таныс сияқты болып көрінеді. Ал тілдесе келе, оның әре-кет-қылығына мән бере, тіпті басқа біреу екеніне көз жеткіземіз. Кейде, керісінше, алғашкыда танымасақ та, адамның мінез бітістөрінен, әрекет-қылығынан бүрыннан бізге таныс белгілерді байқап, жакындасуға тырысамыз. Осыдан, біздің санамызда бекіген адам бейнесінде үлкен роль ойнайтын – мінез бітістері, екінші орында – адамның сырт көріністрі.
Уақыт ағымына берілмей, үзақ мерзім сақталатын
белгілер – адамның кажетсінулері, әрекет-қылық мотивтері мен қызығулары, бұлар бойынша біз адамды тануымыз мүмкін, бірақ бұл үшін аталған белгілер сол адамның сырт көрінісі мен мінезінен біраз байқалуы тиіс.
Жоғарыда бөгде адамды тану, білу мүмкіндігін әңгімеледік, ал енді адам өзін-өзі сарапқа сала алады ма, жоқ па деген сұраққа жауап ізделік. Бүған оң да, кері де жауап айту мүмкін. Егер адам өзін-өзі түк танымаса, онда оның қауым ортасындағы әрекет-қылықтары алдын ала өзіндік болжастыруға келмей, тұрақсыз кейіпке енер еді. Сонымен бірге, мүндай адамның қатынас қылығы мен іс-әрекеттері ақыл оралымынан алшақ, төңірегіндегілердің ісімен сәйкестік таппайды, Егер адам өз әрекетін сырт көзбен бағалай алмаса, оның іс-кадамдары кейбір жағдайларда оғаш көрінеді, Егде адам бала сияқты был-дырласа немесе бала жасына келмей үлкеннің ұстам-дығын танытса, төңірегіндегілер мүндайларды не жай күлкіге алады, не сайқы-мазаққа телиді.
Екінші тараптан, егер адам өзі жөнінде бәрін біле берсе, онда өмірге деген қызығушылықтың да кажеті болмай қалары сөзсіз, себебі саналы адамның бар өмірлік болмысы осы өзін тануға деген жоғары ынта-ықыластан нәр алады. Адамның кдлыпты өмірі үшін өзін-өзі біле алмастық та, аса көп білу де сиыспайтын кұбылыстар.
Адам өзінің шындыққа келетін сырт көрінісінен басқада өзінің мінез бітістері жөнінде де азды-көпті мәліметке ие, бірақ бұл мәліметтер көбіне адамның өзі жөніндегі ұнамды пайымдауларды камтиды. Сонымен бірге, адам өзінің кейбір әлеуметтік талапқа сай кажетсінулері мен әрекет-қылығының себеп-түрткілерін тануға бейім. Ал өз санасының астарында жаткдн немесе моральдық тыйымдарға байланысты санаға жат психологиялық бітістерін тіпті де білмейді.
Адам өзі жөніндегі шындықты басқалардың оның іс-әрекетіне болған қатынасынан байкауына болады. Өз әрекеттері мен сол әрекеттерге берген басқалар бағасын салыстыра, адам жанама түрде өзі қасиеттері мен сапаларын болжастыруына болады.
Іс-әрекетте нәтижеге жетісе, мақтау алып, не сәтсіздікке үшырап, сырттың жоғары немесе ұнамсыз бағасына кезігумен әр жеке адам өзінің кабілет деңгейін сезеді. Өмірде жетіскен ісіне қанағаттануын, болмаса канағаттанбауын ішкі, ниеттеген психологиялық бейнемен салыстыра алса, адам өз кажетсінулері мен мотивтерінің оң не теріс бағытын дүрыс та толық тани алады.
Есте ұстайтын жәйт, өз бағаңды қорытындылауда толығымен басқалар пікіріне құлай түсуге болмайды. Себебі өзіңіз ұнамды катынастағы адамдар сізді асыра мақтауға дайын түрса, қалай да жек көретін адамдар сізде бірде-бір ұнамды қасиет көре алмауы мүмкін, Сонымен бірге, әр адам өзінің афферент жағдайындағы әрекетін тіпті де білмеуі мүмкін, себебі мүндай саналық басқарудан айрылған кезде, адам өзіне, басқалар реакциясына объектив баға беріп, әрекетін байқастыру кабілетінен айрылады.
Адамның өзін-өзі тануы төңірегіндегілердің қабылдауы мен бағасына тығыз байланысты, кеңірек айтар болсақ, барша адамдардың өзара тусінісуіне тәуелді. Күнделікті тұрмыстық қатынастар, тілдесу негізінде адамның психологиялық бейнесін түзу үшін келесі тәсілдер қол-данылады: бітіс таңу, алғашқы әсерлену, жаңалықты әсер-лену, ықтималды болжай әсерлену, асыра сілтей әсерлену, жеке адамның бітістерді біріктіре әсерленуі (Р.С.Немов.)
Негізгі ұғымдар: қарым-қатынас, мотив, коммуникация, астеник, пикник, атлетик, тілдесу, өзара түсінісу, адамдардың бірін-бірі қабылдау.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- Қарым-қатынас деген не?
- Қарым-қатынастың түрлері?
- Қарым-қатынастың қызметтері?
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987
- Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.
- Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003
- Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПБ., 1999
- Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. — А., 2005
- Қ. Жарықбаев. Жантану негіздері. – А. 2000
- Веннер Л.Н. Психические процессы. В 3-х томах. Т. 1 ЛГУ 1974
- Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998