Психологияны  зерттеу әдістері

 

  1. Интроспекция әдісі – алғашқы зерттеу әдісі ретінде.
  2. Психологияны зерттеудің негізгі әдістері.
  3. Психологияны  зерттеу әдістерінің өзіндік ерекшеліктері.

Ғылым- бұл ең бірінші зерттеу. Сондықтан ғылымның мәні – оның пәнге бағыттылығымен анықталмайды.Ол өзінің белгілі бір әдістерін де қажет етеді. Әдіс – танып білу жолы. Әдістер арқылы ғылым пән ретінде танылады. Психология басқа ғылымдар сияқты,бір емес бірнеше әдістемелердің жиынтығынан тұрады.

Жаратылыстану және нақты ғылымдар әдістерін пайдалана отырып, психологияөткен ғасырдың екінші жартысында дербес ғылым болып, жан-жақты дами бастады. Бұл уақытқа дейін психологиялық білім негізінен өзін-өзі бақылау (интроспекция. әдісі арқылы дамыды. Көп уақытқа дейін бұл әдіс негігі ғана емес, психологияның жалғыз әдісі болып келді. Ол негізінен екі тұжырымдамаға байланысты:

  1. Сана “жабық” оны сыртқы бақылаушы көре алмайды;
  2. Сана субъектінің өзіне ашыла алады (репрезентацияланады..

Бұл тұжырымдама бойынша нақты адамның өзі ғана сааны зерттей алады, басқа оны ешкім зерттей алмайды.

Интроспекция әдісінің идеологі философ Дж. Локк(1632-1704. болды. Ол Декартың танып білу мүмкіншілігі тезисін одан әрі дамытты. Локк бойынша барлық білім алудың екі қайнар көзі бар:

  1. Сыртқы дүние объектісі;
  2. Өзіміздің ақыл-ой әрекетіміз.

Сыртқы дүние объектісіне адам өзінің ішкі сезімдерін бағыттайды, соның қортындысында сыртқы затар туралы әсер алады. Ал ақыл-ой әрекеті негізінде ішкі сезім-рефлексия жасалады. Локк оны “бақылау”, адамның өзінің іс-әрекетін бағыттау деді.Ақыл-ой Локк бойынша ойлау, тану, тілек, ықыласдеп қарастырылады. Рефлексия іс-әрекеттің ерекше бағыты, сонымен бірге субъектінің кәмілеттігін көрсетеді. Психикалық процестер оның ойынша екі деңгейде өтеді. Бірінші деңгейдегі процеске ол қабылдау, ойлау, ықылас және т.б. кірсе, екінші деңгейге – бақылау немесе қабылданатын образдар мен ойлауды қайта жасау. Интроспекциялық қабілеттілік өздігінен пайда болмайды. Бұл әдісті меңгеру үшін көп жаттығу қажет. Локк материалистік позицияда бола отырып, оның іліміне параллель ассоциативті бағыт дамыды. Оның да қайнар көзі – сенсуалистік материализм болды. Бірақ, егер, бірінші принципке назарын көбірек аударса, ассоциативтік бағыттың өкілдері өздерінің ой пікірлерін екінші принципке негіздей құрды. Ассоциативтік психологияның пайда болуы Д.Юм, Д.Гартли есімдерімен байланысты. Д.Гартли(1705-1757. материалистерге өзін қарсы қойды, бірақ өзінің ассоциативтік теориясын материалистік негізде құрды. Психикалық құбылыстардың себебін вибрацияда деді. Оның ойынша жүйке жүйесі физикалық заңдылықтарға бағынады. Сондықтан оның іс-әрекет өнімінде қатаң себептер қатарын құрайды. Бұл себептер қатары барлық ағзадағы тәртіпті қамтиды: сыртқы ортаның вибрациясы, ж.ж. вибрациясы, бұлшық ет вибрациясы. Вибрация туралы ілімді Д.Юм өзінің ассоциативтік психологиясында одан әрі дамытты.

Д.Юм (1711-1776. негізгі принцип ретінде ассоциацияны енгізді. Оның ойынша , сананың күрделі формаларының пайда болуы, “мен”ұғымымен бірге “елестердің бөлшегі” өзара сыртқы (ассоциациялармен. байланыстармен бірігеді. Психика туралы мәліметті тәжірибе арқылы ғана алуға болады деді. Тәжірибе түйсік, эмоция, идея, әсерлер көшірмесі дептүсіндірді. Юм негізгі эксперименттік психологияның пайда болуына жол ашты. Интроспекция әдісі осы кезеңде ерекше қолданылды. Эксперименттік зерттеулер интроспекция арқылы зерттелінді.

Алайда, интроспекциялық әдісті кеңінен қолдану психологияның дамуына өз кедергісін тигізіп, оны дағдарысқа әкелді. Интроспекцивті психология позициясынан психика сана ға теңестірілді. Бұның негізінде сана өзіне-өзі тұйықталды, сондықтан психиканың объективті болмыс пен нақты субъекті байланысы жойылады. Психолог өзін-өзі бақылайды деген түсінік өзінің рпктикалық ұстанымын таба алмады. Сондықтан практикадапсихологияға деген қызығушылық төмендеді. Алайда сонымен қоса, психикалық ойдың дамуы да байқалды:

  • Сана элементі теориясы(В.Вундт, Э.Титченер,
  • Сана актісі психологиясы (Ф.Брентано..
  • Сана лгі теориясы (У.Джеймс.,
  • Феноменалды алаң теорисы,
  • В.Дильтейдің суреттемелі психологиясы.

Интроспекцивті психология негізінде 1879 ж. Лейпцигте В.Вундт алғаш эксперименттік лаборатория ашты.

Қазіргі психологияда өзін-өзі бақылау қолданылады және оның өзіндік ерекшелігі бар.

           

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *