- Психологиядағы жеке тұлға түсінігі.
- Индивид, жеке тұлға, даралық ұғымдарындағы көлемдік және мазмұндық айырмашылықтар.
- Жеке тұлғаның құрылымы.
- Жеке тұлғаның онтогенезде дамуы.
“Жеке тұлға” термині бірнеше түрлі мағынаға ие. Оны зерттеумен психологияның түрлі аспектілерін құрайтын ерекше бөлім айналысады, ол – персонология (ағылшын тілі, “personaliti”, латын тілі “persona” – жеке тұлға, даралық ұғымдарын білдіреді.. Персонология (жеке тұлға психологиясы.– адамның даралық ерекшеліктерін түрлі зерттеу тәсілдері арқылы түсіндіруге тырысатын пән болып табылады.
Психологияның ғылым саасы ретінде пайда болуының түпкі себебі – адамзаттың өз тұлғасына деген ерекше қызығушылық, танып білуге деген сұраныс. Бүгінгі жеке тұлға психологиясының негізгі мақсаты адамның өзін-өзі ұстау ерекшелігін ғылыми тұрғыдан түсіндіру. Сондықтан жеке тұлға психологиясының тарихында көптеген концепциялар жасақталынған, бірақ әрине олардың ішінде эмпирикалық тексеруге жарамды нақты және неғұрлым қарапайым тұжырымдамалар ғана жұмыс істеуге жарамды.
Адам баласын біз қашан жеке тұлға деп айта аламыз. Адам баласы табиғаттың ерекше кемелденіп жетілген өнімі. Ол – белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандайда бір іспен шұғылданады, оның өз тәжірибесі , білімі, түйген ойы мен көзқарасы, өзіне ғана тән өзіндік ерекшеліктері болады. Ендеше, жеке тұлға — түрлі психологиялық ерекшеліктері әлеуметтік ортамен шарттас, тұрақты, адамның өзіне де, өзгелер үшін маңызды де болып табылатын адамгершілік әрекеттерін анықтайтын қасиеттер жиынтығының иегері болып табылады. Яғни бұл өте күрделі компоненттер жиынтығы. Сондықтан бұлар адамның жекелігін, басқаларды қайталамайтындығын дәлелдейді.
Жеке тұлға – дүние таным қабілеті бар, сыртқы ортаның неше түрлі әсерлерін бастан кешіріп, оларға төзімділік көрсете алатын, табиғатты өзгертуге ықпал ете алатын жан. (С.Бап-баба..
Адам мәселесіне келгенде психологияда келесі ұғымдар қатар жүреді: “адам”, “жеке тұлға”, “индивид”, “даралық”. “Адам” ұғымына адамдарға тән барлық қасиеттер жиынтығы жатады, ал “индивид” – биологиялық организм, тұлғалық қасиеттермен қоса тек қана оған ғана тән психологиялық және биологиялық қасиеттерімен анықталады. Яғни, “индивид” ұғымына адамды екінші адамнан бөліп тұратын қасиеттер мен оған және басқаларға да қасиеттер кіреді. (бөлек етеді.. “Даралық” ұғымы тек бір ғана адамға тән индивидтік және тұлғалық қасиеттерді меңзейді. (бір адамды екінші адамнан ерекшелендіреді.. “Даралық” – басқа ұқсамайтын рухани және физикалық қасиеттермен сипатталады: түрлі тәжірибе, білім, көзқарас, ал мотивация, темперамент, қабілет, мінез – даралалықтың негізгі параметрлері.
Негізінен біз бұл ұғымды абстрактілі деп те айта аламыз.Өйткені “жеке тұлға”ұғымы зерттеу объектісі бола отырып, оның концепцуалдық мағынасы көпқырлы. Сондықтан , жеке тұлғаның психологиялық құрылымы төрт түрлі жағынан қарастырылады:
- Жеке тұлғаның әлеуметтік өміріне қатысты ерекшеліктері: қызығу, ұмтылу, мұрат, дүниетанымдық көзқарас, наным-сенім және адамгершілік қасиеттерін білдіретін сипаттамалар.
- Адамның білімдарлылығы, дағдылары, бейімділігі. Мұндай сипаттар адамның даралық қасиеттерін, өзіндік даму деңгейін, тәлім-тәрбие негізінде қалыптасқан тәжірибесін көрсетеді.
- Жеке тұлғаның дара психикалық процестерінің тиянақтылығы мен өзіндік ерекшеліктері. Ондай қасиеттерге зейін мен ойлау, қабылдау мен ес, сезім күйлері мен ерік, адам психикасының басқа да құбылмалы өзгерістері жатады.
- Жеке тұлғаның биологиялық тума қасиеттері – нышан, жоғары жүйке қызметі. Бұлар адамның темпераменті мен жас ерекшеліктеріне, жыныстық белгісіне сәйкес көрніс береді.
Онтогенез – жеке ағзаның даму процесі (процесс развития индивидуального организма.. Психологияда онтогенез индивид психикасының негізгі құрылымдарының балалық кезеңде қалыптасуын қарастырады.
Даму дегеніміз — өзгеру. Яғни, анатомиялық, физиологиялық, әлеуметтік, рухани аспектілердің бір қарқынмен сандық және сапалық жағынан өзгеруі. Даму тек қана прогресс емес, ол – тұйықталу немесе регресс те болуы мүмкін.
Даму мәселелерімен салыстыру психологиясы, генетикалық психология, психогенетика, даму психологиясы және жас ерекшелігі психологиясы айналысады.
Дамудың көріну формалары: филогенез, онтогенез.
Даму сфералары: 1. психофизикалық – дене күшінің өзгеруі (индивид.;
- Психоәлеуметтік сфера (жеке тұлға.;
- когнитивтік сфера (іс-әрекет субъектісі..
Психикалық дамудың факторлары: 1. тұқым қуалаушылық;
- орта;
- белсенділік.
Тұқым қуалаушылық жеке қасиеттерде дамудың шарты ретінде роль атқарады. Генотип – ағзаның генетикалық конституциясы немесе барлық гендер жиынтығы. Фенотип – сыртқы ортаның әсері барысында онтогенезде дамитын барлық белгілер жиынтығы.
Фенотип = генотип + орта
Генотиптік факторға байланысты эволюцияда екі тенденция бар: типизация және индивидуализация.
Даму принциптері:
- даму жүйесінің көзі ретіндегі тепе-теңдік еместің тұрақты динамикалық рпинципі;
- даму жүйесінің шарты ретінде сақталу және өзгеру тенденцияларының өзара әсер ету принципі;
- даму құрылымының критериі ретіндегі дифференциация және интеграция принципі;
- даму функциясының критериі ретіндегі бүтіндік принципі.
Жеке тұлғаның онтогенезде қалыптасуы және даму туралы нақты ортақ теория жоқ. Дегенмен жеке тұлғаның тума құбылыс емес, жүре қалыптасатындығы ортақ тұжырым мен сәйкес дәлелдемелер бар. (Жеке тұлға компоненттеріне қысқаша талдау жасау). Жеке тұлға биологиялық тұқым қуалаушылық қасиеттер мен әлеуметтік шартты қасиеттердің қосындысының негізінде қалыптасатындықтан қалыптасу және даму жөніндегі алшақтықтар қалыптасу және дамудың негізгі қозғаушы күштерін анықтауда байқалады.Олар: жеке тұлғаның онтогенезде қалыптасуы және дамуының заңдылықтары, оған әсер ететін әлеуметтік топтардың маңызы, даму этаптары, тұлға дамуының қалыптасу және дамуындағы дағдарыстар, олардың ерекшеліктері, даму процесін түзету немесе тездету мүмкіндіктері және т.б.
Осы мәселелерге байланысты жеке тұлғаның онтогенезде қалыптасуы және даму стадиялары сатылары туралы жоғарыда аталынған түрлі теоретиктер өз ұстаным бағыттарын ұсынады. Әрбір теория өзіндік сенімді дәлелдемелері бар, соның ішінде барлық теориялар мен концепциялар позицияларын пайдалана отырып, дамудың интегративтік концепциясын жасаған американ психологы Э.Эриксонның эпигенетикалық теориясын атауға болады. Бұнда жеке тұлғаның туғаннан соңғы күндеріне дейінгі дамуының генетикалық алғышарттылық 8 кезеңдерін көрсетеді. Бұл кезеңдерді адам өміріндегі міндетті түрде болатын психологиялық дағдарыстардың (қарама-қарсылықтар: қалыпты және қалыптан тыс шекаралар. негізінде түсіндіреді.
Жас ерекшелік кезеңдері мен стадиялары көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл — әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әлі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының ерекшеліктері де енеді.
Сонымен, жас шағы адамға оның дамуының сол кезеңде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айналасындағылармен қарым-қатынас ерекшеліктері деңгейімен , білім мен ойлау дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.
Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, индивид, жеке, даралық, онтогенез, даму, эволюция, филогенез, тәрбие, қоршаған орта, тәрбие, биологиялық фактор.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- Жеке тұлға деген кім?
- Индивид және жеке тұлға ұғымдарының мазмұндық айырмашылығы неде?
- Жеке тұлғаға айналу процесіне әсер етуші факторлар?
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987
- Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.
- Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003
- Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПБ., 1999
- Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. — А., 2005
- Қ. Жарықбаев. Жантану негіздері. – А. 2000
- Веннер Л.Н. Психические процессы. В 3-х томах. Т. 1 ЛГУ 1974
- Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998