- Жекеаралық қатынастар феноменологиясы.
- Сыйысушылық және келісушілік.
- Білім беру жүйесіндегі жекеаралық қатынастар.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Әлеуметтік ортада тіршілік етуші азамат өзінің кім екенін былайғы жұртқа өзін қоршаған орта мен сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы таныта алады. Адамдар қарым-қатынасының сыр-сипаты қоғамдық өмірде, әсіресе өндірістік істердегі әрекетінен айқын байқалады. Топ ішіндегі адамдардың бір-біріне тәуелділігі, бағынуы, бірлесіп атқаратын істері, өзара көмектесуі – олардың нағыз топтық тіршілігінің заңды түрде қалыптасуын көрсететін сипаттар. Олардың арасындағы қарым-қатынастардың мазмұнды болуы түрлі әлеуметтік жағдайларға және әрбір азаматтың даралық нақты іс-әрекеттеріне байланысты. Мұндағы өзекті мәселе – адамдардың қоғамдық ісінің нәтижелі болуы мен әлеуметтік мақсаттылығы. Адамдар арасындағы тікелей қарым-қатынас бір-бірін ұнатып, қолдау нәтижесінде өрістесе, ал жанама қарым-қатынас олардың бағалы заттарды өзара алмасуы мен бірінің ісін бірі бағалау нәтижесінде қалыптасады.
Қарым-қатынас, бірлескен практикалық және рухани іс-әрекет процесінде адамдар арасында пайда болатын қатынастар қоғамдық қатынас ретінде анықталады. Адамдар арасындағы психологиялық қатынастар ресми және ресми емес болып екіге бөлінеді. Сондай-ақ іс және жеке басты (немесе жекеаралық) қатынастар бар. Іскерлі қатынас ортақ оқу немесе еңбек іс-әрекетімен байланысты анықталады. Психологиялық қатынастардың негізгісі жекеаралық қатынас болып табылады. Жалпы екі өзара әрекеттесіп жүрген адамның ұқсастығы (ерекшелігі) негізгі факторлармен анықталады: әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, психофизиологиялық.
Субъектінің сыртқы немесе дүниеге бағыттылығы (экставерттілік немесе интраверттілік) өзаралық қатынасқа әсер ететін маңызды сипат болып табылады. Өзаралық тартымдылықтың қалыптасу механизмі (достық қатынас негізінде) жас және жағдайға байланысты спецификасы бар. қанағаттандырады. Бірін-бірі түсіну процесі тұрақты жекеаралық тартымдылықпен аяқталады.
Ерлі-зайыпты жұптардың өзаралық қатынастары. Р.Хилл неке серігін таңдау нәтижесін анықтайтын келесі негізгі факторларды көрсетті. Сыйысушылыққа қарсы – қақтығыс. Қақтығыс негізінде әдетте – субъективті не объективті әр түрлі тенденциялардың (мотив, қатынас, әрекеті мен жеке бастың мінез-құлқы, содай-ақ топтың да) қақтығысы түсініледі. Ортақ міндетті шешу жағдайындағы эмпатия. Адамның уайымдауы үнемі байқалып тұрады. Эмпатия формасы жекеаралық қатынастың түрі мен сипатына байланысты. Эмпатияның ең жоғарғы формасы толық жекеаралық идентификацияда көрінеді.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
- Топ аралық қатынастардың түріне сипаттама беріңіз?
- Әлеуметтік таным үрдісінде байқаушының қандай психологиялық ерекшеліктерінің ықпалы бар?
- Қақтығыстың анықтамасын беріңіз. Қақтығыс қалай дамиды?
Әдебиеттер:
- В.Петровский, В.В.Шпалинский. Социальная психология клолектива. М., 1978.
- Д.Майерс. Социальная психология. Питер.1994
- А.И.Донцов. Психология коллектива. М., 1984
- Я.Л.Коломенский. Психология взаимоотношений в группах. М., Изд.БГУ.1976