Ұлттық діндер

 

Үлттық халықтың діндері әр түрлі ру-тайпаның діндерінің араласуы мен дамуы арқасында, таптық қоғамның шығуына байланысты үлттык мемлекет діндері шығады. Ол діндер сол үлттың шекарасынан шығып кетпейді, немесе баска улттарға тарамайды. Қазіргі кезде бар және сол бір белгілі үлттардың арасында тараған улттық діндерге жататындар: индуизм, конфуцианство, синто, иудаизм және т.с.с.

Үнді халықтарының діндері: брахманизм, индуизм,сикхизм.

Үнді халкында қандай да бір діни ағымдар болмасын олардың барлығының ортақ көзқарасы: кайта туу және әрбір жеке адам өз жолдарымен күнәларын жеңілдетуді іздейді. «Әрбір адамның тағдыры өз қолында» деген пікір бар. Ерте дәуірден бастап әр түрлі діни көзқарастар, ритуалдар, салтанатты өлеңдер мен жалбарыну өлеңдері, ритуалды қүрбан шалу түрлерінің «Веда» деген киелі жинақта топтасқан.Ведалар дегеніміз— діни сарындағы дүғалардың, қүрандардың, қүрбандық шалу негізінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлендердің жиынтығы. Веда б.з.д. II мың жылдықтарда және б.д.д.1 мың жылдарында күрастырылған төрт бөлімнен түратын жинактар. Ең маныздысы Ригведа «симхат»,

Ригведа бойынша, ең басты қүдай — Аспан Дьяус қүдайы, қүдайлардың кесі, оның йелі — Жер Притхива қүдайы. Барлық қүдайлар осы екі қүдайдан тарады дейді. Ең атақты қүдайдың бірі — Индра әлемді үстап түрған, жындарға қарсы, данышпан және батыр, жылы мен жарықтың, жауын мен дауылдың қүдайы. Оның ерлігіне арналған 250 гимн бар. Тағы да, үй мен отбасының, бақыт пен денсаулықтың қүдайы — Агни. Оған арналған Ригведада 200 гимн бар

Брахман діні — бар әлемнің генетикалык, түп негіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Бірінші түрі қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі жеке түрлі болады. Брахман жрецтері әр түрлі дәлелдер аркасында Веданы өздерінің жағдайларына ыңғайлап, халық арасында үлкен авторитетке ие болады. Жрецтерге қүрбандық жасау ритуалына ақы төленеді. Ақыны алтын мен бүқа, ат және киіммен төлеуге болады. Олардың мүліктеріне ешкім тиісе алмайды, солардың арасында — патша да. Брахман жрецтерінің айтуы бойынша адамның үзақ жасауы тікелей қүрбандық жасау ритуалына байланысты, кім көп қүрбандық ри­туал жасаса, сол үзақ өмір сүреді дейді. Өмір кайталанып отырады, өлім ол басқа сапаға көшу деген сөз. Адам жанының әрбір нәрсеге айналып отыруы «кармага» байланысты, немесе қанша жақсылық және жамандық жасағанына байланысты.

Индуизм Веданың көптеген көзқарастарын сақтап, ары қарай дамыды. Мысалы, «карма» туралы, Веданың қасиетті екенін, «сансара» туралы, яғни, өмір жанының тоқтамауы, жанның бір денеден екінші денеге көшуі және т.е.с көзкарастары. Индуизм үнді халкы үшін қатардағы дін емес, ол өмір сүру формасы, этикалык, адамгершілік және жеке адамның өмір сүру мәні болып есептеледі. Индуизм діні Брахман дініне қарағанда өте қарапайым және түсінікті. Индуизм дінінің қүдайлары адамдардың мүсініне жақын және өмір сүру формасы да түсінікті. Осы дін бойынша үш қүдайдың барлығына сенім бар. Брахма, Шива және Вишну. Әрқайсысының өзінің мүсіні, мінезі және істейтін ісі бар. Брахмабар әлемді жаратушы, барлық нәрсенің түп негіздік бастамасы, ең жоғары ақикаттың бірлігі, әр түрлі тірі нәрселердің негізі мен қозғаушы күші. Үнді халықтары көбінесе қалған екі құдайға шоқынады, Шива мен Вишнаға. Шиваөз мүсініне көптеген күдайларды ендіреді. Шива — қатал, қоркынышты қүдай. Оның үш көзі бар, денесіне жыландар жабысқан, мойнында бас сүйектері бар. Шива — өнер мен ғылым-ның, салтанатардың күдайы. Ол сонымен қатар, өлімнің, қиратудың, «бүзудың», өзгертудің қүдайы болып табыла-ды. Осымен бірге, еркек күшін беруші, балалар жасаушы болып бейнеленеді.Сол себептен бала таппаған әйелдер сол Шива храмына барып, бала сүрайды. Шива жын-сайтандарға қарсы, барлық тірі жанды сақтаушы және ойын-сауық, бидің қүдайы.

Үшінші қүдай мүшесін Вишну дейді. Вишну — адамдардың адал қамқоршысы, көмекшісі. Ол адамдарды зүлымдық пен қатыгездіктен қорғайды, оларды қауіп-қатерден сақтайды және адамдарға шындықты жариялап отырады. Ол әрдайым әр түрлі образдар арқылы көрінеді. Мысалы, ол тасбақаға айналып, қүдайларға сусын жасауды үйретеді, осының арқасында қүдайлар өлмейтін болады. Вишна тағы да аватарх кейпіне антроморфизмдік түрде көріне алады. Вишнаның аваторлық кейпіне айналуы негізінен он дейді. Алғашқы төртеуі жануарлар түрінде болады, бесіншісі аватара қортық дәуге айналады. Алтыншы Парашура әскери ерлік мүсініне айналған. Қалған төртеуі барлық индустарға мәлім қүдайлар «Рама, Кришна, Будда және Калка». Жетінші аватара Рамаяна эпосында Вишна Рамма батырына айналады. Индустар Раманы басқа батырларға қарағанда, үлгі есебінде көрсетеді. Оған адалдық, батырлардың үлгісі, дінге берілгендігі, мейірмандылық т.е.с қасиеттерді, адамгершілікті қосып көрсетеді Кришнаның образы мен идеясы соңғы индуизм тарауларына әсер етті.

XV-XVI ғ. Үнді елінің индуизм дінінен бөлініп шыккан діни ағым — Сикхизм. Сикхизм индуизм дінінің оппозициялық түрі деуге болады. Индуизм дінінің қол өнерімен сауда-саттық жасайтын бір топ адамдары үнді халқының кастаға бөлінушілігіне қарсы шықты. Оны басқарған Гуру Нанақ (1469-1538) деген адам. Ол үлы Моголовтарға қарсы күресіп, Солтүстік-Батыс Үнді мемлекетінде соғыс демократиялық ко­ғам қүрды. Сикхизм дінін екі діннің — индуизм мен ислам дінінің арасында қүрама дін деп айтуға болады. Дегенмен, ол дінді монотеистік дін деп айтамыз. Қүдай бір ғана, жалғыз, аты «Ек» деп аталады. Негізі діни кітап — «Грантх Сахиб» (қүдай кітабы). Қазіргі кезде Сикхтар Үнді мемлекетінің Пенджаб аймағында тұрады. Олар Пенджаб қүрамасын Үнділерден бөліп жеке Халистан мемлекетін қүруға армандайды. Сикхтер киелі Алтын Амритсара деген храмында өздерінің киелі кітаптарын сақтайды. Олар шаштарын алмайды, сакалдарын кеспейді, басына дөңгелек тақия киеді, ет жемейді, ішімдік ішпейді, темекі тартпайды. Әрбір сикхтер қарулы болып жүру керек. Олар өздерінің белдеріне кыска семсерін байлап жүреді де, әрдайым әр-бір сикхтер соғыска дайын болып жүру керек дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *