Еңбек әрекетіндегі көңіл бөлу және танымдық  процестер

 

1.Түйсік  туралы жалпы түсінік.

2.Қабылдау туралы жалпы түсінік.

  1. Есте сақтау,ойлау, қиял, зейін ерекшеліктері.

Мидың орталық жүйесінің және сезу ағзаларының әсер етуі нәтижесінде шындықтың көрінуін – түйсік дейді Түйсік адамның қоршаған ортаны қабылдауында әртүрлі болып келеді. Түйсіктің адам өміріндегі рөлі қоршаған ортада болған нәрселерді адам ағзасына орталық жүйке жүйелері арқылы жеткізу.

Түйсік классификациясы. Ежелден түйсіктің бес басты моделін қарастырған: иіс түйсігі, дәм сезу, сезу, көру және есту. Түйсік классификациясы ресейлік психолог А. Р. Лурияның зерттеуінде екі ұстаным бойынша қарастырылады: жүйелік және генетикалық.

Түйсіктің жүйелік классификациясы. Түйсіктің ең үлкен топтарын қарастыра отырып оларды үш негізгі типке бөлуге болады: интероцептивті, проприоцевтивті, эктероцевтивті. Интероцептивті түйсік ішкі ағзалар күйінен белгіні асқазан және ішек қабырғаларынан, жүрек және қанайналым жүйесінен және басқа ағзалардан тітіркенуі арқылы алады. Бұл ежелден келе жатқан түйсік түрі және ол эмоциалды күйге жақын болып келеді. Проприоцептивті түйсік дененің  кеңістіктегі күйін және адамның  афферентациялы қозғалыс белгілеріне негізделіп оның кезектелуінде басты рөль атқарады. Проприоцептивті түйсіктің перифериялық рецепторы бұлшық еттер мен желілерде ерекше жүйке денешелерінде орналасады. Қазіргі психолгияда жануарлардың афферентті қозғалыс жүйесі А. А. Орбели, П.К. Анохинмен, ал адамдарда – Н. А. Бернштейнмен зерттелген.  Үшінші ең үлкен түйсік жүйесі экстероцептивті болып саналады. Ол сыртқы дүниеден келген ақпараттарды адамға жеткізіп адам мен қоршаған орта арасында байланыс орнатады. Осы түйсік тобы шартты түрде екі топқа бөлінеді:  жанасу және дистантты түйсік. Жанасу түйсігі дене үстіне жанасуы және қабылдаушы ағзаға тиюі тиіс. Бұл түйсікке мысал ретінде дәм және сезінуді жатқызады. Дистантты түйсік алыс аралықта сезу мүшелеріне тітіркену арқылы әрекет етеді. Бұған иіс түйсігі, есту және көру жатады.

Ағылшын неврологы Х. Хедтің генетикалық классификациясында сезінудің екі түрін қарастырады: 1) протопатикалық (аса аффективті,жергілікті және дифференцияланған) органикалық сезулер жатады (аштық,шөл); 2) эпикритикалық (аса дифференцияалданған, тиімді) басты сезіну мүшелері жатады.

Эпикритикалық сезіну генетика бойынша жас, және ол пропатикалық сезінуді бақылап отырады.

Түйсік қасиеттері. Түйсіктің әртүрлігі  оның ерекшеліктерімен ғана емес, сонымен қатар қасиеттерімен сипатталады. Ондай қасиеттерге: сапа, қарқындылық, жалғасушылық және кеңістікті таратпаушылық жатады. Сапа – ол түйсіктің негізгі ерекшелілігі, түйсіктің көпүлгілі сапасы материя қозғалысының шексіздігімен көрсетіледі.  Түйсік қарқындылығы оның сандық сипаттамасы болып саналады және рецептордың функциональды күйі мен тітіргендіргіш күшімен көрсетіледі.Түйсіктің жалғасушылығы уақытша сипаттама. Ол сезім ағзасының функциональды күйін анықтайды, бірақ бастысы тітркендіру уақытын және оның қарқындылығын анықтайды. Тітркендірудің әрекеті  сезім мүшелеріне бірден сезілмейді, уақыт өте келе түйсіктің латентті кезеңінде көрінеді.Түйсік – мидың орталық жүйесінің және сезу ағзаларының әсер етуі нәтижесінде шындықтың көрінуі. Түйсік дегеніміз қарапайым психологиялық сипаттама, ол адамның тәртібіне есті және ессіз күйде әсер етеді. Түйсік объективті де, субъективті де ұғым. Бір жағынан онда сыртқы тітіркендіргішті байқауға болады. Ал бір жағынан тітіркендіруді байқау жүйке жүйесіне де байланысты.

Қабылдау –  қоршаған ортадағы объективті шындықты бағыттап ақпарат ретінде қабылдау мен өзгерту қиын үрдіс болып табылады.Қабылдау сезім мүшелеріне әсер ететін құбылыстар мен заттардың толық жиынтығы. Қабылдау – талдау жүйесі әрекетінің нәтижесі.

Қабылдаудың субъективті заңы дегеніміз адамдардың ақпаратты қабылдау қажеттілігіне сәйкес, субъективті қабылдауы болып табылады. Адамның психикалық қабылдауы оның тұлға ерекшелігіне байланысты апперация деп аталады. Қабылдау қасиеттеріне келесілер жатады:

  1. Тұтастық – қабылдау заттың толық түрін көрсетеді. Ереже бойынша ең алдымен зат толық жаратылыс ретінде қабылданып тек содае кейін ғана оның бөлшектері зерттеледі.
  2. Константылық – қоршаған ортаны қабылдау кезінде олардың пішіні, түсі, көлемі тұрақты ретінде қабылданады. Константты қабылдаудың белсенді әрекет етуші жүйесі ретінде перцептивті жүйе саналады.
  3. Құрылымдық – ол қабылдаудың жай ғана жиыны болып саналмайды. Біз осы құрылымның жалпылама түйсігін іс – әрекеттер ретінде сезінеміз: жеке дыбыстардың орнына сөздерді , адамның жеке қимылының орнына икемдерді, жеке суреттердің орнына орын ауыстыруды қолдану.
  4. Ойлаушылық – қабылдау ойлаумен, заттардың табиғатын түсіну. Олардың мағынасын түсініп атау береміз.
  5. Сайлаушылық – бір объектті екінші объект пен салыстырып оның ерекшелігін бөліп көрсетеді. Қабылдау кезінде адамның көзіне бірінші шалынатын объект деп, айналасындағы фон деп саналады.

Қабылдау заттары қате болуы да мүмкін. Қателер әртүрлі талдаулардың әрекеті нәтижесінде белгілі болады. Негізінен көз алдаулары (иллюзия ) көп кездеседі.Қабылдауды ұйымдастыру қажет.  Ақпаратты қабылдаудың  тиімді үрдістерін қарастырайық:

  1. Таным мақсаты бар нақты ақпаратты қабылдау керек. Өзін мақсатты айқындап, соған қол жеткізуге үйрету керек.
  2. Талдаушыларды жан – жақты, әрі қарқынды қолдану. Кез – келген жағдайда қабылдау үшін үстемдік етуші талдаушыларды қолдану керек. Талдаушыларды кеңінен қолданған сайын, қабылдау үрдісі қарқынды жүреді.
  3. Қызығушылық тудыру.Есте сақтауға тиісті мағлұматты жоғары дәрежеде қызықты ету.Бұл үшін оның жұмысқа деген маңызын жетік түсіну қажет. Мағлұматты қабылдау сәтін жылдамырақ өткізу үшін өзіңіз білетін барлық білімді қолдану қажет.

Есте сақтау дегеніміз- өмірлік тәжірибе әрекетін алуға, сақтауға тырысу. Әртүрлі түйсіктер туа біткен және өмір сүре келе алынған тәжірибелер механизмі сақталуы мұрагерлікпен беріледі немесе жеке өмірде жиналады. Біздің есте сақтауымыздың өнімділігі күннің уақытына байланысты: күндіз 8-12 аралығында қабылдау есте сақтау жоғары болады,түстен кейін төмендеп, кешке қайта көтеріледі.

П. П. Блонский зерттеулерінде эмоциялды әсіреленген уақытта еске сақтау жоғары дәрежеде болады деп түсіндіреді, ол студенттеріне балалық шағы естеліктерін жазуды тапсырған, сонда бірінші орында мына естеліктер шыққан:1 —  жұмбақ әрі жаңа; 2- өлім; 3 – қатты қорқыныштар; 4 – қатты жазалаулар мен реніштер; 5 —  бала отбасындағы бақытсыз оқиғалар; 6 – жақындармен бақытсыздықтар; 7 – айырылысу; 8 – бақытты сәттер – 8 % 9 – басқалары — 8 %

Еске сақтау түрлері. Уақытқа байланысты еске сақтау қабілеті былай бөлінеді:

  • Оперативты ес ;
  • Қысқа мерзімді ес;
  • Ұзақ мерзімді ес.

Оперативты  ес сезім мүшелері қабылдайтын дүниенің толық әрі нақты бейнесін сақтайды. Бейнені  сақтаудың ұзақтығы секундтан бірнеше сағатқа дейін созылады.  Оперативті  ес деп бір үрдіс барысында қажетті ақпаратты есте сақтау қабілеті деп айтады. Аз уақытты ес. Бұл ес  түрі жаңа ғана болған оқиғадан  қабылданған құбылыстардың   аз уақытты үрдісі. Оқиға аяқталғаннан кейін әсер жоғалып, адам есіне қанша түсіргісі келгенмен оқиғаны түсіре алмайды.  Алынған ақпараттың адам санасында тек оқиға бөлімдері ретінде ғана қабылданғандықтан, есте анық сақталмайды.  Ұзақ уақытты есте қабылданған ақпараттың ұзақтығы мен мықтылығымен сипатталады. Ұзақ уақытты ес адам санасында ақпараттың жиналуы мен жалпылама және жүйелі түрде сақталуына себеп болады.

Ес процестері. Оған  есте сақтау,сақтау,қалпына келтіру, ұмыту жатады. Есте сақтау – бұл ескі ақпараттың жаңасыменен байланысып есте бекітілу үрдісі. Бұл есте сақтаудың түріне байланысты ерікті және еріксіз, ұзақ, қысқа және оперативті есте сақтау бөлінеді. Қалпына келтіру  ерте есте сақталған ақпаратты психикалық  жолмен ұзақ естен оперативті еске бекіту болып табылады. Белсендіру процессі қиын немесе оңай жолмен өзгеру деңгейімен сипатталады: ұмытылған затты еске тез түсіру немесе еске түсіре алмай қиналу. Осыған байланысты қалпына келтіру тану, жеке қалпына келтіру және еске түсіру сияқты болып бөлінеді. Объектке субъектті қайта көрсету кезінде тану үрдісі жүреді. Адам бұрын көрген затын қайта көргенде есіне түсіреді.   Жеке қалпына келтіру объектке субъектті қайта ұсынусыз өтеді. Адам бәрін өзі еске түсіреді. Ол бұрын көрген нарсесін жай есіне ерікті түрде алады немесе, еске түсіру мақсатында еріксіз түрде күш салу арқылы түсіреді.

Кейде реминисценция құбылысы болады – адам өзінің еске түсіре алмаған ақпаратын жақсы жағдайда еш күш салусыз еске түсіреді.  Ұмыту жартылай немесе толық болады. Жартылай ұмыту қалпына келтіре алмаған ақпаратты тану арқылы өтеді. Ақпаратты қайта тыңдау немесе оқу үрдісі адамға оны таныс екенін көрсетеді, бірақ оны өз бетімен қайталауға мүмкіндігі келмейді. Толық ұмыту ақпаратты  қалпына келтіру,  тану мүмкіндігінен айырады. Неміс психологы Г. Эббингауз көптеген тәжірибесінің нәтижесінде ақпаратты 72 сағат көлемінде мүмкіндігіміз бар екенін анықтаған.

Сақтау. Ұмытылмаған ақпараттың бәрі сақталады. Адамның қажеттілігіне байланысты ақпарат жаймен ұмытылады. Адамға өмірлік маңызы бар ақпарат ешқашан ұмытылмайды.  Ақпаратты сақтау адамның әрекет деңгейіне байланысты.Ақпараттың естен ерікті немесе еркінен тыс алынуы сақтаудың ашық әдісі көмегімен іске асады. Алайда сақтаудың жабық әдісі бар, ол адам есінен керек мәліметті гипноз арқылы еске түсіру. Есті жетілдірудің бір әдісі «жинақтау жүйесі» әдісі. Ес  бұлшық ет тәрізді жеңіл жаттығуларды жиі қайталау барысында жаттығады. Ол үшін жақсы құрастырылған қызықты ақпаратты біртіндеп оқып, есте сақтау қажет. Жинақтау жүйесі есті ғана емес, қалпына келтіру мен назарды да шынықтырады.

Ойлау .Ойлау адамның жаңалық ашуының, шығармашылық жұмысының белсенді көрінісін және әрекеттерінің өзгеруін көрсетеді. Ойлау субъектте болмаған нәтижелерге жеткізеді. Ойлаудың басқа психологиялық үрдістерден айырмасы тапсырмаға жауап іздеу мен оның шарттарын өзгерту сияқты мәселелі жағдайлармен айналысуы болып табылады. Ойлау әрекеттердің жалпы, ортақ заңдылықтарымен байланысы. Бұл дегеніміз нақты жағдайлардағы әрекеттердәң шынайылығына бағытталады. Ойлауға екі белгі тән:

  1. Жалпылық. Бұл дегеніміз ойлау кезінде ақпараттың әртүрлі қасиеттерінің әртүрлі көздерден алынып, көптеген өңдеуден өтіп, сығылып адамға берілуі. Ойлау тек адамға тән үрдіс.
  2. Ортақтық. Ойлау шынайылықтың ортақ көрінісі. Бұл дегеніміз ойлау талдаушыларға әсер етпейтін тек қосымша белгілер көмегімен ғана ақпаратты түсінуге және анықтауға мүмкіндік беру. Адамның ойлау қабілеті сөздердің көмегімен жүзеге асатын түсінік арқылы беріледі. Түсіну – құбылыстар мен заттардың толық әрі нақты көрінісі.

Ойлауда әрекеттің шарттарының оның мақсаттарына қатынасын көрсетеді, яғни алынған ақпараттың бірінен екіншісіне өзгеруі, жағдайдың қажетті жалпылама сызбаға өңделуі.Ортақ байланыс орнату, құбылыстардың бірнұсқалы топтарының қасиеттерін жалпылау, нақты бір құбылыстың жаратылысын белгілі бір құблыстар тобының әртүрлігі екенін түсіну адамның ойлау қабілетінің қасиеті. Ойлау әрекеті әртүрлі операция құрылымдары арқылы жүзеге асады.Алгоритмдік ойлау берілген тапсырманы қарапайым операциялар тізбектері арқылы орындау.

Эвристикалық ойлау – қиын тапсырмалардың шешімін шығармашылық  жолмен табу.Дискурсивты ойлау (есті) –логикалық талдаудың тізбекті қатарынан ақыл қорытындысы жүйесіне құрылған, есті ойлау сипатына ие ойлау түрі. Дискурсивты ойлау түрі қорытынды шығаруда қолданыладды.Ойлаудың тарихында баланың ойлау қабілеті ойлаудың бір – бірін алмастыратын үш түрі бар :

  • көрнекі – әрекетті
  • көрнекі – бейнелік
  • абстрактілі – логикалық.

Ойлаудың бірнеше түрі бар: теоретикалық түсінікті ойлау – адам тапсырманы орындау барысында ақылмен әрекет етіп түсінігіне жүгінеді, бірақ ол сезім мүшелерінің тәжірибесі көмегімен шешуге тырыспайды. Теоретикалық ойлау түрі теоретикалық ғылыми зерттеулерде қолданылады.Көрнекі – бейнелік ойлау үрдісі адамның қоршаған  ортаны шынай қабылдайтын ойларымен байланысты, олар адам көменгінсіз шешілмейді. Көрнекі – әрекетті ойлау үрдісі шынай құбылыстарды адамның тәжірибелі ойларға өңдеуімен анықталады. Бұл ойлау түрі өндірістік қызметпен айналысатындарға тән.

Ойлау қабілетіне байланысты адамды екі типқа бөледі:

  1. Интуитивті тип. Сезімнің ақылды бағындыруымен және мидың оң жақ бөлігінің сол жағына үстемдік етуімен сипатталады.
  2. Ойлы тип. Ақылдың сезім мен интуициядан басым болуы мен сол жақ ми бөлігінің оң жақты тиімді пайдалануымен сипатталады.

Шығармашылық ойлау ойлаудың ерекше түріне жатады. Оның негізгі белгілері:

  1. Біртуарлық, ойлардың ерекшелігі мен интелектуалды жаңалыққа тырысу.
  2. Затты басқа қырынан көру, оны жаңаша қолдану жолдарын табуға тырысу.
  3. Үлгілі адаптациялық икемділік, объектті қабылдауды ерекше етіп, оның құпия жақтарын ашу.
  4. Семантикалық спонтанды икемділік, түсініксіз жағдайда ойдың әртүрлі өнімділігін арттыру қабілеті.

Ойлаудың  қиыншылығы. Ойлау әлдебір мәселені шешуде туындайды, ал мәселе қиындықты жағдайды туғызады. Қиыншылықты жағдай деп адамның өз түсінігі жетпейтін құбылыспен соқтығысуы. Ол белгілі бір танымдық кедергіні, қиындықты ойлаудың көмегімен жеңуді білдіреді. Ойлаудың негізгі механизіміне талдау – жинақтау жатады. Талдау – бір бүтінді бөлшектерге бөлу, ұсату, дифференциялау, белгілі бір қырларын анықтау, абстрагтілеу. Жинақтау – бөлшектерді біріктіру, қосу, толықтыру, топтастыру.

Талдау мен жинақтаудың байланысы келесі тәуелділікте көрсетілген:

  1. бүтінді талдау сол мезетте оны жинақтау болып саналады, себебі талдау бөлшектерді қарастыру ғана емес, олардың арасындағы байланысты, тәуелділікті, қатынастарды анықтайды.
  2. Талдау – жинақтау үрдісінің бірігуі талдаудың бүтінді зерттеуі нәтижесінде оны толық әрі тереңінен анықтауы.
  3. Мәселені шешудегі ойлау үрдісі үш тізбектің бір – бірімен сәйкестенуі кезінде ғана сәтті өтеді. Егер олардың арасында сәйкестік болмаса, онда ойлау үрдісі жүзеге аспайды немесе мәселе дұрс шешілмейді.
  4. Талдау – жинақтау әртүрлі деңгейде жүзеге асады: затты бөлшектеу немесе жинақтау кезінде тікелей әрекет етуі, мәселенің көрнекті немесе теоретикалық түрде ұсынылуы

Талдау – жинақтау ойлау үрдісінің негізі болғандықтан келесі ақыл – ой операцияларына қатысады:

  1. Салыстыру – шынайы құбылыстар мен заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.
  2. Абстракция – құбылыстар мен заттардың бар және жоқ қасиеттерін бөліп көрсету.
  3. Нақтылау – жалпы түсініктен жекеге өту. Жалпылама білімді жекеге қолдану.

Логикалық ойлаудың келесі түрлерін ажыратады:

  1. Түсінік – шынайы құбылыстар мен заттардың жалпы, нақты, ерекше белгілері көрінетін ойлар.
  2. Талқылау – құбылыстар мен заттар арасындағы байланыс немесе олардың белгілері мен қасиеттерінің байланысы. Жалпы, жеке, жалғыз болып бөлінеді. Тікелей немесе жанама түрде құрылады.
  3. Ақыл-ой қорытындысы – бірнеше талқылаулардың нәтижесінде басқа талқылауға қол жеткізу. Әдеттегі және қарапайым қорытынды үлгісі негізінде туындаған жекелік силлогизм болып саналады.

Ақыл қорытындысының екі түрін ажыратады: индуктивті және дедуктивті. Индуктивті ақыл қорытындысы жалпы жағдайға қатысты жеке жағдайлардан құралады. Дедуктивті ақыл қорытындысы керісінше, жалпы жағдайлардан жеке жағдайларға құралады. Ойлау логика мен ақыл әрекет ететін үрдіс ретінде әрдайым санала бермейді. Ойлау үрдісіне оның сезімінің өзгеруі көп араласады. Сезімдер ойлау қабілетін бұрмалап, зиян келтіреді. Ойлау қабілетінің бұрмалануының біртүрі ретінде аутизмді алуға болады. Аутистік ойлау кезінде ақылға емес, аффективті қажеттіліктерге бағанып, оның күші мен динамикасын көрсетеді. Аутисттік ойлау беталысты. Оның мақсаты қажеттіліктер қауымдастығын логиамен емес, ерікті ойлау қабілетімен қамтамасыз ету. Шынайы ойлау шындықты нақты көрсетсе, аутистік ойлау афффекті объекттерге сүйенеді. Аутисттік ойлау иллюзиялар тудырып, шындықты қабылдамайды.

Ойлау қабілетінің үрдіс ретінде жекеше ерекшеліктері бар:

Ойлаудың ауқымы – барлық үрдісті жеке кезеңдерін жіберіп алмай толығымен қамту.

Ойлау тереңдігі – қиын сұрақтарды түсіне алумен сипатталады.

Ойлаудың дербестігі – басқа адамдардың көмегінсіз мәселені шеше алу үрдісі.

Ойлаудың икемділігі – жағдай өзгерген сәтте әрекеттерді тез өзгерту қабілеті.

Ақылдың тездігі – жаңа жағдайда адамның тез талдауы мен оның шешімін табу қабілеті.

Ақылдың асығыстығы – жағдайды жан – жақты талқылап алмай шешім қабылдауға тырысу қабілеті.

Ақылдың сынауы – өзінің және өзгелердің ойын жан – жақты ойлап талқылай білу.

Қиял. Қиял – адам өмірінде шынай болмаған ойлар мен көріністерді құрастырудың психикалық әрекеті. Әлі күнге дейін ғалымдар елестетудің механизмін тапқан жоқ. Бұл үлгі адаммен оның ағза әрекетіне байланысты. қиял пассивті (түс көру,армандау), белсенді – құрастырылған ( заттың сипаттамасы бойынша үлгісін құрау), шығармашылық (ойдан шығарылған материалдарға байланысты жаңа үлгілер құру). Қиялдың бір түріне армандау жатады. Егер арман уақыт пен тәсілдері нақты болса ол мақсатқа айналады.

Шығармашылық қиял бірнее этаптан тұрады:

1– шығармашылық ойдың тууы;

2 – ойлаған затты «көтеру»

3 – ойды жүзеге асыру.

Адам өмірінде елес ерекше орын алады. Біріншіден шындықты үлгі ретінде көріп, мәселені шешуде қолдана алу мүмкіндігі. Еіншіден, сезім күйін реттеу. Елестердің көмегімен адам өз қажеттіліктерін жүзеге сыра алады. Үшіншіден, елестету танымдық үрдістердің қатысуымен жүзеге асады. Төртіншіден, адамның ішінен әрекет жопарын құрып, оны үлгілерді басқара отырып ақылда жүзеге асыру.

Қиял және органикалық процестер. Қиял психикалық сапа мінсіз болып саналатын ең жарқын психикалық құбылыс болып есептеледі. Осы жағынан елестеу органикалық тұрғыдан материалдыққа қарама – қарсы құбылыс болып келеді.

Белгілі америкалық психолог А. Маслоу «дербес белсенді адам» деген жалпылама түсінік енгізді. Ол бұл адамдарға дербестік, аутоұнату, уақытқа бағыныштылық, қатынас сияқты қасиеттерді жатқызыды. Оның басты аңғарғаны – оларда қорқыныштың болмауы. Олар өздері туралы басқалардың не айтатынына мән бермейді.олар адамдарға тәуелді емес, оларды қажет етпейді. Осы қасиеттер Маслоудың ойынша нағыз ұлы адамдарға тән.

Зейін .Зейін – психологтардың жеке қараудағы келсімі берілмеген таным үрдісі. Көп психологтар зейін деген жеке, дербес үрдіс жоқ, ол басқа психологиялық үрдістің немесе адам әрекетінің бір қыры ретінде зерттеледі деп пайымдайды. Басқалары зейін ерекше ішкі үрдіс деп есептеген. П. Я. Гальперин өнімі бақылау болып келетін психикалық үрдіс деп есептеген. Көптеген псиологтар таным әрекетінің динамикалық үрдісін сипаттайтын психофизиологиялық үрдіс деп есептейді. Сезім мүшелері арқылы бір ақпаратты саналы және санасыз түрде таңдау және біреуін елемеу.

Адам зейіні бес негізгі қасиетпен сипатталады:

Тұрақтылық – бір затта ұзақ уақыт бойы зейін тоқтату қабілеті.

Жинақталу – басқа объектілердің алаңдатуына қарамастан зейінін бір объектке аудару.

Ауысу – бір объектіден екіншісіне, бір әрекеттен басқасына назар аудару.

Бөлу – нақты кеңістікте бір нәрсеге назар аудара отырып, басқа әрекеттер жасау.

Көлем- аса зейін қою кезіндегі адамның сақтай алатын ақпараты.

Назарды топтаудың негізгі ұстанымдары:
1. Маңызды нәрсеге көңіл аудару. Зерттеләп жатқан объектке бар назарыңызды аударып оның жаңа қырларын, ерекшеліктерін, белгілерін, байланысын көруге тырысыңыз

2.Маңызы жоқ ақпаратты бекітпеу. Зерттелген затқа қатысы жоқ ақпаратты тек қана қабылдау қажет, оны есте сақтаудың саңызы жоқ.

3.Маңызы жоқ ақпаратты жою. Маңызы жоқ ақпаратты жаңа ақпарат қабылдай отырып, санадан лақтыру керек.

Зейін қабылдау қабілеті мен тығыз байланысты. Сондықтан еске сақтаудың ұстанымдырын білген жөн:

  1. Еске сақтауды «Мен есіме сақтаймын» деп бастаған дұрыс.
  2. Таным байланыстарын дұрыс таңдау. Сақтауға тиіс ақпараттың танымдық байланыс түрін таңдау қажет.
  3. Таным байланысын еске сақтаудың ұзақ уақыттық мақсатында құру. Аз уақытты есте сақтау құрылымдық байланыспен жүзеге асады.
  4. Сәйкес таным байланыстарын қолдану. Сақталған ақпарат пен білім арасында байланыс орнату.

Менеджер зейіні – үлкен тәрбиелік күш. Егер қол астындағы басшының өзін бақылап отырғанын сезсе жұмысын тыңғылықты атқаруға тырысады.

Негізгі ұғымдар: танымдық процестер түсінігі, назар аудару, түйсік, түйсіктің классификациясы, қабылдау, кеңістіктегі қабылдау, жалпылай қабылдау,нақты қабылау, иллюзия, иллюстрация, есте сақтау, оперативті ес, ұзақ және қысқа мерзімді ес, ойлау, абстракция, логикалық ойлау, көрнекі –бейнелік ойлау, талқылау, анализ, синтез, дедукция, индукция, аналогия, ой-қорытындысы, қиял, шығармашылық қиял, зейін, зейіннің шоғырлануы, зейін аудару, менеджердің зейіні.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Басқару процесіндегі негізгі танымдық процестердің ролі қандай?
  2. Менеджер немесе жетекшіге басқару ісін тиімді жүргізу үшін қандай танымдық процестің басымдылығы жоғары?
  3. Түйсіктің классификациясын жіктеу?
  4. Қабылдаудың басқару процесіндегі ерекшелігі қандай?
  5. Шығармашылық қиял басқаруда не үшін керек?
  6. Менеджердің зейіні қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Самыгин С.И.,Столяренко Л.Д. Психология управления. – Ростов – на – Дону, 2008
  2. Власова Н. Справочник  по психологии управления.Новосибирск,1994
  3. Обозов Н.Н. Психология менеджмента. С-пб.1994

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *