Мотив және мотивация

 

  1. Мотив және мотивация
  2. Мотивацияның психологиялық теориялар
  3. Мотивация және іс-әрекет.
  4. Мотивация және жеке тұлға.

 

Мотив дегеніміз – адамның түрлі дәрежедегі саналы және астарсанадағы қажеттіліктер жүйесінен туындайтын, белгілі әрекет-қылық актісін орындауға бағытталған итермелеуші күш (түрткі..

Мотивация туралы ұғым әрекет-қылықты сипаттауда емес, оның себебін түсіндіруде анықталады. Бұл “неге?”, “неліктен?”, “не үшін?” деген сұрақтарға жауап іздеуде анықталады.

Мотивация терминімен қазіргі психологияда екі психикалық құбылысты белгілеуге болады:

  • индивидтің белсенділігін тудыратын, олардың сиптын анықтайтын қозғаушы күштердің жиынтығы;
  • әрекет-қылық деңгейін белгілі деңгейде ұстап тұратын процесс.

Сондқтан, әрекет-қылықтың ішкі және сыртқы детерминацияларының аналогы ретінде диспозициялы және ситуациялы мотивациялар қарастырылады. Мотивациялардың бұл формалары өзара тығыз байланыста.  

            Мотивация әрекеттің мақсатты бағыттылығын түсіндіреді, біртұтас іс-әрекеттің белгілі мақсатқа бағытталған тұрақтылығы мен ұйымдастырылу деңгейімен анықталады.

Мотив мотивацияға қарағанда белгілі әрекетке итермелейтін тұлғаның өзіндік жеке тұрақты қасиеті болып табылады. Сонымен қатар, мотивті көптеген диспозияларды біріктіретін жалпы ұғым ретінде қарастыруға болады. Олар: қажеттіліктер, қызығушылық, мақсат, тілек, олардың икемділігі, көлемі және т.б. Диспозициялардың ішінде неғұрлым маңызды болып қажеттілік  табылады.

Адамның әрекет-қылығыда өзара тығыз байланысты қозғаушы және реттеуші жақтар бар. Адамның кез-келген әрекетінің түбінде оны бағыттаушы, жандандырушы нақты тілек-мақсат (қажеттілік. жатыр. 

Қажеттілік – қалыпты физикалық және психикалық жағдайды қамтамасыз етуге деген ұмтылыс. Қажеттіліктің негізінде тірі табиғат өлі табиғаттан ажыратылады. Қажеттілік тірі организмді белсенділікке итермелейді. Қажеттіліктерді бастапқы (тума, биологиялық. қажеттіліктер (қорекке, ұйқыға қорғаныс, ата-аналық, сексуалдық. және мәдени, жүре пайда болған (материалды, рухани. қажеттіліктер деп топтастыруға болады.

Қажеттілік – адамның саналы түрде мұқтаждану құбылысы. Ал саналы қажетсінуді – тілек дейміз.  Адам қажеттіліктерінің негізі ерекшеліктері олардың күші, олардың пайда болу жиілігі және оларды қанағаттандыру тәсілдерімен анықталады.  Адамның қажеттілігін анықтайтын диспозициялар (мотивтер. кезегі келесідей: органикалық – материалдық — әлеуметтік – рухани.

Адам өміріндегі кездесетін проблемалардың бірі – тілектің қанағаттанбауы немесе айналысатын іс-әрекетіне деген қызығушылықтың жоқтығы. Көп жағдайда тілектің орындалмауының басты себебі – тілектің шындыққа жанаспауы.

            Мотивация теориялары ежелгі философтар еңбегінде көрніс тапқан. Ал мотивацияның қазіргі теориялары психологиялық білімдердің пайда болуымен қатар дами бастады. Белгілі маман, американ психологы Д.Аткинсонның схемасы бойынша мотивация теорияларының классификациясын түсіндіруге болады. Адам баласы рационалды, ерік тәуелсіздігі бар саналы тіршілік иесі ретінде және жануарлар биолгиялық заңдылықтарға тәуелді санасыз организм ретінде ежелгі бағыттардың негізінде ХІХ ғасырдың ортасында негізгі идеалистікбағыт, Ч.Дарвиннің эволюцианистік теорисы, материалистік бағыт қалыптасты. ХХ ғасырдың басында мотивациялардың жаңа теориялары дүниеге келді: гештальт теория, адам қажеттіліктер (биологиялық. теориясы, инстинктер теориясы, әрекет-қылықтық теория, жоғары жүйке жүйесі теориясы, жануарлардың органикалық қажетіліктері теориялары.  ХХ ғасырдың ортасында когнитивті теория, гуманистік теория(А.Маслоу, Г.Олпорт, К.Роджерс және т.б.., әлеуметтік қажеттіліктер теориясы, сонымен қатар адам және жануарлардың мотивациялық сферасының әрекеттік шығу тегі теориясы қалыптасты. Бұл терияларды өздерінің еңбектерінде Д.Макклелланд, Д.Аткинсон, Г.Хекхаузен, Г.Келли, Ю.Роттер, А.Н.Леонтьев(адамның мотивациялық сферасының әрекеттік шығу тегі теориясы. жалғастырды. 

Мысалы, А.Маслоу мотивтердің негізін бірінен бірі деңгейі бойынша жоғарылай түскен (пирамида. кджетсінулер тобы деп біледі, олар биологиялық қажетсіну, қорғаныс қажетсінуі, сыйластық, абырой кажеттігі мен ең жоғары қажетсінулер: өз мүмкіндіктерін ашып, оларды жүзеге асыра алу (самоактуализация.. Бірақ А.Маслоу талдауындағы дара адам әлеуметтік қатынастар жүйесінен тыс, қоғаммен байланысы жоқ. Оқшауланған түлға. Қоғам, ғалым пікірінше, дара адам дамушы мекен, қоршаған орта ғана.

Б.Ф.Ломов, басқа да орыс психологтарының пай-ымдаулары нақты, әрекетшең дара адамның қоғамдық қатынастар жүйесіне  қосылып,   сол жүйенің  оның  санасында  бейнелеуіне  негізделеді.   Б.Ф.Ломов  мотивтік қажетсіну аймағы мәнін (қүрамы, құрылымы, қозғалысы) және сол аймақтың дамуын  түсіну үшін жеке адамның  басқа түлғалармен  ара   байланыс,   қатынастарын  қарастыруды қажет деп санайды. Адамның мотивтік аймағының басқа факторлардан тәуелділігін зерттеуде сол тәуелділіктің тікелей ғана емес, жанама байланысты болатынын, көп өлшемді және сипатты екенін ұмытпау лазым. Дара адам өз даму барысында басқа қоғам мүшелерімен болған тікелей байланыс шеңберінен шығу мүмкіндігіне ие, осыдан оның қажетсіну аймағы қоғамдық өмірдің  күшті ықпалымен өрістей бастайды (саяси пікір,  саясат,  этика және т.б.). Адамның қажетсіну талаптары қоғамдық қүры-лымдардың әсерімен де дамиды.  Мүндай қүрылымдлардың ең қарапайым түрі – нақты түлға мүшесі болған адамдар қауымдастығы. Адам қажетсінуі көп жағдайда осы қауымның жетегінде болады. Ал нақты адам бір қауымдастық шеңберінде қалып қоймайды, өмір бойы қауымдастықтар тобы  сан  қилы  ауысып  не  өзгерістерге  келіп  отыра-ды. Осыдан   адамның   мотив-қажеттіктері   оның   ішкі   жан-дүниелік  әрекеттерінің  нәтижесі  ғана   емес,   ол  әртүрлі адамдар бірлестігімен байланысты дамып баратын жүйе. Сонымен, бар деңгейдегі қажетсінулерден өзгесіне көшу-адамның өзіндік даму заңдылықтарынан болмай, оның басқа адамдармен байланыс,  қатынастыранан,  түтастай қо-ғамға араласуынан болатын процесс екенін үмытпау керек.

Мотивацияның мазмұны адамның әрект-қылығы, атқаратын іс-әрекетінен көрінетіндіктен мотивация іс-әрекет және адамның басқа да танымдық, эмоционалдық бағыттарымен тікелей байланысты.

Адамның әрекет-қылығының себебін түсіндіруді психологияда – казуальды атрибуция деп түсіндіріледі, яғни, танымдық мотивтік процесс(мотивациялық-когнитивтік түсіндіру.. Адамның қандайда бір әрекет-қылығының себебін түсіну, оның әрекет-қылығының әрі қарайғы жалғасуының болжауға көмектеседі. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста бұл өте маңызды, демек адам өзінің немесе басқаның әрекет-қылығының себебін түсіндіре алса, онда ол болашақтағы әрекет-қылықтық процесті түсіндіре алады. өйткені оның болжауының логикалық себебі бар. Сондықтан казуальды атрибуция адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуші қызмет атқарады.

            Казуальды атрибуция мәселесі алғаш  Ф.Хайдердің  “Психология межличностных отношении”еңбегінде қарастырылды (1958.. Адамның әрекет-қылығындағы казуальды атрибуция анық немесе бұл процестің неғұрлым дәл, анық өтуі үшін мотивтің саналы немесе бейсаналы болатындығын білуіміз керек.

            Бейсаналы мотивтерге: елігу, гипноздық сендіру, бағыттау, фрустрациялық жағдайлар жатады.

            Елігу – жеткілікті түрде саналы емес қажеттіліктер, адам қандайда бір мұқтаждықты анық түсіне бермейді. Мотивтің бұл түрі уақыт өте келе сөнуі немесе анықталуы мүмкін.

            Гипноздық бағыттау – мотивтің жасанды формасы, әсер етудің нәтижесінде қалыптасады.

            Ал бағыттау және фрустрациялық қалып – саналы емес бола тұра, табиғи жағдайда қалады және адамның түрлі ситуациядағы әрекет-қылығын анықтайды.

            Адамның өткен тәжірибесі біртіндеп, байқалмай оның болашақ әрекетіне әсер етеді. Бағыттардың қалыптасу немесе сөну жылдамдығы адамдарда, олардың даралық ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болады.

            Жалпы бағыт адамның өзінің өткен тәжірибесі арқылы немесе басқалардың әсері, ықпалының нәтижесінде болады. М-ы: адамның суретті, картинаны, портретті қабылдауы. Бағыт адамды тәрбиелеу немесе өзін-өзі тәрбиелеу кезінде өте айқын байқалады. (“жылама – сен еркексің, таза жүр – сен қыз баласың және т.б.”.. Бұл бағыттар қалыптасқан көзқарастарға, стереотиптерге айналуы мүмкін.

Адамда іс-әрекетінде жетістікке жетуге бағытталған өзара байланысты екі түрлі мотивтер бар. Олар – жетістікке жету мотиві және сәтсіздіктен қашу мотиві. Жетістікке мотивтелінген адамдар көбінесе іс-әрекетте жетістік ретінде бағытталатын неғұрлым жағымды мақсат қояды. Олар өздерінің әрекеттерін  саналы түрде жоспарлап, мүмкін болатын түрлі ситуацияларды адекватты бағалауға бейім.

Адамның қандайда бір іс-әрекетті орындау нәтижесінде жетістікке жету мотивінен басқа алаңдаушылықтың маңызы үлкен (К.Спибергер, Г.О Нейл, Д. Хансеннің моделі қарастырылады.. Жетістікке жетуге бағытталған адамдардағы алаңдаушылықтың жоғары деңгейде болуы келесі ерекшеліктермен сипатталады:

  • эмоционалдық өткірлікпен;
  • мәселені шешуге берілген уақыттың тығыз болған жағдайында, стресстік ситуацияларда нашар жұмыс істейді;
  • сәтсіздіктен қорқу (бұл сезім жетістікке жету ұмтылысына басымдылық көрсетуі мүмкін.;
  • жетістік туралы хабар ерекше қозғаушы (стимуляциялайды.күш ретінде роль атқарады.

            Адамның түрлі ситуациялардағы әрекет-қылығының себебін анықтайтын мотивациялық факторлары біртіндеп адамның тұлғалық ерекшеліктеріне ене бастайды.

            Адамның өзінің түрлі қажеттіліктерді сезінуі және оған өзінің жеке қатынасы (мінез ерекшеліктері, құндылық, бағыттылық, қабілеттер, темперамент, жүйке жүйесінің тума қасиеттері, әлеуметтік бейімделу. нәтижесінде қандайда бір мотивтер тұрақталып, оның өрістеуі, адамның тұрақты сапа ерекшеліктеріне айналады. Бұндай мотивтерге (жеке тұлға психологиясында кеңінен қарастырылатын. келесі мотивтерді енгізуге болады:

  • жетістікке жету мотиві;
  • сәтсіздіктен қашу мотві;
  • алаңдаушылық;
  • нақты бақылау локусы;
  • өзін-өзі бағалау;
  • аффиляция;
  • агрессивтілік;
  • альтуризм және т.б.

Көп жағдайда мотивтердің бұл түрлері жеке тұлға ерекшеліктерінде тоғысып, өзара байланысты (бірін-бірі толықтырып немесе бірін-бірі жоққа шығарып отырады..Адамның басқа адамдармен қарым-қатынас деңгейін, іс-әрекет нәтижесін, эмоционалдық қанағаттануын, бір сөзбен оның тұлғалық ерекшеліктерін анықтайды.

 

Негізгі ұғымдар: мотив, мотивация, мотивацияның теориялары, іс-әрекет, мотивацияның іс-әрекетпен байланысы, жетістікке жету мотиві, сәтсіздіктен қашу мотиві, алаңдаушылық, нақты бақылау локусы, өзін-өзі бағалау, аффиляция, агрессивтілік, альтуризм.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Мотив және мотивация ұғымдарының мазмұндық сипатын түсіндіріңіз?
  2. Мотивацияның психологиялық теорияларының негізгі өкілдерін атаңыз?
  3. Мотив түрлерін талдаңыз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987
  2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.   
  3. Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003
  4. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПБ., 1999
  5. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. — А., 2005
  6. Қ. Жарықбаев. Жантану негіздері. – А. 2000      
  7. Веннер Л.Н. Психические процессы. В 3-х томах. Т. 1 ЛГУ 1974
  8. Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *