Қытайдың ұлттық діндері:даосизм және конфуцианшылық

 

Қытайлар да баска халыктарға үқсап, күдайлар мен рухтардың қүрметіне күрбандықтар шалды. Уақыт өткен сайын политеистік діни жүйелер генотеистік (бас қүдайлық) діни көзкарасқа ауысты. Рулық көп қүдайлардың ішінен ¥лы Қүдай Шанди аты аңызға айналды. Қытайлық үлы Қүдай Шанди өз халқының мүңын жоктайтын, жағдайын ойлайтын, камқорлық жасайтын және арғы ата-бабаларының, ата тектерінің негізін қалаушы ретінде қабылданады.

Даосизм б.д.д. VI-V ғғ. өмір сүрді. Даосизмнің негізін қалаушы Лао-Цзы б.д.д. VI ғ. өмір сүрген, өз өмірінде «Кәрі дана» деген атаққа ие болған. Бүл діни жүйе діннен гөрі философияға жақындау десек те бола-ды. Даосизм адамзатты табиғатпен бірлікке шақырады. «Кәрі дананың» негізгі идеялары «Дао дэ цзин» кітабында баяндалған. Оның айтуынша, барлық заттар өз «жолының» даоның арқасында туып дамиды. Дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ, сөйтіп, өзгеру үрдісінде олардың бәрі өзінің қарама-қарсы жағдайына көшеді. Дао болса, алғашқы бастама, алғашқы түп негізі және барлық қүбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы. Даоны барлық заттардың анасы және аспан аясындағы империяның анасы деп есептеуге болады. Барлық заттар даодан шығады да, даоға қайта оралады. Адамзат жерге, жер Аспанға тәуелді, Аспан даоны, ал дао табиғилықты қажет етеді. Олай болса, дао адамзат баласының тіршілігі мен бізді қоршаған жарық дүниенің дәнекершісі болып табылады. Сонымен дао жалпы дүниетанымдық ұғым.

Б.д.д. II ғ. даосизм діни көзқарасқа айналды. Лао-цзы б.д.д. 666 ж. үлы діни императорға айналып, оның қүрметіне көптеген храмдар салынады. Бара-бара даосизм көптеген секталарға айналады.

Конфуций діні. Қазіргі Қытай халқының ең беделді үлттық діні Конфуций ілімі болып саналады. Оның негізін қалаушы Кун-Фу-Цзы, яғни Кун — үстаз. Конфуций б.з.б. 551 ж. шамасында өмірге келген. Оның негізгі ілімі бізге өзінің шәкірттері Ман-Цзы және Сюн-цзыдың еңбектері арқылы жетті.

Жалпы конфуцийшылдық діни көзқарасты философиялық-этикалық ілім десек те болады. Кунфуцзыдың философиялық көзқарасы бойынша, «атты түзету» деген көзқарасын қарастырайық. Барлық заттардың, адамдардың аттары болу керек. Сол аттарына сәйкес мінездері болу керек, ат пен атағы сәйкес келуі керек: әке — әкеге, бала — балаға, билеуші — билеушіге сәйкес болып аттарына байланысты ғана емес, шын мәнісінде де қалулары керек. Билеуші — әке, халық оның балалары. Осы түрғыдан мемлекет басқарылу керек. Олай болса, «білу дегеніміз табиғатты емес, адамдарды танып білу». Қараңғы адамдар данышпандарға бағынуға тиісті. Олай болмаған күнде елде тыныштық болмайды. «Лун юй» деген Конфуций сөздерінің жинақ кітабы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *