Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл орайда, адамдар мінез ерекшеліктеріне орай ажыратылады. Мінез деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі – із қалдыру. Психологияда бұл – дербестік мағынасы бар адамға байланысты ұғым.
Мінез — әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері – адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудің нәзіктігі, көздің көргіштігі, есте сақтаудың шапшаңдығы, ақыл-ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды.
Адам мінезінің көріністері әрбір жеке жағдайда, оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады. Адамның іс-әрекет сапасы сол іске деген қатынасымен қатар ерік-жігеріне, көңіл-күйіне, ақыл-ойына да байланысты болады. Соның нәтижесінде адамның әр алуан психикалық процестері оның іс-әрекет түрлеріне ықпал етіп, адамның ақыл-ойын, көңіл-күйін, эмоциясын, ерік-жігер қасиеттерінің ерекшеліктерін айқын аңғартады.
Қоғам әсерлері мен ықпалдарн бейнелейтін мінез мазмұны жеке адамның өмірлік бағыт бағдарын құрайды, яғни оның материалдық және рухани қажеттіліктеріне, қызығуларына, наным-сенімдеріне, мақсатарына негіз болады. Мінезге қарай адамның дүниеталғамы, өмір мәнеі, әрекет-қылықтарының себептері анықталады.
Адам мінезі сан алуан. Бұл іс-әрекетте айқын байқалады: біріншінің қимыл әрекеттері – шапшаң, екіншісінің қимыл әрекеті – баяу, бірақ тыңғылықты, үшінші – іс-әрект барысында белгілі нақты шешімге келеді және т.б. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктерді — мінез бітістері дейміз. Қандай жа бір бітіс — әрекет-қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі.
Мінез бітістері мен оның сипатын белгілі қылықтың нақты оқиғаға байланысты болуынан білуге болады, яғни белгілі бітістің көріну мүмкіндігі неғұрлым жоғары болса, ол адам мінезінің тұрақты белгісі ретінде танылады. Бірақ, ықтималды болғандықтан бітіс ұдайы көріне бермейді, адам әдетіндей бірқалыпты, механикалқ қайталана бермейді. Әдет пен мінез бітістерінің арасында өзара байланыс болғанымен олардың табиғаты екі бөлек. Мінез бітістері әдетке қарағанда адам қылығына ықпал ете отырып, сол әрекет-қылық барысында қалыптасады. Сондықтан мінез бітістерінің қалыптасуын әрекет-қылық мотивтерінен бөліп қарауға болмайды.
Мінездің жалпыланған қасиеттері өздерінің диалектикалық қарама-қарсылықтарында көрінеді: күшті-әлсіз, қатал-жұмсақ, тыңғылықты- бейтарап және т.б. Мінез қаталдыңы өжеттік , тайсалмастықпен байланысты, ал жұмсақтықтан адам икемшіл, орнымен шегінеді, келісім жолдарын табуға ұмтылады. Мінездің тыңғылықтылығы мен қайшылығы мінез бітістерінің ішіндегі жетекші және екінші деңгейлі қасиеттердің дәрежесімен анықталады. Қасеттердің бәрі өзара үйлесімді келсе тыңғылықты мінез, ал бір қасиет екіншісімен үндеспесе – қайшылықты мінез орнығады. Адамның қызығушылықтары мен ұмтылыстарының, жан-жақты дамығандығы мен көп түрлілігі мінездің кеңдігін танытады.
Көп жағдайда мінез және темперамент салыстырылып түсіндіріледі. Темперамент пен мінездің өзара байланысы :
- Темперамент пен мінездің өзара тығыз байланысы (Кречмер.;
- Мінез темпераментке қарсы шығуы мүмкін деген (антогоностикалық қатынас – Викторов, Левтитов.;
- Темпераментті мінездің элементіретінде;
- Темпераментті мінездің тума негізі ретінде мінездің қалыптасуының негізі деп мойындау.
Адам мінезі – адамның өмір бойы қалыптасқан дара ерекшеліктерінің жүйке жүйесінің қызыметінің тума қасиеттерімен байланысы. Оған дәлел ретінде шыншыл немесе мейірімді, өтірікші, зұлым болу темпераменттің кез келген типінде кездеседі. Бірақ мінездің кейбір ерекшеліктері темпераменттің нақты типтерінде неғұрлым жеңіл қабылданады. Қарым-қатынас жасаушылық әрине сангвиник және холерикке тиімді.
Біргелкі темпераментке ие адамдарда әрқилы мінез белгілері болуы мүмкін. Темперамент ерөкшеліктері қайсыбір мінезді дамытып, баскаларына шектеу қояды. Мысалы, холерикке карағанда меланхоликтің өзіне жігерлілік пен жүректілікті дарытуы қиынға соғады. Ал холерик флегматик сияқты ұстамды бола алмайды, флегматик сангвиник ұқсап көпшілікпен тез тіл табысып кете алмайды, т.с.с.
Мінезі түрақталған адамда темперамент дербес әрекет көрінісі болудан қалып, мінез бітістеріне сай әрекет-қылықтардың іске қосылу динамикасын айыруға көмектеседі. Мінез және темперамент бітістері адамның біртұтас келбет-кейпінде өзара байланысқа түсіп, тұлға дара-лығының интегралды сипаттамасын береді,
Мінез бен ерік арақатынасы өте тығыз. Осыдан көп жағдайда “мінезді адам” және “еркі күшті адам” сөз тіркестерін бір мәнде түсенеміз. Ерік, көбіне, мінез күші-мен, қатаіщығымен, табандылығымен ж.т.б. байланысты. Адам мінезінің күштілігін айта отырып, ондағы еріктік сапа-лар мен мақсат беріктігін ескереміз. Бул тұрғыдан адам мінезі ерік сапаларын қажет ететін қиын жағдайларда, үлкен кедергілерді жеңуде көрінеді. Алайда, мінез тек күш сипатымен айқындалмайды, онда әрқилы өмір жағдайына орай ерік әрекетінің қызметін бағыттаушы мазмұн бар. Бір жағынан, еріктік әрекеттерде мінез қалыптасады әрі көрінеді, адам үшін маңызды ситуацияларда ерік мінезге ауысып, тұрақты қасиет түрінде бекиді; кейін осы қасиет адам қылығы мен еріктік әрекеттеріне ықпал етеді. Ерікті әрекет әруақыт мақсатына орай нық, турақты және табан-дылығымен ерекшеленеді. Екінші тараптан, еркі бос адамды көп жағдайда “мінезсіз” деп сипаттайды. Психологиялық турғыдан бұлай болмауы тиіс, еркі бос адамның да қандай да мінез бітістері баршылық: қорқақтық, жүрексіздік, сенімсіздік ж.т.б. Мінезі айқын болмағандықтан адамның іс-әрекет, қылығын алдын ала болжастыру мүмкін емес. Мұндай адамда оның қылық-әрекетіне жетекшілік еткен-дей дербес бағыт-бағдар жоқ. Оның әрекеттерінің бәрі өз билігінде болмай, тысқы ықпалдарға тәуелді.
Мінез ерекшеліктері адамның сезімдік процестерімен байланысты, әрі бұл байланыс өзара ықпалды. Бір тараптан, инабаттық, эстетикалық, интеллекттік сезімдердің даму деңгейі адамның іс-әрекеті мен қатынасына және бұлар негізінде қалыптасқан мінезге тәуелді. Екін-шіден, осы сезімдердің өздері тулғаға тән турақты ерек-шеліктерге өтіп, адам мінезін қурайды. Борыш сезіну, әзілді көтеру, т.с.с. күрделі сезімдердің болуы жоғары да-мыған адамның сипатын танытады.
Адамның мінез бітістерінде ақыл-ой (интеллект. үлкен маңызға ие, ой тереңдігі мен жүйріктілігі, қалыптан тыс мәселелерді қоя біліп және оны дербес шешу, ой жумысындағы ынта мен сенім – бәрі адам мінезінің ақылдық қорының белгісі. Ал осы ақыл қабілетін пайдалануда бағыт таңдау – тікелей мінезге байланысты. Тұрмыста ақылға кенде емес, бірақ (мінез жарамсыздығынан. жарытып, ештеңе өндірмейтін адамдар аз емес.
Мінез құрастырушы көптеген қасиеттер біртұтас, оларды даралап, шектеуге келе бермейді (өшпенділік, күдікшілдік, сайқалдык, т.б… Ал кейбір қасиеттер, мысалы, еріктік (жүректілік, дербестік т.б.., сезімдік (жайдарылық, көңілділік т.б.., ақыл-саналық (ой терендігі, сындарлық т.б.. адам мінездерінің ерекше құрамды бөліктері ретінде талдауға келеді. Барша мінез бітістері өзара заңдылықты байланысқан: батыр адам – сақ та табанды; ашық адам – жайдарлы, сенімді, достыққа тұрақты т.б.
Мінез түрі өзінің құрамындағы бітістердің жалпы сипатына тәуелді келеді, ал бітістер негізгі немесе жетекші және қосалқы болып бөлінеді. Негізгілері адамның бағыт-бағдарын айқындауға ықпалын тигізіп, яғни адамның тұрақты мінезінің сипатын береді де, қосалқылары мінез қырларын толықтыра түседі. Мысалы, батылсыз-дық, қорқақтық және альтруистік бітістердің алғашқы екеуі жетекші мәнге ие болса, онда адам секемшіл мінезді келіп, біреуге жақсылық, яғни альтруистік қадамында жалтақшыл, күдікті болуынан көздеген ісіне бара алмайды. Керісінше, альтуристік қасиет басым келсе, алғы екі жағымсыз бітістерді қаймықпай басып, қайырымдылық ісінде батыл мінезді қадам жасайды.
Адам мінезінің белгілі түрде калыптасуы оның қоршаған дүниеге катынасына байланысты. Бұл қатынастардың мәні адам араласып, байланысқа келген өмірлік
объекттердің маңызымен анықталады:
- Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл — өгірікші, әдепті – дөрекі т.б.).
- Орындалатын іс қызметіне орай (еңбеккер – еріншек т.б.)
- Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншыл-өзімшіл т.б.).
- Заттарға қатынасынан (сақи – ашкөз, үқыпты – салақ т.б.).
Негізгі ұғымдар: мінез, мінез типтері, мінез бітісі, мінездің қасиеттері, мінез ерекшеліктері, интеллект.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- Мінез қандай психикалық процеспен тығыз байлаысты?
- Басқа адамдармен қатынасына қарай мінез қалай бөлінеді?
- Орындалатын іс қызметіне орай мінез қалай бөлінеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987
- Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.
- Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003
- Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПБ., 1999
- Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. — А., 2005
- Қ. Жарықбаев. Жантану негіздері. – А. 2000
- Веннер Л.Н. Психические процессы. В 3-х томах. Т. 1 ЛГУ 1974
- Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998