- Қатынас және басқару
- Адамның басқа адамды қабылдауы
Басшылық әрекетін талдау кезінде қатынас оның тәуелсіз бөлігі болып саналады, қатынас басқару үрдісінде «коммуникативті реттеуші», «коммуникативті ұйымдастырушы» функцияларын атқарады. Басқару қатынасы басқару әрекетінің тиімділігін қамтамасыз етеді.
Басқару қатынасы деп – қатынастың ерекше, спецификалық түрін айтамыз. Басқа қатынастардан ерекшелігі осы қатынас түрі негізінде басшылық мәселелері шешіледі. Сондықтан басқару қатынасыны мақсаты нәтижесінде басқарудың спецификалық мәселелері шешіледі.
Басқарушылық қатынаста басқа қатынас сияқты үш жақты болып келеді:
- коммуникативті (ақпаратпен алмасу);
- перцетивті ( қатынас кезінде бір – бірін қабылдау);
- интерактивті (бірігіп әрекет ету немесе қатынас үрдісінде әрекетпен алмасу).
Дұрыс ұйымдасқан басшылық қатынас жақсы басшалақтың катализаторы болып есептеледі. Керісінше басшылық қатынастың болмауы басшымен жұмысшы арасындағы қатынасқа зиян келтіре отырып ұйымның жұмыс өнімділігін төмендетеді. Басшы болу үшін екі шартқа сәйкес болуы қажет:
- оның көмегімен басшылық мәселелер шешіледі;
- оған қатысушылар өзін жетілдіруге, жетістікке жетуге мүмкіншілік алады.
- Басқарудағы осы екі шартты орындағанда ғана қатынас тиімді болады. Атақты психолог А. Ю. Панасюк басшылық қатынасының маңыздылығы жұмысшының басшысы не қалайтынын түсініп, өзін басшысынынң орнына қойып үйренеді. Бұл жағдайды Панасюк Басшылық қатынасының бірінші заңы деп атаған.
Шындығында жұмысшы басшыны түсінсе, ол оның талаптарымен келісті деген сөз емес. Осыдан қатынастың барлық деңгейіндегі тапсырылыстардың орындалмауы мүмкін: бірінші, бұйрықтар берілген соң, екінші – тапсырмалар бақыланып отырғанда, үшінші – жұмысшының әрекеті бағаланғанда.
Басшы мен жұмысшы арасындағы шиеленістер басшының берген бұйрығы жұмысшыға қатты әсер етуінен туцндауы мүмкін.
Барлық істі жақсы,орташа, қанағаттанарлық және өте жақсы жасау мүмкін. Егер жұмысшы басшы талабына наразы болса, онда ол жұмысты жазасыз қалу үшін тек талапқа сай орындайды немесе өзі қалауынша жасайды.
Басшы мен жұмысшы арасындағы өзара түсіністікті болдыру үшін бұйрықты ақпарат беруде мыналар маңызды: кәсіптік тілдің бірлігі, интеллект деңгейін есептеу, ақпарат толықтығы, мәселеге көңіл аудару немесе оны жеткізудің ойлылығы. Ақпаратты жеткізу мынадай үлгіде жүзеге асуы тиіс:
- жұмысшының көзқарасына қарсылықты болмауы;
- жұмысты атқарудағы жұмысшының қызығушылығын көрсету.
Кейде жұмысшыға басшы адам ретінде ұнамағандықтан қарсыласады. Бұл жағдайдаіскерлік шиеленістен туған қатынас эмоцианалды түрге көшеді. Ұнамаған кадрларды жұмыстан шығару басшыға жат нәрсе, бірақ ол сендіруден жазалауға көшеді, бұл әдісте жұмыс қарқынын төмендетеді. Сондықтан басшы жұмысшылармен ең алғаш қатынасу кезінде Басшылық қатынастың екінші заңына бағынуы тиіс: тең қатынасты жағдайда адам өзі эмоцианалды оң қатынастағы адамның позициясын ұстанады, және керісінше эмоцианалды теріс қатынастағы адамның позициясын құптамайды.
Панасюк қатынас шкаласын былай ұсынады: F нүктесі басшысын жақсы көретін жұмысшыны сипаттайды. А нүктесі басшыға негативті қарайтын оның антиподын көрсетеді. Е нүктесі басшысын өзінің пікірлесін санайды. D нүктесі басшысына орташа қарайтын жұмысшыны көрсетеді. В нүктесі А нүктесі сияқты басшысын жек көрмесе де, ұнатпайды. С нүктесі басшысына теріс көзқарасты жұмысшыны көрсетеді. Нейтралды қатынас бұл жерде мүмкін емес.
Басшының міндеті қоластындағыларын шкаланың сол жағынан оң жағына ауыстыру. Басшы аттракция құрып өзіне тәнті ете білу қажет:
- жақсы адам боп көрінуі;
- жақсы адам боп әрекет етуі;
- қатынас барысында өз қажеттіліктерін қанағаттандыру.
- Адамды адамның қабылдауы
Адамның физикалық көркін қабылдау
«Әлеуметтік перцепция » термины, яғни әлеуметтік қабылдау алғаш рет америка психологы Дж. Брунермен енгізілген. Жеке айырмашылықтарына қарамастан бірге өмір сүру барысында қатынастан әлеуметтік – психологиялық қабылдау механизмы туындайды. Брунер көптеген тәжірибе нәтижесінде қабылдау тек жеке тұлғалық қана болып қоймай, әлеуметтік мәдени факторлар нәтижесінен де тәуелді болады деп шешкен.
Адам бейнесінің құралуы кез келген объекті бейнесін сипаттайтын заң негізінде құралады. Бірақ адамды адамның қабылдауы оның спецификалық белгілерін көрсетеді.
Адамды басқа адамдармен тану барысында этикалық (жақсы — жаман), эстетикалық (әдемі — қорқынышты), аксиологиялық (құнды — құнсыз) сипаттамалары анықталады.
Қабылдаушыға қатысты қателік. Бізге жақсы қарайтын адамдар жаман қарайтындарға қарағанда жоғары бағаланады. Психологтар осы сұрақтарға байланысты басқа адамдардың пікірлерін салыстырып көрді. Нәтижесінде бөтен адамның пікірі өзінікіне жақын болса ол адам жоғары бағаланады.
Адамның жұмыс істеу белгілерін қабылдау
Егер адамды физикалық қабылдау оның жеке өзіне қатысты болса, жұмыс істеу белгілерін қабылдау оның ниетіне байланысты. Функционалды белгілеріне дауыс, көзқарас бағыты, мимика, пантомимика, проксемика жатады.
Дауыс көрік құраушыларының бірі саналып, адамның ортаға қалдырған әсерәне әсер етеді. Әр адам дауысының өзіне тән ырғағы болады: айтылудың үзікті немесе толқынды түрі, көп немесе аз әуендік.
Дауыстан көрі жеке қатынастардан ақпаратты көп алуға болады. Адамның көзқарасы белгілі бір бағытта қозғалады – жоғары, төмен, жан жаққа. Көптеен адамдардың көзқарасы ақпаратты өңдеудің арнайы типіне жатады.:
- Көзді оңға және жоғары қозғау – көзбен еске түсіру. Бұл дегеніміз адам бұрын көрген ақпаратты ойша елестетеді. Осы әрекет кезінде мидың оң жақ жартыбөлігі белсенділік танытады.
- Көзді жоғары қозғау – көзбен құрастыру. Адам ешқашан көрмеген затының бейнесін ойша құрастырады.
- Көзді сол жаққа бұру – есту арқылы еске сақтау. Адам бұрын естіген затын есіне ойша түсіреді.
- Көзді оң жаққа бұру – есту арқылы құрастыру. Адам бұрын естімеген дыбыстарды естуге тырысады.
- Көзді солға төмен қозғау – дыбыстық тұйықталу. Адам өз өзімен сөйлесуге тырысады.
- Көзді оңға төмен қозғау – кинестетикалық елестету. Адам ойша эмоциялы түрде секіргенін, құлағанын, жүгіргенін,ұшқанын елестете алады.
- Көзді төмен қозғау – кинестетикалық еске түсіру. Адам өз дене мүшелеріне қарап қайда, не істегенін есіне түсіреді.
В. А. Лабунская адам көзқарасының келесі мимикалық ерекшелігін ұсынады:
Бақырайған көздер, нормасынан көп ашылған көздер. Көздің кең ашылуы ол өзі қабылдай алғаннан да көп ақпаратты алғысы келетіндігімен түсіндіріледі. Бақырайған көзбен бірге ашылған ауыз да жиі байқалады бұндай жағдайда. Бұл поза ештеңені жібермеуге тырысатындықты аңғартады.
Толық ашылған көздер ортақ қызығушылық пен ашық табиғатты, сезімге толы қабылдаушылықты сипаттайды. Толық ашылған көздер және ақыл өнімділігін де сипаттайды.
Ашық көздер оптимистік қабылдауды сипаттайды. Ашық көздер ішкі дүниенің қызығушылығын сипаттайды.
Тұманданған көздер. Егер үстіңгі қабақ еш қиындықсыз ашық болып, көздің жарты бөлігін жапса,тұманданған көз деп аталады. Ол адамның немқұрайдығын, эмоциалы әлсіздігін көрсетеді.
Жартылай ашық көздер. Көз тесігінің қысылғандығы мен сипатталады. Бұл тұманданған көз бен сығырайған көз арасындағы шкала. Бұл жағдай ақыл үрдістерімен түсіндіріледі.
Сығырайған көз. Бұл жағдай ауырсыну белгілерін, мысалы көздің шаршауын, жарықтың әсерін көрсетеді. Сонымен қатар сығырайған көздер дискомфортты, ауырсынуларды сипаттайды.
Бір көзді сығырайту. Бір нәрсені біреумен құпия түсіндірумен сипатталады. Егер көзді сығырайту аз болса онда еркелікті көрсетеді.
Қиындықсыз жабылған көздер. Ұйқы кезінде немесе ешқандай әсерді қабылдағысы келмегенде көзді осылай жабады. Кім көзін жапса ол өзін мазаламағанды қалайды.
Қабақ қозғалысы. Қабақ қозғалысы шкаласы кең көлемді ақпаратты береді. Ер адамдар қабақ қозғалысы арқылы әйел адамдарға қарағанда көп белгі береді. Бұл көздің әсер етуші басты фактор болып саналатынымен түсіндіріледі.
Жыпылықтау. Басқа физикалық денеге қарсыласумен,ұялшақтықпен, сенімсіздікпен, кінәлі болумен сипатталады.
Тура қарау көз байланысын орнатуға қажет. Бұл адам қатынастарында қызығушылық пен құрметпен сипатталады.
Жоғарыдан төмен қарау әңгімесушілердің бойының айырмашылығы мен олардың позаларының әртүрлігімен сипатталады. Және бұл көзқарас тәкаппарлықтан туындауы мүмкін.Қисық көзқарас әртүрлі болу мүмкін. Ол тәкаппарлық, жек көрушілікпен қатар, адамға жағуды да көрсетеді.
Адасқан көзқарас бәріне бірдей қызығушылықты немесе жоғалған затты іздеуде көрінеді. Нақтыланған көзқарас әңгімелесуші адамнан өзін жоғары сезініп күшін көрсетумен сипатталады.
Негізгі ұғымдар: басқарудағы тұлғааралық қатынастары, қатынас, басқару, адамның басқа адамды қабылдау ерекшелігі, мимика, адамның жұмыс істеу белгілерін қабылдау, адамның физикалық көркін қабылдау.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- Басқарудағы тұлға аралық қатынас қалай жүреді?
- Қатынас және басқару туралы түсінік
- Адамның басқа адамды қабылдау ерекшелігі.
- В. А. Лабунская адам көзқарасының қандай мимикалық ерекшелігін ұсынды?
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Самыгин С.И.,Столяренко Л.Д. Психология управления. – Ростов – на – Дону, 2008
- Власова Н. Справочник по психологии управления.Новосибирск,1994
- Смирнов, В.Н. Психология управления персоналом в экстремальных условиях: учеб.пособие для вузов / В.Н. Смирнов.- М.: Академия, 2007
- Панасюк А.Ю. Управленческое общение.М.,1990
- Андреева Г.М. Социальная психология. М.,1994
- ЕлеусізоваС.Қарым-қатынаспсихологиясы.Алматы: «Рауан»,1996