Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.Қазақстан бірінші орыс революциясы жылдарында. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан Қазақстан толығымен Ресей империясының отарына айналды. Осыған байла- нысты ХХ ғасыр басында қазақ өлкесі патшалық Ресей экономикасының шикізат базасына, қымбат тауар өткізу объектісіне және бүкілресейлік шаруашылық кешенінің құрамдас бөлігіне айналдырылды. Дүниежүзінің авангардтық мемлекеттерін капита- листік даму жолына түскен және тез дамып бара жатқан елдер құрады. Капитализмге кейін қосылған Ресей даму қарқыны жоғары, бірақ орта деңгейдегі қуатты мемлекеттер арасында мығым орын алды.
Тарих эшелонының соңын Азияның, Африканың, Латын Америкасының баяу дамып келе жатқан елдері түзді. Жоғары дамыған қоғамдар әл- сіздерге түрлі қысым көрсетіп отырды, олардың ішкі істеріне араласты, еңбек және шикізат ресурстарын пайда- лануға тырысты. Ресей де өзінің қарамағындағы елдердің ресурстарын арзан шикізат көзі, тауар өткізетін базар ретінде пайдаланды. ХХ ғасырдың басында шетел капиталының Қазақ- станға ағылуы күшейді. Ағылшын және француз өнеркә- сіпшілері “Спасск мыс кеніші акционерлік қоғамының” иесіне айналды. 1913 жылы олар небәрі 14 мың рубльге Қарсақпай сайын жалға алып, зауыт салуға кірісті. Бұл қоғамдарға Спасск-Воскресенск кеніші және мыс балқыту зауытымен қоса Успенск кеніші, Саран-Қарағанды тас- көмір кәсіпшіліктері тиесілі болды. Өлкеде жалдамалы жұмысшылар табы қалыптаса бас- тады. Ол жылдары 197 тау-кен кәсіпорындарында 18 мың жұмысшы істеді. Теміржол тораптарында 20 мыңға жуық жұмысшылар мен қызметкерлер болды. Алайда орасан мол табиғи байлығының, ауылшаруа- шылық шикізатының болуына қарамастан, Қазақстан- ның өнеркәсібі әлі әлсіз еді. Қазақстанда пайда болған кәсіпорындар жұмысшы саны аз, ұсақ болды. 1913 жылы Қазақстан аумағындағы (Сырдария және Жетісу облыстарын қоспағанда) кәсіпорындар Ресей империя- сындағы кәсіпорындардың 3,76%-ын құрады. Олардағы жұмысшылардың үлесі 1,78% болды. Бұл кәсіпорындар империяның ценздік өнеркәсібі өндіретін өнімдерінің 0,96%-ын ғана беріп тұрды. Қоныстандыру саясаты және демографиялық ахуал. Ұлт-азаттық қозғалыстардың алдын алу үшін патша өкіметі Қазақстанға империяның еуропалық бөлігінен казактарды, шаруаларды, шенеуніктерді көптеп көшіріп әкелуге тырысты. Отарлық әкімшілік аппараттың жұмысына тоқтала келіп, Ә.Бөкейханов былай жазды: “Бұл жердегі орыс шенеуніктері білім цензі жағынан да, жергілікті жағдайларды меңгеру жағынан да асып тұрған жоқ. Кәдімгі орыстандыру саясатының белгілері — басыну, дөрекілік, жергілікті тұрғындардың 7 қастерлейтіндерін елемеу далалық облыстарда ушығып бара жатыр, олар жергілікті халықтың тілін де білмейді, сауаты кемшін аудармашылар арқылы сөйлеседі”.
Қазақстанда төрт казак әскери бөлімдері болды. Олардың саны Орынбор өлкесінде 533 мың, Оралда 235 мың, Сібірде 164 мың, Жетісуда 59 мың адамды құрады. Ғасырдың басында казак әскерлері 15,6 млн га жерді иемденіп алып, оның бір бөлігін өздері игере алмағандықтан қазақ шаруаларына жалға берді. Жерді тартып алу қарқынды жүріп жатты. 1893— 1905 жылдарда өлке тұрғындарынан 4 млн десятина жер алынды. 1906—1912 жылдар аралығында жер алу 17 млн десятинаны құрады. Бәрін қосқанда, 1917 жылы қазақтардан 45 млн десятина жер тартып алынып, көшіп келгендерге берілді.
Дүниежүзілік соғыс тауқыметі. ХХ ғасырдың алғаш- қы онжылдықтарында капиталистік елдер арасындағы қатынастар шиеленісіп кетті. Алпауыт мемлекеттер бөлі- ніп қойылған отарларды қайта қарау шараларын жасады. Оларға жаңа шикізат көздері мен сату рыногы керек болды. Бақталас екі саяси-әскери одақтар — Үштік одақ (Германия, Австро-Венгрия және Италия) бір жағынан, екінші жағынан Антанта (Франция, Ұлыбритания және Ресей) араларындағы қақтығыс ақыры дүниежүзілік со- ғысқа алып келді. Оған 38 мемлекет қатысты. “Қазақ” газетінде Ә.Бөкейхановтың “Тағы соғыс” деген мақаласы басылды. Онда автор соғыстың әділетсіз екенін, күшті мемлекеттер тарапынан зорлық саясаты жүргізіліп отырғанын дәлелдеді. Ол: “Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ, Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін сорлы халық болар. ХХ ғасырда Еуропа патшалықтарының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ?” деп жазды. Патшалық Ресей қатысқан дүниежүзілік империалис- тік соғыс еңбекші бұқара үшін ауыр тиді. Кедейдің иығы- на тағы бір тауқымет — соғыс салығы түсті.
Патша билігі — соғыс қажеттігі деп, ат, түйе және өзге түліктер, тасы- мал құралдарын жинады. Әскерге адам алынған отбасы- ларына көмек деген желеумен жергілікті тұрғындар үшін еңбек міндеттілігі енгізілді. Соғыс жылдары еңбекші ха- лықтың басына түскен тауқыметтер ерекше ауыр болды. Алайда соғыс тауқыметі Қазақстан еңбекшілерінің жұ- мысшы және шаруа қозғалысына жаңа импульс әкелді. 13 1915 жылы мамырда Екібастұз кәсіпшілігінің, Спасск мыс кенішінің, Орынбор—Ташкент теміржолының жұмысшылары көтерілді. Тұтыну тауарларының, азықтың қымбаттауы, тауар тапшылығы өте өткір көрініс бере бастады. 1917 жылдың қаңтарында 1914 жылдың мамырындағымен салыс- тырғанда Верныйда ұнның бағасы 218%-ға, ет 225%-ға қымбаттады. Қалалар мен деревняларда солдат әйелдерінің наразылығы күшейді. Патшалық Ресейде революциялық дағдарыстың туындап келе жатқанының бір көрінісі ретінде бүкіл Орта Азия мен Қазақстанды қамтыған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі отаршылық пен соғысқа қарсы бағытталған еді.
1916 жылғы көтерiлiстiң себептерi және басталуы. Қазақ даласы- ның болмысы ХХ ғасырдың басында күрделене түстi. Ресей Азиялық Шығысты отарлауды жедел қарқынмен жүргiздi. 1907—1912 жылдардың өзiнде Қазақстанға Ресейден 2 млн 400 мың адам әкелiп қоныстандырылды. Қазақтар шұрайлы жерiнен айырылды. Сонау Столыпин реформасының бас кезiнде-ақ “Санкт-Петербургские ведомости” газетi: “Егер мемлекет мүддесi қырғыздарды құрбан етудi талап етсе, әрине, бұған қарсы шығудың керегi жоқ…” деп жазған болатын. 14 Патша өкіметінің жазалау шаралары сал- дарынан Жетісу облысында, патша әкімшілігінің өз есептеулері бойынша, халық санының кемуі 1917 жылдың басына қарай (Батыс Қытайға ауып кеткендерді қосқанда) 30%, ал көтеріліс болған аудандардағы қырғыз шаруашылықтарының кемуі, көшпенділердің тәркілеуге ұсынылған жер алқабын айтпағанда, барлық шаруашылықтардың 75%-ы болған (Т.Рысқұловтың “Шығысты азат ету күресінің тарихынан” деген мақаласынан).
Өлкенi талауға салу Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында бұ- рынғысынан да жеделдете жүргiзiлiп, ауқымды сипат алды. Қазақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды. Патша армиясы үшiн киiз үй мен бұйымдар жиналды. Салық мөлшерi өсiп, соғыс салығы енгiзiлдi, мемлекеттiк заемдер таратылды, баж салығын төлеу мiндеттелдi, жергiлiктi халық соғысқа ар- налған жүктердi (негiзiнен, азық-түлiктi) темiржол стан- сысына тасып жеткiзуге мәжбүр болды. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңындағы Ресейдiң саяси-әлеуметтiк жағдайы қандай болды? (Дүниежүзi тарихы. 9-сынып.) Қазақ даласынан азық-түлiк, мыңдаған жылқы мен түйе майданға жiберiлдi. Әскерге алынғандардың от- басыларына көмек көрсетудi желеу етiп, қазақтарды кулактар шаруашылықтарына, кәсiпорындарға жұ- мысқа тартты. 1916 жылы патша әкiмшiлiгi ресейлiк отаршылдар үшiн жаңадан жер тартып алуды ойластыр- ды. А.Байтұрсынұлы сонау 1913 жылдың өзiнде: “Қазақ ұлтының өмiр сүруiнiң өзi проблемаға айналды”, — деп жазған едi. Көтерiлiстiң негiзгi себебi ұлттық және әлеуметтiк езгiнiң халықтың кегiн қайнататын деңгейге жетуiнен болды.
Отаршылдыққа, туған елдiң талануына, кiндiк қаны тамған жерден айырылуға шыдамаған халық бұқарасы патша үкiметiне қарсы жаппай күреске шықты. Қазақтан қара жұмысқа жiгiт алу көтерiлiске се- беп болған негiзгi фактор едi. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығы бойын- ша қара жұмысқа 19-дан 43 жасқа дейiнгi еңбекке жа- Ахмет Байтұрсынұлы 15 рамды барлық ер адамдар алынуға тиiс болатын. Сол арқылы патша үкiметi көптеген орыс солдаттары мен жұ- мысшыларын неғұрлым көнбiс және арзан жұмыс күшi ретiнде “реквизицияланған бұратаналармен” ауыстырып, оларды қорғаныс құрылыстары мен басқа да тыл жұ- мыстарынан босатқысы келдi. Түркiстан мен Дала өл- кесiнен 500 мыңнан астам жiгiт алу көзделдi. Бұл жағдай қазақ даласында үлкен қобалжу туғызды. М.Дулатұлы айтқандай: “Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндiз күлкiден айырылды”. 1916 жылғы 23 тамызда генерал-губернатор А.Куро- паткиннiң құпия бұйрығымен қара жұмысқа шақырудан босатылғандар болыстық, ауылдық басқармалардың лауазымды адамдары; жергiлiктi бұратаналардан шық- қан төменгi полициялық шендiлер; имамдар, молдалар мен мүдәрiстер; ұсақ несие мекемелерiндегi есепшiлер; үкiмет мекемелерiндегi жоғары лауазымды жергiлiктi бұратаналар; дворян және ата-бабаларынан, сондай-ақ жекебасы құрметтi азамат құқықтарын пайдаланатын жергiлiктi ұлт өкiлдерi болды. Патша өкiметi айла қолданып, қоғамның болмашы бiр бөлiгiн — жергiлiктi әкiмшiлiктi, байлар мен мұсылман дiнбасыларының бiрқатарын жалпыұлттық қозғалыстан бөлшектеп, майданның қара жұмысынан босатты. Олар жергiлiктi әкiмшiлiктiң тыл жұмыстарына адамдар алуы- на көмектестi. Сол көмегi үшiн олардың жақын туыстары да қара жұмыстан босатылып отырды. Бұл кедейлердiң ызасын келтiрдi.
Қозғалыстың Жетiсудағы орталығы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың iрi орталықтарының бiрi Жетiсу болды. Орасан зор өңiрдi түгелдей халықтық қозғалыстың жалыны шарпыды. Қазақ және қырғыз еңбекшiлерiнiң қимылдары патша әкiмшiлiгiн мазасыздандырмай қоймады. 1916 жылғы 20 шiлдеде Түркiстан өлкесiнiң генерал-губернаторы болып тағайындалған генерал А.Куропаткин қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерiлiсшiлердi ба- ғындыруға, лаң салушыларға қарсы күресу үшiн байырғы халықтың рулық немесе тайпалық араздығын пайдала- нуға нұсқау бердi.Көтерiлiске шыққан халықтың қалауымен көтерiлiсшiлердi Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин (Верный уезi), Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов (Қарқара), т.б. басқарды
Қозғалыстың қорытындылары, жеңiлу себептерi және тарихи маңызы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозға- лыс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Ол Шығысты қамтыған революциялық дағдарыстың маңызды эле- менттерiнiң бiрi едi. Қазақтардың атақонысына Ресей мұжықтарын қоныстандыру арқылы жүргiзiлген отар- лау саясаты қарқын алған сайын көптеген орыс-украин қоныстары мен казак станицалары пайда болған аймақ- тардағы көтерiлiс орыстарға қарсы сипат алды. Жетiсу өңiрiнде қоныстанушылардың 94 елдi мекенi көтерiлiсшiлердiң шабуылына ұшырады. Ұлтаралық қақтығыстардың салдарынан орыстар мен украиндерден 2,5 мыңнан астам адам өлдi және жараланды. Патшалық генералитет пен отаршыл әкiмшiлiк айдап салған шенеунiктер, қоныстанушы шаруалар, казактар жазалау жасақтарына қосылып, қазақ ауылдары мен қырғыз ауылдарын ойрандауға қатысты. Осындай жағдайда IV Мемлекеттiк Думаның мiнберiнен А.Ф.Керенский жазалаушыларды әшкерелеп, патша үкiметiн және Түркiстан мен Дала өлкесiнiң отаршыл әкiмшiлiгiн сынға алды. Қостанай социал-демократиялық ұйымдарын құрушылардың бiрi, публицист С. Ужгин “Қарабалықтағы оқиғалар туралы сөз” деген үнқағазын шығарды. Орыс шаруаларының бiр бөлiгi көтерiлiсшiлерге жа- нашырлықпен қарады, көтерiлiске қатысқандарды жасы- рып қалды, оларға көмектестi.
1916 жыл ХХ ғасырдың соңында қазақ халқының қолы жеткен саяси тәуелсiздiгi мен ұлттық мемлекеттiгi үшiн күрестiң бiр белесi болып тарихта өз орнын алды.
Ақпан революциясының Қазақстанға әсерi. 1917 жылғы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Петроградтағы оқиғалар туралы хабарды Қазақстан халқы, ұлттық-де- мократиялық қозғалыстың басшылары қуанышпен қар- сы алды. Қазақтар патша билiгiнiң құлатылуын құптап, оны өздерiнiң ғасырлар бойы жүргiзген күресiнiң нәтижесi, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысында алға тартқан мақ- саттарының қанағаттандырылуы деп таныды. Майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлiмiнiң басшысы Ә.Бөкейханов Минскiден былай деп сәлем жолдады: “Ресей халықтары үшiн Туысқандық, 24 Теңдiк және Бостандық күнi туды. Жаңа үкiметтi қолдау үшiн қазақтардың бiрiгуi керек. Жаңа тәртiптi нығайту үшiн басқа халықтармен туысқандық байланыстарды күшейту қажет. Құрылтай жиналысы сайлауына әзiрлену керек. Бiрлiк пен әдiлдiк жолында күресiңдер!..”
Ұлт-азаттық қозғалыстың басшылары демократияның, бостандық пен теңдiктiң орнатылуына байланысты ұлт- тық автономия құратын, жалпыұлттық мәселелердi ше- шетiн сәт туды деп санады. Қазақ зиялыларының басым көпшiлiгi осындай көзқараста болды. 1917 жылғы наурыз, сәуiр айларында әр жерде жұ- мысшы және солдат депутаттарының Кеңестерi құрылды. Жекелеген қалаларда (Оралда, Верныйда, Ақмолада, Семейде, Әулиеатада) қырғыз (қазақ) ұлттық комитеттерi пайда болды. Кеңестермен бiрге Уақытша үкiмет органда- ры жұмыс iстедi. Орталық Ресейдегi сияқты Қазақстанда да қос өкiмет орнады. Ресейде капитализм дамуының кенже қалып, соның салдарынан буржуазияның қуатты экономикалық және саяси күш болып қалыптаспағанын ескерген Уақытша үкiмет реформашыл жолмен капитализмдi дамытуға бет алу қажет деп санады. Алайда монархияның қойнауынан шығып, көп жағынан буржуазия мен помещиктердiң саяси және экономикалық мүдделерiн бiлдiрген Уақытша үкiмет Ресейдi қайта өрлетудiң нысаналы бағдарламасын ұсына алмады. Ол империялық ұлт саясатын қайта қа — рауға қадам жасады. 1917 жылғы 20 наурызда ол Ресей азаматтарының белгiлi бiр дiн ұстануына немесе қай ұлт- қа жататындығына байланысты құқықтарын шектеудi жойды. Уақытша үкiметтiң бұл шешiмi осынау ұлан- ғайыр өңiрде ұлттық келiсiм орнатуға бағытталған едi.
Қазақстан 1917 жылғы Қазан төңкерiсi қарсаңында Қазақстанда революциялық қозғалыстардың өрлеуi. Уақытша үкiметке бұрынғы империяның артынан тау- сылмас мәселелер мен шырғалаңы көп шиеленiстер қал- ды: таптық, әлеуметтiк, экономикалық, ұлттық, дiни қайшылықтар етектен тартып жатты. Уақытша үкiметке елдi титықтатқан, ұзаққа созылған империалистiк соғыс- тан шығаратын күш қажет болды. Уақытша үкiмет ұлт мәселесiн, аграрлық мәселенi түбегейлi шешiп бере ал- мады. Елге ашаршылық қаупi төндi. Қазақстан еңбекшiлерiнiң Уақытша үкiмет саясатына наразылығы күн сайын күшейе түстi. Өндiрiс тоқырап, егiс көлемi азайды. Жұттан мал көп қырылды. Ең қажет- тi тауарлардың әкелiнуi азайып, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң бағасы қымбаттады. Сырдария және Жетiсу облыстарының тұтас аудандарын ашаршылық жайлады. Осындай жағдайда Уақытша үкiметке қарсы қозғалыс өрiстеп, етек жая түстi. Жұмысшы, солдат, шаруа депу- таттары Кеңестерiнiң ықпалы барған сайын артты.
Клерикалды-буржуазиялық топтардың ықпалы күштi болған жекелеген аудандарда еңбекшiлер таптық ұста- ным бойынша Кеңестер құрды. Ташкентте мұсылман жұмысшылары депутаттарының Кеңесi пайда болды. Бiрқатар аудандарда қазақ депутаттарының Кеңестерi құрылды. Бұқара санасының өсуiне қарай олар шаруа де- путаттарының Кеңестерiмен бiрiктi. 1917 жылғы маусымда шаруа және қазақ депутаттарының бiрiккен Қостанай уездiк Кеңесi, Өскеменде шаруа, казак және қазақ депутаттары- ның уездiк Кеңесi құрылды. Нақ осындай кеңестер көптеген өзге уездерде де пайда болды. Мамыр айында Семей облысындағы Даубай кенiшiнiң қазақ жұмысшылары ереуiл жасады. Олар жалақыны көбейтiп, тұрмыстық жағдайларының жақсартылуын талап еттi. Ереуiлшiлердiң талаптарын кенiш әкiмшiлiгi қанағаттандырудан бас тартты. Бұған жауап ретiнде жұмысшылар жұмысты тоқтатты. Риддерде де жұмыс- шылардың бой көрсетуi болды. Жұмысшы депутаттары Кеңестерiнiң бастамасы бойынша Петропавлдың, Се- мейдiң, Оралдың, Перовскiнiң кәсiпорындарында, кен зауытында және мұнай өнеркәсiбi кәсiпорындарында 8 сағ-тық жұмыс күнi енгiзiлдi. 30 Уақытша үкiметтен жер де, астық та ала алмаған Қа- зақстан еңбекшiлерi аграрлық мәселенi өз бетiмен шеше бастады. Олар болыстар мен ауыл старшындарының жерi мен малын күшпен тартып алды. Мәселен, Верный уезiнiң жекелеген болыстарында қазақ кедейлерi болыс- тарды орнынан түсiрiп, байлардың көп малын айдап әкеттi. Қарқаралы және Павлодар уездерiнде, Бөкей ордасы мен басқа да жерлерде қазақ шаруаларының бой көрсе- тулерi болды. Қоныс аударып келгендер де жер мен астық жолындағы күреске көтерiлдi.
1917 жылы 29 тамызда Перовск Кеңесi кәсiподақ- тармен және солдаттармен бiрлескен мәжiлiс өткiзiп, онда бүкiл өкiмет билiгiн кеңестерге беру туралы қарар қабылдады. Семейде Кеңес және гарнизон комитеттерiнiң бiрлескен мәжiлiсi бүкiл өкiмет билiгi Кеңес қолына көшкенi туралы қарар қабылдады. Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Черняев, Әулиеата Кеңестерi де осындай көзқарас ұстанды. 1917 жылдың күзiне қарай революциялық өрлеу қуатты серпiн алды. Темiр, Қостанай, Петропавл уездерiнде, Бөкей даласында, Жетiсу, Сырдария, Ақмола облыстарында шаруалардың жаппай бой көрсетулерi болды. Перовскiде солдатқа алынғандардың әйелдерiнiң жаппай манифес- тациясы, Павлодарда, Петропавлда, Верныйда, Әулиеатада және басқа қалаларда еңбекшi әйелдердiң бой көрсетулерi болып өттi. Билiк үшiн күрескен саяси партиялар мен ағымдар бұқараны өз жағына қаратып алу үшiн дағдарыстан шы- ғудың әр алуан бағдарламаларын ұсынып, топтаса түстi. Монархиядан қалған күйзелген шаруашылық пен төнiп келе жатқан ашаршылық, Уақытша үкiметтiң халыққа нақты кепiлдiк бере алмауы, ұсақ буржуазия- шыл бұқара арасында анархиялық пиғылдардың өршуi жалпы ұлттық дағдарыстың пiсiп-жетiлгенiн анықтап бердi. Халық контрреволюцияшылар мен пролетариат диктатурасының бiрiн таңдауға тиiс болды. 1917 жылғы Қазан төңкерiсi осындай жағдайда жү- зеге асырылды.
Қорытынды.Бөлімге қорытынды ХIХ ғасыр Қазақстан үшiн Ресей империясына тұтастай бодан болуы- мен ерекшеленедi. ХХ ғасырдың басында ол шикiзат өңдейтiн әрi сауда рыногы болып танылған отарлы өлке санатында жалпыресейлiк шаруашы- лық кешенiнiң құрамды бөлiгiне айналды. Қазақ халқы отаршылдық езгiге мойынсұнып отыра бермедi, үнемi қарсы әрекеттер жасаумен болды. Азаматтық қарсыласудың жалпылама сипат алу көрiнiсi патшаның 1916 жылғы маусым Жарлығына байланысты туындады. Бұл қозғалыстың негiзгi себебi ұлттық және әлеуметтiк езгiнiң халықтың кегiн қайнататын деңгейге жетуiнде едi. Қозғалыстың қозғаушы күшi тұтастай халық бұқарасы болды.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы басылып тасталды. Бiрақ ол тарихтан iзсiз кеткен жоқ: халық бұқарасының ұлттық санасын оятты, отаршылдыққа қарсы күрес тәжiрибесiн молайтты, саяси аренаға қазақ зиялыларының демократиялық бағыттағы күрескер тобының өсiп шығуына тiкелей ықпал еттi. 1917 жылғы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық револю- ция болып, монархия құлатылды. 1917 жылғы наурыз, сәуiр айларында әр жерде жұмысшы және солдат, шаруа депутаттарының Кеңестерi құрылды. Алайда реформа жолымен капитализмдi дамыту бағытын ұстанған Уақытша үкiмет Ресейдi қайта өрлетудiң нысаналы бағдарламасын ұсына алмады. Ұлттық демократияшыл зиялылардың ұлт азаттығы үшiн күресiн Әлихан Бөкейханов басқарды.
Ақпан революциясынан кейiн Алаш қозғалысы қайта жанданды. Қазақтардың 1917 жылғы көктемдегi Семей облыстық съезi Бүкiлқазақ съезiне Қазақстанның болашақ автономиясын құруды ұсынды. 1917 жылғы шiлдеде Орынборда өткен Бүкiлқазақ съезi мемлекеттiк басқару формасын, жер мәселесiн, халықтық милиция ұйымдастыру, земство, халыққа бiлiм беру, сот, рухани-дiни мәселелерiн қарады. Ақпан революциясынан Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде қоғамдық демокра- тияландыру идеясы етек алып, Қазақстанда да көппартиялы жүйе қалып- тасты. Ұлттық қозғалысқа қосымша көптеген қалаларда жастардың қоғам- дық ұйымдары пайда болды. Олардың жалпы саны 20-ға жақындады. Бұл ұйымдарға негізінен студенттер мен оқушылар, ауыл мұғалімдері кірді. Олар негізінен оқу-ағарту жұмыстарымен айналысты. Кейіннен оған қатысушылардың бір бөлігі “Алаш” партиясын жақтаушыларға айналды, ал қалғандары большевиктерге қосылды. Мұсылман қозғалысы да жанданды. 1917 жылы 22 қарашада олар Қоқан қаласында төтенше IV съездерін өткізді. Онда Түркістан автономиясы құрылды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық — гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық/М.Қойгелдиев, Ө.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007.
- Жетісу энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма.
3.Қазақстан тарихы 9сынып
4.Шын кітабы 2009ж