Жоспар:
- Меңгеру теориясы мәселелері
- Білім, іскерлік дағды ұғымдарының өзара байланыстары
- Білім түрлері. Олардың педагогикалық-психологиялық негіздері
- Дағдыны қалыптастыру деңгейлері
Меңгеру теориясының зерттеу мәселелері
- Әлеуметтік тәжірибенің (интеллектуалдық, эстетикалық, өндірістік) әр түрлерін меңгеру механизмдері және заңдылықтары проблемасы.
- Білімді және оларға сәйкес іскерлік пен дағдыны меңгеру табиғаты, механизмдері және заңдылықтары проблемасы.
- Әр түрлі пәндер материалдарын меңгеру проблемасы.
- Меңгеру кезеңдерін сипаттау проблемасы.
- Білімді меңгеру сапасы мен деңгейі критерийі; көрсеткіштері, іскерлік пен дағдының қалыптасу проблемалары.
- Білімді меңгеру сапасы деңгейін, іскерлік пен дағдының қалыптасуын диагностикалау проблемасы.
Білім :
- Қоғамдық-тарихи тәжірибеде тексеруден өткізілген ақиқатты тану процесінің нәтижесі.
- Ақиқаттың адам санасында ұғым, пікір, теория түріндегі адекватты бейнесі.
Іскерлік:
- Қамтылған білім мен дағды бірлігінде адам тарапынан меңгерілген әрекетті орындау тәсілдері.
Дағды:
- Жаттығу нәтижесінде автоматтандырылған әрекет.
- Білімді психологиялық-педагогикалық саралау
- Пәндік (арнайы) құрылым – нақты ғылымныңзаңдылықтары, фактілері және әдістері.
- Логикалық құрылым – ереже бойынша логикалық операциялар және логикалық ойлау тәсілдерінің қатаң түрде пәндік аймаққа тәуелді еместігі және әр түрлі міндет түрлерін шешуде бірдей де болуы мүмкін екендігі.
- Психологиялық құрылым – өз әрекетін жоспарлау, оның барысын бақылау, қажет жағдайда түзету енгізу және міндетке сәйкес соңғы нәтижені бағалау іскерлігі.
- Білім түрлері
- Ұғым және терминдер
- Фактілер туралы білім
- Заңдар туралы білім
- Теориялар туралы білім
- Таным әдістарі мен іс-әрекет амалдары туралы білім
Білім түрлерінің өзара байланысы
Ұғым – заттар мен құбылыстар туралы санадағы бейне.
Пікір – бір зат туралы не мақұлдау, не теріске шығаруда көрінетін ой.
Ой қорытындысы – бірнеше пікірден жаңа бір пікір туындату тәсілі.
Дәлелдеу – ақиқаттағы дәлелденген басқа пікірлерді негізге ала отырып өз көзқарасыныңақиқаттығын дәлелдейтін ой.
Түсіндіру – зат, құбылысқа тән қасиеттер, құрылым, функцияларды негізге ала отырып, олардың байланыстарын заңды факторлар негізінде негіздеу.
Гипотеза – құбылыс немесе топты құбылыс жөнінде алдын ала шартты түрде ұсынатын ой; кейбір құбылыстардың бар екендігі туралы болжам.
Теория – белгілі ақиқат аймағы жөнінде мәнді байланыс пен заңдылықтар жөнінде тұтастай көзқарас қалыптастыратын білімді ұйымдастырудың дамыған формасы.
- Білімді меңгеру кезеңдері (этаптары):
- Тану:
- Қайта жаңғырту;
- Түсіну;
- Таныс жағдаяттарда қолдану;
- Таныс емес жағдаяттарда қолдану;
- Бағалау.
- Меңгеру деңгейлері:
- Репродуктивті
- Родуктивті
Білім өлшемдері
- Білімнің кеңдігі –ұғымның белгілері мен олардың бір-бірімен байланысын ажырату қабілеттілігі;
- Білімнің жеделдігі – әр түрлі жағдаяттарда меңгерілген білімді қолдануда шапшаңдық көрсету қабілеттілігі;
- Білімнің тереңдігі – ұғымдардың мәнді белгілері мен олардың байланысын ажырата алу қабілеттілігі;
- Білімнің икемділігі – бір міндетті шешуде бірнеше шешім жолын тауып өз бетімен қолдана білу немесе ұқсас міндеттерге жетуде дәстүрлі емес жолды табу;
- Білімнің нақтылығы және жалпылығы – жалпы түрдегі білімді бөліп алу, нақтыны жалпыға жақындату, жекені жалпыға ығыстыру;
- Білімнің жинақылығы – ойды жинақы түрде, жүйелі жеткізу;
- Білімнің жүйелілігі – ұғымдар иерархиясын, оның жүйелілігі мен өзара байланысын анықтау іскерлігі;
- Білімнің саналылығы – материалды қайта топтаумен қайта өңдеу, құбылыс, заң т.б. туралы деректерді шығармашылықпен қолдану іскерлігі.
Меңгеру – тарихи жолмен қалыптасқан қабілеттің, мінез-құлықтың, білім мен іскерліктің қоғамда жинақталған түрлерінің индивидте индивидуалды – субъективті іс-әрекет формасына айналу процесі. Меңгеру процесі адамның туғаннан бүкіл өмір бойғы психикасының дамуының негізі болып табылады.
Меңгерудің негізгі формалары:
- Тікелей-эмоционалдық қарым-қатынас;
- Заттық-манипуляциялық әрекет;
- Ойын әрекеті;
- Қоғамдық-пайдалы іс-әрекет;
- Оқу іс-әрекеті;
- Еңбек әрекеті.
Меңгерудің негізгі компоненттері:
- Қабілетті, білімді адамның іскерлігі мен дағдысын іске асыратын мәдени құралдар;
- Тапсырма түрлерінің оны меңгеру формаларына сәйкестігі;
- Мәдени салада іске асырылатын тәжірибелік, танымдық, адекватты әрекеттер.
Дағдының даму заңдары
Тиімділік (эффект) заңы – 1921 жылы Э.Торндайк ашқан. Дағдыны дамыту үшін әрбір пысықтаудың нәтижесін білу қажет, сонда ғана келесі пысықтауда оны жетілдіруге деген ниет туады.
Дағды дамуындағы жылдамдықтың өзгеру заңы – алғашқы пысықтаудағы дағды өнімділігін жетілдіру, қарқыны көп кешікпей өз қарқындылығын баяулатады.
Дағды дамуындағы біркелкі еместік заңы – дағдының ілгерілеуі олардың өнімділігіне әсер ететін субъективті және объективті себептер қатары әсерінен уақытша дағдының төмендеуімен алмасады.
Дағды дамуындағы плато (үстірттік) заңы – уақытша дағды өнімінің жақсаруы немесе төмендеуінің байқалмауы олардың психологиялық құрылымының қайта құрылуы туралы түсінік береді. Демек, дағдылану процесі табандап бір орында тұрып қалады немесе тіпті бастапқы кезінен төмендеп кетуі мүмкін. Осыны психологияда плато (француз сөзінен «platean» — бірыңғай) деп атайды.
Дағды дамуының шексіздігі заңы – дағды дамуындағы соңғы плато дағды құрылымын қайта құру есебінде жүріп оның нәтижелілігін аз да болса жақсарта алады.
Дағдының сөну заңы – пысықтау жоқ жерде дағды кері қарай дамуға ұшырайды, бірақ пысықтаудың қайтадан қалпына келуі, дағдыны алғашқы пысықтауға қарағанда жылдамырақ қалпына келтіреді.
Дағдыны тасымалдау заңы – қалыптасқан дағдылар психологиялық құрылымы бойынша ұқсас дағдылардың дамуын жеңілдетеді (оң тасымал) және құрылымы әр түрлі дағдылардың дамуын қиындатады (теріс тасымал).
Дағдыны қалыптастыру деңгейлері
- Дағдыны ойластыру – әрекетті орындау мақсаты белгілі, бірақ оған жету жолы түсініксіз.
- Дағдыны сезіну – мақсатқа жету жолы туралы түсінік пен зейінді шоғырландыру болғанымен әрекет өте баяу жүреді, қажет емес қозғалыс пен қателіктер байқалады.
- Дағдыны автоматтандыру – зейін мен ерік біртіндеп төменгі концентрацияны (шоғырлануды) қажет еткенмен, қозғалыс рационалды болмақ.
- Дағдыны жоғары деңгейде автоматтандыру – әрекет рационалды нақты және сенімді түрде орындалады, жаңа және күрделі дағдылардың алғы шарты пайда болады.
Дағдының жасалу деңгейі Н.А.Бернштейн бойынша
I кезең – дағдыны меңгеру
I фаза – жетекші деңгейді анықтау;
II фаза – қимылдың қозғалыстық құрамын анықтау, ол басқа адамның қимылын бақылаумен талдау деңгейінде болуы мүмкін;
III фаза — «осы қимылдарды іштей өзіндік түйсіну» ретінде, сәйкес түзетулерді айқындау;
IV фаза – фондық түзетулердің төменгі деңгейлерге ауысуы, яғни автоматтандыру процесі.
II кезең – дағдылардың тұрақтануы
I фаза – түрлі деңгейлердің бір мезгілде жұмыс істеуі(синергетикалық);
II фаза – стандарттау;
III фаза – тұрақтану, яғни түрлі кедергілерге төзімділіктің қамтамасыз етілуі.
Оқу процесінде дағдының өнімділігіне әсер етуші себептер:
Объективті
- Жабдық (құрал-сайман, құрылысы);
- Жабдық жағдайы;
- Жұмыс жағдайы.
Субъективті – ол өз ішінде психикалық және физиологиялық деп екіге бөлінеді:
- Психикалық
- Өз күшіне сенімділік;
- Көңіл-күй;
- Дағдының динамикасы;
- Іс-әрекетке қатынас.
- Физиологиялық
- Қажу;
- Денсаулық жағдайы.
Дағды қалыптасуына ықпал етуші факторлар:
- Жаттығуды уақыт бойынша дұрыс бөлу. Жаттығу кезінде дағдының өріс алуы графикалық сызықтармен өлшенеді.
- Үйретушінің әрекетті орындаудың негізгі жоспарын, принципін түсінуі;
- Орындалған әрекеттің нәтижесін білу;
- Бұрын игерілген білімдер мен қалыптасқан дағдыларды үйренудің қазіргі сәтіне әсер етуі. Оқушының үйреншікті дағдысы екінші нәрсені меңгеруге жәрдемін тигізетін болса, онда мұны дағдының тасымалдығы деп атайды. Сонымен қатар бір дағды екінші дағдының қалыптасуына жәрдемін тигізудің орнына кейде кедергі жасайтыны да белгілі. Мұны дағдының интерференциясы деп атайды.
- Қайта өндірушілік пен сенімділіктің ұтымды ара қатысы.
Негізгі ұғымдар: меңгеру, ұғым, пікір, дәлелдеу, түсіндіру, гипотеза, теория.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- Меңгеру ұғымына түсінік.
- Білім, іскерлік дағды ұғымдарының өзара байланыстарын ашыңыз.
- Білім түрлерінің педагогикалық-психологиялық негіздері
- Дағдыны қалыптастыру деңгейлерін атаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002
- Платонов К.К. Краткий словарь системы психологических понятий. М., 1984