Христиан діні

 

Христиан діні — екінші әлемдік дін. Ол I ғасырда Рим империясының шығыс өлкесінде, дәлірек айтсақ, Израильде (Палестинада) б.д.д. 30-100 ж. еврей және басқа үлттардың арасында пайда болды. Алғашқы христиан қауымы «қудаланушы» дін болғандықтан, христиандар христиан дінінен басқа діндердің салтына қатыспады. Олар қоғам өміріне де қатыспады, жалпы мемлекеттік мейрамдар принциптерімен өмір сүрді. Мүның бәріне халықтың жоғары топтары қарсы түрды..

II ғасырдан бастап қүл иеленуші жүйесінің дағдарысқа үшырауы салдарынан, империяның нашарлануын тоқтата алмаған үстем тап дағ-дарысқа түсіп, пессимизмге үшырады. Жағдайдың қиындығынан, одан шығудың жолын білмеген ауқатты үстем таптың адамдары христиан қауымына кіре бастады. Сол себептен христиан кауымының қүрамы өзгерді.. Епископ пен пресвитерлер бірте-бірте қауымға басшылық етуді өз қолына алды. Әр түрлі культті өткізу, уағыз айту, күнделік жүмысты басқару осы адам-дардың қолында болды. Сонымен Шіркеу иерархиасының жоғарғы топтары қүл иеленуші мемлекетпен жақындасты. II ғ. аяғы кезінде Христиан діні Рим империясының барлық облыстарына таралды. III ғ. басы кезінде313жылы Миланда Константин император Христиан дінін ерікті түрде кабылдау жөніндриялады. Міне, осы уақыттан бастап Христиан діні ресми түрде үстемдік етуші дінге айналды. Ал, 324 жылыхристиандықтарресми түрде Рим империясының мемлекеттік діні деп жарияланды. 325 жылы оның бас-шылығымен Никке қаласында 1-ші Бүкіләлемдік христианшіркеулерінің соборы (съезі) шақырылды. Собор Христиан дінінің негізгі уағыздарына қысқаша түрде каулы алды. Бүл қаулы Құдайға «сенудің — Никкейлік символы» деп аталды. Сөйтіп, император өкіметі мен христиан шіркеуінің одағы қүрылды да, Христиан діні мемлекеттік дінге айналды

Христиан дінінің негізгі догмаларыШіркеудің шығуымен бірге діни қасиетті жазбалар мен қасиетті аңыздардың жасақталуы катар жүрді. Христиан дінінің қасиетті жазбасы Библияда (грек. — Кітаптар) жинақталған. Қазақша атауы — Інжіл. Библия екі бөлімнен түрады. Бірінші бөлім, Ескі өсиет (Ветхий завет) және Жаңа өсиет (Новый завет). Ескі өсиет көлем жағынан 4/5 Библияның бөлігін алады. Бүл бөлігі Иудаизм дініне де ортақ. Өсиет деп ертедегі еврей халқы Қүдаймен, кейін келе баска да халықтармен Иисус Христос келісім жасаған деген түсініктен шығады. Екінші бөліміЖаңа өсиет (Новый за­вет) деп аталады. Жаңа өсиет тек Христиан дініне тән. Барлығы 77 кітап. Олар ежелгі еврей, арамей және көне грек тілдерінде жазылған. Библия кітабына сүйене отырып, Христиан дінінің акиқат делініп танылатын діни қағидалары (догматтары) парыз есебінде күрастырылды. Христиан дінінің қандай бір ағымдары болмасын осы парыздық діни кағидаларды мойындайды да, бірақ өз беттерінше орындайды. Мүндай кағидалар (догматтар) негізінен 12 бөлімшеден түрады, оны негізі «діни наным» символы деп атайды. Бүл символдық сенімнің 325 жылы Никей соборында сегізі қабылданды да және Царьгород немесе Константинопль (381) әлемдік соборларда, жетінші Никкей (787) соборын коса есептегенде 4 символы қабылданды. Ал, католик ағымында Триденттік соборда (1545-1563) әрі қарай өңделген болатын.Осы 12 символдық сенімге күмәнсіз сену керек. Христиан табыну культтерінен фитиштердің калдықтарын көреміз: икондар, крестер, киелі дейтін табыттар, киелі су жатады.

Христиан дінінде магиялық қалдықтары да бар. Оларға әр түрлі дуа оқу (молитва), діни іс-әрекеттер жасау (таинства), күпия, сырлы жұмбақ, діни салт-жоралары.

Діни мейрамдарарын төртке топтап қарастыруға болады. Иисусқа арналған, Құдай туған (богородаца) әйелге арналған, әулие адамдарға арналған және киелі икондарға арналған.

Христиан дінінің бөлінуі. Христиан шіркеуі алғашқы уақыттан бастап біртүтас дін болған емес. Кең байтақ Рим империясының халықтары өздерінің түрып жатқан әлеуметтік, әдет-ғүрып жағынан әр түрлі болғандықтан, Христиан діні де сол жергілікті өмірге бейімделініп тара-лады. Рим мемлекетінің нәтижесінде алғашқы кезде төрт дербес шіркеулер пайда болады. Олар Константинопль, Александрия, Антиохий, Иерусалим шіркеулері, іле шала Антиохий шіркеуінен Кипр, кейіннен Грузин православы шіркеуі бөлініп шықты.

Ең үлкен бөліну 1054 жылы шығыс және батыс христиан шіркеулері болып, ыдырап аяқталды. Шығыс бөлігі Православиялық, ал батыс бөлігі Католик болып дербес шіркеу болып шықты.

Православие-христианшылдықтың Шығыс немесе Византиялық бөлігі, қазіргі кезде бір-біріне тәуелсіз автокефальды 15 православие шіркеуі бар: Константинопль (Туркия), Александрия (Египет), Антиохия (Сирия, Ливан), Иерусалим, Орыс, Грузия, Сербия, Румен, Болгар, Кипр, Эллада (Греция), Албан, Поляк, Чехославак жэне Американдық, тағы басқа үш автономдық шіркеулер бар (синай, фиин жэне жапондық). Әр-бір дербес шіркеулердің шекарасын сол дербестік берген автокефальды шіркеу анықтайды.

Әкімдік жағынан православия шіркеулері: экзархат (автономия), епархия (өлке), викариант (облыс), благочин (район) жэне приход (жер-гілікті, кішкентай) шіркеуі болып бөлінеді. Барлық православия шір-кеулерінің канондары, діни догмалары мен ғибадаттары бірдей. Правос­лавие шіркеуінің ілімі Никкей соборында (325) және Константинопльде (381) әлемдік соборлардағы шешімді бұлжытпай орындайды.

Русьтегі христиан діні. Х ғ. аяғында 988 ж. Владимир князінің бұйрығы бойынша Христиан діні мемлекеттік дін деп жариаланды. Христиан діні, Біріншіден, өкіметтің маңызын жоғары көтерді және мемлекеттің жеке бөліктерінің арасындағы байланысты нығайтып бір орталықты мемлекеттік халге жеткізді. Екіншіден, Христиан дінін қабылдау Батыс Европа елдерімен қарым-қатынасты жеңілдетті. Үшіншіден, Христиан діні орыс қоғамының мәдениетін көтеруге себепкер болды, орыстар Ви­зантия ғылымымен және өнерімен танысты. Византия ол кездегі Европаның ең мәдениетті елі еді. Ақырында, Христиан діні халықтарға (Библияны оқу үшін) сауат ашуға жрдемі тиді.

1037 жылы Владимирдің баласы князь Ярослав Мудрый Киевте митрополитті шіркеу басқармасын қүрды. Митрополит епархияға бөлінді, оның басында епископтар түрды. 1325 жылы митрополит Петр мит­рополия кафедрасын Мәскеуге ауыстырды. XIV-XVI ғғ. Русьте көптеген монастырьлар салынды. 1448 жылы бірінші орыс митрополиті Ион Кон-стантинопльдің патриархатының рүқсатынсыз Мәскеу митрополиті бо­лып сайланды. Ал 1589 жылы Федор Иоаннович патшасының қолдауымен бірінші патриарх митрополит Иова сайланды. Осыған байла­нысты Орыс Православия шіркеуі дербес автокефалды болып жариялан­ды.

Орыс православие шіркеуі бүгінгі таңдағы үлкен екі мәселені шешті. Бірінші, Русьтің шокындырылғанына 1000 жылы толуына арналып, 1988 жылы маусымның 6-сында Троице Сергеев Лаврында ашылған орыс православие шіркеуінің жергілікті соборы көп көңіл бөліп, міндеттер қойылды. Жергілікті собордың барлық қатысушылары бірауыздан шіркеу өміріне өзгеріс енгізу қажеттігін мақүлдады. Екінші жағдай, 2000 жылы тамыз айының 13-16 күндері Орыс Православие шіркеуіне Архиерей юби-лейлік салтанат соборы өтті. Бүл соборда «Негізгі әлеуметтік Орыс пра­вославие шіркеуінің концепциясы» деген қаулы қабылданды. Бұндай қаулы бұрын-соңды болмаған әлеуметтік ресми шіркеу қүжаты болып есептеледі. Бүл қүжатта шіркеу қызметкерлері қазіргі кездегі әлеуметтік мәселелерге өте кең көңіл бөлген. Бүл мәселелер әрбір салада — экономикалық, саяси, мемлекет шіркеулік, моральдық, денсаулық, ғылыми, мәдениет, білім алу жэне т.б. мәселелер бар. Бүл қүжаттық бағдарлама шіркеу канонымен салыстырылады.

Орыс Православиясы Қазақстанда исламнан соң екінші орын алады. Бүл дін Қазақстан жеріне ХҮІІІ ғасырдан, Қазақстан Ресейге қосылғаннан бастап тарайды. 1876 жылы Верный қаласында (қазіргі Алматы) Түркістандық епархиясының кафедрі қүрылды. 1945 жылы Алматылық-Қазақстандық Епархия қүрылды. 1991 жылы осы епархия үш епархияға бөлінді. 1999 жылы епархиялық басқару Алматыдан Астанаға ауысты. 1995 жылғы 1 қаңтардағы санақ бойынша қазіргі Қазақстан жерінде 212 приход, 8 монастрь жүмыс істейді.

Католик дінінің шығуы. Католик шіркеуі және Католик ілімі ертедегі Христиан дінінен бөлініп шыкты. IV г. Рим империясы Батыс жә­не ІІІығыс империя болып бөлінген кезде, Батыс Рим империясыньщ христиан шіркеуі батыстық немесе Рим-католик шіркеуі болып аталды. Католик немесе «Католикос» деген ұғым грек тілінде «әлемдік», «барлық» деген мағына береді.

Он бір ғасыр бойы VIII ғ. — 1870 жылы Рим шіркеуі Италияның мемлекетіне қосылғанша Папалық жеке мемлекет болып түрды. Бірақ та 1929 жылы Папа Пий XI және Италия мемлекетінің басшысы Муссолиимен келісе отырып, Рим қаласына 44 гектар жер беріп, Католик шіркеуін дербес шіркеу ретінде жеке мемле­кет болуына жәрдем берді. Содан бастап Ватикан мемлекеттік қала ретінде барлық католиктердің осы күнге дейін орталығы болып есептелінді.

Католик шіркеуі бір орталыққа бағындырылған. Оның орталығы және Рим Папасының резиденциясы — Ватикан. Ол Рим қаласының ортасында қала-мемлекет (ауданы 44 гектар, шекарасының үзындығы 2600 метр, халқы 1 мың адам), өз гербі, гимні, жалауы, поштасы, радиосы, телеграфы, баспасөзі т.б. сондай-ақ, шағын гвардиясы мен жандармериясы бар. Қысқаша айтқанда, қала ішіндегі мемлекет. Мемлекет басшысы — Папа. Оның дипломатиялық корпусы 100-ден астам мемлекеттермен қатынас жасайды. Күнделікті өмірде мемлекеттің жүмысын орындайтындар Ватиканның Ку­риясы (әкімшіліктер). Рим куриясы барлық саяси, экономикалық және діни жүмыстарын орындайды. Католик шіркеуінде жалпы Христиан дініндегі диакон, пресвиттер, епископ дәрежелерінен басқа тағы да жаңа кардинал, митрополит, патриарх, примас шендері енгізілген. Кардиналдар сословиесі барлық эпископтардан жоғары қойылады. Бұл атақ XI ғ. бекітілген, олар Папаны сайлауға және Папа болып сайлануға болады. Рим Папасы кардинал жиналысымен сайланады. Ол атақ өмір бойы беріледі. Қазіргі кезге дейін тарихта 265 Папаның аттары бар. 1523 жылдан 1978 жылға дейін Папаның тағына тек Италяндыктар сайланды. 1978 жылы бірінші рет бүл атақты Поляк кардиналы король Войтыл Папа атағына сайланды.

II Ватикан соборының шешімдерін іш жүзінде алға дамытқан Папа Иоанн Павел II шынында «үлы» Папа болып атағы қалды. Себебі жоғарыда көрсетілген Собордың шешімдерін іш жүзінде алға дамытқан Папа болды. О Қазіргі 265-ші Папа, неміс кардиналы Иозер Ратцингер, оған Бенедикт XVI деген ат қойды.

Қазақстан жерінде 80 католик қауымы, 2 монастырь жүмыс істейді. 1991 жылы Ватиканның шешімі бойынша Қарағанды қаласында Орта Азия мен Қазакстан жерінің Апостолдық басқару әкімі орналасты. 1994 жылдан бастап Ватикан мемлекетімен Қазақстан дипломатты қатынасы басталды. 2001 жылы қыркүйек айының 22-25 күндері аралығында Рим папасы Иоани Павел П-нің біздің елге ерекше сапармен келіп кетуі католик шіркеуінің Қазақстанға деген жақсы ниетін көрсетед.

Протестантизм, шығуы XVI ғ. Батыс Европада капиталистік қатынастар тууына байланысты феодалдық қүрылысқа қарсы, католик шіркеуі мен папашылыққа қарсы күрес формасында әлеуметтік саяси Реформация деп аталған қозғалыс туды. Ең бір үлкен реформаторлық козғалысты бастаған профессор Мартин Лютер (1483-1546) Виттенберг университетінің мұғалімі, дінбасшысы. Ол 1517 жылы 31 қазан айында Виттенберг университетінің кақпасына өзінің 95 тезисін іліп, индульгенция сатуына қарсы шықты. Лютердің әрбір адамы Христосқа деген сенімін өзі реттеу арқылы ешқандай дін кызметкерлерінсіз-ақ Қүдаймен байланысады, Қүдай алдында барлық адам тең деуі протентантизмнің негізгі догмасына айналады. Лютер католиктік иерархияға қарсы шықты. Оның жалпы бағдарламасында дін басшыларының сайланып қойылуы, шіркеудің Рим Папасына тәуелділігін жою, діни ғүрыптарын жеңілдетуі, феодалдық шіркеулік жер иеліктерді жою, Римге ақша жібермеу, шіркеудің әдет-ғүрыптарын қысқарту, шіркеуді мемлекетке бағындыру т.б. талаптар қойылды.

Лютердің көзқарасы бойынша, әрбір христиан өз бетімен Библияны оқу керек екендігін, Библиядан өзге шындық жоқ екендігін дәлелдеді. Алғашқы күнә адамзатты күнәһар етіп қоймай, оның табиғатын бұзды. Сол себепті адамның енді қайырымдылық жасау қолынан келмейді. Ол өзіне-өзі жәрдем бере алмайды. «Қүтқарушылық» тек Қүдайдан келеді, ол үшін адамдар тек Қүдайға қүлшылық жасауы қажет. Ал басқа жолдармен діни іс-әрекет, аскетикалық, салт, шіркеуге бару барлығы дүрыс емес. Қайырымдылық, жақсылық тек Қүдайды сүюден пайда болады, евангелідегі Христосты сүюден шығад. Оның соңы Лютерандық шіркеуінің пайда болуына алып келді. Лютерандардың сенімі мен догматикасының көзі ретінде Таурат, сондай-ақ М.Лютер еңбектері, әсіресе, оның «Қысқаша катехезис» еңбегі танылады.Лютерандық шіркеу иерархиясын және қүлшылық ету күпиясын теріске шығарады. Қүдай мен адамның тікелей байланыстығын мойындайды.

Дүние жүзінде бір-біріне дербес 250 лютерандық діни одақ бар.

Қазақстан жеріне лютерандар ХҮІІІ ғасырда ақ патшаның саясаты арқасында Ресей мен Қазақстанға кіре бастады. 1941 жылы немістердің депортациясына байланысты Қазақстан жеріне көптеп енді. Лютеран қауымы 1958 жылы Ақмола қаласында, 1963 жылы Алматы қаласына тіркелді. 1993 жылы Алматыда олардың «учередительный Синоды» (съезі) өтті. Осының арқасында 1998 жылы Алматыда «Приход» синоды ашылды. Республикамызда неміс үлттарының азаюына байланысты, 1993 жылдың 1 қаңтарында республикада 152 қауымдастық болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында олардың 29-ы ғана қалды.

XVIғ. бірінші ширегінде Кальвинизм деп аталатын протестан ағымы пай да болды.Бүл ағымның негізін салушы — шаруа отбасынан шыкқан Швейяария реформаторы Ивингли Ультрих (1484-1551). Ивингли өлгеннен кейін оның ілімін Жак Кельвин (1500-1564) үгіттеп дәйектеді.

Лютеран шіркеуіне караганда кальвенизмде түрақты символдық сенім жоқ, Библия тек жалғыз діни ілім. Екінші бір беделді сенім ілімі Кальвиннің шығармасы «Наставления в христианской вере» (1536-1559). Бүл кітапта Кальвин Лютердің идеяларын бір жүйеге келтіріп және бас­ка да реформаторлардың еңбектерін көрсете білді. Реформаторлар барлык, діни атрибутиканы (икон, свеч, крес) алып тастады. Крещениемен және причащениені діни символикалық әдет депқарастырады. Діни уағыздың екі түрін қалдырды, намаз оқу мен діни өлең айту. Кальвенизмнің діни үғымында фаталдық көзқарас басым, оның мәні мынада: дүние жаралғанға дейін Қүдай біреулерді жарылқады, біреулерді қарғады, кейбіреулері жүмаққа, екінші біреулерді тамұқка жазды, міне, осы мәңгілік жазмыш «үкім» тіпті де өзгермеді.

Англикан діні. Германиядағы реформаторлар қозғалысы Ан­глияға жетті. 1534 жылы Король Генрих VIIIғ. (1491-1547) Англиядағы монастырьлерді жауып, өзін шіркеудің бастығымын деп жариялады. Содан бастап Англияда протестант діні тарады. Оның ерекшелігі — әрбір құрамның конгрегацияның толық дербестігінде және діндарлар қүрамы өкімет орындарынан тәуелсіз. Олар алғашқыда иерархияға қарсы болғанымен, кейіннен Англияда және Уэльсте Конгрегациялық одақтар құрылды. Басқа протестанттарға қарағанда, англикалықтар шіркеудің қызметін қалдырды. Шіркеудің иерархиясын, епископтар мен священиктерді король өзі тағайындайды. Табыну, сиыну ағылшын тілінде өткізіледі. Діни әдет-ғұрыптардан екеуін қалдырған: крещение «шоқыну» және причащение.Қүдайға кұлшылық ету — басты орын алатын литургия. Ол күрделі ғүрыптармен, салтанаттылығымен ерекшеленеді. Жалпы англи­кан шіркеуі реформаторлардың ішінде евангелиялық жаққа бүрмалайды.

Квакеры. Протестант дінінің басқа ағымдарын «кеш протестан­тизм» деп атайды. Олардың біреуін Квакерлер деп атайды. XVIIғ. «Христиан қоғамындағы ішкі жарық бауырластар» (Христианское обще­ство друзей внутренного света) деген ұйым шықты. Оның негізін салған кәсіпкер Джорж Фокс (1624-1691) деген адам, сенімін ақикат деді, әрбір адам ішкі нұрланудан шығады. Ондай нұрлануға жету жолы — Қүдаймен араласу. Құдаймен кездескенде адам дірілдеп қалтырайды, сонда адам нүрланады, ақиқат жолын көреді. Шоқыну үрдісінде үжымның мүшелері Қүдай мен адамның ішкі дүниесімен сөйлеседі, ондай «сөйлесу» қалтырап, дірілдеп өтумен жүріп жатады, сол себепті оларды квакерлер (анг. дірілдеу) деп атайды. Квакерлер жер жүзінде 200 мыңнан аспайды. Олардың үйымдары АҚШ-та, Англияда, Канадада және басқа мемлекет-терде кездеседі.

Методизм. XVIII ғ. бірінш жартысында методизм англиканшылдар-дың негізінде діни индифицентизмді (селқостықты) жеңу үшін шықты. Оның негізін қалаушылар ағайынды Уэли Джон (1703-1788) жэне Чарльз (1707-1788) Методизм діни әдет-ғүрыптарды өте тәртіппен үстау керек деп қарастырып және жаңа әдіспен шоқыну керек деп түсіндірді. Ағайынды екеуі Оксфорд университетінде оқып жүріп «Киелі кулыб» деген үжым ашты. Олардың айтуы бойынша әрбір адам туғаннан Қүдайдан қайырымшылык алады, Қүдай жолында жүруге жәрдем береді. Ондай жолдарды әр түрлі эдістемелермен жүргізуге болады. Қүдайға қүлшылық етуді, олар ашык аспанда, үйлерде, түрмеде, ауруханада жэне т.б. жолдарда жүргізуді үсынады. Методизмнің діни ғибадаттары өте қарапайым. Бүрынғы ғүрыптардан сакталған шоқыну мен причащения ғана. Методизм қауымдары 12 адамнан түратын класқа, топқа бөлінген. Қауым аймақтарға бірігеді. 1881 жылы дүниежүзілік методизмдік кеңес қүрылады. Қазіргі кездегі методизмдің саны 31 млн. адамды біріктіреді. Олар көбінде АКДІ-та, Великобританияда (Үлыбританияда), Австрияда, Оңтүстік Кореяда жэне Ресейде.

Меннониттер. Меннониттер Солтүстік Германияда шаруалар соғысы (1524-1525) жеңілген соң пайда болды. Оның негізін қалаушы Гол-ландиялық Монно Симонс, ол зүлымдыкқа қарсы белсенді күреске қар-сылық білдірді. Меннониттердің діни ілімінің негізі Менно Симонс жазған «Шын христиан дінінің фундаменті». Бұл кітапта ол барлық қауым мүшелері тең праволы, зорлыққа, соғысқа қатынаспау керек (армияға кызмет етуден бой тартады), әрбір қауым дербес дейді. Меннониттер тағдырға мойынсынбайды. Олар тіптен «Қасиетті жазбадан» да жоғары деп есептейтін жеке діни нанымға зор мән береді. Голландияда және Германиядан меннониттер баска мемлекеттерге тарады. Олардың қауымдары Ресей мен Қазақстанда да кездеседі.

Баптизм. Ағылшын Джон Смит (1554-1612) Англияда бірінші баптистік қауымды үйымдастырды. Баптистік (грек, суға батыра-мын, сумен шокындырамын) қауымда ересек адамдарды суға түсіріп шоқындыратын әдет ендіреді, өйткені олардың ойынша, кәмелетке жасы толғандар шын сеніммен келеді дейді. Баптисттердің мінәжәт (дом мо­литвы) үйіне кіретін есік кімге болса да ашық. Баптистер діни бостандықты талап етеді, қандай бір дін болмасын дербес өмір сүруі керек, шіркеу мемлекеттен бөлінуі керек, діни қауымдарға адамдардың барлығы тең праволы «қүқты». Олар троицаны, Христостың Қүдай тектес екендігін мойындағанымен, шіркеудің адамдар арасындағы байланысшы болатынына, иконға бас июге, крест, әулиелерге сиынуға, монахтыққа қарсы болуды мойындамайды. Литургия, месса сияқтылардың орнына баталық жиындар (молитвенные собрания) өткізеді. Христиандық әдет-ғүрыптар мен мейрамдардан шоқындыруды, нан үзіп жеу салты (хлебопреломлена) және қол-алақан мен басқа дем (рукоположениені) жэне де Христостың атына байланысты мейрамдарды қолдайды.

ХІХғ. ортасында баптис­тер Ресейге, ал XX ғ. басында Қазақстан жеріне де тарады. 1944 жылы СССР-де Евангел христиан баптистерінің одағы қүрылды. Одан бір жылдан соң пятидесятниктер, ал 1963 жылы менониттер қосылып одақ күрды — ВСЕХБ. Белгіленген уақытында съездері өтіп түрады. Съездер арасында «Братский Вестник» — деген журнал арқылы жаңалықтармен бөлісіп отырады. 1960 жылдан бастап ЕХБ ішінде басталып, 70 жылдары қауымдық дербес одақтар шыға бастады. Қазіргі кезде дербес үш қауымдық одақ күрылды. Олар ЕХБ одағы, ЕХБ шіркеуі кеңес және ЕХБ шіркеу автономиясы.

Баптизм Қазақстанда ХІХғ. аяғы мен ХХғ.басында пайда болды. Қазіргі кезде інжілдің христиан баптистері (ІХБ) Қазақстан Республикасындағы шіркеулер кеңесін күрды. Оның діни орталығы Қарағанды облысының Саран қаласында. ҚР ШК негізінде 7 аймақаралық күрылған. Қазіргі кезде Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ІХБШК топтары жүмыс істейді.

Адвентистер. ХІХғ. 30-шы жылдарында АҚШ-та баптистерден жетінші күнгі Адвентистер бөлініп шықты. Діни уағыздаушы Уильям Миллер (1782-1849) жазда 1831 жылы Иисус Христос екінші рет жерге 21 наурызда келеді деп сәуегейлік айтты, сонда ақырзаман болады деді. Одан кейінгі Миллердің орынбасары Христостың қашан келетін мерзімін белгілеуден бас тартып, оның келуі жақын, бірақ келетін күні мен сағатын ешкім білмейді дейтін болады. Адвентистердің негізгі екі ағымы бар, Жетінші күннің адвентистері және адвентис реформистер. Жетінші күн адвентистерді баскарған Элен Уайттың (1827-1815) айтуы бойынша, Христос жақын арада қайта келеді, мың жылдық патшалық қүрып, күнәһарлар соңғы сот өткізеді деген жорамал айтты. Олардың ойынша, адам өлген соң жаны үйқыға кетіп, сот болатын күні оянады. Әрбір адам күдай алдында «жазылып» қойған. Олар жанның мәңгілік өмір сүретініне сенбейді, «жан» «қатерлі сот» уақытында қайта тіріледі де, күнәлардың жаны қүртылып, күнәсіздер Христостың денесімен мәңгілікке жаратылады дейді.

Ресейге XIX ғасырдың 80-жылы тарады. Олар Қазақстан жеріне XX ғасырдың басында пайда болды. 1999 жылдың соңында жетінші күн Адвентистер, жетінші күн христиан Адвентистердің шіркеуінің Қазақстандық конференциясы Астанада өтті. 2003 жылғы деректер бойынша Қазақстан жерінде 40-тан астам сыйыну үйі бар, ал қауым мен топтар саны 60-қа жақындайды.

Иегованың куәгерлері. XIX ғасырдың екінші жартысында Америкада «Иегованың куәгерлері» — (свидетели Иеговы) деген қауым қалыптасты. Оның негізін салушы У.Руссель, Христос көзге көрінбей, 1914 жылы жерге екінші рет түсті, енді шайтанмен соғысқа дайындалып жатыр. Бүл армаггедон «қасиетті соғыс» соғысында тек иеговистер қалады да шайтан мемлекетінің барлығын қүртып орнына Христос басқаратын 144 мың иеговистер (қазіргі кезде олардың саны көбейді) қалып теократиялық мәңгілік мемлекет орнатады. Христос — Қүдай жасаған киелі адам. Шын мәнінде Құдай бір, ол Иегова Христостық Қүдайлық мәнін, о дүниелік өмір барлығын бекер дейді.

Қазақстанда Иегово куәгерлерінің 107 діни бірлестігі бар.Олардың догмалық діни көзқарастарына қысқаша мәлімет. Иегова куәгерлері — пацифистер, әскери қызметтен бас тартушылар. Олар протестанттарға үқсап икондарға, крестке жэне мүсіндерге табынбайды. Ондай табынушылық — пүтқа табынушылық дейді. Діни тойлары тек -Иисус Христостың өлген күнін «Христостың өлгенін еске алу кештері» және т.б.

Протестандінінің ағымына жататын Елуіншілер(пятидесятниктер) дейміз. Елуіншілер ағымы АҚШ жэне Германияда XIXғасырдың аяғы мен XXғасырдың басында пайда болды. Иисус Христос қайта тірілгеннен кейін елу күн дегенде апосталдарға Қасиет Рух түсті және олар басқа тілдерде сөйлей бастады деген түсініктен оларға Елуіншілер деп ат қойып кетті.

Кейбір зерттеушілердің көзқарасы бойынша Елуіншілер Баптистерден таралған деп дәлелдейді. Себебі, елуіншілердің баптистерден айырмашылығы өте аз..

Протестант дінінің ағымдары өте көп. Қазақстан жерінде байқалғандары: «Інжілдік сенімдегі христиандар» (1921); «Қүдай шіркеуі» (Қүдай балалары) (XX ғасырдың басында); «Пресвитериондар» және т.б. Пресвитериандық ағымнан бөлініп шыккан, біздің елімізде кездестіретін діни қауымдар: «Грейс-Благодать», «Надежда», «Косин» дегендер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *