ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

 

 

 

  1. XV ғасырда болашақ Қазақ хандығының құрылуына алғышарт осы хандықтың ішкі-сыртқы жағдайына байланысты қалыптасты:

A) Әбілқайыр хандығының

B) Ноғай Ордасының

C) Сібір хандығының

D) Алтын Орданың

E) Ақ Орданың

  2. XVI ғасырда Моғолстанмен, Сібір хандығымен, Ноғай Ордасымен және Шайбан әулетімен әскери-саяси қатынасқа түсіп, Қазақ хандығының аумағын кеңейтті:

A) Хақназар хан

B) Бұрындық хан

C) Шығай хан

D) Есім хан

E) Мамаш хан

  3. XVI-XVII ғасырлардағы қазақ тарихының маңызды ескерткіші-Қадырғали Жалайридің шығармасы:

A) «Диуани-лұғат ат-түрк»

B) «Бадап әл-уәкәй»

C) «Диуан-и хикмет»

D) «Жылнамалар жинағы»

E) «Тарих-и Рашиди»

  4. 1734 жылы Қазақ жерінде ұйымдастырылған экспедиция:

A) «Петербург-Түркістан»

B) «Қырғыз-қайсақ»

C) «Алтай»

D) «Тұран»

E) «Шыңжаң»

  5. 19-43 жас аралығындағы еңбекке жарамды барлық ер адамдарды қара жұмысқа алу туралы жарлық шықты:

A) 1916 жылы 25 шілдеде

B) 1916 жылы 25 маусымда

C) 1916 жылы 25 мамырда

D) 1916 жылы 25 тамызда

E) 1916 жылы 25 сәуірде

  6. Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған батыры Халық Қаһарманы:

A) Төлеген Тоқтаров

B) Асқар Мұхамедияров

C) Бауыржан Момышұлы

D) Рамазан Амангелдиев

E) Мәлік Ғабдуллин

  7. Парсы жазбаларындағы «сақ» сөзінің мағынасы:

A) Жүйрік атты турлар

B) Азиялық скифтер

C) Еркін адамдар

D) Құдіретті еркектер

E) Көшпелілер

  8. Х ғасырдың орта кезінде батысы Жетісудан, шығысы Қашқарға дейінгі аумақты алып жатқан мемлекет:

A) Қимақ

B) Оғыз

C) Қарақытай

D) Қарлұқ

E) Қарахан

  9. Ақ Орда мен Моғолстан одағы бағытталды:

A) Жоңғарларға қарсы

B) Алтын Орда хандарына қарсы

C) Қытайға қарсы

D) Ноғай Ордасына қарсы

E) Темір мемлекетіне қарсы

 10. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің ерекшелігі:

A) Көтеріліске орыстардың ғана қатысуы

B) Он төрт жылға созылуы

C) Башқұрт, татар, қазақтардың қатысуы

D) Бүкіл қазақ жерін қамтуы

E) Қоқан хандығына қарсы бағытталуы  

 11. Игельстромның жоспары бойынша шекаралық сотқа беру көзделді:

A) Ұлы жүздегі әкімшілік билікті

B) Орта жүздегі әкімшілік билікті

C) Кіші жүздегі әкімшілік билікті

D) Дала мен Түркістан өлкесіндегі билікті

E) Бөкей Ордасындағы әкімшілік билікті

 12. 1867-1868 жылдардағы реформа негізінде Семей облысының құрамына кірген уез:

A) Жаркент

B) Көкшетау

C) Тоқмақ

D) Шымкент

E) Павлодар

 13. Ұйғыр халқының музыка өнері, биі жөнінде жазған ғалым саяхатшы:

A) М.Красовский

B) Л.Гумилев

C) П.Семенов-Тяньшанский

D) В.Радлов

E) Н.Пржевальский

 14. ХІХ ғасырдың І жартысында Каспий теңізінің жағалауын зерттеген ғалым:

A) П.Величко

B) Г.Карелин

C) Н.Северцев

D) С.Семенов

E) М.Лаппа  

 15. ХХ ғасырдың басында өндіріс орындарындағы жұмыс мерзімінің ұзақтығы:

A) 8-9 сағат

B) 9-11 сағат

C) 10-12 сағат

D) 12-14 сағат

E) 14-16 сағат

 16. 1917 жылы шілде айында Орынборда болған Жалпықазақ съезінде Алаш партиясы қойған талап:

A) Интернационалдық билік орнату

B) Қазақтардың ұлттық автономия алуы

C) Социалистік революция өткізуге дайындық

D) Монархиялық билікті қалпына келтіру

E) Ресейдің құрамына толығымен кіру

 17. Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеген академик:

A) Н.Курнаков

B) В.Перовский

C) Г.Батенков

D) М.Сперанский

E) И.Губкин

 18. Тоқырау жылдарында Қазақстанда халық арасында ілтипатпен қабылданған кинофильм:

A) «Абылай хан»

B) «Көшпенділер»

C) «Амангелді»

D) «Сталинге хат»

E) «Қыз Жібек»

 19. 1991 жылы 7 қыркүйекте болған Қазақстан Компартиясының төтенше съезінде қабылданған шешім:

A) Партияның атауын өзгерту

B) Қазақстан компартиясын тарату

C) Қазақстан компартиясын ұлғайту

D) Партияға жастарды көбірек тарту

E) Қазақстан компартиясының жаңа басшысын сайлау

 20. Неолит дәуірінің Солтүстік Қазақстан жеріндегі тұрағы:

A) Пеньки

B) Шабақты

C) Зеленая Балка

D) Бөріқазған

E) Усть-Нарым

 21. Сауда қатынасын дамыту мақсатында Иран, Византиямен байланыс орнатуға ұмтылған түрік қағаны:

A) Үшлік

B) Білге

C) Иштеми

D) Сұлу

E) Мұқан

 22. Қ.А.Йасауи ғимаратының қасында орналасқан Әмір Темір ұрпағына арнап салынған кесене:

A) Айша Бибі кесенесі

B) Әбу Саид кесенесі

C) Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі

D) Ұлықбек кесенесі

E) Гаухар Шахназ кесенесі

 23. Ресей үкіметі Әулиеата, Түркістан бекіністерін басып алды:

A) 1862 жылы

B) 1866 жылы

C) 1864 жылы

D) 1868 жылы

E) 1870 жылы

 24. Қазақ АКСР-і тұсында болған мәдени саладағы ірі оқиға:

A) Кәсіподақтардың I конференциясы өтті

B) «Абай жолы» эпопеясы жарық көрді

C) «Ленфильм» киностудиясы «Амангелді» фильмін түсірді

D) Ғылым Академиясы құрылды

E) Қызылорда қазақ театры ұйымдастырылды

 25. Қазақ КСР Ғылым академиясының 1946-1949 жылдар аралығында халық шаруашылығына енгізу үшін жасаған ұсыныстар мен зерттеулер саны:

A) 500-ге жуық

B) 900-ден астам

C) 700-ден астам

D) 1200-ге жуык

E) 600-ге жуык

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *