Психофизиологиялық басқару негіздері

 

  1. Адамның функционалдық күйі.
  2. Жұмысқа қабілеттілікті арттыру талаптары
  3. Экстремалды жағдайдағы еңбектің ерекшеліктері
  4. Жұмысқа қабілеттіліктің жасқа байланысты өзгеруі

Адамның функционалды күйі оның нақты бағыттағы қызметімен, нақты шарттарда, нақты өмірлік қуат қорымен сипатталады. А. Б. Леонова адамның функционалды күйі оның өзін ұстауымен немесе қызмет түрінің эффектілігімен сипатталады деп көрсеткен. Бұл дегеніміз адамның әртүрлі жағдайда нақты бір әрекеттерді жасау мүмкіндігімен түсіндіріледі.

Адамның күйін өзін әртүрлі ұстауымен сипаттауға болады: физиологиялық жүйесі жұмысының өзгеруімен (орталық жүйке, жүрек – қантамыр, тыныс алу, қозғалу, эндокринді) психикалық үрдістердің жылжуы (түйсік, қабылдау, еске сақтау, ойлау, елесеу, назар аудару), субъективті алаңдау.

В. И. Медведев функционалды күйдің келесі анықтамасын берді: «адамның функционалды күйі дегеніміз оның қызмет жасауға көмегі бар  функциялар мен қасиеттердің сипаттамасы»

Функционалды күй әртүрлі факторлармен анықталады. Сондықтан адамның әрбір нақты жағдайда көрінетін күйі бірегей. Бірақта жеке жағдайлардың әртүрлігінен жағдайдың жалпы күйлері анық бөлініп көрсетіледі:

  • жақсы өмір сүру жағдайы;
  • патологиялық жағдайы;
  • Шексіз жағдайы.

Нақты бір классқа адамның жағдайын жатқызуға сенімділік пен әрекет бағасы критериі көмектеседі. Сенімділік критериі адамның берілген тапсырманы уақытында, нақты және бас тартусыз орындау қабілетімен анықталады. Әрекет бағасы адам ағзасының әрекет барысында жоғалтқан күші мен соңында адам денсаулығына зиян әкелуімен сипатталады.Айтылған критерилер негізінде адамның қызметке араласуының функционалды жағдайы екі басты классқа бөлінеді – жол берілген және жол берілмеген, немесе рұқсат етілген және рұқсат етілмеген.

Адамның психологиялық және физиологиялық қорын шектен тыс ысырап ету оның әртүрлі ауруға шалдығу мүмкіндігіне әкеледі. Осы жағдайға байланысты жақсы және патологиялық күй ажыратылады. Соңғы класс медициналық зерттеулер нысаны болып табылады. Шектен шығу жағдайы ауруға шалдықтыруы мүмкін. Ұзақ уақыт уайымдау жүрек  — қантамыр, асқорыту, жүйке ауруларына шалдықтырады. Үнемі шаршау шаршаудың шектен тыс күйі саналып – жүйке жүйесінің патологтялық аурауына шалдықтырады. Сондықтан қызмет барысында барлық шектен шыққандық қызметте  жол берілмеген категориясына жатады. Олар психологтардың араласуымен жүзеге асатын профилактикалық шаралар қолдануға мәжбүрлейді.

Функционалды жағдайдың басқа классификациясы адамның істелген жұмысына жасалған талаптарға адекватты түрде жауап беру әсерімен құрылады.   Осы концепцияға сәйкес адамның күйін екі топқа бөледі – теңбе – тең жұмылдыру жағдайы және динамикалық келіспеушілік жағдайы.Теңбе – тең жұмылдыру күйі нақты жұмыс шарттарына жасалған талаптарға адамның шиеленісу мүмкіндігіне сәйкестігімен сипатталады. Ол әртүрлі себептермен бұзылуы мүмкін: әрекеттің жалғасуымен, интенсивті күш жұмсау жоғарылығымен, шаршаумен, т.б. Осы  жағдайда динамикалық келіспеушілік туады.

Психологияда функционалды жағдайды зерттеу жұмысқа қабілеттілік динамикасы және шаршаумен анықталады. Шаршау – ұзақ жұмыс атқару кезінде күш жұмсаудың өсуінің табиғи реакциясы. Физиологиялық тұрғыдан шаршау ішкі ағзаның жүдеуі, және жүйенің тиімді жұмыс істеуіне көшуі: қанайналымның минуттық тоқтауы жүректің соғу көлемінің жиырылу жиілігі есебінен көбеюінің нәтижесінде және бұлшықет бірліктерінің әлсізденуі мен оның жеке талшықтарының қысқаруының нәтижесінде жүзеге асады. Осының нәтижесінде жұмыс қарқыны төмендеп, қозғалыстың координациялығы, нақтылығы және ырғағы азаяды. Шаршау нәтижесінде психикалық үрдістердің өзгерісі жүзеге асады. Бұған әртүрлі ағзалардың сезу қабілетінің төмендеуі мысал бола алады. Шаршау кезінде әрекет ету жылдамдығы төмендейді. Шаршаудың сипаттаулары әртүрлі субъективті сезімдермен ұсынылады. Қызмет ету барысын зееттегенде жұмысқа қабілеттіліктің төрт деңгейі анықталды:

  • Көп жұмыс істеу деңгейі;
  • Оптималды жұмысқа қабілеттілік деңгейі;
  • Шаршау деңгейі;
  • «Соңғы талпыныс» деңгейі.

Үнемі шаршау шаршудың бірінші белгілері әртүрлі субъективті сезінулер – әркез шаршау, үйқы келушілік, т.б. Бастапқы кезеңдерінде бұл белгілер әлсіз көрінеді, ххроникалық шаршауды жұмысқа қабілеттілігімен сипаттауға болады.Жұмыс істеуші адамды зерттеу үшін «шиеленісті» термині қолданылады. Әрекеттің шиеленістігін еңбек үрдісі құрылымын, соның ішінде жұмыс қиындығы, қарқындылығы, әрекеттің толыққандылығымен сипатталады. Басқа жағынан әрекет шиеленісі психофизиологиялық жұмсалулар мен көрсетіледі.Шиеленіс жағдайы екі негізгі классқа бөлінеді: спецификалық, психофизиологиялық үрдістердің динамикасы мен қарқындылығын анықтайды, спецификалықсыз, әрекет жасаушы адамның деңгейін көрсетеді.

Жұмысқа қабілеттілікті арттыру талаптары

Жұмысқа қабілеттілік – белгілі бір уақыт көлемінде белгілі бір ырғақпен жұмыс істеуге қабілеттілік. Жұмысқа қабілеттіліктің сипаттамасы ретінде жүйке – психикалық тұрақтылық, өндірістік әрекет ырғағы, адамның шаршаңқылығы болып табылады.

Жұмысқа қабілеттілік айнымалы өлшем ретінде нақты шартарға тәуелді:

  • денсаулық;
  • тиімді тамақтану;
  • жас;
  • адамның резервті мүмкіндігі (күшті және әлсіз жүйке жүйесі)
  • еңбектің санитарлы – гигиеналық шарттары:
  • проффесионалды дайындық пен тәжірибе;
  • мотивация;
  • тұлғаның бағытталуы.

Адамның еңбекке қабілеттілік шарттарында маңызды орын алатын еңбек пен демалыстың кезектесуі басты талап. Осыған байланысты басшының басты тапсырмасы жұмысшыларға тиімді жұмыс кестесі мен демалысты ұйымдастыру.

Психофизиологтардың зерттеуінше психологиялық сергектік таңғы сағат 6 дан басталып, 7 сағат көлемінде тұрады. Биологиялық ырғақ сағат 3 тен басталып 2 -3 сағатқа жетеді. Сағат кешкі 6 дан бастап психологиялық сергектік төмендеп, 7 –нің кезінде спецификалық өзгеріске ұшырайды: психикалық тұрақтылықтың төмендеуі ашушаңдыққа әкеліп, себепсіз ұрысуға дайын болады.

Кейбір адамдарда бас ауруы басталады, психологтар бұл күйді критикалық нүкте деп атайды. Сағат 8 ге таман қайтадан психикалық белсенділік артып, адам белгілерге тез жауап береді. Сағат 9-дың кезінде еске сақтау қайта жақсарып, күндіз сақталмаған заттар тез қабылданады. Осыдан кейін жұмысқа қабілеттілік төмендеп сағат 11- де ағза демалуға дайындалады, сағат 12-де сағат 10-да ұйқыға жатқандар түс көре бастайды.Түскі уақытта 2 критикалық кезең болады: 1 – сағат 7 – лер шамасында, және 2 – сағат 10 – дар шамасында. Осы уақытта жұмыс істеушілер ерікті түрде зейінін жоғарылатуы қажет. Қауіпті сәт 4 – тің кезінде туындайды, бұл кезде ағзаның психикалық және физикалық мүмкіндігі төмендейді.

Апта көлемінде де жұмысқа қабілеттілік өзгеріп тұрады. Жұмыстың тоқтауы аптаның бірінші және екінші күндері болады. Жұмысқа қабілеттілік мезгілдік өзгеріске ұшырайды.Жұмыс уақытының орта кезінде, жұмыс басталған соң 4 сағат кезінде түскі асқа үзіліс болуы керек (40-60 минут).

Адамның күшін толықтыру үшін адамға ұзақ демалыстың 3 түрі қажет:

  1. Жұмыстан кейінгі демалыс. Бәрінен бұрын ұйқы қажет (7-8 сағат). Ұйқының дұрыс болмауы басқа демалыс түрлерімен өтелмейді. Ұйқыдан бөлек жұмыстан тыс уақытта, спортпен белсенді айналысу қажет.
  2. Демалыс күні. Бұл күні адам рахаттанатын істермен айналысуы қажет. Рахаттану физиқалық және психологиялық ағзаның шаршауын басады. Бұндай істер жоспарланбаса рахаттану санасыз түрде жүзеге асады: ішімдік, шектен тыс тамақтану, көршілермен ұрыс, т.б.
  3. Ұзақ уақытты демалыс. Оның мерзімі басшылықпен бекітіледі, бірақ жұмысшы жоспарлайды. Басшы демалысты ұйымдастыруға кеңес беру немесе санаторий – курортты емделуге жолдама алуға көмектеседі.

Жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіру үшін қосымша релаксация (демалыс), аутогенді дайындық, медитация, психологиялық тренинг сияқты әдістер қолданылады.

Релаксация .Шаршауға байланысты барлық мәселені демалыстың әртүрлігімен шешу мүмкін емес. Ол үшін жұмысты және жұмысшының жұмыс орнын ұйымдастыру маңызды болып саналады.

В. П. Зинченко және В. М. Мунипов жұмыс орнын ұйымдастыруда келесі талаптар маңызды деп есептейді:

— жұмысшыға барлық қозғалысына және орын ауыстыруына  кең ауқымды орын бөлу;

— оперативті тапсырма орындауда табиғи және қолдан жасалған жарықтандыруды ұйымдастыру;

— акустикалық шудың, вибрацияның және өндіріс ортасының басқа факторларын ұйымдастыру;

— қауіптілікті көрсетіп тұратын белгілер мен инструкцияларды орнату;

— авариялы жағдайда жөндеуді ұйымдастырудың тездігін, экономикалық, техникалық қызмет көрсетуін ұйымдастыру.

Б. Ф. Ломов еңбектің дұрыс жүруіне тиімді мынадай шарттарды қарастырады:

  1. Жұмыс жүйесінің жоғары деңгейде жүруі (қозғалыс,сезіну), мысалы ажыратудың нақтылығы немесе әрекеттің жоғары жылдамдығы,т.б.
  2. Жұмысқа қабілеттілік жүйесінің ұзақ уақыт сақталуы, яғни шыдамдылық. Соған орай жұмыс істеудің жоғары қарқындылығы. Мысалы, жұмысшыға ақпарат берілген жағдайда оның жұмыс қарқыны төмен болса, ол ақпаратты сақтауда ұзақ уақытқа жетпейді
  3. Жұмыстың тиімді шарттарына жұмыстың қысқа уақытта істелінуі жатады, яғни адамның тыныштық жүйесінің жоғары жұмысқа қабілеттілік жүйесінің қосылуы.
  4. Жұмыс істеудің тұрақтылығы, яғни жұмыс жүйесінің нәтиже нұсқаларының аздығы.
  5. Ішкі әсерлерге адамның жұмыс жүйесінің әрекетінің сәйкес келуі. Егер жүйеге тиісті шарт тиімсіз болса, онда әрекеттің әсерлерге байланысы болмауы мүмкін.
  6. Тиімді шарттарда жүйе жұмысы компоненттерінде келісушіліктің жоғарылауы байқалады.

Экстремалды жағдайдағы еңбектің ерекшеліктері

Еңбектің экстремалды жағдайларына монотондылық, ұйқы және сергектік ырғағының келіспеушілігі, кеңістік құрылымын қабылдаудағы өзгерістер, ақпараттың шектелуі, жалғыздық, топтық оқшаулау, өмірге қатер төну. В. И. Лебедев экстремалды жағдайдағы адам әрекеттеріне толық сипаттама берді.

Монотондылық. И. М. Сеченов идеяларын дамыта отырып И. П. Павлов мидың жарты шар бөлігіне  тітіркендірудің аз суммасы қажет деп пайымдаған. Афферентацияның өзгеруіне әсер етуші ішкі тітіркендіргіш ағымдары адамдарға ұшудың биіктігі мен ұшақ басқару кезінде әсер етеді. Бомбалаушы ұшақтар мүшелері олардың ортақ ынтасызыдғы, көз көруінің төмендеуі, немқұрайдылық, ашуланғыштық және ұйқышылық күйі болатынын айтқан.

Ұйқы мен сергегтік ырғағының келіспеушілігі. Адамның даму үрдісі Жердің өз осімен күн жүйесін айналу үрдісіне жазылумен анықталған. Сансыз биологиялық тәжірибелердің нәтижесі барлық тірі ағзалардың клеткаларды бөлу ырғағы, белсенділік пен тыныштық күйі, зат алмасу үрдісі, тұрақты жағдайдағы жұмысқа қабілеттілігі күн бойына 24 сағаттық қайталанумен сипатталады. Қазіргі таңда адам бойындағы 300 үрдіс күнделікті қайталануға ұшырайды.

Кеңістік құрылымын қабылдаудағы өзгерістер. Кеңістікті бағытталушылық деп адамның Жер бетінде ауырлық күші бағытына сәйкес және әртүрлі қоршаған заттарға қатысты  өз күйін бағалай алу үрдісін айтады. Бұндай бағытталудың екі компоненті де бір – бірімен тығыз байланысты, бірақ олардың өзара қатынасы біркелкі емес.

Ақпараттың шектелуі. Қарапайым жағдайларда адам  көп мөлшерде ақпаратты қолданады, өңдейді және бөліседі. Ол ақпараттың үш түрі бар: туыстық немесе достық қатынастағы аз адамдарға арналған жеке ақпараттар; формалды әлеуметтік топ мүшелеріне арналған  арнайы ақпараттар; баспасөз ақпарат құралдарымен берілетін ортақ ақпараттар.

Ұзақ жалғыздық адам психикасына өзгерістер әкеледі. Росса (Антарктида) мұздығында үш ай жалғыз болған Р. Бэрд өз күйін депрессивті деп санаған. Ол өз отбасы мүшелері мен достарының жарқын бейнелерін елестеткен. Осы кезде жалғыздық сезімі жоғалатын болған. Осы кездері жағдайды философиялық талдауға талаптану әрекеті басым болған. 

Топтық оқшаулау. Арктикалық және антарктидалық экспедиция мүшелері жыл бойына топтық оқшаулауда болуға мәжбүр болған. Суасты қайығының бөлімдерінің жекешеленуі аз топты адамдардың оқшаулануына әкеліп соққан. Ғаламшар аралық экспедиция командасы алты – жеті адамнан тұратын болған. Марсқа ұшқан экипажда үш адам оқшаулануда мәжбүрлі түрде қалған. Осылай оқшауланған адамдар бір – біріне шынайы қамқорлық көрсетуге ұмтылып отырған, досын қтқару үшін өзін өлімге байлаған.

Өмірге қауіп төндіру адамның психикалық күйіне белгілі бір мөлшерде әсер етеді. Осындай жағдайда қалған адамдар стеникалық эмоцияларға беріліп ерлік көрсетіп жатады. Бірақ аман қалуға сенімсіздік нәтижесінде психикалық шиеленісу туындауы мүмкін.

Экстремалды жағдайларға психикалық структура. Кейбір экстремалды жағдайларға төселуге болады. Олардың бірнеше түрін бөліп көрсетеді: тұрақты төселу, қайта төселу, дезадаптация және реадаптация. Тұрақты психикалық төселу. Бұл экологиялық және әлеуметтік онтогенез үрдісі кезінде пайда болатын психикалық шиеленісуді талап етпейтін психикалық әрекеттер байланысы.

П. С. Граве мен М. Р. Шнейдман адамның төселуі оның ішкі күйлер қорының болып жатқан жағдайларға жетуімен байланысты деп түсіндірген. Психикалық төселу оның патологиялық күйіне ұқсамайды ол жеке ерекшеліктер мен жұмыс істеу диапазонының кең ауқымымен сипатталады.

Адамның қайта төселуіне қабілетсіздігі оның психикалық – жүйкелік өзгеруіне әсер етеді.

Психикалық дезадаптация. Адамның жан күйзелісі оның үйренген қатынастарының үзілуімен, алға қойған мақсатына жетеалмаушылығы мен, жақын адамды жоғалтуымен сипатталады. Бұның бәрі уайымдаушылықпен, жағдайды бағалай алмаушылықпен және одан шығар жолды таба алмауымен сипатталады.

Экстремалды жағдайдағы психикалық дезадаптация уақыт пен кеңістікті қабылдай алмаушылықпен, ерекше психикалық жағдайдың туындауымен сипатталады.

Көптеген адамдар ішкі күйлерінің әрекеттері арқылы қиын өмірлік жағдайлардан шығады, және жоғалтқан жандүние тепе – теңдігін сақтайды. Бір сөзбен айтқанда қайта төселеді. Бірақ бұл барлық адамдарға тән қасиет емес. Психикалық дағдарыстан шыға алмаған адамдар өзін өзі өлтіруге дейін барады.

Психологиялық  реадаптация. Қайта құрылған динамикалық жүйе, адамның реттелген қатынастары, ерекше жағдайда адамның өмір сүру уақыты оның тұрақты стеоротипті өмір сүру жүйесіне айналады. Әдеттегі өмір сүру механизмдары жоғалып, ұмытылады. Адамның экстремалды жағдайдан әдеттегі өміріне қайта оралуы оның динамикалық стеоротипін бұзып, бұрынғы өмір сүру дағдыларына қайта үйренуге әкеліп соғады, яғни реадаптацияланады.

Өмір сүрудің ерекше жағдайларынан тыс экстремалды жағдайдағы психикалық қайта төселу, дезадаптация, және реадаптация адам өміріндегі келесі кезеңдірдің кезектесуімен сипатталады:

  1. дайындық
  2. психикалық шиеленістің басты кезеңі
  3. кірудегі өткір психикалық әрекет
  4. қайта төселу
  5. аяқтаушы психикалық шиеленіс
  6. шығудағы өткір психикалық әрекет
  7. реадаптация

Қайта төселу кезеңі белгілі бір жағдайларға байланысты терең психикалық өзгерістер кезеңімен ауыстырылуы мүмкін. Осы екі кезең арасында аралық – психикалық тұрақсыздық әрекетімен сипатталады.

 Жұмысқа қабілеттіліктің жасқа байланысты өзгеруі

Кең тәжірибе жинаған жұмысша қартаю қасиетіне ие. Басшыларда жасара алмайды. Жаңа келген жұмысшылардың да жасы келген болса не істеу қажет?

Бәрінен бұрын биологиялық және күнтізбелік қартаюдң не екенін біліп алу қажет. Адамның жұмысқа қабілеттілігіне биологиялық қартаю әсер етеді. Өмір сүру барысында адам ағзасы өзгерістерге ұшырап, биологиялық құрылымдары және жұмыс істеу үрдісі өзгереді. Осы өзгеріс жеке дас топтарына әртүрлі әсер етеді, жас ұлғайған сайын биологиялық және күнтізбелік қартаю арасындағы айырма үлкеюі мүмкін.

Биологиялық қартаюмен қоса ағзаның толық жұмыс істеуі бәсеңдеп, адамның жұмысқа қабілеттілігі төмендеп, келесі жұмыс күніне күшін толықтыруға шамасы келмей қалады. Осыны болғызбау үшін басшы қарт адамдардың жұмыс тәртібін өзгертуі қажет:

  1. Қарт адамдарды кенеттен қиын дұмысқа жүктемеу қажет. Асығыстық,аса жауапкершілік, қатаң жұмыс тәртібіндегі шиеленіс, демалудың болмауц жүрек ауруларына шалдықтырады. Қарт адамдарға біркелкі қиын жұмыстардан босату қажет.
  2. Әрдайым медициналық профилактикалық тексерулер жүргізіп отыру қажет. Бұл кәсіптік аурулардың алдын алуға көмектеседі.
  3. Қызметкерді басқа орынға ауыстыру кезінде қартадамдардың өзін керексіз сезінуіне жол бермеу.
  4. Қарт адамдарды тыныш, бірқалыпты жұмыс ырғағы қалыптасқан, жағдай жасалған орындарға отырғызу.
  5. Қартаю кезеңінде зейін қою төмендегенмен, жұмыс тиімділігі төмендемейді.
  6. Қарт адамдарда қалыптаса бастаған есте сақтау мен қабылдау үрдісінің төмндеуін санатқа алу. Бұл талаптар жаңа қондырғыны қарт адамдарға түсіндіргенде туындауы мүмкін.
  7. Алпыс жастан асқан соң адасдар жаңа жұмыс орнына үйрнуі мен ұжымға сіңісуі қиын өтеді.
  8. Басшыға қарт адамдарға ерекше көңіл бөліп қажеті жоқ. Бұл табиғи үрдіс.
  9. Әр түрлі жастағы адамдар еңбек ететін ұжымға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Бұрынғы жұмысшымен жаңа жұмысшы арасында шиеленіс тумауы керек.
  10. Қарт жұмысшылардың орынын басатын жұмысшыларды дайындап, үйрету қажет.
  11. Еңбек демалысына жеткен жұмысшы жұмысын жалғастырғысы келсе оған толық емес жұмыс күнін белгілеу қажет, толық жұмыс күні оның денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін.
  12. Еңбек демалысына шыққан адамға алда айналысатын ісіне таңдауда көмектесу қажет. Оған өндірістегі қоғамдық жұмыстармен айналысуға немесе өндіріс ардагерлері қатарына қосылуына ұсыныс жасау қажет.

Негізгі ұғымдар:  адамның функционалдық күйі, жұмысқа қабілеттілікті арттыру талаптары, экстремалды жағдайдағы еңбектің ерекшеліктері, жұмысқа қабілеттіліктің жасқа байланысты өзгеруі, релаксация, жұміс істеу уақыты мен ұзақтығы.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Адамның функционалдық күйі.
  2. Жұмысқа қабілеттілікті арттыру талаптары қандай?
  3. Экстремалды жағдайдағы еңбектің ерекшеліктері қандай?
  4. Жұмысқа қабілеттіліктің жасқа байланысты өзгеруі қалай жүреді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Самыгин С.И.,Столяренко Л.Д. Психология управления. – Ростов – на – Дону, 2008
  2. Власова Н. Справочник  по психологии управления.Новосибирск,1994
  3. Обозов Н.Н. Психология менеджмента. С-пб.1994

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *