- Басқару жүйесіндегі жеке тұлға түсінігі.
- Өзін – өзі бағалау еңбек әрекеттіндегі ниет пен фрустрация деңгейі
- Еңбек әрекетіндегі тұлғаның жіктелуі.
«Тұлға» түсінігі көп жақты. Тұлға философия, социология, психология, этика, эстетика, педагогика сияқты ғылымдардың негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Бұл ғылымдар тұлғаны өз ғылыми ерекшелігі бойынша зерттейді.
Тұлға түсінігіне «адам», «жеке адам», «даралық» түсініктері жақын. «Адам –динамикалық алға ұмтылған жарқыраған энергетикалық жүйе» — деп Э.Берн адамның анықтамасын жақсы келтірген. (Э.Берн. Адам дегеніміз не?/ Батысеуропа және америка психологиясында жеке тұлға теориясы. Самара,1996.С.46 )
Е. В. Шорохова адамды анық сойлей алатын, ойлауға қабілетті, жоғарғы психикалық функцияларды игере алатын (абстрактты-логикалық пайымдау, логикалық еске сақтау және т.б ), еңбек құралдарын жасап және оны еңбек процессінде қолдана алатын жаратылыс иесі ретінде анықтады. Адамның бұл ерекшеліктері және қасиеттері (тіл, ойлау қабілеті,еңбектену және басқалары) адамдарға биологиялық жолмен берілмейді, бұл қасиеттер алдыңғы ұрпақпен жасалған мәдениетті ұғыну барысында қалыптасады.
Ешбір адамның жеке тәжірибесі оның ойлау қабілетінің өздігінен қалыптасуына, түсінік жүйесінің құралуына әкелмеген. Ол үшін мыңдаған өмір қажет етіледі. Әрбір адам ұрпағы өмірін алдыңғы ұрпақ қалдырып кеткен құбылыстар мен заттардың қоршауында бастайды. Олар еңбекке және қоғамдық өмірге араласа келе қазіргі адамдарға тән адамдық ерекшеліктерді дамытты.
Адамның өмірі мен әрекеті биологиялық және әлеуметтік факторлардың бірігуі мен біржақты әсер етуіне, әсіресе әлеуметтік фактордың басқарушы роль атқаруына негізделген. Ойлау қабілеті мен тіл адамдарға биологиялық жолмен беріліп өмір сүру барысында қалыптасатындықтан – қасиеттердің жалпы генотипті биологиялық жолмен берілетін биологиялық ағза ретінде «жеке адам» түсінігін ( жеке адам болып туыламыз), адамның қоғамда өзін ұстау мен ойлау қабілетін қоғамдық – тарихи тәжірибе нәтижесінде қалыптастыруының әлеуметтік – психологиялық жаратылысын тұлға түсінігін қалыптастырды (тұлға болып біз қоғамдық өмір әсерінен, тәрбиеден, оқудан, сөйлесуден, әрекеттен қалыптасамыз).
Әлеуметтану тұлғаны белгілі бір әлеуметтік топтың мүшесі ретінде, әлеуметтік тип ретінде, қоғамдық қатынастар нәтижесі ретінде қарастырады. Бірақ психология тұлғаны әлеуметтік әсерге ұшырайтын қоғамдық қатынастар нәтижесі ғана санамай, оны өзгертіп, уақыт өте келе тұлға қоғамның сыртқы әсерін көрсететін ішкі шарттардың жиынтығы ретінде зерттейді. Бұл ішкі шарттар алдыңғы әлеуметтік әрекеттердің ықпалынан қалыптасқан мұрагерлік – биологиялық қасиеттер мен әлеуметтік қалыптасқан қасиеттердің құрылымы болып табылады. Тұлғаның қалыптасуы барысында ішкі шарттар тереңдей бередіде, нәтижесінде бірдей сыртқы жағдайлар әр түрлі адамдарға әр түрлі әсер етеді. Сондықтан тұлға қоғамдық қатынастардың нәтижесі және объект қана емес, сөйлесудің, ойлаудың, өзін – өзі түсінудің, әреккеттенудің белсенді субъектісі ретінде көрсетіледі.
Тұлға әлеуметтік түсінік, ол адамдағы табиғаттан тыс, тарихи құбылыстарын білдіреді. Тұлға туылмайды, ол мәдени және әлеуметтік жетілу барысында туындайды. Ерекше және басқаларға ұқсамайтын тұлға өзінің физикалық және жан дүниесі қасиеттерінің толықтырылуын «даралық» түсінігімен сипаттайды. Даралық тәжірибенің, білімнің, пікірдің, сендірудің, мінездің әртүрлілігімен қызуқандылығымен көрсетіледі және біз даралығымызды дәлелдейміз. Тұлғаның анықтамасы көп. Олардың тұлғаның мәселелерінің әр қырынан көрсетуіне қарамастан келесілері мейілінше дұрыс болып ұсынылады:
Б. Г. Ананьев : тұлға – еңбектің, танымның, қатынастың субъектісі.
И. С. Кон: тұлға – бұл әлеуметтік рольдердің интеграциялық қырлары.
А. Г. Ковалев: тұлға – бұл қоғамда өзіндік орыны бар және белгілі бір қоғамдық рөль атқарушы, пайымдаушы жеке адам.
Адам еңбектің барлық түрінде, тіптен конвейерде жұмыс істей жүріпте функциональды бірлік бола тұра және белгілі бір сапалы қырларымен және басқару процессінде жеке тіл табу қабілетімен өзін көрсете алады. Ол жеке тұлғалық әлуетке қалай келеді? Ең бірінші тұлғаны толық түзілуші ретінде қабылдау керек. Толық, бірақ құрылымсыз. Көптеген психологтар тұлғаның құрылымына дәлелді сипаттаулар берген ( З. Фрейд, Э. Берн, К. Юнг, В. А. Ядов және басқалары). Осылардың ішінде нақтысы әрі әдістемелік тұрғыдан зерттеуге жайлысы К. К. Платоновтың тұлға құрылысына берген анықтамасы болып саналады.
Платонов тұлғаның құрылымында 4 негізгі және 2 қосымша құрылымшаны ерекше көрсетеді. Оларды қарастырып көрейік:
- Тұлғаның бағыты құрылымшасы. Ол қажетті себептерден ( қажеттіліктер, қызығушылықтар, нанымдар, армандар, дүниеге көзқарастар ) және қажетсіз себептерден ( қызықтырушылық пен орнатулардан) тұрады. Бұл құрылымша өмір сүру кезеңінде тәрбиенің көмегімен қалыптасады.
- Тәжірибе құрылымшасы. Бұл өмір сүре келе білім алу барысында ұстаным, дағдылар мен әдеттерден қалыптасады.
- Шағылысу үлгілері құрылымшасы. Ол тұлғаның шағылысу үлгілерінің қырлары ретінде психикалық процесстерді ( сезіну, қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау), көңіл бөлуді, эмоцианальды – ерікті шеңберді көрсетеді. Бұл құрылымша негізінен туа біткен болып саналады, бірақ өмір сүру барысында дамып оотырады.
- Биологиялық кесімді құрылымша. Ол тұлғаның қызуқандылық қасиетін, жыныстық, жас ерекшелігін және патологиялық өзгерістерін қамтиды. Бұл құрылымша да уақыт өте келе тұлғаның денсаулығына және өмір сүру ерекшелігіне байланысты өзгеріске ұшырайды.
Осы төрт құрылымшаға мінез және қабілеттер құрылымшасы болып саналатын екі қосымша құрылымша кіреді.
В. Н. Князев тұлға құрылымы бір мезетте екі принципқа негізделген бір – бірімен тығыз байланысты әлеуметтік қасиеттердің жиынтығынан құралған деп түйіндейді. Біріншісі тұлғаның ең жалпы, ең қиын әлеуметтік қасиеттері өзіне ең қарапайым, жекеше қасиеттерді жинайды. Екінші принцип бойынша қасиеттердің байланысы әрқайсының бір- бірінен тәуелсіздігін қамтамасыз етеді ( бұл адамдардың еңбек ортасындағы күйін көрсетеді: олардың жұмыс мақсаты бір, ал әр адам өз тарапынан жұмысты бітіруге өз мүддесін ұсына алады).
Тұлғаның осы күрделі құрылымы түйсік құрылымына әсер етіп, қоршаған ортаны қабылдаудың қажетті және қажетсіз компоненттерін, өзін – өзі тану , өзін – өзі сезіну және өз – өзіне қатынасы қасиеттерін қамтиды.
Тұлға дегеніміз тек қана талапшыл жүйе ғана емес, сонымен қатар өздігінен ұйымдасушы жүйе. Тұлға болу дегеніміз өзін – өзі және басқаларды әрдайым қадағалап отыру, сонымен қатар өз тәртібін өзіне бағындыру үшін әдіс – тәсілдердің көптеген түрлеріне иелік ету. Тұлға болу дегеніміз – таңдау еркіне ие болу және соның салдарын тарту. Осының бәрін іске асыру үшін жеке тұлға дүние және өз дүниесін танудың концепциясын құруы тиіс. Бұндай жекеше философия « Мен- концепциямын» деген атауға ие.
«Мен – концепциясы» субъекттің өзі туралы қалыптасқан, иерархиялы түрде ұйымдасқан, динамикалық мінезге ие, жалпылама және тұрақты жүйе деп есептейді. «Мен – концепциясы» өзін – өзі сезінудің әртүрлі қырларын көрсетеді.
Өзін – өзі сезіну құрылымынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:
- «Меннің» негізгі және қосымша мақсаттарын сезіну («Мен әрекет етуші субъект»);
- Өзінде бар және өзінен көргісі келетін қасиеттерді сезіну («Шындықты Мен» және «Мінсіз Мен);
- Өзі туралы танымды, когнитивті пікір қалыптастыру («Мен бақылаушы объект ретінде»)
- Өзі туралы эмоциялы, сезімге толы пікір қалыптастыру
Осылайша өзін – өзі сезіну қамтиды:
- Өзін – өзі тану (өзіне – өзі деген интелектуалды қатынас)
- Өзіне қатынас (өзіне – өзі деген эмоциялы қатынас)
Өзін – өзі сезінуді талдау кезінде «ағымдағы Мен» және «тұлғалы Мен» екі түсінікті қолданады. «Ағымдағы Мен» түсінігінде ағымдағы уакыт аралығында өзін – өзі сезінудің нақты пішіндерін, яғни өзін – өзі сезінудің әрекеттер процесстерін көрсетеді. «Тұлғалы Мен» — бұл өзіне деген қатынастың тұрақты құрылымды сызбасы, «ағымдағы Мен» ұғымының ядросы. Өзін – өзі сезінудің әр актысында өзін – өзі танудың және өзіне деген қатынастың элементтері байқалады.
Дамыған тұлға өзінің өмір сүруінің мағынасын анықтауды қажет етеді. М. К. Мамрдашвили өзін – өзі сезіну адамның тұлғасы оның алған білімінің нәтижесін ғана емес, тұрмыс әрекеті мен іске асқан ойларының нәтижесін көрсетеді деп тұжырымдайды.
В. В. Столинның берген анықтамасында адамның «Мен» ұғымы өзінің жеке сапасы менен қасиеттері, субъект мақсаттары мен армандарының өзінің тереңіне бойлауы мен субъект әрекеттерінің бірігуінің, субъектттің қажеттіліктерінің басқа қажеттіліктен туындаған мақсаттарымен қақтығысуы салдарынан адам бойында ерік – жігер, такаппарлық сияқты адами қасиетттердің қалыптасуымен суреттеледі.
Бұл қатынастар позитивті ( «Мен» — өз – өзін жасаушы шарт), негативті («Мен» — өзін – өзі жасауға қарсы шарт) және шиеленісті («Мен» — бір мезгілде өзін – өзі жасауға қарсы да, қолдаушы да шарт) болып келеді.
Т. Галкина өз – өзіне қатынастың өзін ұстаудың басты себебі болып табылады деп есептейді. Адамның әлеуметтік белсенділігі оның қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің әр түрлі ортада әсер етеді деп көрсетеді. Мысал ретінде өз бағасын төмен санаушы адамды алуға болады. Ол өзіне деген қатынастардан кемшілікті, жетіспеушілікті көріп өте әлсіз әрі көңілшек болып келеді. Олар алдына мақсат қоя тұра да сәттілікке үміт артпайды.
А. А. Бодалеваның пайымдауынша біздің тұлғалық белгілеріміз басқа адамдарға қатынас жасаудың негізінде көрінеді.
Бұл жерде негізгі мінез қатарына белсенділік ( өз қызметтеріміздің аумағын үлкейтуге тырысу), бағыттылық (себепердің, қажеттіліктердің, қызығушылықтардың, сендірудің) және әлеуметтік топтардың ортақ әрекеттеріне қатысу сияқты белгілер кіреді.
Белсенділік тұлғаның маңызды қасиеттерінің біріне жатады және ол қажеттіліктерден туындаған мақсатқа жетіге бағытталып, оларды қанағаттандыруға жұмсалады.
Адам өз қалауымен өмір сүрмейді, ол қоғамда әр түрлі топтар ықпалымен түзіліп, әрекеттеріне қарай қабілеттілігі мен ерік – жігер бағыты айқындалады.
Топтың мүшелерінің әр түрлі қатынастары қызметтік, жеке қатынастармен көрсетіледі. Тұлға қатынастар жүйесінде белгілі бір орында болады, оның атағы, даңқы басқаарына әр түрлі деңгейде әсер етіп қиындыққа әкеледі. Қиындық адамның барлық әрекеттерінің анық еместігінде, яғни пайымдаудың шегіне жатпайтын психикалық процесстерді жалпы түрде аңғарымпаздық арқылы анықтауымен түсіндіріледі. Анық ес аумағына ағзаның ішкі және сыртқы ортасынан келген белгілер де әсер етеді. Келген белгілер адамның өзін ұстауың есті жолдарымен қолданылады, ал кейбір белгілер соқыр сезім деңгейінде басқарылады. Адамның ішкі дүниесін көрсететін көптеген әрекеттер, қатынастар, әсерленушіліктер онымен есті түрде басқарылмайды, осыдан туындайтын мінез – құлқы өзіне де өзгелерге де түсініксіз болып қала береді. Ессіз регуляция есті басқарушылық кездегідей белгілі бір мақсатқа жеткен соң шиеленісті күйі басылса ғана мағыналы деп саналады.
Өзін – өзі бағалау еңбек әрекеттіндегі ниет пен фрустрация деңгейі
Біздің әрқайсымыз әдейі немесе білместікпен өзімізді басқалармен салыстыра отырып өзінің ақыл – ойы, келбеті, денсаулығы, қоғамдағы орны туралы пікір қалыптастырып, ұялшақ немесе такаппар, талапшыл немесе сабырлы сияқты өзін – өзі бағалаудың жиынтығын құрастырамыз.
Көптеген адамдарда өзін бағалау ортада деңгейден сәл жоғары болады. Бұл дегеніміз адамның өзін құрметтеуі, яғни психологиялық тұрғыдан тұрақтылық пен жақсы көңіл – күйдің қайнар көзі.
Ал кейбір адамдардың өздерін бағалауы төмен немесе жоғары деңгейде болады, сол себепті адамдардың қоғамға деген негативті көзқарастарын туғызады.
Өзін құрметтеу мен өзін – өзі бағалаудың қалыптасуына көптеген факторлар әсер етеді. Мысал ретінде баалық шақтағы ата – ана қатынастары, құрбылар арасындағы орны, т. б. Өзі туралы бақалардың пікірін салыстыра отырып адам өзін –өзі бағалайды, тек алдымен басқаларды бағалап үйренеді. Адамның қалыптасқан бағалауы дұрыс, көтеріңкі немесе төмендетілген болып бөлінеді.
Осыдан ниет деңгейі, яғни адамның бұрынғы жеткен жетістігін біле тұра келесі деңгейдегі жетістікке жетудегі тапсырманың қиындығымен түсіндіріледі.
Ниет деңгейі де дұрыс, көтеріңкі немесе төмендетілген болып бөлінеді. Олар адамның өмір жолындағы сәттіліктер немесе сәтсіздіктер, жетістіктер мен қол жеткізе алмаған армандарға байланысты. Адам өзін жоғары деңгейде бағалаған сайын ол дұрыс ниет деңгейін қалыптастырады.
Өзін – өзі құрметтеу – тұлғаның өзіне деген жалпылама қатынасы- жеткен жетістіктер санына тура шамалас және ниет деңгейіне кері шамалас, яғни ниет жоғарылаған сайын адамның өзін құрметтейтін жетістіктері де көбейе түспек.
Төмен құрметтеушілік өзіне көңіл толмағандықтан, өз тұлғасына кері баға берушіліктен туындайтын сабырсыздық, депрессия өз жетіспеушіліктерінің гипертрофеясы оны жеңудің емес, керісінше өзін ақтап қызметінен бас тартуға әкеліп соғады.
Фрустрация – адамның эмоциалды күйінің ерекшелігі, ол қалаған мақсатқа жетудегі кедергіні жеңе алмаудан пайда болады. Фрустрация ашушаңдық, дөрекілік түрінде басқаларға немесе өзінің сәтсіздіктеріне өзін кінәлау барысында өзіне бағытталады.
Л. П. Гримак стресстен кейін адам осындай жағдайға кездеседі дейді. Осындай күйді туғызушы жағдайларға сәйкес «фрустрациялық жағдай» немесе «фрустрациялық әрекет ету» атына ие болды. Фрустациялық жағдайлар қажетті мақсатқа жете алмаушылықтан, оның іске аспауынан және орындау себептерінің жоғалуынан туындайды. Күнделікті өмірде фрустрациялық жағдайлар екі топқа бөлінген қажеттіліктердің кең ауқымымен сипатталады:
- Биологиялық қажеттіліктер – бұл топқа физиологиялық ( аштық, шөл, ұйқы), жыныстық және сексуалды ( көбею, жақын қатынас қажеттілігі), бағыттық ( кеңістікте, уақытта, қоршаған ақиқатта жөн табу қажеттілігі ), және т.б.
- Әлеуметтік қажеттіліктер – еңбек, танымі эстетика, наным қажеттіліктері.
Фрустрациялық жағдайдың жиі қайталануы кейбір адамдарда ашушаңдық, қызғаныш, дөрекілік белгілерін қалыптастырса, кейбіреулерінде ынтасыздық, сенімсіздік белғілерін қалыптастырып көпке созылған жағдайда жүйке ауруына шалдықтырады. Жүйке ауруы – жүйке жүйесінің анатомиялық зақмдануынсыз бұзылу процессі. Жүйке ауруы сәтсіздіктерден, фрустрация және тұлғааралық шиеленістен туындайды. Сонның салдарынан бұрынғы шиеленістер өршіп жаңа шиеленістерге алып келеді. Сондықтан адамның өзін бағалауы тұлғаның қызметінің және тұлғалық биіктеуіне себепші болатын бірден – бір фактор.
Еңбек әрекетіндегі тұлғаның жіктелуі
Қызмет жолында тұлға барлық мінездерінің жиынтығымен көрінеді. Тұлғаның жіктелуінің 6 түрі бар. Осыған байланысты Э. Шпрангер әр тұлға белгілі бір қасиеттеріне байланысты 6 топтың біріне кіреді деп ойлайды.
- Теориялық адам. Теориялық адам мәселелерге, байланыс орнатуға және түсіндіруге мүмкіндік беретін сұрақтарға қатты қызығушылық танытады. Оның әсіреушіліктері шын өмірден өзгеше, ол білуге мүмкіндігі болмаса күйзеліп, ал өзіне зиянды болса да теориялық жаңалық ашса қуануы мүмкін. Ол үшін білудің әдістерінің шындығы бағалы болып саналады. Ол үшін дүние – жаратылыстардың шексіз пайда болуы мен қатынастарға тәуелділік жүйесі ретінде көрінеді. Оның Мен түсінігі шындыққа негізделген мәңгілікпен байланысты. Оның шынайы өмірін қызығушылығы нәтижесінде өмірлік мақсатын айқындаған белгілі бір мамандандырылған ғалымдар өмірінен көруімізге болады. Бірақ бұл белгілерді мамандыққа қатысы жоқ адамдардан да байқауға болады.
- Экономикалық адам. Экономиқалық адам міндетті түрде өндіріспен байланысты адам емес. Жалпы алғанда эконмикалық адам дегеніміз бірінші орынға пайдалылықты қоятын адам. Ол үшін барлығы қолайлы өмір сүруге жұмсайтын қажеттіліктер ретінде көрінеді. Ол уақытты, күшін, материалдарды пайдаға жарату үшін әркез үнемдеп отырады. Оның әрекетінің мағынасы оның қызметінде емес, пайдалық эффектінде.
- Эстетикалық адам. Өнер туындысы эстетикалық әсерленуші жанда ғана пайда болады, ішкі дүниеде ғана өнер туындысы пайда болып, ішкі дүние ырғағынан әуен пайда болады. Эстетикалық адам дүниетануымның өзіне тән қырымен ерекшеленеді: сезудің және алдын ала көре алу қабілетімен. Теориялық адам үшін ол арманшыл, қиялшыл болса, экономикалық жағынан эстетикалық идеал мен экономикалық құндылықтар қарама – қайшы дүние. Эстетикалық адам теориялық сияқты өмірдің экономикалық шарттары алдында әлсіз болып келеді.
4.Әлеуметтік адам. Әлеуметтік тәртіпке басқалардың өміріне араласу мен өзін бөтен сезіну сипатты. Басқа адам үшін өз өмірінен бас тарту әрекеті өмірінде басты қағидаға айналуы нәтижесінде әлеуметтік атына ие болған өмір сүрудің ерекше формасы махаббатқа байланысты. Ол өмір сүрудегі негізгі басты сезім болып қалуы мүмкін. Ол белгілі бір нәрселерге бағытталып өзінің бірінші қажеттілігін жоғалтпайды.
5.Саяси адам. Шпрангер саясатқа қатысы болмаса да басты құндылығы билік болып саналатын адамдарды саяси адамдар деп есептейді. Бұл жерде белсенді және құлықсыз саяси жаратылысты атап өтеді. Біреулер басшылыққа ұмтылып, басшы болғанда ғана өздерін жақсы сезінеді, ал кейбіреулері өзін басқаратын адамдарсыз өмір сүре алмайды. Өмір сүрудің бұл түрі тұрмыс пен басқаға еліктеуден туады. Физикалық және жан дүниелік жаратылыстан басқа салт – дәстүрге берік адамдар да саяси адамдар қатарына жатады.
6.Діни адам. Діни адам дегеніміз рухани құрылымын толығымен құндылықтардың ең биігін сезінуге арнаған адам. Діни ұғымды 3 негізгі түрге жіктеуге болады:егер барлық өмірлік құндылықтар позитивті түрде сезілсе онда біз имманентті дәруіш ұғымын; егер негативті болса трасцендентальды дәруіш ұғымын; егер жартылай негативті, жартылай позитивті бағаланса дуалистикалық дәруіш ұғымын қолдана аламыз.
Жұмысшының мамандырылған және затты сапасына байланысты қызметін орындаушылық әрекеті 7 психологиялық белгімен (шкала) сипатталады:
- нысаналылық – мақсатсыздық;
- мотивациялық – қызықпаушылық;
- тәуелсіздік – тәуелділік;
- ұйымдасушылық – сұрапылдық;
- жауапкершілік – жауапсыздық;
- біліктілік – біліксіздік;
- шығармашылық — тоқырау
Бұл шкала бойынша орындаушының психологиялық кескінін құрап, сапалы талдау нәтижесінде анағұрлым әдепкілерін бөліп көрсетуге болады.
Олардың бастысы:
- орындаушының шығармашылық типі, тәуелсіз, білікті, ізденуші;
- аса мөлшерлі – нысаналы, қызығушылықты, ұйымшыл;
- регламенттенген (кең жайылған);
- селқос;
- басшының бұйрықтарын қайта құрушы;
- төмен мотивациялы;
- орындаушы типінен жалтару;
- қиын басқарылатын орындаушылар.
Қиын басқарылатын қызметкерлердің әр түрі болады:
- жалқау; жеткіліксіз жұмыс істейді;
- долы адам: адамдармен қатынасын ашушаңдығымен бүлдіреді;
- әлсіздер: сәтсіздікке ұшырамауға қанша тырысса да сәтсіздікке ұшырайды;
- сезімтал: өз сезімдерін әсірелейді;
- адамгершілікке жат: өзінің жеке мүддесі үшін адамдарды қолданып оларға зиян келтіруші;
- қорғанушы позициясын қолданушы: өзгеріс туралы сөз болғанда кедергілер туғызушы;
- қатыгез: ескі реніштерін ұмытпайтындар;
- жалтарушылар: жарықтан белсенді қашушылар;
- безбүйректер: оларға қоршаған адамдар жоламайды;
- ақылсыздар: қате немесе шектелген келсімдер жасайды;
- өркөкіректер: өздерін күнәіз санайтындар;
- үрейленгендер: өздерінің мүмкіншіліктерін әлденеден қорқып шектейді.
Шығармашылыққа талпыну көптеген адамдарға тән. Олар мына қасиеттермен сипатталады:
- Ақылдылық.
- Конформизмның болмауы.
- Өз пікірін бекітудегі тегеуріндік.
- «Өз кестесі» бойынша жұмыс істеуге талпыну.
- Көп уақытқа созылған тығыз жұмысбастылық қабілеті.
- Барлық ерекше,иерархиялы,тылсым ойларды қарастыру тілегі.
- Екіжақты, түсініксіз, анықталмаған місеелермен жұмысқа қабілеті.
- Қатаң талаптар мен ережелерге бағынбау.
- «Ойлау ойынының » еркіндігіне бос уақыт кетіру болса да құштарлық.
- Белгісіздікке қызығушылық.
- Анықталмаған жағдайларға төзімдік.
- Жаңа, ерекше сезінулердегі қажеттілік
- Тақырып таңдаудағы еркіндікті қажет ету.
- Әзілге қабілеттілік.
- Орташа көрсеткіштегі ойшылдық деңгейі.
Шығармашылық адамдарға қарағанда жай адамдар басшының айтқынын қолынан келгенше істеуге дағдылан. Оларды темекі шегу алаңдарында, жұмыс уақытында дүкендерде кездестіруге болады, олар негізінен есептеу, жазу мен тасу қызметтеріне арналған.
Психологтар ұйым қызметкерлерінің келесі рөльдерін бөліп көрсетеді:
Майысқақтар. Ондай адамдарға бірден шешім қабылдаттыру мүмкін емес, олар өздерін көндіруге тырысқанды ұнатады, шешім қабылдаттыру үшін бірнеше рет кедесу қажет.
Барлығын тез шешуді ұнатушылар. Майысқақтардың керісінше үлгісі кездесудің соңында қажет шешімді қабылдап үлгереді. Онымен істес болған адам шешімін өзгерту үшін күшін салуға тиіс.
Барлаушылар. Олар адамдарға қамқор бола жүріп өзіне керекті жаңалықтарды ғана жинайды,ал өзінен алынған ақпараттар немесе өтірік, немесе жұмысқа қатысы жоқ болып келеді. Онымен бөліскен пікірлер мен фактіерді ол өз қажетіне қарай жаратады.
Тәлімгер. Тәлімгер өзіне зиян келтіре отырып жақындарының жетістігін қамтамасыз етеді. Бұл жетістікке басқа адам жеткенімен тәлімгер үстемділікке,моральдыққа талпынады.
Мақтаншақ. Әріптестері мен басшылыққа мақтаншақтардың жеке өміріндегі және қызметтегі жетістіктері туралы тыңдауға тура келеді. Әдетте оларды мақтап, тоқтап қалған жұмыстарды жалғастыруға болады.
Әңгімешіл. Ол өзімен болған оқиғаларды әріптестеріне жеткізгенді, олардың тыңдап, қолдағанын ұнатады. Ол өсек тасу мен айту қасиетіне ие, сондықтан оған құпияларды сеніп тапсыруға болмайды.
Екпінділердің жұмысты «қарғысатқандар» сияқты істейтіні туралы басшылығына шағымдануы қалыпты жағдай. Оларға аяушылықпен қарап жұмысқа берілгендіктеріне мақтау айту керек.
Жергілікті психолог. Оған басқалардың істегені мен айтқандарын талдау тән. Оған өз ойларын «Сіз дәл айттыңыз!» немесе «Сізден жақсы психолог шығар еді!» деген бекіту сөздерімен қолдаған ұнайды.
Жолы болғыш. Бұл адам басқалар жетпеген жетістіктерге жетіп, сол жетістіктерін адамдардың еркінен тыс баяндап, басқаларға да осындай жетістіктерге жетуді үйрету ұнайды.
Жылауық. Оның жұмысы қалай болып жатқанына қарамастан ол өзінің және басқалардың мәселелерімен өмір сүреді. Онымен сөйлескенде әріптесі белсенді әрі қанағаттанған болса ол өмір үшін әліде күресуі керек екеніне ыза болады.
Абыржыған. Онымен пікір білдіргенде сақ болған жөн. Ол естігенін өз қиялына сай қабылдап талқылауы мүмкін. Онымен кездескенде қатал киіну керек, әйтпесе ол өзін сексуалды құрбан ретінде қабылдап сіздің зілсіз әзіліңізді де сексуалды дәмелілік деп ойлап қалуы мүмкін.
Манипулятор. Ол қандай жағдай болмасын өзіне икемдегенді ұнатады. Онымен кездескенде сабырлы әрі жарқын болу керек. Ол өзінің басты міндетін «қажетті әсер» қалдыру деп біледі. Ол басқару қабілетімен қатар басшылыққа ие болуға талпынғанды ұнатады.
Негізгі ұғымдар: тұлға түсінігі, индивид, индивидуалдылық, даралық, жеке тұлға, тұлғаның қырлары мен құрылымдары, манипулятор, фрустрация, тұлғаның жіктемесі, әлеуметтік құрылым, биологилық қажеттілік, Эго, МЕН-концепциясы, өзін-өзі сезіну, өзін-өзі бағалау, әлеуметтік адам, саяси адам, діни адам, эстетикалық адам, экономикалық адам, теориялық адам, қызметтестердің түрлері, тәлімгер, потенциалды тұлға.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- Тұлғаның психологиялық түсінігіне сипаттама бер.
- Платонов тұлғаның құрылымдарын қалай жіктеген ?
- Өзін-өзі сезіну құрылымы қандай?
- Өзін – өзі бағалау еңбек әрекеттіндегі ниет пен фрустрация деңгейі
- Психологтар көрсеткен ұйым қызметкерлерінің түрлері қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Паркинсон С.Н., Рустомджи М.К. Искусство управления. С-Пб,1992
- Морозов, А.В. Управленческая психология: учеб. для ссузов и вузов / А.В. Морозов.- 4-е изд., испр. и доп.- М.: Академ.проект: Фонд «Мир», 2008;
- Смирнов, В.Н. Психология управления персоналом в экстремальных условиях: учеб.пособие для вузов / В.Н. Смирнов.- М.: Академия, 2007
- Андреева Г.М. Социальная психология. М.,1994