Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мүндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден — әркімде өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам кабілеті деп аталады. Адам болғанның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі, біріншісі – психологиялық құбылыс емес, екіншісі –баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілеттердің табысты іс-әрекетпен байланыстылығын баса айтумен, тиімді нәтижеге негіз боларлық дара-өзгермелі адам қасиеттерінің шеңберін тарылта қарастыру керек. Қабілетсіздерге қарағанда, қабілетті адам іс-әрекетті тезірек меңгереді, қажетті, мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет өз ішіне әр-түрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық процестерді ғана емес, сонымен бірге жеке түлғаның барша даму деңгейін қамтыған әрі оларға тәуелді күрделі бірігім. Адамның сыртқы білім, ептілік, дағды әрекеттеріндө көрінгенімен, қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық және білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы оқып, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер.
Нақты көрінетін білім, ептілік және дағдылар қатарында қабілет адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағаланғаны жөн, яғни қабілет жерге тастаған дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса өнеді, кері жағдайда көрінбей-ақ жойылады. Осыдан, қабілет – білім, ептілік және дағдыларды игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу, аспауы көп жәйттерге тәуелді. Мысалы, балада керемет математикалык қабілет болуы ықтимал, бірақ ол сол баланың ғұлама-математик боларының кепілі емес. Арнайы шарттар (бағдарлы оқу, шығармашыл пе-дагоғ, отбасы мүмкіндіктері ж.т.б.. орындалмаса, қабілет дамымай жатып, өшеді. Қоғам қолдамауынан қаншама даналардың болмай жатып, құрдымға кеткенін кім санапты? Ал мектепте “үштік” бағаға ептеп ілесіп жүрген Альберт Эйнштейн әлемге әйгілі ғалым-физик болыпты.
Білім, ептілік және дағдылардың игерілуімен олардың қабілетпен тікелей байланысы көріне бастайды, яғни іс-әрекетті игеру барысында қатыса отырып, қабілет одан әрі дамиді, іс-әрекетке жаңа мазмүн мен сипат береді, Математиканы оқымаған адамның математикалық қабілеті ешқашан да жарыққа шықпайды: оны тек сандарды танып, олармен есеп қүрап, мәселе шешу ж.т.б. барысында ғана қалыптастыру мүмкін.
Сонымен, қабілет білім, ептілік және дағдылардың өздерінде көрінбей, танып үйренуге орай нақты әрекетті игеру динамикасында (тез-шабан, оңай-қиын. байқалады. Іс-әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгейі мен тәсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді.
Қорытындылай келе, “қабілет” түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін (Б.М.Теплов. атайық:
- Кабілет – бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән касиеттер қабілет бола алмайды.
- Кабілет – барша түлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.
- Қабілет – нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.
Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам іс-әрекетке байланысты талаптар-ды орындай алмаса, оның қабілөтінің жөтімсіздігін атап өткен жөн. Мүндай түлға қажетті білім қорын жинақтап, ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруы үшін талай күш салып, үзақ уақыт жаттығуы тиіс, ал тәрбиеші-пөда-гогтар оны оқытып, үйрету үшін үлкен шеберлік пайдала-нуы лазым. Әйгілі режисер В.Немирович-Данченко “Кім бол-са, сол режисер бола алады ма?” деген сұраққа “Әлбет-те, әркімде болады, бірақ біреуге ол үшін 3 жыл оқып, тәрбиеленуі қажет, ал екіншіге – 30 жыл, үшіншіге – 300 жыл да аз” – деп жауап беріпті. Сонымен бірге, адам қабілеті уақыт өтумен пайда болып, немесе қандай да қызметке орай қалыптасуы мумкін,
Көрінген іс-әрекет жеке адам қабілетін дамыта алмайды. Адам тіршілігінің жалпы құрылымына назар аудара отырып, қабілет дамуына ықпалсыз, керісінше. Көрінген қабілет нышандарын тежеп, олардың жойылуына себепші іс-әрекегтер барын байқау қиын емес. Мысалы, егер ән-күй не шығармашылық қабілеті бар адам ауыр, қарапайым дене жүмыстарымен шұғылдануына тура келсе, әрине, кейінгі іс ондағы табиғи қаланған кдбілеттердің дамуына оң әсер етуі екіталай.
Жеке тұлғаға байланысты дамытушы іс-әрекет жайында әңгіме қозғалғанда, алдымен маңызды болуынан төңірегіне адамның барша мүмкіндіктерін жинақтай алатын іс-әрекет ескерілуі қажет. Сондықтан, нақгы әрекеттің дамытушылық қасиетін тану үшін, оны жеке адаммен байланыстыра сипагтау керек, Бұл жағынан бүкіл адам өмірімен қабысқан кәсіби қызметтің өзі де иесі үшін аса мәнді де маңызды болмауы мүмкін. Өндірістік тапсырыстар мен қызметтік міндеттер адамның шығармашылық мүмкіндіктері мен тұрмыстық бай тәжірибесін толық және жан-жақты ашып бере алмайды.
Іс-әрекет адам қабілетін ұдайы дамыта бермейді, оның себебі — қабілет пен іс-әрекет арасында белгілі сәйкестіктің болмауы. Бұл сәйкессіздіктің мәні: әрқандай қабілет өзінде қалаған іс-әрекет мүмкіндіктерін қамтуынан қай бір жағынан нақты орындалып жатқан іске қарағанда ауқымда да кең мағыналы. Екінші жағынан, нақты іс-әрекет өзіне қатысты қабілеттен кеңірек болып, басқа да қабілеттерді қажетсінуі мүмкін. «Калыпты адам өзінің дене және ақыл қабілеттерінің он пайызын ғана пайдаланады. Қолданған және онда пайдаланбай қалған мүмкіндіктер айырмашылығы – адамның кім болып танылғаны мен әлі де кім болатынының көрсеткіші» (Коупленд П.)
Осыған орай қабілеттер нақты (актуальный) және мүмкін (потенциальные) болып екіге бөлінеді.
|
Мүмкін болар қабілеттер нақты іс-әрекетгің қандай да түрінде көріне бермейді, алайда белгілі әлеуметтік жағдайлардың өзгеруімен қызмет желісіне қосылуы мүмкін. Нақты қабілеттер қатарына жалпы қызмет бабында іске асатыны ғана емес, сонымен бірге дәл бір уақытта және нақты шақтағы әрекетке қажет болғандары да кіреді. Мүмкін болған және нақты қабілеттерді тұлға кабілетінің дамуына ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардың жанама көрсеткіші ретінде тануға болады. Себебі қоғамның әр тарихи даму кезеңінде қалыптасқан әлеуметгік жағдайлардан мүмкін болар қабілеттөр өрістей түседі не кедергілерден сөніп кетеді, нақты іс жүзінде кәрі-ніп не пайдалану сәті болмай қалады.
Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін қалтқысыз дәлелдеп отыр. Қабілеттердің тума берілмейтінін мойындаумен бірге психология белгілі іс-әрекетті табысты орындаудың шарты болатын ми құрылымының тума ерекшеліктеріне шек келтірмейді. Қабілеттер дамуының табиғи негізі болған мидің қүрылымы, сезім мүшелері мен қозғалыстардың анатомиялық-физиологиялық, нәсілдік ерекшеліктері ңышан деп аталады. Шын мәнінде, адамдар арасындағы табиғи айырмашылықтар оларда қалыптасқан дайын қабілеттерде емес, дәл осы нышандар көрінісінде. Нышандар қабілет дамуының бастауы болғандықтан, адамның барынша же-тіліп, кемелдену жолу осы екі қүбылыстың өзара үштасып, байланысқа келуінен болады. Нышанның арқасында дамығанымен, қабілет сол нышанның өзіндік қызметінен туындамайды, ол нышаннан бастауын ғана алған даму процөсінің нәтиже жемісі.
Мысалы, ақыл-ес қабілеттері ең алдымен ми қызметінен – қарқынды не бәсең қозулардан, жүйке процестерінің қозғалмалылығынан, уақытша байланыстар түзілімінің шапшаң не баяулығынан және т.б. Яғни И.П.Павлов генотип (жүйке жүйөсінің тума ерекшеліктері. деп атаған қүбылыстан көрінеді, Мидың қанмен қамтамасыз етілуі де ақыл-сана кабілетіне ықпал жасайды, Толық қан айналымы – ми қызметінің ақыл-ой, зейін шоғырландыру, жақсы есте қалдыру, жүйке байланыстарының (ассоциация. тез жүруінің, сана жүмысымен шаршамай, мүлтіксіз жоғары тиімділікпен орындалуының кепілі.
Мидың тума қасиеттері адамның типологиялық ерекшеліктерінде екі түрде көрінеді (И.П.Павлов.: 1. Жоғары жүйке жүйесіне тәуелді; 2. Бірінші және екінші сигналдық жүйелердің арақатынасына байланысты.
Адам қабілеттерінің дамуында жоғары жүйке жүйесі қызметінің типі (күші, тепе-тендігі, қозғалмалылығы ж.т.б.. үлкен маңызға ие. Осыдан, жүйке процестерінің күші, тепе-теңдігі және қозғалмалылығымен (белсенді тип. байланыса отырып, адамның үйымдастырушылық қабілеттерінің қалыптасуына қажет көптеген еріктік және тілдестік қасиеттердің түзіліп, орнығуына жәрдемін тигізеді.
Өздеріне тән бейнелеу мумкіндіктеріне орай бірінші не екінші сигнал жүйелерінің аз немесе көп әрекетке қатысуынан қабілеттердің 3 типі (И.П.Павлов. ажыратылады: көркемөнерлік (көбіне бірінші сигналдық жүйеге негізделген.; ой-саналық (көбіне екінші сигналдық жүйеге негізделген.; аралас (екі жүйе де бірдей қатысқан.. Осыдан, “суреткерлер” – объектні тұтас бейнелеуге бейім, “ойшылдар” – талдаумен, элементтерге ажырата тануға шебер, ал “аралас” қабілеттер қалыпты дамыған адамдардың бәріне тән қүбылыс.
Нышандардың әртүрлі кабілеттерге байланысты маңызы бірдей емес. Көбіне нышандық қасиеттер музыкалық және суреткерлік өнерде қажет. Тума берілген нәзік есіту қасиеті – музыкант болудың, ал түр-түс айыра білу –болашақ суреткер болудың алғы шарты.
Нышандар дамуы әлеуметтік процестерге тікелей тәуелді. Егер қоғамда белгілі бір кәсіпке қажеттік туып, қандай да адамның сол кәсіпке сай нышандық белгісі болса (музыкантқа кджет нәзік есту қасиөті., онда оның нақты еңбекке араласуға болған қабілеті тез әрі жоғары деңгейде қалыптасып, дамиды.
Нышан іс-әрекеттің нақты формасына байланыс-сыз көп мағыналы келеді; сондықтан, белгілі бір нышан негізінде іс-әрекет талабына орай әртүрлі қабілеттер қалануы мүмкін. Осыдан, жақсы есту әрі әуен ырғағын сезінуден адам күй орындаушы, дирежер, биші, әнші, му-зыка сыншысы, педагог, композитор және т.б. болары ықтимал. Сонымен бірге, болашақ қабілеттер мен іс-әрекеттердің сан алуан болуынан нышан жеке адамның дара таңдамалық қасиетіне негіз береді.
Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектті жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік – нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы, адам көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы саладағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім таба алады,
Іс-әрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында келесі сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен – еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Бірақ, осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де айтар-лықтай өнімге қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, мінезінің ұнамды, ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық дең-гейде болуы керек.
Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді.
Әртүрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік-дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды, Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркемөнер, адамаралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай та-бандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі анағұрлым жоғары.
Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлылық таныта алады. Бүл қасиеттің адамдағы көрінісі – 2-3 жасар баланың бір іспен үзбей шұғылдана алу уақыты. Басқа қатарларымен салыстырғанда дарын-ды бала өзін қызықтырған іспен бірнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бірнеше күндер бойы қайта оралып, көздегеніне жетпейінше, әрекетін тоқтатпайды.
Дарындылық дәрежесінің артуы қажетті білімдер мөн ептілік, дағдыларды игеріп әрі жетілдіріп баруға тікелөй тәуелді.
Дарындылықтың өзіндік ерөкшелігі ең алдымен қызығушылық бағдарға байланысты. Осыдан, біреу математикаға қүмар, екінші – тарихқа, және біреулөр – қоғамдық жұмыстарға бас (лидер. болуда өз дарындылығын іске қосып, оны нақты іс-әрекетте кейін дамыта түседі. Мысалы, мүғалім дарындылығының көрсөткіштері келесідей:
- оқу материалын шәкірттерге түсінікті күйге келтіру;
- оқушы көңіл-күйін қалтқысыз тану;
- жүмыста шығармашыл болу;
- балаларды өз еркіне көндіре алу;
- балалар ұжымын біріктіруге қабілеттілік;
- сөз мәнерлігі мен мазмұндылығы;
- сөйлеу көркемділігі мен нанымдылығы;
- педагогикалық әдептілік;
- оқу материалын түрмыспен байланыстыра алу;
- байқағыштық;
- педагогикалық талапшаңдық (Ф.Н.Гоноболин..
Кабілеттер өз деңгейлері мен ауқымы жағынан ажы-ралады. Нақты іс-әрекет аймағында өте жоғары деңгейге көтерілген қабілет – шеберлік деп аталады. Шеберлік, яғни бір іс-әрекет аймағында жоғары жетілгендік үлкен де қажырлы еңбек негізінде пайда болады. Шеберлік көбіне өндірістік қайта жасау қызметтерімен байланысты келеді. Алайда, бүл шеберліктің дайын ептіліктер мен дағдылар бірлігінен туындайтынын білідірмейді.
Әрқандай кәсіптегі (мүғалім, дәрігер, үшқыш, спорт-шы ж.т.б.) шеберлік кез келген жаңа мәселелерді шешу-ге қажет болған психологиялық дайындықты қажет етөді. Шебер маман үш/н шығармашылық міндетті түсіну мен оны орындау жолдарын табу – екеуі өзара байланыста қабылданады, іске асады, яғни «не істеу» және «қалай істеу» арасында жік болмайды.
Шеберлік деңгейі — өзгермелі, дамудағы құрылым. Іс-әрекет барысында адамның қабілет түзілімі, түлғалық мәні қалыптасып, бір деңгейден екіншісіне көтерілумен ұдайы ауысып барады. Өте дарынды адамдар да қарапайым еліктеуден бастап, кейін бірте-бірте тәжірибе жинақтаудан жасампаздық дәрежесіне көтеріледі.
Адам қабілетінің ерекше даралық сипатын көрсететін психологиялык, құбылыс – талант. «Талант» сөзінің төркін мәні: ежелгі грек қауымында бай-манап өзі жоқта жұмыстан қашқақтамасын деп еріншек құлына беретін күміс ақша бірлігі – талант аталады екен, ақылдан жүта құл оны алудан, пайдалы айналымға жіберудің орнына, топыраққа көміп, жасыратын болған. Осыдан халықта «таланты құм болды», «таланты көмілді» деген үғымдар сақталып қалған, Қазіргі күнде талант арнайы қабілеттердің (музыкалық, суреткерлік, әдеби шығармашылық және т.б.) жоғары деңгейлі дамуын білдіреді. Кдбілеттер сияқты та-лант та іс-әрекетте көрініп, өрістейді. Талантты адамның қызметі өзінің жаңашылдығымен, қайталанбас мәнерімен ажыралады.
Таланттың оянуы тікелей қоғамдық болмысқа тәуелді. Кандай бағыттағы дарындылықтың жол алуы дәуір қажеттігі мен әлеумет алдында турған нақты міндеттерге байланысты. Мемлекеттің дамуы инженерлік және конструкторлық таланттардың жетілуінен, мемлекеттің көркейген кезеңіндө ән-күй, әдебиет таланттары шығады,- ал соғыс уақытында – талантты әскери қолбасшы дүниеге келеді. Осыдан, қазақ арасынан шыққан Қ.Сатпаев, М.Әуезов, Б.Момышұлы, Қажымұқан, — әрбірі өз дәуірінің саңлақтары.
Талант – көптеген қабілеттердің байланысы, біртұтастығы. Өте жоғары дамыған, бірақ оқшауланған бір қабілет талант дәрежесіне көтеріле алмайды, Мысалы, кейбіреулер 10 қатарлы не оданда көп санды лезде көбейтеді не бөледі, бірақ математик емес, бола алмайды да.
Кабілеттердің даму барысындағы ең жоғары, шыңдалу деңгейі – данышпандық деп аталады. Шығармашылық қызметі қоғам өмірінің бір дәуірінде, адамзат мәдениетінің тарихында белгілі із калдырған адам ғана данышпан бола алады. Өркениеттің 5000 жылдық тарихында мүндай шыңға 400-ақ кемеңгер көтеріліпті (Котс). XX ғасыр саңлақгары атанған, арамызда жүрген замандастарымыз ақын Олжас Сүлейменов, сынаушы ұшқыш, ғарышкер Тоқтар Әубакиров қазақ данышпандарының бірінші ондығынан.
Адамның шығармашылық іс-әрекетінің аса табысты болуына себепші рухани көтеріңкілік пен ерекше күш-қуат туындайтын кезендер болады. Бүл жағдайдағы адамды жаңа идеяларға жетектеп, оларды іске асыруға ынталандыратын психологиялық қалып – шабыт деп аталады. Шабыт шығармашыл түлғаның жоғары белсенділігінен, оның іс-әрекетінің жемістілігінен, жасампаздық ептілігі-нен, жаңалык, ойлап табу қызметіне толық берілуінен кө-рінеді. Өмірнамашыларының айтуынша, И.С.Тургенев шығармаларын жазуды өзін-өзі зорлап, көндіруден емес, ішкі ниет қалауымен қалай бастағанын білмей қалады екен.
Шабыт пен еңбек – екеуі егіз, бір-бірінсіз жүзеге асырылмайды. Осыдан, шабыт – қажырлы еңбек пен орасан бай білім қоры негізінде туындайтын мүмкіндік. «Шабыт – еріншектерден қашатын, шақырғанға баратын қонақ» (П.И.Чайковский). Сана айқындығы. Ой мен бейнелер кернеуі; ес, зейін өткірлігі, мақсатқа бағыттайтын арнасына симаған ерік күші – шабыттанудың алғы шарттары.
Негізгі ұғымдар: қабілет, нышан, шабыт, еңбек, талант, дарындылық, шебер, маман, нақты қабілеттен, мүмкін қабілеттер.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- Нышан деген не? Оның қабілетпен байланысы?
- Дарындылық, оның көрсеткіштері?
- Талант деген не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987
- Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.
- Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003
- Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПБ., 1999
- Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. — А., 2005
- Қ. Жарықбаев. Жантану негіздері. – А. 2000
- Веннер Л.Н. Психические процессы. В 3-х томах. Т. 1 ЛГУ 1974
- Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998