Оқу-іс-әрекеті субъектілерінің жас ерекшелік сипаттамалары

 

Жоспар:

  1. Жас кезеңдерін жіктеу параметрлері
  2. Оқу-ісәрекеті субъектілерінің психологиялық ерекшеліктері

Жас ерекшелігі физиологиясы

  • Жаңа туған бала (алғашқы күн 10 күн)- бөпелік кезең
  • Омыраудағы кезең(10куннен – 1 жасқа дейін)- нәрестелік езең
  • Ерте балалық кезең (1-3жас аралығы) – сәбилік кекзең
  • Алғашқы балалық кезең (3-7 жас аралығы)
  • Екінші балалық  кезең (8-12 жас аралығы)
  • Жеткіншек жас (13-16 жас арасы — ұлдар),(12-15 жас арасы-қыздар)
  • Жасөспірімдік кезең (17-21 жас арасы –ұлдар)-бозбала, (16-20 жас арасы –қыздар)- бойжеткен

Медицинада

  • Жаңа туған бала (алғашқы 3-4апта)- бөпе
  • Омыраудағы кезең (4 аптадан -1 жасға дейін)- нәресте
  • Мектепке дейінгі кезең (1-3жасқа дейін) –сәби
  • Нақты мектепке дейінгі кезең (3-7жасқа дейін)
  • Төменгі сынып оқушысы (7-12жас аралығы)
  • Жеткіншектік жас
  • Жоғары сынып оқушысы (12-18 жас аралығы)

Психологияда

  • Жаңа туған бала( туылғаннан 1 жасқа дейін) –нәресте
  • Мектепке дейінгі балалық (1-3 жасқа дейінгі)- сәби
  • Нақты мектепке дейінгі кезең (3-6 жасқа дейін)
  • Төменгі сынып оқушысы (6-10 жас аралығы)
  • Жеткіншектік (орта буын) жасы (10-15 жас арасы)
  • Бозбалалық кезең

I кезеңі 15-17 жас арасы

II кезең 17-21 жас арасы

  • Толысқан шақ (21-60 жас)
  • Егде жас (60-75 жас)
  • Кәрілік жас ( 75-90 жас)
  • Ұзақ өмір сүрушілер (90 жастан жоғары)

Педагогикада

  • Жаңа туған бала (алғашқы 1 жыл)
  • Мектепке дейінгі балдалық ( 1 жастан 3 жасқа дейін)
  • Мектепке дейінгі жас (3жастан 6 жасқа дейін)

-кіші мектепке дейінгі жас (3-4 жас)

-орта мектепке дейінгі жас (4-5жас)

Жоғары мектепке дейінгң жас (5-6жас)

  • Кіші мектептегі жас (6жастан 10жасқа дейін)
  • Орта мектеп жасы (10 жастан 15 жасқа дейін)
  • Жоғары мектеп жас (15 жастан 18 жасқа дейін)

А.Валлон бойынша  жас сатысындағы даму кезеңдері

А.Валлон психикалық эволюцияның кезеңдерін бір кезеңдерде  белгілі функциялардын күшеюі немесе  бәсеңдеуі  байқалатын  қайта ұйымдастыратын үздік жолы деп қарастырды, ол даму барысындағы конфликтілерді, қарама- қайшылықтарды зерттеу қажет екендігін айтады. А.Валлон бойынша, когнитивті процесстердің дамуы эмоционалды және жеке тұлғалық дамумен тығыс байланысты және психикалық тірлік генезисінде эмоция бәрінен де бұрын  көрінеді және бала психикалық  тіршілік етуге тек эмоцияның арасында ғана қабілетті, тек эмоция ғана баланы оның әлеуметтік  ортасымен байланыстыра алады. Валлон барлық балалар үшіг даму ритмінің бірдей екендігін мойындамасы да өзінің белгілерімен сипатталатын,  баланың басқа адамдармен  қарым-қатынасымен ерекшеленетін кезеңдерді бөліп өарастырады.

А.Валлон бойынша балалықтың бірізді кезеңдері:

  1. Импульсивті кезең (6айға дейін)
  2. Эмоционалды кезең (6 айдан 10 айға дейін) эмоция (қорқу, ашулану,қуану т.б) арқылы басқалармен қарым-қатынас жасай бастайды . Эмоционалдық қимыл- қозғалыстың тікелей байланыстылығы.
  3. Практикалық ойлаудың басы (10айдан 14 айға дейін)- дыбыс, сөз, қимыл –қозғалысты тани бастайды, өз тілегің қимыл-қозғалыс, сөз арқылы білдіреді.
  4. Прективті кезең (14 айдан 3 жасқа дейін) – еркіе сөйлеу, сөйлеуді меңгеруге байланысты бала дамуының тәуелсіздігі; бала обьектілерді зерттеуге қабілетті және осы заттын атын оның қасиетімен бірге танып біледі, істің ойға ауысуы еліктеу барысында мүмкін болады.
  5. Дербестік кезең (персоналистік) (3 жастан 6 жасқа дейін ) – ол сөз ішінде

   3 кезеңнен тұрады:

  • Қарама-қарсы қойып салыстыру кезеңі ( 3жас) – бала өзін басқаларға қарсы қояды ,өзін- өзі бекітеді, ересектерді танымайды, Валлон бойынша осы кезден бастап бала өзінің ігкі әлемін сезіне бастайды. Сондай ақ балада заттарды формасына, түр түсіне қарай ажырату қабілеті пайда болады.
  • Нарциссизм кезеңі (4 жас) өзіне деген қарқынды қызығушылық байқалады, өзіне жақсы жақтан көрсеткісі келеді, өзінің ерекше қабілеттілігіне сенеді (мысалы, ол тақтайдан күшті), когнитивтілік жағынан қабылдау абстрактілікке айналады, сызық, графикалық белгілерді ажыратуға қабілетті.
  • Еліктеушіліе кезеңі (5жас)- бала адамдарға, әлемге зейін қоя бастайды, адамдарға үйірсектікті сезәнеді, сондықтан осы кезеңдегі тәрбие « симпатияға толы болуы қажет». Бұл кезеңде балада еләктеушілік пайда болады және рөльдерді меңгереді. Кейіпкерлерді өз ойынан туындатады. Бала ойлауында  синкретизм, демек тұтасты жеке бөліктерге бөліп алғанымен, оларды қайта байланыстырып тұтас күйге келтіре алмау байқалады.
  1. Оқу кезеңі (6жастан 12 жасқа дейін) бала сыртқы әлемге бет бұрады, заттар, олардың қасиеттері, белсенділіктің әр түрлі формалары туралы білімді меңгереді; ойлау обьективті бола бастайды, ақыл –ой іскерлігі мен операциялары қалыптасады.
  2. Жыныстық жетілу кезеңі: жеткіншектің зейіні өзіне, өз қажеттілігіне, мүмкіндігіне бағытталған. Оның тәуелсіздігін және ерекше екендігін дәлелдемек.
  • Туғаннан жасөспірімдік шаққа дейінгі дамудың жалпы үлгісі (Қосымша А);Баланың интеллектуалдық дамуы (Ж.Пиаже бойынша) (Қосымша Ә);Жек тұлғаның даму сатылары (Э.Эриксон бойынша) (Қосымша Б);Адамгершіліктің даму кезеңдері (Л.Кольберг бойынша)(Қосымша В);Мақсаттың қалыптасуы мен оған жетуге байланысты тіршілік циклының фазалары (Ш.Бюллер бойынша) (Қосымша Г); Д.Б.Эльконин бойынша жас кезеңдері ( Қосымша Д)

Б.Г.Ананьев бойынша жас сатысындағы жас кезеңдер:

  • Мектепке дейінгінің алдындағы кезең (3-5жас)
  • Мектепке дейінгі (5-7 жас) кезең
  • Кіші мектеп жасы (7-11жас)
  • Жеткіншек (орта мектеп) жасы (11-15 жас)
  • Ерте жастық шақ немесе жоғары мектеп жасы (15-18 жас)э
  • Студенттік кезең (кеш жастық шақ, ерте кемелді жас) –(17-18-22-23жастар)

Л.С.Выготскийдің жасерекшелік дамудағы дағдарысты кезеңдерге бөлуі:

  • Нәреселік дағдарыс;
  • Сәбилік жас (2 ай- 1 жыл);
  • 1 жас дағдарысы;
  • Ерте балалық (1-3 жас);
  • 3 жас дағдарысы;
  • Мектепке дейінгі жас (3-7жас);
  • 7жас дағдарысы;
  • Мектеп жасы (8-12жас);
  • 13жас дағдарысы, пубертанттық жас (14-18жас)
  • 17жас дағдарысы;

3.Мектепке де  дейінгі кезеңдегі балалардың (3-6жас) психологиялық ерекшеліктері

  • Басты іс-әрекет түрі – ойын,мінез –құлық нормалары мен адамдардың іс-әрекетін меңгеру;
  • 3-4 жас – өзән таныту, мүмкін реакциялар: тыңдамау,қиқарлық, басқанын дегеніне көнбеу, қарама-қарсы теріс әрекет (негативизм), «ересектерге ат тағу» («Мен –өзім», «Мен өзім білемін», нарциссизм – өзін мадақтау);
  • Жалғыз ойнау(заттық, конструкторлық, сюжеттік рөлдік)
  • 5-6жас – ересектермен қарым-қатынаста ымыраға келу , балалармен қарым-қатынастың дамуы, балалармен бірлесе ойнау, лидерлік қатынастың қалыптасуы және балалар арасындағы бағынушылық , «ойын-жарыс»:
  • Конструкторлық ойынның дамуы, практикалық ойлаудың дамуы;
  • Сурет салу және музыкалық қабілеттердің (музыканы түсіну, өлең айту, би билеу), шығармашылықтың дамуы;
  • Ойлаудың эгоцентрлығы (өзіне бағытталуы)
  • Қабылдаудың (перцептивті әрекеттерді меңгеру, перцептивті эталондарды меңгеру), зейіннің, естің мағынасыз формаларын мағыналы формаларға қарай дамуы, еріктің дамуы
  • Білім құмарлық (4-5жас «неге, неліктен» деген сұрақтарын көп қоюшылар);
  • Қиялдың дамуы ( репродуктивті фирмадан шыңармашыл продуктивті қиялға қарай; танымдық –интеллектуалдық және аффективті – қорғаныш функцияларын орындау);
  • Балалармен диалогтық сөйлеудің дамуы (6жаста –бала лексикасында 14 мың сөз, тілдің грамматикалық нормаларын толық меңгерген) іштей сөйлеуге ұласуы;
  • Ұғым –түсініктердің дамуы;
  • Ойлаудың дамуы операцияға дейінгі кезеңнен (Ж.Пиаже бойынша) тұрады, операциялық кезеңге баяулап өту байқалады;
  • Жыныс мүшелеріне, балалардың туылуына деген қызығушылық,

А)психосексуалдық дамудың фаллистік кезеңі (3-4жас)

Б)Эдип комплексінің қалыптасуы мен жеңіп шығуы (5-6жас), ішкі ардың, әдептің, моральдық көзқарастың қалыптасуы;

  • Инициативалықтың, белсенділіктің, мақсатқа ұмтылушылықтың, өзбеттіліктің дамуы, негативті даму барысында пассивтілік, кәнәсін сезіну, еліктеуге бейімділіктің қалыптасуы;
  • Мектепке даярлықтың қалыптасуы;

Бастауыш  мектеп жасындағылардың психологиялық дпмуы

  • Басты іс-әрекет –оқу;
  • Танымдық процесстердің қайта құрылуы- еркіндіктің, нәтижеліктің және тұрақтылықтың қалыптасуы-ырықты зейіннің, қабылдаудың, есте сақтаудың (ең алдымен механикалық естің), ойлаудың (көрнекі-образды ойлаудың нақты ұғымдар деңгейінде сөздік-логикалық ойлауға ауысуы) дамуы;
  • Мінез-құлықты, ерікті, өздігінен реттеуді дамыту;
  • Оқи алу, жаза алуе арифметикалық есептерді меңгеру, білім қорын жинақтау;
  • Үйдегі еңбек дағдарысын меңгеру;
  • Қарым- қатынас сферасын кеңйту, жаңа беделді адамдардың әсерінің артуы;
  • Дамытушы ойындар оқудан кейінгі екінші орында;
  • Мұғалімнің бағалауы мен оқудағы жеткен жетістіктері негізінде өзін-өзі бағалаудың қалыптасуы, не өзін-өзі бағалаудың төмендеуі.

  • Өзіне деген сенімнің қалыптасуы, мұғалім мен ата-ананың сынынан өз күшіне деген сенімсіздіктің, фрустрацияның қалыптасуы ,оқуға қызығушылықтың төмендеуі, «мектепкі невроз».

 

Жеткіншек оқу іс- әрекетінің сәбьектісі ретінде

Америкагндық психолог А.Гезель жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңдегі балалардың билологиялық толысуы мен олардың қызығушылықтары және мінез-құлық ерекшеліктеріне тоқталады. Ғалым пікірінше, балалықтың ересектікке өту  11жастан 2 жасқа дейін созылмақ, ондағы әсіресе алғашқы 5жыл аса маңызды (11жастан 16 жасқа дейінгі аралық).
10жастағы- бала- салмақтылық, сенгіштік, ата- анасымен қарым-қатынасының үйлесімділігі, сыртқы келбетімен аз айналысуы, өмірді жеңіл қабылдауы.

11жастағы бала- импульсивті көңіл-күйдің өзгермелілігі, әке –шешесіне қарсы бүлік шығаруы, құрбыларымен  кикілжіңге баруы.

12 жастағы бала- ашушандық, көбіне өалыпты әлемге қатынасының позитивтілігі, отбасынан алшақтап өсуі, құрбылары әсерінің артуы, сыртқы келбетінің көр толғандыруы, қарсы жынысқа қызығушылығының артуы.

13 жастағы жеткіншек- ішкі әлемнің толғандыруы (интераверттілік),өзіндік сынның пайда болуы, сынға сезімталдылығы, ата-анаға сыни тұрғыда қарауы, дрстығының таңдаулылығы,

14 жастағы- жеткіншек. Экстраверсия, күштілік, көпшілдік, өзіне сенімділік, өзе адамдарға деген қызығушылықтың байқалуы,өзін талқыға салуы және ірі тұлғалармен салыстырылуы.

15 жастағы-жеткіншек. Дербес ерекшеліктердің «пайда болуы»; тәуелсіздік сезімі, сыртқы бақылаудан арылу, саналы түрде өзін-өзі тәрбиелеудің басталуы. Сезімталдық, жағымсыз әсерлеге төзімділік.

16 жастағы –жеткіншек.Бір қалыптылық, сабырсыздық, сотқарлық, ішкі өзбеттіліктің артуы, эмоционалды тұрақтылық, көпшілдік.

 

Жеткіншек жасындағылардың психологиялық ерекшеліктері

  • Қарқынды жыныстық жетілу және даму, организмдегі қарқынды физиологиялық қайта құру;
  • Эмоционалды сфераның тұрақсыздығы, эмоция мен көңіл – күйдің басқаруға келмеуі;
  • Өзінің өзбеттілігін, жеке дарындылығын нығайту барысында ересектермен конфликтілі қатынас туындауы мүмкін;
  • Басты іс-әрекет – құрбылармен қарым-қатынас, жаңа мінез- құлық нормаларын меңгеру, қажет болған жағдайда өзін мойындату, құрбыларын оның өзін құрметтеуге ұмтылуы, құрбыларының ықыласына бөлнеу;
  • Өзін-өзі бағалау мен мінездің қалыптасуы;
  • Мінез акцентуациясының жіне мінез-құлықтың дезадаптивті формаларының пайда болуы мүмкін;
  • Өз пікірінің қалыптасуы, ересектердің өктемшілдіктеріне қарсы келуғ референттік топты өз бетімен таңдау;
  • Жасанды өзбеттіліктің жоқтығы, құрбыларына жоғаоы деңгейде сенім тудыру мен конформизмнің көрінуі;
  • Логикалық ойлаудың дамуы;
  • Өзін- өзә бақылау және іс –әрекетті жоспарлаудың әлде де қиындық тудыруы;
  • Тәеклге бел бууы, агрессивтілік –өзін –өзі бекітудің бір жолы ретінде;
  • Жыныстық әуестік (құштарлық) пен қызығушылықтың пайда болуы;
  • Өзіндік «Меннің», өзіндік сананың қалыптасуы;
  • Оқудағы таңдау, жалпы және арнацы қабілетті дамытудағы сензитивтілік.
  • Л.С.Выготский жеткіншектің басты қызығушылықтарының бірнеше негізгі топтарын атап көрсеткен, ғалым оларды доминанта деп атаған;

-эгоцентрлік доминанта (жеткіншектің өз жеке басына деген қызығушылығы);

-қашықтықтық доминантасы (жеткіншектің жақын, бүгінгі масштабқа емес, кең де алыс – үлкен масштабқа ұмтылысы);

-күш салу доминантасы ( жеткіншектің  кейде сотқарлық, қиқарлықта көрінетін қарсыласуы, оны жоюдағы еріктік шиеленіске ұмтылысы т.б)

-романтика доминантасы (жеткіншектің белгісіздікке, ерлік жасауға,тәуелсіздікке ұмтылысы)

Жасөспірімдік кезеңдегі балалардың негізгі психологиялық ерекшеліктері (14-18жас)

  • Өзіндік сананың қалыптасуы – өзіне –өзі дәлелдеу, сыртқы келбетін, ақыл-ой, моральдық, ерік –сапаларын бағалау;
  • Өзін идеалмен байланыстырудың жүзеге асуы, өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндігінің пайда болуы;
  • Ерікті реттеудің күшеюі;
  • Зейіннің шоғырлануының артуы, естің көлемі, оқу материалының қонымдылығы, абстрактілі- логикалық ойлаудың қалыптасуы;
  • Күрделі сұрауларды өз бетімен талдау іскерлігінің пайда болуы;
  • Өзіндік көзқарастың қалыптасуы, өзінің өмірлік философиясына көзқарас, білім-сенімдердің тұтастай жүйе ретінде дамуы;
  • ЖЖалған ғылыми теориялармен әуестенуі, өзінің өмір, махаббат, саясат туралы теориялврын тудыруы, пікірлердің максималдылығы.
  • Өзінің тәуелсәздігін, ерекше екендігінң өз-өзіне дәлелдеуге ұмтылыс;
  • Ересектердің ақыл-кеңестерін елемеу;
  • Мінегештік (критиканство), сенімсіздіктің көрінуі;
  • Құрғақ ақыл-парасаттылық (рационализм), теорияға немқұрайды қарамау(практицизм);
  • Өзін –өзі басқаруға ұмтылыс, қайтадан қоршаған ортаны ұғыну, адамның өмірлік анықталуының жүзеге асуы, психологиялық толысудың белгілі бір дәрежесіне жету;
  • Мамандықты меңгеруге деген ұмтылыс- танымдық іс-әрекеттің негізгі мотиві;
  • Жалған өзбеттіліктің жоқтығы, құрбыларының әсеріне шалдыққандық және құрбыларына деген қатынастағы конформизмі;
  • Жыныстық жетілудің аяқталуы;
  • Эмоционалдық сферадағы мәнді қайта құрулардың жүзеге асуы;
  • Өз қылықтарының салдарын толық деңгей-де сезінбеу.

Студент- оқу іс-әрекетінің субьектісі ретінде (18-25жас)

  • Ақыл-ой, адамгершілік тұрғысынан толысу;
  • Сенімділік, дүниеге қалыптасқан көзқарас;
  • Жаңаны сезіну- қайсарлық , табандылық;
  • Әуестенуге қабілеттілік-оптимизм;
  • Өз беттілік –бірбеткейлік;
  • Сыни қарау және оқу орындарындағы режимге деген сыни көзқарас;
  • Екіжүзділік, дөрекілікті қабылдамау, дауыс көтеру арқылы әсер ету;
  • Ересектердің ақыл –кеңестеріне теріс қатынас;
  • Интеллектуалдық және танымдық мүмкіндіктер шыңы;
  • Жауапты шешім қабылдау: мамандықты таңдау және маман болу, өмірде өз орнын, стилін таңдау;
  • Отбасын құру, жыныстық сферадағы белсенділік.

 

Негізгі ұғымдар: жас даму сатылары, физиологиялық даму, әлеуметтік даму, психологиялық даму.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Жас кезеңдерін жіктеу параметрлері
  2. Б.Г.Ананьевтің, Л.С.Выготскидің жас кезеңдерін жіктеу негіздері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Столяренко Л.Д. Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004
  2. Возрастная и педагогическая психология/Под ред. А.В.Петровского.– М.,1981.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *