- Қазақтың дәстүрлi бiлiм жүйесi. Қазақ халқы ерте заманнан-ақ бiлiмдi де сауатты болуға ұмтылған, надандық пен топастықты қатты сынаған. Орыстың белгілі тарихшысы А. Седельников бұл туралы былай деп жазды: «Азияда көшіп-қонып жүретін түркілердің ішінде қырғыз-қазақтар басқаларға қарағанда мәдениетті халық. Сондықтан олардың болашағы зор. Бұл халық жаңалықты бойына тез сіңіреді екен». Әрбiр ата-ана баласына әдептiлiктi үйреткен, сауатты әрі бiлiмдi болуға баулыған. Бұған мысал ретiнде қазақтар арасында «Білекті бiрдi жығар, бiлiмдi мыңды жығар» деген мақал кеңiнен тараған.
ХIХ–ХХ ғасырлардың бас кезiнде Қазақстанда халыққа бiлiм беру iсi екi: дiни және зайырлы бағытта жүргiзiлдi. ХIХ ғасырдың орта кезiне дейiн қазақ балалары мектептер мен медреселерде мұсылманша бiлiм алды. Оларды негiзiнен молдалар оқытты. Оқу ата-аналарының қаржысы есебiнен жү- зеге асырылды. Мұсылмандар мектебiнде негiзiнен ер балалар оқыды.
Халық арасында медреселердiң беделi күштi болды. Олар молдалар мен мектеп мұғалiмдерiн даярлады. Оқу мерзiмi 3–4 жылға дейiн созылды. Медресе шәкiрттерi
ислам дiнiнiң негiздерi бойынша бастауыш бiлiм алумен қатар, философия, математика, медицина, тарих, тiл бiлiмi (лингвистика) және астрономия жөнiнде де едәуiр хабардар болып шықты. Дiни оқу орындарының басты қызметiнiң бiрi жастардың бойына әдептiлiк өнегесi мен адамгершiлiк қасиеттердi дарыту болды. 1870 жылдан бастап патша үкiметiнiң бастама- сы бойынша медреселерде мiндеттi түрде орыс тiлiнiң негiздерiн үйрету енгiзiлдi.
Медреседе бiрнеше сынып бөлмелерi болды. Олар шәкiрттер тұратын, дәрет алып, жуынып-шайынатын,
сондай-ақ тамақтанатын бөлмелер едi. Медреседе ұстаздыққа әдетте жасы 40-тан асқан адамдар ғана қабылданатын. Олардың медресенi бiтiргенi туралы дипломының болуы талап етiлетiн. Кейiннен патша үкiметi мұсылманша оқытуды да өз бақылауына алуға тырысты. Мәселен, 1867–1868 жылдардағы әкiмшiлiк реформалар бойынша мектептер мен медреселер ашу үшiн уезд бастығының арнайы рұқсатын алу керек болды. Патша үкiметi мұсылмандардың оқу орындарын ашықтан-ашық кемсiтiп, қорлау саясатына көштi.
- Жаңа әдiстемелiк мектептер. ХХ ғасырдың бас кезiнде дәстүрлi мек- тептер мен медреселер қоғамның өскелең талаптарын қанағаттандырудан қалды. Мұсылман мектептерiн реформалау қозғалысы басталды. Оны ұйымдастырушылар жәдитшiлдер бол- ды. ХХ ғасырдың бас кезiнен бастап жаңа әдiстемелiк мектептер пайда бола бастады. Оқытудың бұл әдiсiнiң негiзiн қалаушы белгiлi түркi тiлдес халық ағартушыларының бiрi, қоғам қайраткерi и. гасприн- ский болды.
Жәдитшiлдер мектептерде арифметика, география, жаратылыстану, тарих сияқты басқа да зайырлы пәндердi оқыту қажеттiгiн дәлелдедi. Жаңа әдiстемелiк мектептерде бiлiмдi де бiлiктi мұғалiмдер сабақ бердi. Оларда қажеттi оқу құралдары мен жабдықтар жеткiлiктi болды. Оның үстiне, оқыту әдiстемесi де әлдеқайда тиiмдi едi. Қазақстандағы ең алғашқы жаңа әдiстемелiк мек- теп 1900 жылы Түркiстан қаласында ашылды. Ондай мектептер Ақтөбе, Жаркент, Верный, Қазалы, Қостанай, Перовск, Семей сияқты басқа да қалаларда пайда бола бастады. Қазақ зиялыларының едәуiр бөлiгi жаңа әдiстемелiк мектептерде бiлiм алып шыққандар болатын.
Алайда жаңа әдiстемелiк мектептер елге кең көлемде тарай алмады. Патша үкiметi жаңа әдiстемелiк мектептердiң ашы- луына барынша қатты қарсылық көрсеттi. Себебi ондай мектептердi панисламизм мен пантүркизмнiң ошақтары деп бiлдi.
- Бөкей Ордасының ханы Жәңгірдің мәдени-ағар- ту саласындағы қызметі. Хан өзiнiң қол астындағы халықтың сауатын ашу, Еуропа мәдениетi мен бiлiмiн енгiзу, өлкеде ислам дiнiн дамыту саласында қыруар жұмыстар атқарды. 1835 жылы Жәңгiр ханның тiкелей нұсқауы бойынша мешiт ашылды.
1841 жылы Жәңгiрдiң өз бастамасы бойынша, алғашқы зайырлы мектеп ашылды. Мектепте орыс, араб, парсы тiлдерi, сонымен қатар математика, география, тарих, дiнтану пәндерi де оқытылды. Ол
|
мектептiң бүкiл шығынын өз қаржысының есебiнен өтеген. Жәңгiр хан қазақ балаларының Ресейдiң оқу орындарында білім алуын қолдап қана қойған жоқ, балаларды Санкт-Петербургта, Мәскеуде, Астраханда, Саратовта, Қазанда және Орынборда оқытуға жеке өзi көп күш-жiгер жұмсаған. Мәселен, өзiнiң қол астындағы халықтың балаларын оқыту үшiн Орынбордағы Неплюев кадет корпусынан 10 орын берiлуiне қол жеткiзген. Бөкей Ордасына барып оқығандардың бiрқатары кейiнiрек көрнектi инженерлер, орманшылар, әскери қызметшiлер, ғалымдар ретiнде даңққа бөлендi.
Жәңгiр хан барлық жерде iсқағаздар жүргiзу тәртiбiн енгiздi, жеке өзiнiң мұрағат қызметiн құрды. Денсаулық сақтау саласында хан жұқ- палы ауруларға қарсы егу практикасын енгiздi. Оның күш-жiгер жұмсауы арқасында Iшкi Ордада аурухана және дәрiхана ашылды.
- Қазақ өлкесiнде зайырлы мектептер мен оқу орындарының ашы- луы. 1813 жылы Омбыда, ал 1825 жылы Орынборда әскери училищелер ашылды. Кейiннен олар Сiбiр және Орынбор Неплюев кадет корпустарына айналды. Бұл оқу орындарына қазақ балаларын қабылдауға едәуiр шек қойылды. Ұлты қазақ кадеттер бiрқатар әскери пәндердi оқып-үйренуге жiберiлмедi. Омбы кадет корпусын белгiлi қазақ ғалымы, зерттеушi әрi ағартушы Шоқан Уәлиханов бiтiрiп шықты.
Казак станицаларында, бекiнiс-қамалдарда дiни шiркеулер және казактардың балалары оқитын мектептер болды. Олардағы оқыту деңгейi тым төмен едi. Мұғалiмдердiң басым көпшiлiгiн шала сауатты дьяктар, сондай-ақ қызметтiк мiндетiн өтеген солдаттар мен казактар құрады. Жалпы алғанда, Қазақстанда халыққа бiлiм беру iсi мен сауаттылық деңгейiн қанағаттанарлық болды деп айтуға келмейтiн. Зайырлы мектептер өте аз едi. Маман мұғалiмдер жетiспедi. Көшпелi және жартылай көшпелi өмiр салты жағдайында тұрақты мектептер ашу қиын болды.
Қазақстанды өнеркәсiптiк тұрғыдан игерудiң басталуына байланысты сауатты да бiлiмдi адамдарға деген сұраныс арта түстi. Сондықтан да 1850 жылы Орынборда оқу мерзiмi жетiжылдық жаңа үлгiдегi мектеп ашылды. Онда негiзiнен хатшылар мен аудармашылар даярланды, орыс тарихы, математика, география, геометрия негiздерi оқытылды. Кейін осындай мектеп Омбыда да ашылды.
1861 жылы Троицкiде, басқа да қалаларда орыс-қазақ мектептерi ашылды. 1867–1868 жылдардағы әкiмшiлiк реформалары енгiзiлгеннен кейiн және қоныс аударып келушi шаруалардың арта түсуiне байланыс- ты зайырлы мектептердiң саны көбейдi. Олардағы оқу бағдарламаларын генерал-губернатордың өзi белгiлеп, Халық ағарту министрлiгiмен келiсiп алып отырды. Қазақтың балалары орыс поселкелерi мен казак станица- лары жанындағы мектептерде тегiн немесе азын-аулақ ақы төлеп оқуға құқықты болды.
1879 жылы Торғай облысында алғашқы екi сыныптық орыс-қазақ мектебi пайда болды. 1883 жылы Орынбор губерниясының Ор қаласында қазақтарға арналған мұғалiмдер мектебi тұңғыш рет ашылды. Ол мектептiң ашылуына Ыбырай Алтынсариннiң қосқан үлесi орасан зор болды.
1885 жылдан бастап барлық уездерде ауылшаруа- шылық мектептерi ашылды. Олар қазақ өлкесiнде бiлiм және қолөнер түрлерiн дамытуға бағыт ұстады. Барлық жерде бiрдей болыстық орыс мектептерi пайда бола бастады. Торғай, Ақтөбе, Қостанай және басқа қалаларда қыз балаларға арналған бастауыш мек- тептер ашылды. 1892 жылдан бастап қазақ балалары үшiн ауылдық көшпелi мектептер ұйымдастырылды. ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап Омбы,
Семей, Орал, Ақмола қалалары халыққа бiлiм беру орталықтарына айнал- ды. Қазақстандағы орыс тiлдi халықтың арасында сауатсыздардың пайызы тым жоғары болды. Мұны 1897 жылғы халық санағы айқын көрсеттi. Атап айтқанда, халықтың 8,1 пайызын ғана сауатты деуге болатын едi.
Орысша сауат ашқан қазақтың пайызы бұдан да төмен болды. Ал мұсылманша оқып сауат ашқан дала қазақтарының саны өте көп едi. Бiрақ олардың қанша пайызының сауатты екенi халық санағын өткiзу кезiнде есепке алынбады.
Ресей империясы қазақтың орта және жоғары бiлiм алуына жол бер- меуге тырысты. Сауатты қазақтардың қатары өскен сайын олардың ұлттық сана-сезiмi тезiрек оянады деп қауiптендi. ХIХ ғасырда ауылшаруашылық және фельдшерлiк мектептер ашыла бастады. Олар орта бiлiмдi дәрiгер мамандарын даярлап шығарды. Алайда Қазақстанда бiрде-бiр жоғары оқу орны ашылған жоқ.
- дала өлкесiнде ауыл мектептерiнiң пайда болуы. Дала генерал-гу- бернаторы Сухотин Ақмола және Семей облыстарының әскери губернатор- ларына орыс-қазақ мектептерiн ашуға ұсыныс жасады. Алғашқыда бұл идеяға қазақтар сақтықпен қарады. Балаларын орыстандырумен қатар, шоқындырып жiбередi деп қауiптендi. Қазақтың және бiр қорыққан жағдайы – орыс-қазақ мектептерi арқылы балаларды орыс шаруаларына айналдырып жiберер, содан соң әскер қатарында мiндеттi қызмет атқаруға мәжбүр етер деп үрейленді.
Сондықтан Ақмола облысындағы Халық училищесiнiң директоры А. Е. Алекторов ел арасында жаңа мектептердi ашудың мақсат-мiндеттерiн түсiндiрдi. Орыс-қазақ мектептерiнiң материалдық базасын қамтамасыз етуге баса назар аударды. Оқудың қазақтың ана тiлiнде жүргiзiлуi туралы айтты. Сонымен қатар ол қазақ өлкесiн шоқындыруға бағытталған дiни миссионерлiк қызметiн де белсендi түрде өрiстете түстi. Олардағы оқу мерзiмi екi жыл едi. Оқушылар қазақ және орыс тiлдерiн, арифметиканы оқыды. Кейiнiрек ислам дiнiнiң негiздерiн оқытуға да рұқсат етiлдi. Бiрақ бұл ретте жұмсалатын қаржыны мұсылмандар өз қалталарынан төлеуге тиiстi болды. Қазақ балалары оқу-білімге өте құштар болды. «Олар қандай мақтауға болса да лайықты, білімді тез меңгеріп алады, оқуға қабілетті келеді», – деп жазды Ресей зерттеушісі Ф. Собысевич.
- Шетелдерде білім алған қазақ жастары. «Алаш» қозғалысы қайрат- керлерiнiң бiрi С. Сәдуақасовтың пiкiрi бойынша, Ақмола облысының Омбы уезi Қазақстанның ең iрi ағартушы аймақтарының бiрi болды. Ал Омбы қаласы iс жүзiнде бүкiл Қазақстан үшiн ең әйгiлi бiлiм орталықтарының бiрiне айналды. 1789 жылы Омбыда Азия мектебi ашылды. Ол отар- шыл аппарат үшiн шенеунiк кадрлар даярлаумен айналысты. ХIХ ғасырдың бас кезiнде қазақ ақсүйектерi өздерiнiң бала- ларын Омбыдағы оқу орындарына жiбере бастады. 1872 жылы Омбыда мұғалiмдер семинариясы ашылды. Ол iс жүзiнде бүкiл Қазақстан үшiн мұғалiм кадрларын даярлайтын орталыққа айналды. Онда бастауыш училищелер үшiн мұғалiмдер даярланды.
Омбыда, сондай-ақ Көкшетау мен Ақмолада қазақ балалары үшiн сол жерде жатып оқитын интернаттар ашылды. Оларға жұмсалатын шығынды қазақтар қайырымдылық көмек есебiнен өздерi төлейтiн болды. Әр қазақ болысынан оқуға жылына 2 баладан жiберiп тұруға келiсiлдi.
1882 жылы Омбыда техникалық училище ашылды. Ол зауыттар мен фабрикалар үшiн, сондай-ақ көлiк саласындағы қызмет үшiн орта бiлiмдi басшы маман кадрлар даярлауға тиiстi болды. Омбы малдәрiгерлiк- фельдшерлiк мектебiнде көптеген қазақ балалары оқыды.
ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезiнде Омбының оқу орындарында қазақ халқының көрнектi өкiлдерi, мемлекет және қоғам қайраткерлерi Әлихан Бөкейхан, Айдархан Тұрлыбаев, Отын- шы Әлжанов, Райымжан Мәрсеков, Ережеп Итбаев, Сейiлбек Жанайдаров, Асылбек, Мұратбек және Мұсылманбек Сейiтовтер, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Қошке Кемеңгеров, Дiнше Әдiлов, Смағұл Сәдуақасов, Ғаббас Тоғжанов, Жұмат Шанин, Әбiлқайыр Досов, Бiрмұхамед Айбас- ұлы, Әмiре Исин, Мұқан Әйтпенов, Көлбай Тоғысов, Нығмет Нұрмақов сияқты көптеген азаматтар оқып бiтiрiп шықты. Олардың бәрi де халық ағарту iсiне, Қазақ өлкесiндегi ұлттық-демократиялық қозғалысқа, сондай- ақ туып-өскен өлкенi ғылыми тұрғыдан зерттеуге лайықты үлес қосты. Басым көпшiлiгi кейiнiрек, Кеңес өкiметi кезiнде, саяси қуғын-сүргiнге ұшырады, атылып кеттi.
Бiрiншi орыс революциясының ықпалымен қазақтың ұлттық сана-сезiмi айтарлықтай түрде өстi. Неғұрлым алыстан болжап, көре бiлетiн қазақтар өздерiнiң балаларын Ресей мен шетелдердiң орта және жоғары оқу орындарына оқуға жiберетiн бол- ды. Олар бiлiм алуды өздерiнiң тапталып, аяққа басылып келген құқықтарын бұдан былайғы жерде сенiммен қорғаудың кепiлi деп бiлдi. Қазақ жастары елеулi бөлiгiнiң заң факультеттерiн таңдауы тiптi де тегiн емес еді. ХIХ–ХХ ғасырлар тоғысында тек Қазан қаласының өзiнде ғана (императорлық Қазан университетiнде, Қазан малдәрiгерлiк институтында, Қазан мұғалiмдер семинариясында) 100-ге жуық қазақ жастары білім алды. Көптеген қазақ жастары Санкт-Петербург, Мәскеу, Томск, Саратов, Киев, Тарту, Каир, Бомбей, Стамбұл және Варшава университеттерiнде оқыды. Мәселен, Санкт-Петербург университетiнiң заң факультетiн М. Шоқай мен А. Тұрлыбаев бiтiрiп шықты. Ал Ә. Бөкейхан Санкт-Петербург Орман институтын, С. Асфендияров Санкт-Петербург әскери медицина академия- сын, А. Сейiтов Томск университетiнiң медицина факультетiн, Ж. Дос- мұхамедов Тарту университетiнiң заң факультетiн, М. Ғабдолғазизов Каир университетiн, О. Тұрмағанбетов Бомбей университетiн, Х. Нұржанов Киев университетiнiң заң факультетiн бiтiрдi. Басқа да көптеген қазақ студенттерi жоғары білім алды.
|
Қарқаралыдан түлеп ұшқан Дiнмұхамед Сұлтанғазин талантты студент болды. Ол Томск университетiнiң медицина факультетiн, Санкт- Петербург университетiнiң шығыстану және заң факультетiн бiтiрiп шықты. Петербург әйелдер медицина институтын Гүлсiм мен Мәриям Асфендияровалар бiтiрдi.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанды ғылыми тұрғыда зерттеу жұмысы қарқын алды. Қазақстанды зерттеумен орыс ғалымда- ры – П.П. Семенов-Тян-Шанский, В.В. Радлов, Г.Н. Потанин, Ә. Диваев, А.И. Левшин, А.И. Добромыслов т.б. айналысты. Бұл салада шетелдіктер – ағылшындар мен немістер, француздар да (Т. Аткинсон, Ш.Е. Ужвальди де Мезе-Ковеез т.б.) елеулі із қалдырды.
Білімді қазақ жастарының тұтас бір тобы туған өлкесінің тарихы мен этнографиясын зерттеді. Атап айтқанда М. Шорманов, М.-С. Бабажанов және басқалар жемісті еңбек етті.