Психодраманың даму фазасы

      

  1. Психодрама туралы түсінік.
  2. Психодраманың даму фазасы.
  3. Психодраманың психикалық  әдістері.

            Психодрама бұл терапевттік  процесс, бұнда драматикалық импровизпция клиенттің ішкі дүниесін зерттеу үшін қажет. Бұл қатысушылардың шынайы мәселелерін бейнелейтін қойылым, ол ешқашан адын-ала ойлап шығарылған сценариий бойынша ойналмайды. Психодрамада ойлап шығарылған кейіпкерлер әрекеттері психикоррекцияның топтық мүшелерінің кездейсоқ мінез-құлығымен алмастырылады. Бірінші кезекте, психодрама қатысушылардың тұлғалық мәселелерін, фантазия-қиялдарын, қорқыныштарын ашып, кейінгі зерттеудің тәсілі болып табылады. Психодраманың пайда болуы мен дамуы  Якоб Леви Морено (1892-1974) есімімен тығыз байланысты.    Психодраманың негізгі фазалары. Классикалық психодраманың бірінші фазасы – шынығу. Шынығудан кейін топ психодрамалық әрекет фазасына өтуге дайын. Классикалық психодраманың соңғы фазасы – қорытынды талқылау немесе интеграция.

   Психодраманың мақсаты – клиенттің эмоционалды пеакциясын, күйін түзету, тереңдей өзін-өзі тану. Психодрама үшін мінез-құллықтың ырықтылығы, белсенділігі, жағдайға оралымдылығы маңызды. Психодрамада клиент өзінің мәселесін драмалық әрекет түрінде көрсетеді. Психодрамалық жағдайда клиент өз мәселесін зерттеуші, басты ролді ойнаушы, оны жасаушы.

   Психодрама невроздар, соның ішінде балалардың неыроздары кезінде, психосоматикалық аурулар мен алкоголизм кезінде, психопатиялардың асқынулары мен жасөспірімдердің ауытқыма мінез-құлықтары кезінде қолданылады. Психодрама жұмысы мынадай формада өткізіледі: сюжеттік-рольдік ойын, осы сәтте клиент өзінің мәселесін шынайы түрде көрсетеді,  психодрамалық жағдайда клиент өз мәселесін тудырушы және басқарушы. Психодрама түрлері мен формасы.

Психодрамада алты адамнан тоғыз адамға дейін қатысады. Психодрама  сеансы 50мин. созылады. Кейбір жағдайда мәселенің қиындығына байланысты қысқа немесе ұзақ болуы да ықтимал. Мүмкін болатын уақыты 15-20 минуттан 4 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

Психодраманың негізгі компоненті :  рольдік ойын, кездейсоқтылық, теле, катарсис, инсайт.  Өзін-өзі тексеруге сұрақтар: 

           Әдебиеттер:

    1. Е.С.Кузьмина, В.Е.Семенов. Социальная психология. ЛГУ.1979
    2. Г.М.Андреева. Соцальная психология. М., 1983
    3. Т.Шибутаныи. Социальная психология. М., 1997
    4. Я.Л.Коломенский. Психология взаимоотношений в группах. М., Изд.БГУ.1976

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *