Зейін

 

  1. Зейін, оның физиологиялық негізі.
  2. Зейін түрлері.
  3. Зейіннің негізгі қасиеттері.

Зейін деп – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.

Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П. Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индуқция заңына байланысты түсінуге болады. Егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болады. Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскидің доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біруі миға көбірек әсер етеді де мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мысалы, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады.

Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.

Ырықсыз зейін – ең қарапайым және адамда алғашқы көрінетін психикалық процесс, оны сонымен еріксіз деп атайды. Қызығу – ырықсыз зейіннің бұлағы, өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:

  • күшті тітіркендіргіштер (қанық бояулы заттар, қатты дауыс т. б.);
  • заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы;
  • адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы).

Адамның ырықты зейні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше зер салыпотыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді.

Үйреншікті зеін дегеніміз – қажетті әрі құнды   болып саналатын объектіге адам санасының шоғырлануы. Үйреншікті зейіннің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қызығу негізінде қалыптасады. Бірақ бұл нәрсенің қасиетіне емес, адамның тіршілік мақсатына сәйкес мүдделі әрекетіне байланысты.

Зейіннің негізгі қасиеттері:

  • Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығы.

Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында адам істеп отырған ісін тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды.

  • Зейіннің аударылуы.

Зейіннің аударылуы деп бір объектіге назарымызды көшіруді аайтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы.

  • Зейінің бөлінушілігі.

Адам санасының бірмезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі-үш нәрсеге бөле алады.

  • Зейіннің көлемі.

Зейіннің көлемі деп бір уақыттың ішінде оның қамтитың объектілерінің санын айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер тахистоскоп деген аспаппен тексеріледі.

  • Алаң болушылық.

Алаң болушылық деп белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Алаң болушылық адам қатты шаршап, болдырған кезде жиі кездеседі.

 

Негізгі ұғымдар: зейін, зейін физиологиясы, ырықты зейін, ырықсыз зейін, үйреншікті зейін, зейіннің таңдамалылығы, зейін бөлінушілігі, зейін көлемі, зейін аударылуы, зейін тұратылығы.  

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Зейін қасиеттеріне мысал?
  2. Зейіннің басқа танымдық процестермен байланысы?
  3. Зейіннің физиологиясын зерттеген ғалым?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987
  2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.   
  3. Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003
  4. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПБ., 1999
  5. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. — А., 2005
  6. Қ. Жарықбаев. Жантану негіздері. – А. 2000      
  7. Веннер Л.Н. Психические процессы. В 3-х томах. Т. 1 ЛГУ 1974

Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *