Жоспар:
- Қарым-қатынас – өзара әрекеттесу формасы ретінде
- Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері
- Қарым-қатынас стилдері
- Қарым – қатынас немесе коммуникация процесі кең, ауқымды ұғым, ол – саналы және санасыз байланыс, ол – мәліметті тасымалдау және қабылдау,ол – барлық жерде және үнемі байқалатын процесс.
«Қарым – қатынас – біріккен іс – әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын адамдар арасындағы байланысты құрайтын және дамытатын күрделі, көп жоспарлы процесс» (Қысқаша психологиялық сөздік)
«Қарым – қатынас— адамдар арасындағы байланысты құру мен дамытуда, жеке тұлғалық қарым-қатынасты қалыптастыруда көрінетін және біріккен іс-әрекетке деген қажеттілікті туындататын жеке тұлға белсенділігінің универсалды формасының бірі (таным,еңбек,ойынмен бірге)» (А.И.Конюхов)
«Қарым-қатынас – бір адамның екінші адамға әсер ету нәтижесі болып табылатын,адамдар арасындағы байланыс» (М.В.гамезо, И.А Домашенко).
Қарым – қатынас функциялары
- Ынтымақтастық. Қарым –қатынаста орынды (рационалды) эмоционалды және еріктік өзара әсер етулер және индивидтердің өзара әрекеттері жүзеге асырылады және көңіл – күйдің, ойдың, көзқарастың жалпылығы қалыптасады,өзара түсінушілік туындайды,манера,әдет, мінез-құлық стилі меңгеріледі, топтық және ұжымдық іс-әрекетті сипаттайтын бірлік пен ынтымақтастық құрылады.
- Қалыптастырушы. Қарым – қатынас жеке тұлғаның жағымды жағының ашылуы, санасының және өзіндік санасының қалыптасуы,оның дамуының стимуляторы, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсе отырып,өзіне басқалардың қатынасын саралай келе, адам өз бойында өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілікті байқайды және осы қажеттілікті өзін-өзі тәрбинлеу процесінде жүзеге асырады.
- Дамытушы. Қарым – қатынаста байқалатын «жұқтырудың» әлеуметтік-психологиялық механизмі мен еліктеу, адам идеалындағы сапа, қасиеттерімен қоса бейнені қалыптастыруға ықпал етеді – бұл өзін –өзі дамытуға деген үлкен стимул!
- Танымдық. Қарым – қатынас қоршаған ортаны тану мен түрлендіру,прцесі жүзеге асырылатын бірлескен шығармашылықтың формасы.
- Мәліметтік. Қарым – қатынас мәлімет (дерек) көзі және ақпарат арнасы: қарым – қатынас процесінде (коммуникация) адам фактілерді, түсініктерді, идеяларды ғана емес, онда құнды қатынастар, қызығушылықтар , көңіл – күй, сезім де меңгеріліп, тасымалданады.
- Ұйымдастырушылық. Қарым – қатынас – адамды тәрбиелеу үшін жағдай тудырады: тәрбие өнері ең алдымен – қарым – қатынас өнері деп педагогтар әділ пікір айтады, қарым – қатынаста жеке тұлғаның өзінің әлеуметтік рөлін, ұйымдастырушылық және серіктік сапаларын жүзеге асыруға деген ұмтылысы орындалады.
Қарым – қатынас әлемі (М.С.Каган бойынша).
- Нақты серікпен (партнер) қарым – қатынас
- Тұлға аралық қарым – қатынас
- Өкілдік қарым – қатынас;
- Мәдени қарым – қатынас;
- Топтағы қарым – қатынас:
- Сағымдағы (иллюзиядағы) серікпен қарым – қатынас
- Жануарлармен қарым – қатынас;
- Затпен қарым – қатынас;
- Ойдағы серікпен қарым – қатынас
- Өзінің екінші «Мен» — імен қарым – қатынас;
- Мифологиялық немесе көркем бейнемен қарым – қатынас:
- Ақиқатта (болмыста) жоқ адам бейнесімен қарым – қатынас.
- Қиялдағы серіктердің қарым – қатынасы (көркем персонаждар – квазисубъектілермен).
Қарым – қатынас түрлері
- Қарым – қатынасқа түсушілер құрамы бойынша
- Тұлғааралық – іскерлік және жеке тұлғалық қарым – қатынас
Адам – Адам жүйесінде;
Өзара қатынас сипатына қарай:
- Қызметтік;
- Қызметтік – жолдастық;
- Достық;
- Жеке тұлғалық – топтық – іскерлік, Адам – Топ жүйесіндегі қарым – қатынас;
Өзара өатынас сипатына қарай:
- Қызметтік және қызметтік – жолдастық;
- Жетекшінің ұжыммен,топпен қарым – қатынасы;
- Топаралық – Топ – Топ жүйесіндегі іскерлік қарым – қатынас, екі немесе бірнеше қауымдастықтың контактісі.
- Жақындасу деңгейі бойынша:
- Тікелей – «бетпе – бет» қарым – қатынасқа түсу, әрбір қатысушының қарым – қатынастың барлық құралдарын қолдана отырып басқа адамдармен байланысқа түсуі және сол арада кері байланысқа түсу мүмкіндігі де.
- Жанама – үшінші адам, немесе пошталық байланыс, техникалық құрал, зат, естелік т.б арқылы қарым – қатынастын жүзеге асуы.
- Ұзақтығына байланысты:
- Қысқа уақыттық;
- Ұзақ уақыттық;
- Аяқталуына байланысты:
- Аяқталған;
- Аяқталмаған.
Қарым – қатынас құрылымы:
- Коммуникативті – қарым – қатынас субъектілерінің арасында мәлімет алмасу;
- Интерактивті – жалпы өзара әрекет стратегиясын құру,факті, қатынастардың ғана емес әрекеттердің де алмасуы.
- Перцептивті – серіктестік қарым – қатынаста бір-бірін қабыдауы, зерттеуі, түсінуі,бағалауы.
Қарым – қатынас коммуникация ретінде
- Вербальды (сөз)
- Сыртқы;
- Ауызша;
- Монологты;
- Диалогты;
- Іштей
- Вербальды емес
- Кинетикалық (вербальды емес құралдардың көмегімен қарым – қатынасқа түсу,жест,мимика,пантомимика);
- Параэкстралингвистикалық (қосымша мәліметті дауыс ырғағын өзгерту арқылы беру, диапазон, тондық өзгеріс);
- Визуальдық (көз арқылы мәліметтік байланыс);
- Проксемикалық (қарым – қатынасқа түсушілерді орналастыру, қарым – қатынастың уақыты);
- Педагогикалық қарым – қатынас – оқудағы өзара іс- әрекет формасы, оқушы мен оқытушылардың ынтымақтастығы. Педагогикалық қарым – қатынаста вербпльдық,көркемдік, символикалық, кинетикалық құралдарды пайдалана отырылып коммуникативті,перцептивті және интерактивті функциялар жүзеге асырады.
- Педагогикалық қарым – қатынас кең контексте «… оқушылардың мотивациясының дамуы мен оқу іс-әрекет шығармашылық сипаты үшін, мектеп оқушысы тұлғасының дұрыс қалыптасуы үшін ең жақсы жағдай жасайтын,оқытудың эмоциональдық қолайлы климатын қамтамасыз ететін,мұғалімнің (кеңірек алсақ – педагогикалық ұжымның) оқыту процесіндегі оқушылармен қарым-қатынасы» (А.А.Леонтьев).
- Педагогикалық қарым – қатынас – оқыту мен тәрбиелеу мақсаты мен міндеттерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін педагог пен оқушылардың өзара әрекетіндегі құралдар мен әдістер жиынтығы (Л.Д.Столяренко).
Педагогикалық қарым – қатынас функциялары бойынша бөлінеді:
- Контактілі;
- Дистантты;
- Ақпаратты;
- Түрткі болу;
- Координациялық;
- Үйлестіруші өзара әрекеттесу.
- Педагогикалық қарым-қатынас ерекшелігі
- Педагогикалық қарым – қатынас бағыттылығы
- Педагогикалық қарым – қатынас білім алушылардың өзара әрекеттесуінің өзінде олардың тұлғалық дамуы мақсатына бағытталған;
- Педагогикалық жүйенің өзіне негіз болып табылатын, оқу білімдерін игеруді ұйымдастыруға және осы негізде шығармашылық іскерліктерді қалыптастыруға, демек игеру пәніне (меңгеру) бағытталған;
- Білім алушыларға (олардың актуальды жағдайларына, дамудың болашақтағы бағыттары) бағытталған.
- Педагогикалық қарым – қатынас субъектілердің 3 жақты бағыттылығы
- Жеке тұлғалық;
- Әлеуметтік;
- Пәндік;
- Оқыту (білім беру) функциясын жүзеге асыру
А.А.Брудный бойынша, оқыту функциясы тасымалдаушы функциямен теңестірілуі мүмкін. Педагогикалық қарым – қатынаста оқыту функциясы жетекші болғанымен,ол басты функция емес, бұл мұғалім мен оқушылардың, оқушылардың бір-бірімен жан –жақты әрекеттесуінің табиғи бөлігі.
- Педагогикалық қарым – қатынастың «Адам-Адам» типіне суреттелген адамдардың өзара әрекеттесу өзгешілігінің бейнеленуі;
- Қарым –қатынасты жеңілдету және фасилитация функциялары (К.Роджерс). Мұғалім қарым – қатынас фасилитаторы, демек мұғалімнің оқушыға өзін және өз бойындағы жағымды (жақсы) қасиеттерін қөрсетуге көмектесуі.
- Қарым – қатынас стилі адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесу тәсілдері мен құралдарының тұрақты формасы.
- Оқытушының қарым – қатынас стилі
- Оқушылардың ойлау процесіне зейін аударып, қалт еткен ойдың туындауы дереу қолдауды қажет етеді, кейде ойды байқадым деген белгінің өзі де жеткілікті;
- Эмпатияның болуы – өзін оқушының орнына қоя білу ептілігі – оның іс-әрекеті мақсаттарын, түрткілерін және оның өзін түсіну,бұл белгілі бір дәрежеде оқушы іс-әрекетін болжауға,алдын ала басқаруға мүмкіндік береді;
- Жақсылық тілеуші,оқушы жетістігіне әріптестің қызығушылығы позициясы;
- Рефлексия – педагогикалық өз іс – әрекетін қатаң түрде үздіксіз талдау және оқу процесіне неғұрлым мол және жылдам түзетулер енгізу.
Қарым – қатынас:
- Педагогикалық қарым –қатынас оқудағы өзара әрекет формасы,педагог пен оқушының ынтымақтастығы;
- Педагогикалық қарым – қатынас бір мезгілде оның үш жақты: коммуникативтік,интерактивтік және перцептивтік болуы;
- Педагогикалық қарым – қатынас вербальдымен қатар басқа да тәсілдердің,яғни көркемдік,кинетикалық,символикалық тәсілдердің кең түрде көрінуі.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық қарым-қатынас, коммуникация, интерактивті және перцептивті қарым-қатынас.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- Педагогикалық қарым-қатынас құралдары атаңыз.
- Педагогикалық қарым-қатынас ерекшеліктері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. – М.,1987.
- Петровский А.В. Новое педагогическое мышление. – М.,1989.
- Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008
- Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004
- Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002